Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зертханалық тәжірибелерді қою.




Зертханалық тәжірибелер – оқу материалын өнімді түрде игеруде және нақты әрі берік білім алуда сабақтың кез келген кезеңінде жүргізілетін - өздік жұмыстың түрі. Сонымен қоса, зертханалық тәжірибелер кезінде оқушылар өздігімен жасайтындықтан оларда эксперименттік біліктілік пен білімділік, дағды қалыптасады. Тәжірибені орындай барлық сабақты толықтай қамтымай, тек бір бөлігінде ғана жүріп өтеді. Зертханалық тәжірибелер көбіне заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу үшін, теориялық түсінікті нақтылау үшін, ал ең ситек жағдай- жаңа білім алуда жүргізіледі. Соңғылары оқушылар өздігімен шешуге тиісті, нақты танымдық тапсырмаларда қалыптасады. Бұл оқушылардың ойлау шығармашылығын белсендеретін – зерттеу элементі болып табылады.

Сарамандық жұмыстарға қарағанда зертханалық тәжірибелер аздаған фактілермен таныстырады. Сондай- ақ сарамандық жұмыс тәрізді оқушылардың назарын толық қамтымайды. Себебі өздігімен жасалған жұмыс соңы мұғалімнің түсіндіруімен жалғасады.

Зертханалық тәжірибелер мұғалім түсіндірген оқу материалына сәкес жүріп отырады, соның нәтижесінде оқушыларда зат қасиеті және химиялық процесс жайында түсінік пайда болады, құбылыстарды бақылауға және қабылдауға үйретеді. Демонстрацилық эксперименттердің көпшілігі : экспеименттік біліктілік пен дағдыны қалыптасатырады. Алайда кез келген тәжірибе зертханалық болмайды (мысалы аммик синтезі) және барлық зертханалық тәжірибелер демонстрациялық эксперименттен эффективті болмайды. Кейбір зертханалық тәжірибелерді жүргізу үшін көп уақыт қажет болады, және уақыттың жалғасуы оқушылардың біліктіліктері мен эксперименттік дағдыларына тәуелді болады.

Зертханалық тәжірибенің негізгі мақсаты- оқушыларды өтілген материалмен неғұрлым тез таныстыру. Бұл жағдайда қолданылатын тахника оқушылардың 2- 3 операция орындауларымен тең келіп , практикалық біліктілік пен дағдының формирленуіне шектеу болады.

Зертханалық тәжірибелерге дайындық демонстрациялық экспериментке қарағанда жоғары жауапкершілікпен жүргізілуі керек. Себебі, ескермеушілік пен салғырттық сынып дисциплинасының бұзылуына әкелуә мүмкін.

Зертханалық тәжірибелерді әр оқушының өздігінен орындауларына жағдай жасау қажет, тіпті болмаған жағдайда құрылғының бір комплекті минимум екі оқушыға ортақ болғаны жөн.

 







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2021 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных