Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эксперименттік есептерді шешу.




Экспериментттік тапсырмада – тек тапсырма көрсетіліп, ал эксперименттің жүргізілуі мен жолын оқушылар өздігінен анықтайды. Бұл оқушыларлан тек ьеорилық білімнің белсенділігін ғана емес , сонымен қоса эксперименттің технологиялық біліктілігін де талап етеді.

Экспериментальды тапсырманың негізгі мақсаты- практикда алынған біліммен байланысты жүйелі жаттығуларды орындау, түрлі зерттеулерге қажетті экспериментальды білікітлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сарамандлық жұмыс пен зертханалық жұмыстан айырмашылығы эспериментальды тапсырманы бүкіл оқу жылы бойы, кез келген сабақтарда, бақылауларда да жүргізуге болады. Экспериментальды тапсырма жеке, топпен немесе сыныппен орындалуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындау теориялық шешімді өздігімен ізденуге баулыйды.

Танымдық жағынан есептермен салыстырғанда экспериментальды тапсырма құндырақ. Себебі, мұндай тапсырманы орындауда тек есеп шығарылып қана қоймай , сол есептерге сәйкес тәжірибелер жасалынады.

Экспериментальды тапсырмаларды орындату кезінде мұғалім оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерінің қаншалықты қалыптасқандығын, және ол білімді практикада қалай қолдана алу мүмкіншіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін бақылай алады. Нәтижелерді талқылау қателерді тауып түсіндіруге, кемшіліктерді жөндеуге, олардың себептерін талқылауға мүмкіндік береді .

Құрамы бойынша экспериментальды тапсырмалар келесідей болып бөлінеді:

- физикалық және химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « Қандай физикалық және химиялық қасиетіне қарап полиэтилен мен полистиролды анықтауға болады. берілген ыдыстарда осы заттардың қаысысы орналасқан?»

- зат синтезіне және реакцияның жүру ждағдайын алдын ала анықтау немесе түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « Столда бар реактивтерден: мыс(//) оксиді , су , мыс(//) хлориді, натрий гидроксиді және нартий хлоридінен екі жолмен мыс(//) гидроксидін алыңдар. әр реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.»

- заттарды тану және олардың өзіне тән қасиеттерін түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « сапалық реакция арқылы қай пробиркада крахмал, қай пробиркада глюкоза бар екенін анықтап, олардың химиялық қасиетін түсіндіріңдер»

- заттардың сапалық құрамын анықтап, олардың қасиеттерін сипаттауға арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, сапалық реакция арқылы берілген заттың алюминий хлориді екенін анықтап, оның химиялық қасиетін атаңдар.

- Берілген өнімдегі қоспаларды анықтап, анықтау жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, мыс купоросының құрамында натрий хлориді барын анықтаңдар. Оны анықтауға жолдың таңдалу себебін түсіндіріңдер.

- Затты таза күйінде қоспалардан бөліп алу, сол бөліп алу әдісінің тиімділігін түсіндір. Мысалы, полиэтлен және темір ұнтақтары бар қоспалардан ас тұзын бөліп алу.

- Заттардың классификациясын нақтылап, оларға анықтама беругше арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, аминосіркеқышқылы аминқышқылдарына жатпайтынын анықтаңдар. Заттардың осы класына анықтама беріңдер.

- Сапалық реакция жүргізу және оладың типтік қасиеттерін түсіндіру. Мысалы, сапалық реакция көмегімен глюклзаны анықта. Оның типтік химиялық қасиетін атаңдар.

- әр түрлі массалық уүлестегі ерітінділерді дайындау және дайындалу жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, 3 пайыздық массалық үлесі бар 300 г. нарий гидрокарбонатаның ерітіндісін дайында. Және не үшін ерітінді дайындау кезінде алдымен зат салынып, кейін барып су құйылады. Ал неге керісінше жасауға болмайтындығын түсіндіріңдер.

Эспериментальды тапсырмаларды сапалық және есептік эксперимент деп бөліп қарастырады. Сапалық эксперимент тәжірибелік жолмен шешіледі онда сандық бейнелер берілмеген. Мысалы, тәжірибелік жолмен темір сульфатындағы сульфат иондарының мөлшерін анықта.

Ал, есептік эксперименттік тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе орындаумен қатар белгілі экспериментте берілген мәндерді өңдек керек. Мысалы, темір (ІІІ) гидроксидінің тұнбасын алып, түзілген тұнба массасы бойынша оны алуға қажетті ерітінді массасын анықта. Бұл жердегі КОН массалық үлесі 0,1н. ( 10 пайыз).Есептік және эксперименттік тапсырмалардың жоғары формасы екі тапсырманың да ең жақсы қасиеті шоғырланған – есептік эксперимент болып табылады.

Дәріс 7,8. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі

Жоспары:

1. Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі.
2. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үрдісінде байқаудың ролі.

3. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі.

4. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың саралау қыры..
5. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды бақылау және бағалау.

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль
Сондықтан орта мектептегі оқу процесі оқушылардың алатын білімін
Болашақ химия мұғалімі химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары
Жалпы психология-педагогикалық әдебиеттерде өз бетімен жұмыс істеу ұғымына
Бұдан оқушылырдың өзіндік жұмыс істеу дағдысын химиядан зертханалық
Оқушлардың танымдық іздемпаздығын қалыптастыру проблемаларын шешуде В.И.Загвязинский, Д.В.Вилькеев,Б.П.Есипов: “Белсенділік шәкірт ақыл – ойының өзбеттілігінің белгілі
И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық өзбеттілік ұғымдарының ара
Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай түсінетіне сүйене отырып,
Т.И.Шамованың еңбегінде белсенділік пен өзбеттіліктің ұғымдары ажыратылмаған ,
В.А.Крутецкий оны зерттей келе мынандай қорытынды жасайды: “Шығармашылық
Атақты психолог С.Л.Рубенштейн былай деп жазды: Ойланып істелген іс- әрекетердің себептілігі және оның негігізділігі. Педагогикалық жүйе ретінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен басқару сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. Өз бетінше жұмыс істеу деңгейі студенттердің оқу қызметін ұйымдастырудың түрлі формаларында әр түрлі болатындығы дау тудырмайды жән ол өзіндік жұмыстырды ұйымдастыруға, сабақты өткізу әдістемесіне, студенттің зияттылық дамуы мен академиялық дайындығына, оқытушының педагогикалық біліктілігіне және жұмыс істеу стиліне тәуелді болады.

Онымен қоса студенттің өзіндік жұмысының құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, бұл да қосымша қиындық туғызады

Студенттің өзіндік жұмысын жоспарлауда студент атқаруға тиісті жұмыс аймағы белгіленеді. Студенттердің танымдық әрекетін басқару студенттің танымдық құралдар мен әдістерді қолдануға арналған нұсқауды уақытында алуына негізделеді де олардың жұмысты қалай орындағандары бақыланып отырылады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары зертханалық және сарамандық жұмыс кезінде де ұйымдастырылатыны белгілі. Зертханалық-сарамандық жұмыстар жоғарғы оқу орнында студенттердің ғылыми-зерттеушілік дағдылары мен қазіргі заманғы химиялық экспериментті орындау техникасын қалыптастыруға негіз болады.

Қалыптасқан практика бойынша жалпы оқу уақытының 60 пайызы зертханалық-сарамандық жұмысқа бөлінеді.

Зертханалық жұмыстардың басты міндеті теорияны іс жүзінде сарамандықпен байланыстыру. Ал ғылыми эксперимент табиғат құбылыстарын зерттеуде, дүниені тануда ең басты әдіс болып табылады.

Зертханалық және сарамандық сабақтардың негізі болып табылатын химиялық құбылыстар мәні мен заттардың қасиеті жайлы терең білім эксперименттік және теориялық зерттеу әдісінсіз мүмкін еместігі белгілі. Сарамандық сабақтар сәйкес теориялар тұрғысынан құбылыстардың жүру барысын сипттауға, заттар қасиетінің әр түрлі жағдайда өзгерісін түсіндіруге мүмкіндік беретін эксперименттік факторлардың талдануының алғышартын білдіреді. Зертханалық сабақтар ғылыми жолмен қойылған тәжрибе ретінде, зерттелуші құбылысты нақты есептелген жағдайда бақылауға, процестің жүруін қадағалауға және оны әр жолы осындай жағдай барысында қайталап жүргізуге арналады. Зертханалық – сарамандық сабақтар барысында студенттер мәселені қою әдістемесін, икемділігін меңгеруге, оны эксперименттік жолмен, тұжырым шығару мен шешуге жаттығады. Студенттердің зертханалық жұмысқа өз бетімен әзірленуі, жұмыс барысын үйден конспектілеуі, зертханалық жұмыс кезінде орындалатын химиялық эксперименттердің химизимін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, теңестіруі, зертханалық жұмыстарды зертханада барлық қауіпсіздік техникасын қолдана отырып орындауы, нәтижесін бақылап, қорытындысын шығаруы, зертханалық жұмыс есебін тапсыруы зертханалық жұмыс үстіндегі студенттің өзіндік жұмыс түрлері болып табылады.

Осымен қатар студенттер зертханалық жұмыс тақырыбына байланысты теорияны үйден дайындап келіп, зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алуы да өзіндік жұмыс ретінде қарастырылады. Зертханалық-сарамандық сабақтарда өзіндік жұмыстың орындалуын бақылау оның оқу еңбегін белсендіруге жағдай туғызады.

Студенттердің өзіндік жұмысы ретінде бұрыннан қолданылатын жұмыстың бірі сандық есептер шығару болып табылады.Сандық есептер сарамандық сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта шығарылады.

Химиялық білім беруде оқытудың бір тәсілі ретінде сандық есептер шығару маңызды орын алады. Химиядан сандық есептер шығару арқылы химияның оқу материалы терең меңгеріліп, алынған білім, білік, икемділік, дағдылары дамытылады, студенттер алған білімін өз бетімен қолдануға жаттығады.

Химиялық білім нақты, тұрақты болу үшін оқушы алдымен ұсақ, соңынан ірі мәселелерді шеше алатындай болуы керек. Яғни шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, ақыл-ой әрекеті жетілген студент химиялық есептерді қиналмай шығарады. Бұл оның күрделі ойлау қабілетінің жоғары сатыда екенін дәлелдейді.

Химиядан сандық есептерді шығаруға үйрету мәселесін психологиялық тұрғыдан зерттеу мынаны көрсетіп отыр. Сандық есеп шығару дағдысының қалыптаспауы студенттің көп нәрсені ескермегендігінен туындайды.

Мысалы химиядан сандық есепті шығару кезінде:

- студент көбіне есепті оқытушы көрсеткен жолмен ғана шығарады да, өз бетімен есептің басқаша стандартты емес шығару жолын қарастырмайды;

- студент есеп шығарып отырып есептің мағанасына көңіл аудармайды, өзінің іс-әрекетін дұрыс пайымдамайды;

- көбінесе есептің мазмұнына талдау жасамайды, оны ой елегінен өткізіп, талқыламайды;

- есепті шығару жүйелілігін сақтамайды;

- химиялық тіл, математикалық есептеу, өлшемдер бірлігін жүйелі қолдану, физикалық шамаларды белгілеу дұрыс ескерілмейді;

- есептің жауабын қандай да жолмен дәл табу алдыға мақсат етіп қойылып есепті шығарылу жолын түсіндіруге көңіл аударылмайды;

- шыққын есептің жауабын әртүрлі жолмен тексеру яғни кері есеп шығару немесе басқа әдіс қолдану сияқты шаралар қолданылмайды;

- есептерді бей-берекет, белгілі бір жүйеге келтіріп алмай, бір-бірімен байланыстырмай шығарады.

Студентті осы аталған кемшіліктерді жібермей сандық есеп шығаруға үйрету өте көп жұмыс атқаруды талап етеді. Сондықтан студенттерге семестрлік жұмыс ретінде сандық есептерді өздігінен шығаруға ұсыну жоғарғы мектеп іс-тәжрибесінде кеңінен қолданылады.

Эксперименттік есептерін шығару химияда студенттер үшін маңызды өзіндік жұмыстың түріне жатады.

Эксперимент есептерінде сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжрибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білікті қалыптастыруда эксперименттің есептердің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді.

Осы айтылғандарға сүйене отырып біз студенттердің де эксперименттік есептер шығару дағдыларының қалыптасуы олардың сарамандық білім негізін қалауда, дербестік деңгейнің жоғарлап, теориялық білімді іс барысында оңтайлы қолдануына жағдай жасайды деген тұжырым жасаймыз.

Бейорганикалық химияның «Элементтер химиясы» бөлімінің соңында студенттерге бейорганикалық қосылыстарды синтездеу өзіндік жұмыс ретінде ұсынылады. Студент өзі таңдап алған қосылысты синтездеуге қажетті реактивтерді белгілеп оны синтездеу жоспарын құруға, синтездеуге қажетті қондырғыны құрастырып және оны синтездеуге тиісті. Негізінен сапалық есептерді шығару 2 курста оқылатын аналитикалық химияда көп қолданылады.

Өзіндік жұмыстың негізінде студенттің өзінің дербес әрекетін ұйымдастыру жатқандықтан, ол өзінің уақытын ұтымды пайдалана отырып, өзіндік бақылау, өзіндік меңгеру әдістерін барынша тиімді қолдануға ұмтылуы қажет. Кредиттік технология негізінде дәріс сабақтарының санының азаюы студенттердің оқу әрекетін ұйымдастыруда аудиториядан тыс жұмыс түрлерін кең қолдану қажеттігін туғызып отыр. Сондай жұмыстардың бірі реферат жазу. Студенттердің реферат жазуы олардың берілген материалды дұрыс пайымдап, мазмұнын ашып көрсете білуіне, жоспарды дұрыс құруға икемделіп, ғылыми ізденуді ұймдастыруына, әдебиетпен жұмыс істей білуге жаттығуына, жинақтаған материалдарын өңдеуден өткізіп, қолданылған әдебиеттердің тізімін дұрыс құра білуіне мүкіндік береді деген пікірді Дүнекова Ж.Ж. Меңдалиева Д.К жұмысынан кездестіреміз. Бірақ зерттеушілер бір пәннен реферат саны бір семестрде екеуден артық болмау керек деген ойды ұсынады.

Біз осы авторлардың ойына қосыла отырып, өзіндік жұмыстардың ішінен елеулі орынды реферат жұмысын орындауға беру қажеттігіне тоқталамыз. Бірақ реферат тақырыбы қалай болса солай берілмей, оқушы ізденімпаздығын шынайы дамытатын тақырыпқа берілу керек деп есептейміз. Яғни студент тек классикалық оқулық материалдарын ғана емес ақпараттандыру материалдарын, интернет көздерін, ғылыми кқнференция материалдарын, ғылыми журналдардағы басылымдарды кеңінен қолдана алатындай болуы керек.

Студенттердің өзіндік жұмысын жандандыруда тағы бір оңтайлы жұмыстың бірі студенттердің пәндік олимпиада жұмыстарын қайта жаңғырту болып табылады.

Олимпиада дегеніміз - студенттердің жоғарғы оқу орнындарындағы және кәсіби болашақ маман әзірлеуде өтетін пәндер бойынша білім, икемділік, дағдысын шығармашылықпен қолдана білудегі жарысы. Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруде, студенттердің таңдап алған мамандықтарына қызығушылығын арттыруда, дарынды жастарды анықтауда, ғылыми зерттеу, әкімшілік, кәсіпкерлік істерге кадрлер қалыптастыруда өте маңызды.

Олимпиадаға тек студенттерді таңдап алумен ғана тоқталып қалмай оларды үнемі осындай жарыстарға әзірлеу қажет.

Өзіндік жұмыстың осындай түрін жүргізу үшін бізге ең алдымен жақсы әзірленген оқытушы, екіншіден шығармашылық қабілеті жоғары және оны дамытуға ұмтылушы студент қажет.

Өзіндік жұмыстың осы түрі олимпиаданы ұйымдастыру шарттары мен қағидаларын да қарастыра кеткеніміз жөн болар. Олимпиадаға студенттерді әзірлеуде қолданылатын қағидаларды біз Н.И.Наумкиннің зерттеуіне сүйеніп белгіледік.

- Өте жоғары деңгейдегі дербестілік қағидасы. Ең берік білім негізі өз бетімен, студенттердің әдебиетпен жұмыс істеу процесі кезіндег дербестілігі жоғары болуымен іске асырылады. Оқытушы тек соны тиімді ескеріп, студентті дұрыс бағдарлау қажет. Өз бетімен алынған дұрыс шешім, тіпті дұрыс логикалық негізделмеген күннің өзінде, кейіннен ұжымдық талқылау нәтижесінде айқын, сенімді тұжырымға әкеледі.

- Іргелі әзірліктің негізділігі қағидасы. Студенттерді іргетасы қаланған пәндерден олимпиадаға әзірлеу қажет болғандықтан алдымен олардың бойында математика, физика, химия сияқты пәндерден білім, білік, икемділік дағдыны қалыптастыру міндетті болмақ.

- Пәнаралық байланыс пен пәндер арасындағы сабақтастық қағидасы.Аталған қағиданың орындалуы тек олимпиадаға әзірлік кезінде ғана емес, оларды оқыту кезінде де маңызды.Мысалы химия олимпиадасында студенттің білімін көрсетуі математика, физика, биология пәндерінен алған біліміне байланысты болады.

- Білімнің белсенділігі. Олимпиадаға қатысушы студенттің білімі үнемі белсенді күйде болатындықтан, олимпиада тапсырмалары олардың бастапқы білімдерін ескере отрыпы құрылады. Сондықтан олимпиадаға әзірлік кезінде өткен жылдардың тапсырмаларын қолдану тиімді болмақ.

- Оқу бағдарламасы бойынша үстіртін қарастырылатын кейбір тақырыптарды тереңірек қарастыру. Автордың осы пікіріне қосыла отырып біз оны былайша толықтыруды жөн көрдік. Мысалы «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша кейбір тақырыптар «Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары», «Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің қазіргі күйі», «Құрылысы ерекше қосылыстар» сияқты арнайы курстарда тереңдетіп беріледі. Сол сияқты «химия-биология», «мектептегі химия мұғалімі», «химия» мамандықтарына арналған «Қиындатылған есептерді шығару» арнайы курсы олимпиада есептерін шығаруды үйретуге арналған.

- Тапсырмалар қиындығы деңгейінің оза берілу қағидасы. Аталған қағида олимпиадаға әзірлік кезінде студенттерге белгілі тур тапсырмасынан анағұрлым жоғары деңгей тапсырмасын ұсынуға келіп тіреледі. Мұндай қағиданың тиімділігі тек олимпиадаға дайындық кезінде емес, сабақ кезінде де тиімді екенін бірнеше жылғы іс-тәжрибе көрсетіп отыр.

- Есептерді шығару нұсқасының бірнеше түрлілігі мен кешенді талдау қағидасы. Есепті неғұрлым тиімді, рациональды әдіспен шығару, есепті шығарудың мүмкін болатын әдістерін қарастыру олимпиадаға әзірлік кезінде өзінің тиімділігін көрсетті.

- Өткен олимпиадалардың нәтижесін талдау. Шығарылған есептерді кешенді жолмен талдаумен бірге жиі кездесетін қателіктер, есеп шығаруда жіберілген кемшіліктер сараланып, талданады. Осының нәтижесінде студенттердің білім, білік, дағдысы недәуір жоғарлайды.

Жеке бастамашылдық және еріктілік қағидасы.. Студенттерді ешуақытта күштеп олимпиадаға қатыстыруға болмайды Осы қағиданы орындаудың маңыздылығын Н.Р.Степанова ерекше атап көрсетеді. Студенттердің курстық жұмыс жазуы бір курсқа берілетін тапсырма. Оқу жоспары бойынша әр мамандық студенттерінде курстық жұмыс жоспарланады. Атында тұрғандай бір курста студент тек бір жұмыс орындайды, егер оқу жоспары бойынша екі жұмыс жоспарланса онда студент таңдауы бойынша бір жұмысты орындауға құқылы. Оқу жылы басында оқытушы студенттерге курстық жұмыстың тақырыптарын береді. Химия эксперименттік пән болғандықтан біздің факультеттегі курстық жұмыстар экспериментке сүйеніледі. Кейіннен студент осы курстық жұмыс тақырыбын бітіру жұмысында немес диплом жұмысында жалғастырады. Курстық жұмысты орындау барысында студенттер реферат жазуда меңгерген әдебиетпен жұмыс, материалдарды өңдеу икемділігі, интернетпен, ақпараттық материалдармен жұмыс түрлерін меңгеруді әрі қарай жалғастырады. Студент көбіне оқытушы ұсынған реферативтік журналдарды, анықтамалық материалдарды, отандық, шетелдік, бұрынғы ТМД елдері ғалымдарының жұмыстарын қарастырады. Әдебиеттерге шолу жасаған соң студент жоғарғы оқу орны зертханасында немесе ғылыми зертханада сабақтан тыс уақытта эксперимент жүргізеді. Сонымен қатар студент өз бетімен эксперимент қою, эксперимент жоспарын құру, экспериментке қажетті құралдар мен реактивтерді анықтау, реактивтерді қажетті концентрацияда әзірлеу, егер физикалық әдістер қолданатын болса физикалық әр түрлі құралдарды оқытушы басшылығымен жұмысқа әзірлеу икемділігін меңгереді. Негізінен химия мамандығының 1 курс студенттері үшін экспериментальды курстық жұмысты орындау, сарамандықты аяқтаушы болғандықтан маңызы үлкен. Эксперимент аяқталған соң студент диплом жұмыстарына арналған формада курстық жұмысты жазып, кафедраның әдістемелік комиссиясы алдында оны қорғайды. Әр студентке хабарлама жасау үшін және қойылған сұрақтарға жауап беруге 5-7 минут уақыт беріледі. Курстық жұмысты бағалауда эксперимен нәтижесі, студенттің жұмыстың мақсаты мен нәтижесін баяндауы, студенттің курстық жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі ескеріледі.. Курстық жұмыстың бағасы әдістемелік комисия мүшелерінің шешіміне орай қойылады. Өте жақсы орындалған жұмыстар кафедра ұйымдастырған көрмеге қойылуы мүмкін. Бірінші курс студенттерінің бейорганикалық химиядан жазған жұмыстарының маңыздылығы ол көпшілік студент үшін ғылыми зерттеу жүргізудегі, өзінің бастамашылдығын білдірудегі алғашқы жұмыс болуында.

Бітіру жұмысы немесе диплом жұмысы бұл студенттің оқу орнын аяқтау алдында орындаған ең маңызды, дербес жұмысы болып табылады. Диплом жұмысы курстық жұмысқа қарағанда көп күрделі және жұмыс көлемі де аумақты болады. Диплом жұмысының тақырыбын студенттер негізінен төменгі курстан бастап алады. Мамндануына байланысты олар тақырыпты бейорганикалық химиядан, аналитикалық химиядан немесе органикалық және физикалық химиядан алуы мүмкін. Бағдарлама бойынша әр курс сайын жазатын курстық жұмыстар осы пәндерге байланысты болып келеді. Диплом жұмысында студент тақырыпты белгіліген соң курстық жұмыстағы сияқты әдебиеттерге шолу жүргізеді. Онда өзінің тақырыбының айналасында жүргізілген зерттеу жұмыстарына, ондағы қолданылған зерттеу әдістеріне толық талдау жасап өтеді. Диплом жұмысының екінші бөлімі экспериментке арналады. Онда студент экспериментті жүргізуге таңдап алған әдісін көрсете отырып эксперимент нәтижелерін жүйелі түрде баяндайды. Эксперимент нәтижелері әр түрлі графиктер, сызбанұсқа, диаграмма түрінде химиялық сауатты, математикалық есептеулерімен берілуі керек. Міндетті түрде студент диплом жұмысының қорытындысын беріп, кіріспеде тақырыптың өзектілігін анықтап, оның зерттеу міндеті мен мақсатын, ғылыми болжамын, сарамандық маңызын ашып көрсетеді. Диплом жұмысын жазғанда жетекші тек студентті бағыттап, бағдар береді. Диплом жұмысы студент пен оқытушының біріккен ғылыми жұмысы деп есептеледі.

 

Дәріс 9,10. Химия кабинетінің жабдықталуы

Жоспары:

1. Химия кабинетінің құрал-жабдықтары

2. Химиялық реактивтер

3. Зертханалық шаруашылық




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных