Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Химиялық эксперимент түрлері




Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы оқушы өздігінен жүргізетін практикалық, зерханалық эксперименттік жұмыстар – оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ, эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент(мысленный эксперимент).

Бұл жерде мектептегі химиялық эксперимент түрлерінің нақты терминологиясы ұсынылмағанын айта кету керек. Бұл жағдай әдістемелік әдебиеттерге де, мектептің практикалық жұмыстырында да түсініспеушілік туғызады, себебі осындай терминдермен оқушы мен мұғалімнің шығармашылық іскерліктері бірдей көрсетіледі. Олардың арасындағы айырмашылық тек қана ұйымдастырушылық қатынаста ғана емес, мазмұны мен мақсатында да бар.

Бұл жерде тагы да қарама – қайшылық туады, әртүрлі пәндерге бірдей аталатын терминднрді қойса- химия, биология, физика, тағы басқалары; «Демонстрцилық эксперимент» терминіне барлығы бірдей мағынада түсініктеме береді. Бірақ, әнгіме оқушылардың өздік жұмыстары жайында болса, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара түсіністікке келулері оңай болмайды. Мысалы, «Практикалық сабақ» физик мұғалім химия, биологияның практиклық сабағынан мүлде ерекше, физикадан зертханалық жұмысын түсінеді. Материалдық жағдайға қарай, мектепте физика кабинеті қазіргі заманғы талаптарға сай, жеке жбдықталған болуы керек, яғни мұндай кабинетте химиядан сабақ өткізу мүмкін емес. Сол сияқты, биологиядан да оқушылардың практикалық сабақтары өзгеше ұйымдастырылады. Сондықтан да, бір терминге әр пән мұғалімі әр түрлі түсінік береді.

Xимиялық оқу экспериментінің түрлері:

• демонстрациялық эксперимент;

• зертханалық тәжірибелер;

• зертханалықжұмыстар;

• сарамандық жұмыстар;

• эксперименттік практикум;

• үй эксперименті.

Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:

- жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент;

- жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;

- қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;

- оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары.

Көрнекі тәжірибе (демонстрациялық эксперимент). Демонстрациялық эксперимент – химияны,сондай-ақ тағы да басқа жаратылыстық ғылымдарды (биология,география,т.б) оқытудағы бірінші әдістің бірі. Алғашында жоғары оқу орындарында қолданылатын демонстрациялық эксперимент ғылыми докладтарда, конференцияларда, үлкен лекцияларда кең қолданыла бастады. Уақыт өте келе демонстрациялық эксперимент мектептерде де ене бастады. Бұрынырақта демонстрациялық эксперимент – сыныптық эксперимент терминімен алмасып келген.

«Демонстрация» термині көрнекі – элюстративті әдістерде қолданылады. Мысалы, минерал,заттардың коллекциясын,моделін,суретін,схема,диограмма тағы да басқалары тәрізді көрсету. Бірақ мұндай демонстарцияларды жасанды құбылысқа негізделген демонстарциялық экспериментпен шатастыруға болмайды.

Демонстрациялық эксперимент – оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі.

Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына,оның нәтижелерін бақылауға аударылады. Мұғалім тәжірибені демонстрациялаумен қатар,құбылыстарды түсіндіріп отырса,оқушылар да материалға жеңіл қарап,салғырттық танытпайды. Осылайша мұғалім оқушылардың назарын тікелей тәжірибеге бағыттап,құбылыстарды түсіндірмелер арқылы бақылауға уйретеді.

Бұл жағдайда мұғалімнің іс-әрекеттері сиқырлы манипуляция ретінде емес,онсыз тәжірибе жүруі мүмкін болмайтын қажеттілік ретінде қабылданады. Зертханалық тәжірибемен салыстырғанда демонстрациялық тәжірибеде бақылау – жоғары ұйымдастырылған түрде болады. Бірақ,демонстрациялық тәжірибе біліктілік пен білімділіктің жетік дамуына үлес қоспайды,ол үшін зертханалық тәжірибемен,сарамандық жұмыстармен және эксперименттік тапсырмалармен толықтырылуы керек.

Демонстрациялық эксперимент қандай негізге сүйеніп және қандай жағдайларда жүргізіледі?

Бұндай жағдайлар көп,әрі түрлі болып келеді:

- экспериментті қою кезінде оқушыларға қажетті мөлшерде құрылғылар жетіспесе

- тәжірибе өте күрделі,оқушылар оны өздігінен жасай алмайтын жағдайда

- берілген тәжірибені орындау үшін оқушылар қажетті техниканы меңгере алмаса

- тәжірибені жасау реактивтің аз мөлшерімен жүргізіледі немесе кішігірім масштабта қажетті нәтижені алу мүмкін болмаса

- тәжірибе қауіпті болса (сілтілік металдармен жұмыс,электр тогының қатысымен болатын жұмыстар,тағы да басқалары)

- сабақта жұмысжасау деңгейін көтеру үшін.

Демонстрациялық эксперименттің негізгі мақсатының бірі оқушыларда мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеуге деген ықыласын туғызу.

Әрине,бір көрсетіліммен оқушылардың олармен жұмыс істей алу қабілетін арттыру мүмкін емес,бірақ,оқушы өзінің кемшілігін түсінеді,осылайша ол мұғалімнің демонстрациясына көңіл бөлуге ықылас танытады. Мұғалімның іс-әрекетіне үнемі мән беріп бақылап отырса,келесі сабақтарда өз бетінше жұмысты атқара алуы оңайырақ болады. Сонымен қатар,оқушы үнемі мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеп сабақ алып отырғандықтан,оқушылардың алдында ұқыптылық танытып,уақытты үнемдеп,нәтижені ойдағыдай етіп алынуы мүмкін тәжірибелерді жасау керек.

Қиын эксперименттерді жасауда,кейбір оқушылардың қолына беруге болмайтын реагенттер бар тәжірибе,кей мектептерде барлық жоспарланған тәжірибелерді орындауға мүмкіндік беретін құрылғылр жеткіліксіз және оқу жылының басында,оқушыларда эксперименттік техникалық мүмкіншіліктері дағдыланбаған жағдайларда – демонстрациялық эксперимент қойылады. Тіпті, Либих тоңазытқышы арқылы суды айдау,аммиакты еріту кезінде фонтан алу,тағы да басқалары осы демонстрациялық тәжірибе арқылы жүргізіледі.

Күрделі тәжірибелердің көбісі органикалық химия курсында кездеседі. Оқушылар арасындағы күрделі эксперименттің ролі ерекше,себебі зертханаға кірген бойда мұғалімнің демонстрациялық стөлінде орналасқан алуан түрлі реагенттер мен құрылғы, материалдарды байқаған оқушыда қызығушылық оянады.

Қорыта келгенде,қарастырылып отырған эксперименттің күрделілігі мен оқушыларға өздігінен орындау мүмкіншілігі жоқ жағдайда демонстрациялық экспериментті қолданудың өте тиімділігі байқалады.

Демонстрациялық экспериментті қоюдaғы тағы бір жағдайы – «қауіпті тәжірибелерді» орындауда.

Айта кететін жағдай,мектептегі химия курсында қауіптілігі белгілі,арнайы қауіпті деп танылған эксперимент қарастырылмаған. «Қауіпті» және «Күрделі» тәжірибе түсінігі мұғалім мен оқушылардың эксперимент техникасын меңгере білулеріне және эксперименттік техникалық қабілеттері болуына байланысты.

Демонстрациялық тәжірибелердің келесі тобын –оқушыларға өздігінен орындатуға да болады. Бірақ материалды жақсы түсінуі,құбылыстардың қасиетін жетік түсінуі үшін мұғалім демонстрациялық эксперимент қояды. Мысалы, жеке немесе топ болып сынауықта оттекті алуды және сол оттекпен кейбір тәжірибелерді оқушы орындай алады. Бұл жерде мұғалім оттегін көп мөлшерде алып,оттегімен газометрді толтырады,сәйкесінше оттегінде түрлі заттарды- металл,бейметалдарды жағады да өнімдерді зерттейді.

Көптеген химиялық заттармен жүргізілген химиялық эксперимент көмегімен оқушылар құбылысты терең түсіне алу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұндай эксперименттер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,,ұзақ уақытқа дейін таңданыс тудырады.

Өтілген материал жөнінде көрнекі демонстрациялар оқушыларда жағымды эмоционалды әсер қалдырады.

Демонстрациялық тәжірибелердің жиі, әрі көп мөлшерде өткізілуі, мұғалімнің пән бойынша жұмыс темпін жоғарылатуы мақсатында болады, әсіресе егенр сынып өтілуі тиіс материалдан қалып келе жатса. Мұғалаі экспериментінің оқушы экспериметінен екі есе жрғары болатыны белгілі.

Сонымен қатар, психологтардың және тәжірибелі мамандардың бақылауы бойынша сабақтың жылдам өтілу темпі оқушылардың қабылдауына кері әсер ететіндігін көрсеткен, оқушылардың зейіндері жан- жақты болып, ойларын жинақтауы төмендейді.

Сондықтан, барлық курсты тек бір ғана эксперимент кезінде көрсетіп кетуге болмайды: оқу планы бойынша осы курсқа бөлінген уақыт оқушыларға пәнді меңгеруге қажетті экспеиментті түсіндірулеріне мүмкіндік бермейді.

Тәжірибені орындау реактивтердің аз мөлшерінде жүргізілетін болса, немесе күтілген нәтижелерді берс\месе, я тіпті реакция жүрмеген жағдайда демонстрациялық эксперимент қойылады.

өнім алынатын тәжірибелер, мысалы, егер нәтижесінде кішкене металл бөлінгін алу мақсаты қойылған болса, алюмотермиялық реакцияларды сынауықта жүргізуге болмайды. Жанып жатқан бензинді өшіру үшін жеткілікті мөлшерде газ болу керек, күкіртті газды жағу үшін де белгілі мөлшерде ғана газ алу керек. Міне осындай жағдайлардың бәріне демонстрциялық эксперимент қою дұрыс болды.

Сыныптық фронтальді жұмыс қатарына күкірт қышқылын контактілі әдіспен алу, тұз қышқылын марганецтің қос тотығымен тотықтырып хлор алу, аммиактың оттегінде жануы, азот қышқылын селитрадан алу, тағы да басқа эксперимент түрлерін кіргізуге болмайды.

Тәжірибені жүргізуге реактив мөлшері аз, құрылғылар жетіспеген жағдайда, өтілетін материалды оқушылар терең түсінулері үшін мұғалімдер демонстрациялық тәжірибелерді қоюға мәжбүр болады.

Сонымен қатар химиялық демонстрациялық эксперименттер келесі талаптарға сәкес болулары қажет:

- көрнекі болу (демонстрациялық столда болып жатқан барлық құбылыстар оқушыларға жақсы көрінуі керек)

- жұмысты орындау техникасы қарапайым әрі түсіеуге жеңіл болуы

- нәтижелер теориялық фактілерге сай болуы

- оқушылар эксперименттің құрамын түсінуі үшін эксперимент алдын ала мұғаліммен тексеріліп, дайындалған болуы

- қауіпсіз болуы керек.

Демонстрацялық эксперименттің педогогикалық эффективтілігі, оның білімге, эксперименттік біліктілік пен дағдыға оң әсер етуі – эксперименттің жүргізілу техникасына байланысты. Бұның астарында арнайы демонстрациялық экспериментте қолдануға арналған приборлар мен құрылғылардың экспериментте қолданудағы сәкетігі жатыр, мұғалім кабинеттің жабдықтарын, әр приборды бөлек – бөлек қарастырып, демострациялау техникасын қайталап отыру ықажет. Соңғысы демонстрацияны өткізу процесіндегі аппараттар мен құрылғыларды дұрысқолдануға негізделеді, экперимент нәтижелілі, әрі көрнекі болуын қамтамасыз етеді.

Демонстрациялау әдістемесі- демонстарияның эффективтілігі, оның оқушылармен жақсы, терең түрде қабылдануындағы іс- әрекеттің үйлесімділігі. Демонстрацияның әдістемесі мен орындалу техникасы өзара тығыз байланысты, әрі демонстрациялық эксперименттің технологиясы болып табылады.

Демонстрацялық экспериментті жүргізудегі ескеру қажетті маңызды нәрсе: әрбір тәжірибені орындау техникасы тұрғысынан тексеру, реактивтердің сапасын, құралдар мен құбылыстардың оқушыларға көрнекі екенін және қауіпсіздігін тексеру.

Кей жағдайда демонстрациялық столға екі құрылғыны- бірі тәжірибе жасауға дайын құрылғы, екіншісі осы құрылғының жинақтылмаған түрін қою дұрыс болады. Бұл оқушыларға құрылғының қасиетін, мүмкіншілігін жақсы түсінуге көмектеседі.

Әрбір нәтжесіз қалған демонстрациялық эксперимент мұғалімнің оқушлар алдындағы беделіне кері әсер ететенін есте сақтау керек.

Демонстрциялық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптар. Химияны оқытуда демонстрацялық эксперимент бақылаудың көрнекі объектісі болуы керек. Сонымен қоса демонстрацялық эксперимент оқушылар химиялық заңдылықтарға байланысты жаңа фактілерді меңгере алатындай етіп жүйклі түрде ұйымдастырылуы керек. Ал бұлардың бәріне қол жеткізу үшін демонстрацялық экспериментке жалпы талаптар сақталуы шарт. Ал бұл талаптардың сақталмауы химиялық эксперименттің сапасын, педогогикалық эффективтілігін төмендетіп, кейде сәтсіздіктерге де әкелуі мүмкін.

Осындай жалпы талаптардың ішінде ең маңыздылары:

- эксперименттің көрнекілігі

- эксперименттің қарапайымдылығы

- эксперименттің қауіпсіздігі

- эксперименттің сенімділігі

- экспериментті түсіндірудің, қайталаудың қажеттілігі

- уақыттың шектеулілігі

- эксперименттің уақытылы қойылуы

бұл талаптардың барлығын бірдей маңызды деп түсінуге болмайды. Бірақ, осылардың қайсібірінің болмасын сақталмауы эксперименттің талаптары мен сапасын төмендетіп кері эффекттің болуына себепші болалы.

Экспериментті жүргізудің көрнекілігі. Көрнекілік- демонстрациялық химиялық экспериментке қойылатын жалпы талаптардың ең алғашқысы. Мұғалімнің демонстрациялық столда жасағандарының барлығы- құралдар, реактивтер, құбылыстар, тағы да басқалары – осының барлығы сынып оқушыларының әрқайсысына, кабинеттің кез келген бөлігінен көрінетіндей болуы қажет.

Демонстрацялық эксперимент кезіндегі көрнекіліктің жақсы дәрежеде болуы экспериаентің қалай және қаншалықты ұйымдатырылғанына байланысты.

Көпшілік ұйымдастырулар – химия кабинетінің жабдықтарына және құрылғыларға байланысты. Бұл жерде олардың бәрін, әсіресе техникалық тәуелділік бойынша кетпей, тек кейбір қажетті методикалық ұсыныстар қарастырылады.

Сынып ішінде жақсы жабдықталған демонстрациялық стол болуы қажет. Мұндай столсыз демонстрацялық экспериментті сәйкес педогогикалық эффектпен жүргізу, тіпті экспериментті жүргізу мүмкін емес. Методикалық ой мен тәжірибелілік демонстрациялық столдың размері мен конструкциясына назар аудартады: столдың еденнен 15-20 см. биіктікке көтеріліп,столдың беткі бөлігі оқушылардың көздерінің қатарында болатындай етіп орналастырылуы қажет. Осндый қалыпта орналасқан столдағы барлық жағдайлар оқушыларға анық көріетін болады. Көрінбейтін кеңістік пайда болатындықтан столды өте жоғары орнатуға да болмайды.

Оқушылардың зейіндерін аударып, құбылыстарды бақылауларына кедергі жасамау үшін демонстрациялық столдан экспеиментке қажетсіз барлық артық заттар алынып тасталады. Көпшілік жағдайда демонстрациялық стол жанына қосымша кішкене көлемдегі стол орнатылғаны жөн, оған эксперимент кезінде пайдаланылған приборлар қойылады.

Стол жанындағы демонстратордың іс- әрекетіне бөгет болатын заттар болмау керек, осы жағдайды алдын алу үшін демонстрациялық стол тақтадан шамамен 1 м. ара қашықтықта орналасуы қажет. Стол үстіне уақытша болсын, күнделікті қажетті болсын бөлек заттар қойылмау керек. Кіші көлемдегі ауа тартқыш шкаф демонстрациялық столдың оң жағына орналастырылғаны ыңғайлы болады.

Столға приборлар тәжірибе кезінде, бір біріне қатарласпай орналастырылуы керек. Күрделі құрылғылардың құрамдас бөліктері оқушыларға жақсы көрінуі керек.

Приборлар стол үстіне вертикальді бағытта орналасуы керек. көпшілік жағдайда оқушылардың бақылауына мұғалімнің өзі кедергі жасайды. Себебі, тәжірибе көрсету кезінде мұғалімнің басы немесе қолдары демонстрацияланатын объектілері жауып қалады, демонстрациялық стол мен оқушылар арасына тұрып алады, кейде процесс мұғалімнің қатынасына қарай солдан оң бғытқа қарай жүретіндей етіліп қойылады. Ал оқушылар үшін бұл жағдай кері бағытта көрінеді, себебі оқушылар процесті оңнан сол бағытқа қарай бақылаулары керек.

Кей жағдайда демонстрациялық эксперимент тез жүруі мүмкін, және осының салдарынан оқушылар процесті толық бақылап, қабылдай алмай қалады. Әрине, кейбір демонстрацялық эксперимент химиялық құбылыс табиғатына, реакцияның жүру жылдамдығына да байланысты. Мұндай, жағдайды өзгерту, процестің жүру жылдамдығын төмендету мүмкін болмайтын жағдайда оқушылар процесті байқап үлгерулері үшін алдын ала ескертілулері керек. Мысалы, күкіртті темірді алу (күкірт ұнтағынан және темір ұнтағынан) реакциясы кезінде мұғалім реакция барысында көп мөлшерде жылу бөлінетінін оқушыларға алдын ала айтып, сынауықтағы заттар қыздырусыз да балқитынын көрулері керек. осылайша реакцияның басталу процесін бақылауға жағдай жасауы керек. жақсы ұйымдастырылып дайындалған эксперименттің сәтсіз болуы асығыстықтың салдарынан, оны келесі мысалмен түсіндіруге болады:

Магнитке тартылған темірдің(темі ұнтағы) жануы тәжірибе жүзінде көрсетілді. Отқа алғаш жақындағанда пайда болған (магнит полюсінің) көрнекі реакция оқушыларды қызықтырады: м агнитті таразы чашкасы бірден төмендейді. Оқушылар алғашқы құбылысты толық көріп, нәтижені байқап үлгермеиінше мұғалім таразыны лезде теңестіріп жібереді.

Сонымен қатар, зертханалық столға жарықтың түсу ретінің дұрыс, әрі ыңғайлы болуына назар салу керек. столдағы барлық зат жақсы, әрі анық көрінуі керек.

Осы мақсатта, егер сабақ жасанды жарық көзінде жүргізілетін болса, столға софит немесе жарықтандырғыш құрылғы орнатылады. Кейбір тәжірибелер үшін төмен жарық көзін пайдалану тиімді болады.

Ерітінділердің, газдардың (хлор, азоттың қос тотығы, т. б.) түстерін анық көру үшін кішкене көлемдегі ақ сырмен сырланған фанерден экран жасап падаланған дұрыс, ал егер реакция нәтижесінде ақ тұнба, т.б. түзілетін болса, онда оны байқау үшін экранның екінші жағын қара сырмен сырлаған дұрыс.

Демонстрациялық эксперимент көрнекі әрі сәтті болуы үшін, сонымен қатар тәжірибеге қажетті барлық құрал жабдықтар жеткілікті, әрбір тәжірибені жасауда ұқыптылық болуы қажет.

Міне бұлардың бәрі мұғалім демонстрациялық экспериментте қолданатын приборларды, құрылғыларды көрсету кезінде ескеріп, оқушылардың құбылысты жақсы бақылаулары үшін барлық жағдайларды қарастыруы керек.

Эксперименттің қарапайымдылығы. Демонстрациялық эксперименттің қарапайым болуы да негізгі талаптарға жатады. Бұл жердегі «қарапайым» және «күрделі» эксперимент методыкалық түсініктеме тұрғысынан қарама-қайшы еместігін есте сақтау керек. эксперименттің қарапайымдылығына қойылатын талапты күрделі экспеиментке қояға келмейді.

Эксперименттің қарапайымдылығын талап ету әсіресе қазіргі уақытта болу керек, себебі кейбір өндірістік процестерді түсіндірудегі эксперимент кезінде мұғалім күрделі құрылымды және күрделі құрылғылармен көрсетілімдерді қояды. Мысалы, өндірістегідей етіп 4-6 сіңііргіш банкаларды орнасастыру,ал мектеп экспеиментін жеңілдету үшін олардың біреуімен де процесті түсіндіруге болады. тіпті, толық қатардағы агрегаттарды (тазартқыш, тоңазытқыш,қыздырғыш, насаос, кампрессор, т.б.) алып тастауға да болады. Әрине бұны әрдайым қарастырылатын аппараттың қолданылу рольіне байланысты орындайды. Мысалы, технологиялық схемада күкірт қышқылын контактілі өндірісте алу процесінде тазартудың маңызды екенін біле тұра, пеш газдарын тазартуға арналған аппаратты алып тастау дұрыс болмайды.

Теорияны түсіндіруде эксперименттің рольі үлкен: дұрыс қойылған эксперимент көмегімен тіпті табағи заңдылықтың өзін, кез келген аудиторияда түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жаратылыстық ғылым тарихында табиғаттың күрделі құбылыстарын түсіндіруге мүмкіндік беретін, көптеген қарапайым экспеимент түрлері бар. Мысал үшін зат құрылысын түсіндіруге арналған эксперименттеді алуға болады.

Эксперименттің көптеген түрлерінің ашылуына байланысты, тіпті радиоактивті ыдырау процесінің өзінмектеп қабырғасында жасауға мүмкіндік туды. Бірнеше жыл бұрын оқушылар жасауға мүмкін болмаған тәжірибелер қазіргі кезде қолжетерлік жағдайда және қазіргі заманғы мектептің эксперименталды практикасына жүйелі түрде енген.

Жоғарғы оқу орындарына арналған көптеген демонстрациялық тәжірибелер ғылыми мамандар мен мұғалімдердің арқасында қолжетерлік болғаны соншалық, тіпті материал жеткіліксіз көлемде жабдықталған мектептерде де көптеген тәжірибелерді орындау мүмкіншілігі бар. (магниді карналитті электролиздеу арқылы алу, электрофильдердің жұмыс принципі, термиялық реакциялар, аммиактың тотығуы, т.б.)

Жоғары оқу орындарындағы эксперименттері орта мектептерде қоюға деген мақсат қауіпті болуы мүмкін. Бұндай қауіптіліктердің болуы қарапайым тәәжірибелерге салғырттық танытудан болады. жоғары оқу орындарында қолданылатын құрылғылар мектептерде де кең қолданысқа ие болған. (Сынауық, колба, реторта, қысқыштар. термометр, газометр, Кипп аппараты, т.б.).

Көпшілік әдіскерлер оқушылар жаңартылған әрі күрделі аппараттарды қолдана отырып ғылымның жаңа жаңалықтарымен, мүмкіншіліктерімен таныс болулары керек дейді.Бірақ, орта мектептердің жоғары оқу орындарындағы химиялық эксперименттің өзіндік әдістемесі мен техникасына әсер етуі мүмкін болғандықтан, бұндай ұсынысты қабылдау дұрыс болмайды.

Ғылыми құрылғыларды қарапайымдылау және модельдерін құру оқу пәнін нақтылықтан алыстатады. Мысалы, электрофильдің мектептегі модельі нақты заводтық құрылғыдан әлдеқайда өзгеше. Оқушы әрине жұмыс істеу принципин түсінуі мүмкін, бірақ құрылғы және оның құрылысы жөнінде жалған пікірде қалады. Мұндай қателікті жібермес үшін әрбір құрылғының модельімен қоса, тағы оның бөлшектерінің де модельдері болуы тиіс.

Эксперименттің немесе «құрылғының қарапайымдылығы» ұғымын дұрыс түсіну керек. кез келген жай қойылған эксперимент немесе құрастырылған құрылғы оқушылардың белгілі бір заңдылықты түсінулері үшін жеңілдік бола алмайды. Қажетті жағдайда күрделі құрылымды құрылғылар мен эксперименттерді қойып отыру керек.

Сонымен қатар, тәжірибені мұғалім дұрыс қойып, ішкі құрылымын, қасиетін ашық түсіндіріп отырса кез келген тәжірибе оқушылар үшін қызықты өтеді, әрі олрдың біліктілігін арттыруда үлкен үлес қосады. Оқушылардың қызығушылықтары тек сыртқы көріністен байқалатын белгілі бір таңқаларлық құбылысты көруге емес, сол құбылыстың қасиеті, болу себебі жөніндегі біліктілігін арттыруға бағыттлуы керек. Мұндай нәтижеге әрине мұғалімнің оқушылармен жүйелі жұмыс жасай алу біліктілігінің жоғары деңгеиінде қол жеткізіледі.

Эксперименттің қауіпсіздігі. Демонстрациялық экспериментке қойылатын үшінші талап ол- демонстацияның экспеиментаторға да, оқушыларға да қауіпсіздігі. Бұл талаптың сақталуы мұғалімнің жұмысқа деген жауапкершілігіне, эксперименттік техниканы меңгеру дәрежесі мен біліктілігіне байланысты.

Тәжірибелі мұғалім ғана тәжірибе жүргізілк кезінде сынып ішіндегі қапірсіздікті толықтай қамтамасыз ете алады. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, өз жұмыстарында эксперименттерді жүйелі түрде қолданып, дағдыланған тәжірибелі мұғалімдерде сәтсіздіктер мен қауіпті жағдайлар сирек болады. тәжірибенің күтілген нәтижені беруіне күман туатын жағдайларда олар алдын ала реактивтерді, құралдарды тексеріп жұмыстың сәтті, әрі әсерлі өтуі үшін алдын ала жағдайлар жасайды. Мұндай мұғалім экспериментке салғырттықпен қарамайды.

Жалынмен, жарылыспен жүретін кейбір тәжірибелерді үнемі оқушылардан алыста орындау керек. көбінесе мұндай жағдайларда демонстрациялық стол мен оқушылар арасына қорғағыш әйнек қойған жөн. әсіресе газдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек. тіпті, қандай да бір қауіптілік тудыруы мүмкін заттардан, қаншалықты таза дегенмен де газдарды қайта тазартудан өткізген дұрыс.

Тәжірибенің қауіптілігі негізінен, тәжірибе орындлып жатқан ортаның жағдайына да байланысты болады. мысалы, мұғалімэлементтерді синтездеу арқылы хлорсутектің түзілуін көрсету үшін екі цилиндрдің бірін хлормен, екіншісін сутекпен толтырады да, бір біріне шыны түтік арқылы жалғайды; оқушылар хлордың түсінің жоғалғанын көреді. Мұндай жағдайда тәжірибе қауіпсіз өтілді. Ал егер, цилиндрлерге тікелей күн сәулесі түсетін болса, тәжірибені жүргізу кезінде жарылыс болады.

Әсіресе оқушылардың қатысында, тәжірибелерді реагенттердің аз мөлшерін пайдаланып, зат концентрациясы, ыдыс көлемі, т.б. жағдайларды ескеріп орындау керек.

Егер сутекті жаққанда жарылыс туса, концентрацилық күкірт қышқылына су құю салдарынан қышқылдың шашырауы болса, бертолле тұзынан оттекті алуда жарылыс туған, т.б. жағдайларды кездейсоқ катастрофа дап қабылдамау керек[3,4,5].

Профессор С. Г. Карапивин айтқандай, мұнай кездейсоқтықтар «Педогогикалық ауыр қылмыс болып табылады. Ал мұндай кездейсоқтықтың болуы жұмысқа деген салғырттықты көрсетеді».

Кейбір жағдайлар, тіпті мүлде басқа әсерлерден де болуы мүмкін. Мысалы, сыныпта эмоцияналды оқушылар болуы мүмкін, олрға тіпті қарапайым құбылыстар қатты әсер етіп, эмоцияларының өршуіне себеп болуы мүмкін. Оқушылардың психологиясын нашар білетін мұғалім сыртқыь құбылыстарды ерекше етіп көрсету мақсатына қатты еніп, оқушыларды болатын құбылысты алдын ала ескерту арқылы эмоциялық тұрғыдан дайындауды ұмытып кетеді; мысалы, сутегі бар банканың аузында жарылыс болады. ал бұл жағдай алдын ала ескертілмегендіктен, оқушыларда. әчіресе қыз балаларда эмоцияналдық шок болуы мүмкін.

Сондықтан, тәжірибелі мұғалім оқушылардың психикаларын есере отырып, жүргізілетін тәжірибелерде болатын құбылыстарды алдын ала ескертіп отыруы керек.

Тіпті эмоцияның әсерінен пайда болған аффект оқушы организіміне қатты әсер етіп, жүйке жуйесінің қалыптылығын бұзуы мүмкін.

Экспериментті орындау кезінде қауіптілік туа қалған жағдайда (зат өртенуі, жарылыс,т.б.) мұғалім әрқашан сабырлылық танытып, оқушыларды бақылуда ұстап отыруы керек.

Ал, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы керек. сонымен қоса әрбір химиялық зертханада қауіптілік езінде қолданылатын барлық материалдар болуы керек.

Эксперименттің сенімділігі. Эксперимент жүргізудегі көрсетілген әрбір тәжірибе нәтижелі, әрі әсерлі болуы керек. Егер жұмысты нұсқаулыққа сәйкес орындағанда ғана мұғалім өзінің жұмысының сәтті болатынына сенімділікпен қарай алады.

Егер тәжірибелер жүйелі түрде сәтсіздікке ұшырап отрса, мұғалімнің оқушылардың алдындағы беделін түсіріп, оладың пәнге деген қызығушылықтарын, сенімдерін жойып, пән бойынша үлгерімдерінің төмендеуіне әкелеуі мүкін.

Ал кездейсоқ сәтсіздіктер, егер сол мезетте мұғалім сәтсіздіктің себебін түсіндіріп, кеткен қателіктерді ретке келтіріп отырса оқушылардың мұғалімге, пәнге деген қатынастарын, сенімдерін өзгертпейді.

Бұндай жағдайда оқушылар сәтсіздіктің себебін және оны түзету жағдайларын өздігінен қарастыра бастап, сабаққа қатысуда белсенділік таныта бастайды.

Мұғалімнің және өздерінің қосымша ізденістерінің арқасында тапқан қателікті түзеткеннен кейін тәжірибе ойдағыдай жүргенлігін байқаған оқушыларда өздеріне деген сенімдері күшейе түседі.

Тәжіраибенің сәтсіздікке ұшырауы түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Осы себептердің көбісі мұғалімнің біліктілігіне, эксперименттік технологияны меңгере білуіне байланысты.

Бастысы, тіпті қарапайым деген жағдайларға да салғырттықпен қарамау керек: қойылатын экспериментті, приборларды, рективтерді алдын ала тексермеу, жинқталған құрылғының сенімді екені, байқамай суық пробирка түбінің ыстық суға тиіп кету, қыздыру процесін дұрыс жүргізбеу, т.б. жағдайларға немқұрайлы қараудың себебінен эксперимент сәтсіз өтіп, күтілген нәтижені бермеуі мүмкін. Сәтсіздіктің тағы бір орындалу техникксынан бөлек себебі, ол- экспериментке жақындаудағы методологияға байланысты. Мысалы, жүргізілетін эксперименттің мақсаты. Мұғалім жұмыстың мақсатын дұрыс қоймау себебінен, экспериментті орындау кезіне оқушыларды дп, өзін де қателіктерге сотықтыруы мүмкін. Көбіне мұндай жағдай сандық сипаттағы эксперименттерді жүргізгенде мұғаліа нақты нәтиже алумен қатар, химиялық заңдылықты түсіндіруге тырысуында болады. мектептерде химия пәнінен де, физика пәнінен де эксперимент қойғанда, белгілі бір заңдылықтарды түсіндіруге арналған тәжірибелерді орындаудан бас тартқан жөн.

Мектеп жағдайында эксперименттің мақсатын белгілі бір заңдылықты далелдеуге негіздеп қоймау керек., себебі прибор жетіспеушілігінен, экперимент кезіндегі бақылаудың дұрыс жүргізілмеуінен эксперимент сәтсідікке ұшырап қоймай, қателіктердің кесірінен заңдылыққа қарама – қайшы нәтиже беруі мүмкін. Ал жағдайдың мұндай болуы оқушылардың пәнге деген сенімін жоғалтуға себепші болады[8,9,13].

Химияны (тек химияны ғана емес!) оқытудағы мұғалімнің кең тараған кемшілігі, оқушылардың ғылымға жеңіл қарауларына жол берулері. Мысалы: қандай да бір тәжірибеге қол жеткізіп, теориялық фактіде көрсетілгендей нәтиже алған оқушы, өзін ғалымға теңеп, ғылыми эксперименттерді жүргізу мен белгілі заңдылықтарды ашу қарапайым жұмыс деп ойлайды. Мұндай көқарастың алдын алу үшін мұғалім оқушыға жасалған тәжірибенің тек кішкене бөлімі екенін, мұнда көптеген ескерілмеген қаталіктердің бар екендігін түсіндіріуі керек.Бұл жағдайда Созонов С. И. «Әр тәжірибе – ұсақ бөліктерден тұрады, бұл бөліктерді мұғалім алдын ала білуі керек: ал оларды ескермеу салдарынан эксперименттің нәтижесіз болуы – үлкен қателік, ал ол қателікті жөндеуге тырысу кеш амал ету болып табылады» деген.

Ал ірі педогог, мектеп экспериментінің мастері Н. С. Дрентельннің бұл сұраққа көзқарасы мүлде өзгеше: «қандай жағдай болмасын, эксперимент кезіндегі сәтсіздіктен қорықпау керек. крісінше сол сәсіздікті тиімді жағына пайдаланып, оның болу себебін анықтауға болады. осы орайдағы ізденістерден қызықты әрә пайдалы сабақ алу мүмкіншілігі болады. әрине, бұндай жағдайды ұйымдастыру үшін мұғалім өз ісінің шебері болуы керек».

Белгілі академик И. А. Каблуков сәтсіз болған демонстрациялық тәжірибе жайында былай дейді: «қойылған тәжірибенің сәтсіздігі кезінде, мен тыңдаушыларға сәтсіздіктің себептерін бірден түсіндіруге тырысатынмын, және кейбір жағдайда жүзеге асқан тәжірибелерден көрі сәтсіздікке ұшыраған тәжірибелердің біліктідікті арттырудағы және қызығушылықты оятудағы пайдасы жоғары болды.»

Жоғарыдағы ірі ғалымдардың пікірлерін жинақтай келе, ешқандай уүман туғызбайтын бір ғана қорытынды шығаруға болады: «эксперименттің сәтсіздіктерге жүйелі түрде ұшырап отырулары оқу процесіне кері әсерін тигізумен қатарпәнге деген салғырттықты,сенімсіздікті тудырады. Ал тәжірибелі мамандарда сирек жағдайда болатын сәтсіздіктер, мұндай жағдайға апармайды, керісінше, оқушылардың сол жағдайдан пайдалы білім алып, ынтасын арттыруға себеп бола алады.

Мектеп практикасында тәжірибе іске аспай жатқан жағдайларда мұғалімдердің әр түрлі шаралар қолданып жатқандарын байқауға болады. Осы іс - әрекеттердің бірін оқушыларға падалы болады десек, екінші бір әрекеттерін қабылдауға болмайды[10,12,11].

Профессор В. Н. Верховский күрделі, әрі іске аспай қалуы мүмкін демонстрациялық тәжірибелер кезінде мұғалімдерге келесідей дидактикалық кеңес береді: «демонстрациялық тәжірибеге кірісу барысында, оқушыларға жүргізілетін тәжірибенің белгілі себептермен іске аспай қалуы мүмкін екендігін ескертіп қоюы кажет. Осылайша, егер тәжірибе нәтижелі өтсе мұғалім де, оқушылар да қанағаттанарлық сезімде болып, ал сәтсіздікке ұшырап жатса жағдайлар алдын ала ескерілгендіктен ешқандай түсініспеушіліктің болмауына кепіл береді.»

В. Н. Верховский осы сұрақта көптеген пайдалы кеңестер береді, мысалы, тәжірибені жүргізу кезінде «міне, қазір осындай құбылысты байқаймыз!» деген алдын ала тұжырымды баяндамауға кеңес береді. Себебі, сөзден кейін оқушылар өздерінің зейіндерін сол құбылысты көруге бағдарлап, күтілетін құбылысты өз беттерінше елестетіп, оны қабылдауға дайын тұрады. Ал, құбылыс мұғалім айтқандай болмаса, немесе мүлде байқалмаса оқулылардың көзқарастарына кері әсер етеді.

Экспериментті жүргізудің сенімді әрі нәтижелі болудағы ең оңтайлы әдісі, ол- әрбір тәжірибені жүргізбес бұрын оны алдын ала тексеру болып табылады.

Тәжірибеге дайындық мұғалімнің сабақты ұйымдастыруының жалпы жүйелілігін құрайды. Тәжірибені алдын ала тексергеннен соң мұғалім оқыту процесінде өзін біршама сенімді сезінеді.

Экспериментке алдын ала дайындықта тек эксперименттің жүргізілу техникасына ғана емес, сонымен қатар басқа да маңызды деген жағдайларды, сұрақтарды: тәжірибенің жүргізілу уақытын анықтау, тәжірибе үшін қажетті жағдайларды қарастыру, тәжірибені жүргізудегі жоспар мен мазмұнын қарастыру керек.

Жақсы ұйымдыстырылып, сенімді өткізілген тәжірибе көп уақытты үнемдейді. Тәжірибелер үнемі үздіксіз өтілуі керек.

Экспеимент жүргізу де - өнер! Ал өнерді үйреніп, машықтану керек. кез келген жұмысты игергендей, экспериментті де терең меңгеру керек. Экспериментті қоюдағы негізгі қатігездік ол – экспериментке деген жауапкершіліктің болмауы, қалыптаспаған нақтылық пен біліктілік болып табылады.

Экспериментті түсіндірудің тиімділігі. Мұғалімнің,жүргізілетін экспериментті түсіндіруі – мектеп экспериментіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Жүздеген тәжірибелерді жасауға болады. бірқ, егер мұғалім тәжірибенің жүру жағдайын жұмыс барысын, мақсатын, тәжірибе кезінде болатын құбылыстардың байланыстылығын түсңндіріп, сол құбылыстарға сәйкес қорытынды жасамаса соншалықты көп тәжірибе қоюдың маңызы болмайды.

Бәрінен бұрын оқушылар қойылатын эксперименттің маңыздылығын, оның тақырыппен байланыстылығын, оның теориялық және практикалық маңыздылығын түсіне білулері керек.

Демонстрациялық процесс кезінде оқушылардан тек бақылауды ғана талап ете алмаймыз,себебі екінші реттегі, тіпті кездейсоқ пайда болған құбылыстарға терең мән беріліп, олардың себебін, бір- бірімен байланыстылығына зейін қоймауы мүмкін.

Бақылау қорытындысында анықталып жатқан объект жайында шала, немесе тіпті нақты емес көзқарастар мен біліктіліктер тууы мүмкін.

Бақылаудың нақты, әрі дұрыс болуында ескеретін маңызды дағдай, ол мақсаттылық.(целенаправленность). Мұғалім оқушыларға қандай жағдайға назар салып, қандай жағдайды және қалай бқылайтындарын түсіндіруі керек. Қысқаша айтқанда, бақылауға және бақылауды үйрету керек.

Фактілерді қарапайым сөзбен түсіндіру жеткіліксіз, және сол түсіндіруде шектеу қоймау керек.

Эксперимент өздігімен оқушыларға қажетті қорытынды шығаруға жеткілікті болмайды. Эксперименттің жүруін, ондағы құбылыстарды алдын ала түсіндіруі керек. Егер оқушыларға сутегінің жану реакциясын, яғни оттегімен эрекеттесу реакциясын эксперимент түрінде көрсететін болсақ, мұғалімнің экспериментті түсіндірмеуінің салдарынан оқушылар экспериментті бақылай отырып, сутегімен оттегінің әрекеттесуі нәтижесінде су бөлінетініне қорытынды жасай алмайды. Сонай – ақ отты стаканмен жапқан кезде пайда болған суны байқаса да, олар оны рекция өнімі деп қабылдамайды. Экспериментті бақылаудағы оқушының ептілігі оны қате тұжырымдардан сақтамайды, керісінше сол қате пікірлерге әкеп соғуы мүмкін.

Ғалымдардың бақылауы бойынша, оқушылар «реагирлену» ұғымына бейімделе алмай, ол сөзді «қосылады» деген оңай ұғыммен орынсыз жағдайларда ауыстыра салады. Мысалы «сілті қышқылмен қосылып тұз түзеді» дейді.Ал сынап тотығының қыздырылуын бақылап отырған оқушы үшін, соңғысы «ыдырамайды», тек сынапқа «айналады».

Тек мұғалімнің түсіндірмесінің көмегімен ғана оқушылар құбылыстарды оңай түсініп, оларды түсіндіруде дұрыс ұғымдарды қолдана алады. Ал осындай қате пікірлер мен түсіндірмелер- бақылаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығынан болады. Экспериментті қабылдаудың оң әсері болуы үшінмұғалім оқушылардың назарын тек маңызды деген құбылыстарды бақылауға бағыттап отыруы керек.

Экспериментті процесс нәтижесінде оқушылардың біліктілігін әрдайым тексеріп, олардың химиялық терминдерді дұрыс пайдалануларын талап етіп, қадағалау керек.Термин мазмұнын дұрыс түсіну тек тек материалды жақсы меңгеруге ғана емес, сондай – ақ оны терең, әрі дұрыс игеруге көмектеседі. Түсіндірілмеген жаңа терминдер де оқушыларды қате пікірге әкелуі мүмкін.

Мейлі тәжірибе кіші көлемде болсын, бірақ толық түсіндірілген болуы керек. ешқашан оқушылардың өзіндік ойлау күшіне сеніп түсіндіруді қажетсіз деп білмеу қажет. Ең алдымен оқушыларды пайда болған құбылыстарды қабыдауға дайындау керек. осы құбылыста болатын реакцияларды дұрыс таңдап орындаған жөн.

Негізінде, мұғалімдер арасында кең қолданылатын әдіс- экспериментті түсіндіргеннен кейін, жұмыс барысын сұрау. Мұндай жағдайда мұғалім оқушының материалға қаншалықты дайын екндігін тексеріп, бағалай алады.

Демонстрацияны қайталаудың тиімділігі. Талап бойынша, көпшілік мектептерде мұғалімдердің көбі демонстрациялық экспериментті тек бір рет қана көрсетеді. Кейбір, сирек жағдайларда ғана оқушы эксперименттерін қайта жүргізеді. Сондықтан оқушылар эксперименттің жүру барысын ұмытып, одан шығатын нәтижелерді де естен шығарып жатады. әсіресе жиі ұмытылатындары біртекті, төмен дәрежеде көрсетілімдегі қарапайым эксперименттер. Сонықтан мұндай эксперименттерді қайталап отырған жөн.

Кейбір мұғалімдер оқушылардың экспериментті ұмытуларын – «демонстрациялық эксперимент материалдың жетік меңгерілуіне толықтай мүмкіндік бере алмайды, ол үшін оқушыларға арнайы өздік практикалық жұмыстар ұйымдастыру керек...» деп түсіндіреді.бірақ, басты себеп мұнда емес, бір ғана рет қойылған басқалардан сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленбейтін тәжірибелерден оның мазмұнын терей игере алмайды. Сеченов И. М. айтқандай: «қандай да бір зат жиі кездесетін болса, соғұрлым оны жан жақты тану, елестету мүкіншілігі жоғары болады.»

С. Т. Карапивин: «егер мұғалім оқушылардың қандай да бір экспериментті ұмытқандырын байқаса. Ол сол мезетте – ақ экспериментті қайталауы кажет» екенін айтқан.

Барлық айтылғандар келесідей қорытындыға әкеледі: мұғалім демонстрациялық экспериментті қайталай отырып оқушылардың біліктілігін қайта жаңғыртып, толықтырып отыруы керек. Экспериментті қайталауды өздік талқылауларда, емтиханға дайындық кездерінде оқушылардың өздеріне орындатуға болады. бұл айтылғандар тек эксперименттік тәжірибелерге ғана емес, сонымен қоса приборлар мен заттарға, модельдерге де қатысты.

Зертханалық тәжірибелер- мұғалімнің тікелей жетекшілігімен оқушылардың орындайтын эксперименті.Зертханалық тәжіріибелер әдетте жекеленген, ол химиялық нысанның бір жақтарын қарастырып, оқытуға арналған.

Зертханалық жұмыстар бірнеше зертханалық тәжірибелердің жиынтығынан тұрады, химиялық нысанның бірнеше жағын, үрдістерді қарастыруға мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстармұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жұмыс жасауын көздейді. Уақыты 5-10 тен 40-45 мин уақыт алады. Зертханалық сабақта оқушылар әдетте жұмысты тапсырма немесе оқулық бойынша емес мұғалімнің дауыстап айтуы бойынша орындайды.

Сарамандық жұмыстар Сарамандық сабақта оқушылар өздеріне көрсетілген нұсқау бойынша зерханалық жұмыстарды өздігімен орындайды, әдетте бұл бөлек тақырып немесе үлкен бөлімді өткеннен кейін, әрине мұғалімнің қадағалуымен орындалатын эксперимент түрі.

Бір сөзбен айтқанда- сарамандық жұмыстың идеалды формасы негізінде бұл келесідей түрлі өзгерістерге ұшырайды:

- жұмыс жеке емес, оқушылардың ұжымдасқан тобы болып атқарылады, бұл жағдайда топта оқушы саны қаншалықты аз болса, соншалықты олрға көп тапсырма беріледі.

- жұмыс бірнеше тақырыпты өткеннен кейін орындалады. Мысалы, тоқсан соңында.

Профессор В. Н. Верховский оқушылардың аралас экспериментін ұсынды.

Мұндай эксперименттің негізінде. кейбір қиын, әрі қауіпті тәжірибелер кезінде тәжірибе тек мұғаліммен ғана орындалып, тәжірибе соңында бастапқы зат пен эксперимент нәтижесі оқушыларға көсетіледі.

Верховский бойынша бұндай эксперименттің басты мақсаты – экспериментті мүмкін болатын жеңіл жағына жақындату, оқушыларға құбылыстарды жан жақты бақылауға, көруге, иісін сезуге, және соңында бақылағандары бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік беру.

Эксперименттік практикум оқушылардың өздігімен орындайтын жұмыс түрі, негізінен жоғары сынып оқушыларымен орындалады,Эксперименттік практикум әдетте үлкен тарау бітекен соң орындалады және жалпылау, қортындылау сипатында болады.Мұндай практикум оқушылардың білім, біліктерін қортындылау дағдысын қалыптастырады.

Үй эксперименті – Бұл оқушылардың үйде орындалатын тәжірибелері, ол оқушылардың таным қызығушылығына және қажеттіліктеріне ықпал етеді, сонымен қатар олардың шығармашылық әрекеттерін дамытуға ықпал етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?
Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде?

2. Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған?

3. Эксперименттік практикумның мәні неде?

4. Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде?

№3,4 дәріс. Оқытудың ұйымдастырушылық формалары жүйесіндегі химиялық эксперимент.

Қысқаша мазмұны

1. Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы.
2. Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
3. Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных