Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқу кабинетіне қойылатын талаптар




1.Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған мүліктер мен техникалық құралдар,көрнекі құралдар,оқулықтар, әдістемелік,дидактикалық құралдар.
2.Оқу жылында жасалатын кабинеттің жұмыс жоспары
3.Оқу кабинетінде техникалық қауіпсіздік пен тазалық ережесін сақтау.
4.Оқу кабинетін безендіргенде эстетеикалық талапқа сай ауыстырылатын,ауыстырылмайтын сабақ- хабарлама стендтері, қажетті жабдықтар, тағы басқа құралдар болу керек.

Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.

Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.

Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.

Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады.

Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады.

Негізі дыбыс жұтылтатын заттардан қоса отырып, құрыштан жасалған жоғары сапалы шыныэмальды қаптауы бар тақталар ақпаратты жеңіл, дыбыссыз жазуға мүмкіндік береді, жазылған хабарды жоғары контрастылықпен жеткізеді, және жазуларды арнаулы жұмсақ жөке, шүберектермен оңай сүртіп тазартуға болады. Сонымен қатар, мұнда магнит арқылы суреттер, сызу, диаграммаларды орналастыруға болады.

Шыныэмальды тақталар - 1-ден 7-ге дейін жұмыс беті бар, жылжымайтын, жылжымалы, біріңғай түсті немесе аралас түсті және әртүрлі өлшемдерде болып келеді.

Ноталық дыбыс арқылы қолданылатын тақталар әуен мектептері мен сыныптарына арналады. Олар қара түсті анодталған алюмин қаңылтырға нота сызықтарын орналастыру арқылы жасалады.

Әр түрлі хабарландырулар мен ақпараттарды жариялау үшін, хабарландыруларды үшкір заттармен жапсыра салуға ыңғайлы, табиғи немесе жасанды кеуекті заттан жасалған тақталар қолданылады.

Бөлме жабдықтарын дұрыс орналастырып, оқушыларды дұрыс отырғызудың маңызы да өте жоғары. Оқушылар столы (бір орынды немесе екі орынды) аудиториялық, сызу және лабораториялық столдар оқу бөлмесінің мағнасына сәйкес алынады. Столдарды орналастыру негізінен үш қатар етіп орналастырады, бірақ, кейбір жағдайларда оларды екі қатар етіп орналастыруға болады.

Оқу бөлмелерін жабдықтаған кезде төменде көрсетілген аралықтар сақталуы керек: екі орында столдардың қатарларының аралығы - 60см төмен емес; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы - 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардан) аралығы - 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық - 70см; демонстрациялық столдан оқу тақтасына дейін - 100см; бірінші партадан, оқу тақтасына дейін - 2,4-2,2м кем болмауы керек.

Оқушының оқу тақтасынан ең алыс қашықтығы 860см көп болмауы керек. Оқу тақтасының еденнен биіктігі - 80-90см болуы керек. Мектеп дәрігері сабаққа қатысып, оқушылардың жұмыс кезіндегі дене тұлғасының жағдайын бақылап, олардағы дене тұлғасының ауытқуларын анықтап, бұл жағдайдың себебін ашып, профилактикалық шаралар жүргізуі қажет.

Оқушыны дұрыс отырғызуды гониометрияның көмегімен буындардан пайда болатын бұрыштарға (39 сурет), қажетті жағдайларды таңдау арқылы (20 кесте) жасауға болады. 22 кесте. Оқушыларды дұрыс отырғызуға қажетті гониометриялық көрсеткіштер.

Көрсеткіштер Бұрыштардың көлемдері,см
Бастың еңкіштігі 26-51
Кеуде омыртқасының иілу бұрышы 41-62
Дененің еңкіштігі 85-100
Тізе бұрышы 75-105
Балтыр-табан бұрышы 75-105

Парта (столдардың) размері, онда отырған баланың бой ұзындығына сәйкес болғанымен, баланың дене тұлғасы дұрыс болмауы да мүмкін, сондықтан баланың дұрыс отыруға дағдыланбағандығын көрсететін мұндай жағдайларға да ерекше көңіл бөлінуі керек.

Химиялық реактивтер, химиялық реагенттер — лабораторияларда анализ жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық реактивтер көбіне жеке заттар болғанымен кейбір заттардың қоспасы да (мысалы, петролейн эфирі) реактивтерге жатады. Тазалығына қарай Химиялық реактивтер ерекше тазартылған, химиялық таза, анализ үшін таза, аса тазартылған, техникалық өнім деп бөлінеді. Реактивтердің тазалығы Мемлекеттік Стандартқа сәйкес болуы керек. Химиялық реактивтердің аты жазылған қағазда атауы, формуласы, қоспасының мөлшері көрсетіледі. Химиялық реактивтер құрамына қарай анорганикалық, органикалық, құрамында радиоактивті изотоптары бар реактивтер, ал қолданылуына қарай аналитикалық реактивтер, сондай-ақ химиялық индикаторлар, органикалық еріткіштер болып бөлінеді. Органикалық функционалды анализ үшін қолданылатын Химиялық реактивтер белгілі, мысалы, 2,4-динитрофенилгидразин, фенилгидразин, семикарбазид альдегидтер мен кетондардың саны мен сапасын анықтауда қолданылады. Улы, тез тұтанатын, қопарылуы қауіпті Химиялық реактивтерде бар, сондықтан оларды қолданғанда белгілі ережелерді бұзбау керек. Ауа әсерінен оңай бұзылатын реактивтерді жабық шыны ыдыстарда сақтайды

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных