Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жазбаша жаттығу. 1 страница




Методикалық әдебиеттерде бұл әдістің көп түрлілігі байқалады. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың тілін дамыту барысында жазбаша жаттығудың маңызы зор екендігін айта келіп, жазбаша жаттығу жұмысының мынадай түрлерін көрсетеді. Олар: жаттығу жазу, мазмұндама, шығарма, іс қағаздар, публицисистикалық (очерк, мақала) текстер жаздыру текст жазғандарын жетілдіріп қайта жазу т.б. Бұл жұмыстың барлығы да оқушылардың сөз байлығын арттырып, өз ойларын нақты, анық дұрыс әңгімелепберу, сөйлеу дағдысын қалыптастыратын болуы керек деп анықтайды.

Оқушылардың тілін ұстартуда, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты роль атқарады. Жүргізілетін түрлі жазба жұмыстары оқушының тілін байытуға, сауаттылыққа әдеби тіл нормасына сөйлей білуге де, жаза білуге көмектеседі. Жазу жұмысын мақсатқа сай ұйымдастыру оқушылардың теориялық алған білімін қолдана білуге, өз ойын жеткізуде сөйлемдер мен сөздерді орынды пайдалана білуге үлкен әсері бар.

Жалпы алғанда қазақ тілі сабағында жүргілетін жазу жұмысына ондағы оқушылардың ауызша және жазбаша сөздік қорларын молайтып, сауаттылығын арттыру мен байланыстырылып сөйлеуді дамыту барысында мынадай талап қойылады:

- әңгімеленген тақырыптың мазмұнын, көлемін анықтай білу;

- жазбаша жұмыста, артық ойларды тықпалай бермей, талқыланатын мәселенің, негізгі түйінін ғана жаза білу;

- жазба жұмысының тақырыбы нақты болып, оған материалды жинап, әңгімелей білу;

- жазба жұмысының тақырыбына лайықты өз көзқарасын, ойын білдіріп, жаңа пікір қосуға баулу;

- жазба жұмыстарды баяндау, суреттеу түрінде жаза білуге болатынын меңгерту;

- жазылған жұмыстарды өңдеп, толықтырып, қайта редакциялап жазуға үйрету;

- әдебиет, тіл заңдылықтарына байланысты стильдік ерекшеліктерді меңгерту;

- сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға баулу.

Мұғалім жазба жұмыстарының қай түрін орындасын оның тілдік, грамматикалық сауаттылығына ерекше көңіл бөліп, қадағалап отыруы қажет. Әсіресе, тілдік құралдарына, сөздік қорына, сөз таңдау, сөздерді байланыстыру тәртібіне, сөйлемдегі сөздердің орнына, көркемдігіне, бейнелілігіне назар аударып, олардың даму барысын қадағалап отырды.

 

Лекция № 6 Сөйлеу теориясы және сөйлеу әрекеті.

Сөйлеу - қолданыстағы тіл. Сөйлеу кезінде тіл таңбалары сөз грамматикалық заңдылықтарға сәйкес тізбек түзіп тіркеседі. Әдетте, сөйлеу мен тіл арасында шек қойылмай, сөйлеу мәдениеті орнына тіл мәдениеті деп береді, бірақ бұл олардың арасындағы айырмашылықты ескермеуден туған жаңсақ пікір. Сонымен, сөйлеу дегеніміз адамдардың тіл арқылы жүзеге асатын тарихи қалыптасқан қатынасы.

Сөйлеу әрекеті – сөйлеуді жүзеге асыратын адам организмінің психо-физиологиялық жұмысы. Сөйлеуге сана және сөйлеу мүшелер қатынасады.

Өмір, тіршілік адамдардың бір – бірімен араласуын, қарым – қатынас жасауын қажет етеді. Адамдардың қарым – қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құралы – тіл. Дұрыс қарым – қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыруы тиіс.

Енді адамдардың арасындағы қарым – қатынас деген ұғымды қалай түсінуге болады?

Қарым- қатынас адамның отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрлерімен және мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Адамдардың әдептілік нормалары тұрғысынан бір- бірімен өзара араласуларын, ауыс – түйістерін, байланысын білдіреді.

Қарым – қатынас – адамдардың ішкі жан дүниесінің, сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс - әрекеті.

Жақсы қарым –қатынасты жасауды білу және солай әрекет ету - әрбір адамның міндеті. Жақсы қарым –қатынас дегеніміз – адамның бойындағы ең әдемі қасиеттерінің көрінісі.

Бұдан түйетін қорытынды, жақсы қарым – қатынас жасау- әдептілікті, мәдениеттілікті, сөйлей білу, сөйлесе білу мәдениетін меңгерудің қажеттігін көрсетеді.

Жалпы, сөйлеу адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.

Ал сөйлесу мәдениеті- сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір –бірімен қиюластырып, үндестіріп дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережалерін сақтап сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркендігі мен әсем өрнегін өз орнымен қолдану болып табылады.

Жүйелі, мәнді сөйлеу мәдениетінің негізгі сапалары (шарттары).

1. Тіл тазалығын сақтау. Басқа тілмен қайыртпақтамай, ана тілінде таза сөйлеу, артық, оғаш сөздер қоспай, бір сөзді жиі қайталап, таңдаушыны мезі етпеу. Мысалы: сосын, сөйтіп, жанағы, иә,..ә, және т.б.

2. Тілдің сөз байлығы, сөздің қоры мол болып, синоним, амоним,, фразиологиялық тіркестер, мақал –мәтел, жаңа сөздер, кәсіби сөздер, жергілікті тілдік ерекшеліктегі сөздер, эмоционалды, экспрессивті сөздерді өз орнымен қолдану, сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғап сөйлеу.

3. Сөз сөйлеу әрқашан әңгімелесетін ортаға сай болу керек. Сонда ғана нақты, түсінікті болады.

Сөйлеу сапасына мыналар кері ықпал етеді.

1. Қандай ортада, кіммен сөйлесіп отырғанына мән бермеу, өзін сол ортаға сай әдеппен ұстамау.

2. Сөз мағынасын түсінбей қате сөйлеу, әдеби тілдік ерекшеліктерді дұрыс қолданбау, айтайын деген ойына байланысты сөйлемді құра алмау.

3. Сөйлесіп отырған ортаға байланысты дауыс ырғағын, сөйлеу мәнерін сақтамау.

Сөйлеу кезіңде жеке адамдар өзіңдік ерекшеліктерін қоспай тұралмайды. Әр адамның сөз сөйлеу мәнері, сөз саптау ерекшелігі болады. Дегенмен адам мынадай қарапайым нәрселерді бойда қалыптастырғаныда дұрыс.

1. Сөйлеген кезде әр сөздің айтылу заңдылықтарын (Орфоэпиялық норма) сақтап, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. Мысалы: айтылуы құлын, жазылуы – құлын, божжорға – бозжорға, түңге қарай – түнге қарай, көтором – көтерем.

2. Сөйлесіп отырғанда, пікірінді айтқанда, қолынды сермеуге, қатты күлуге, бет – ауызды көп қимылдатып, жөні жоқ қисандата беруге болмайды. Аса қатты сөйлеу немесе міңгірлеу, сөйлеу кезінде артық қимылдар жасау және мәнсіз майысып сөйлесу адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

3. Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау – ол да әдепсіздікті көрсетеді. (Әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқаған дұрыс). Білмейтінің жөнінде айтпа, өзің түсінбейтін сөздерді қолданба.

4. Аса қызынып көп сөйлеудің көп жағдайда қажеті жоқ. Егер сөйлесіп отырған адам қатты сөйлессе, одан да қатты айқайлап сөйлеуге тырыспау керек. Ой мен дауыс ырғағын сабақтастырып, пікірді баппен, анық дәл айтсаң, сенің дауыс ырғағыңа, байыпты пікіріне қарай сөйлеуші де сабасына түседі.

Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын екі себеп бар: бірі - өз сөзімен білдіру қажеттігі, екіншісі - өз ойын басқа біреумен бөлісуге деген тілек.

Кез келген адамның көпшілік алдына шығып сөйлеуге батылы жете бермейді. Себебі жұрт алдына шығып сөйлеудің біршама қиындықтары бар: біріншіден, сөйлеуші мен тыңдаушының арасында көзбе - көз байланыс болғандықтан, шешенге тапқырлық, сөзіне елді ұйыта білуді қажет болады. Сөйлеу ауызша болады. Олай болса, мұнда еркіндік басым тұрады. Ал еркін болу үшін көп ізденіс, көп жаттығу қаажет. Сөйлеу тілде тек сөз мазмұның тереңдігі ғана емес, интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылдары да үлкен қызмет атқарады. Сондықтан тыңдаушыларды жалықтырып алмас үшін дауыс сан құбылып, ал шешен қимылы сөзін толықтыратындай дәрежеде жарасымда болуы керек.

Көпшілік алдындағы сөзді жоспарлау қарым – қатынастың әр түрлі жағдайына (мекеме, көшеде, сахынада) тыңдарманмен қатынастын сипатына (ресми, биресми), тыңдармандардың әлеуметтік орнына (интелегенция, жұмысшы, студент, оқушы) немесе олардың жасына, бііліміне, жынысына, тағы басқа байланысты түрліше болады.

Көпшілік алдындағы сөздің басқалармен байланыс орнату (коммуникативтік), тыңдаушының назарын аудару, сыпайлық таныту, тыңдаушының көңілін аулау тағы басқа тәрізді функциялары бар.

Лекция № 7-8 Тіл дамыту сабақтарындағы көрнекіліктер.

Оқушылардың тілін дамытуда көрнекілік ерекше орын алады. Өйткені, көрнекілік – заттың бейнесі. Заттың бейнесі арқылы затты танытуға болады. Заттың бейнесі арқылы бала ол затты таниды, қабылдайды, есте сақтайды, ол туралы ойлайды. Көрнекілік бейне үнемі өмірдегі нақты затқа негізделе бермейді,қиялдан тууыда мүмкін. Мәселен, балаларға арналған ертегілердегі дәуірлердің, жалмауыз кемпірдің суреті қиялдан туған деуге болады. Бірақ баланың есінде ол сақталы, бала оны солай қабылдайды, ол бала ойынан орын алады. Бұл – көрнекіліктің күші.

Көрнекілікті оқытуда, тәрбиеде қолдану – баланың ішкі дүниесіне сыртқы әсердің бір түрі, оны оқытушы – тәрбиеші білім берудің бір түрі ретінде қолданады. Әрине, көрнекілік сөзсіз жеке қолданылмайды. Сөз бен көрнекілік – тіл дамытудың күшті құралы. Көрнекілік сабақты түрлендіреді, балалар оны білгісі келеді,сабаққа деген ынта пайда болады, сөйлесуге жаңа жағдай жасайды.

Оқытушы-тәрбиеші көрнекілікті қолдануда мына мәселелерге көңіл бөлуі керек:

1) Көрнекілік үйретілетін мәселелеге нақты сай келуі керек.

2) Көрнекіліктің мазмұны үйретілетін заттың мазмұнына қаншалықты сай келетініне ерекше мән берілу керек.

3) Көрнекілік бұрын белгілі тақырыпты қайталау үшін бе, жаңа тақырыпқа қатысты ма, оған да мән берілу керек.

Көрнекілік баланың жасап отырған әрекетінің мақсатына, соның құрамына сай болып, оны меңгеруге көмектесетіндей болуы керек, сонда баланың әрекеттері бір-біріне сай келсе, көрнекілік білімді меңгеруге көмектеседі. Баланың әрекеттері бір-бірімен байланысты болмаса, онда көрнекілік пайдасыз болады. Бұл көрнекілікті орынды қолдану керек екенін дәлелдейді.

Оқуда, тәрбиеде, балабақшада көрнекіліктің бірнеше түрі қашаннан қоланылып келеді. Орыс тілін оқыту әдістемесінде ғалымдар көрнекіліктің мына түрлерін көрсеткен:

«Применение наглядности является одним из основных дидактических принципов обучения. На ураках русского языка в национальной школе широко используется следующие виды наглядности: натуральная (показ предметов), графическая (схемы, таблицы),изобразительная (иллюстрации, фотографии, картины, рисунки)».

Көрнекілік туралы қазақ тілінің әдістемешілері Қ.Оралбаева, Қ.Жақсылықовалар жоғары пікірде болған. Олар: «Көрнекілік әдісі – оқушылардың тілін дамыту, өткен материалдарды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі», - деген.

Балабақша балаларының тілін дамыту үшін көрнекіліктің мына түрлерін ұсынамыз:

1. Заттың өзін қолдану.

2. Муляждар, ойыншықтар.

3. Фотографиялар.

4. Суреттер.

5. Техникалық құралдар.

 

Көрнекіліктердің атқаратын қызметтері әр алуан. Мәселен, сабақта балаға түсініксіз жағдай идея, бұл өмірде кездестірмеген нәрсе, оқиға туралы түсінік беру қажет болса, онда оны көрнекілік арқылы түсіндіру, білгізу керек. Мысалы, сабақта біздің елімізде жоқ аңдардың аты кездесіп қалса, онда олардың суретін көрсету немесе зообаққа апарып көрсету, түсіндіру қажет болады, диафильмдер арқылы таныстыруға болады.

Сондай-ақ балаларға оқылған тақпақ, әңгіме авторлары кім деген сұрақ туа қалса, олардың суретін көрсету де көрнекілікке жатады. Бұлардың бәрі баланың дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын байытады, санасын жетілдіреді, ойын дамытады.

Есте боларлық жағдай көрнекілік тақырыпқа сай болуы шарт, өйткені көрнекілік әйтеуір көрнекілік үшін емес. Ол шарт орындалмаса, ол көрнекіліктен пайда жоқ.

Заттық көрнекілік

Баланың заттың болуы, атын білуі отбасынан басталады. Бала анасының, үйдегі басқа адамдардың сөзі арқылы үйдегі заттың атын үйренеді, ол – тамақтардың аттары, ыдыстардың, киімнің, төсек-орынның, үй жиһаздарының аттары, үй жануарларының аттары (ауылда – мал, төл аттары, қалада-мысық, ит, күшік аттары) жеміс, көкөніс аттары т.б. Бала балабақшада оларды толықтырады. Ғалымдар оны тәрбиешінің балабақшамен таныстыруынан бастауды ұсынады. Бұл отбасында таныған сөздерді бекітеді, таныс емес заттардың атын қосып, сөздік қорын байытады. Бірақ барлық жағдайда балаға затты көрсетіп, ататып отыру керек, бала білмегенін тәрбиешіге айтып, балаларға қайталатуы қажет. Осы тәртіппен ойыншықтар да таныстырылады.

Әр кезде тамаққа отырғанда, тамақ ішетін жердегі жиһаздар, ыдыстар, тамақ аттары қайталанып, күрделене түсуі керек. Балаларды далаға таза ауада ойнауға, демалуға шығарғанда да, ондағы заттармен бала таныстырылады, ол әткеншек пе, гүл ме, құм ба, ағаш па бала бәрін білуі керек және олар күнде түрлі жағынан қайталанып отыруы керек.

Балабақшаның іші, тысындағы заттар таныстырылып қана қоймайды, олар күнде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қайталанып отыру арқылы ол сөздер баланың белсенді сөздігіне айналып, күнделікті қолданыс арқылы олардың аттары да, қолданылуы да есте сақталып, басқа жағдайда қарым-қатынаста еркін қолданылатын дәрежеге жеткізіледі.

Барған сайын таныстырылған заттардың бөлшектерінің аты, түсі, көлемі, саны т.б.қасиеттері де сұрақ-жауап, сөйлесім, әңгімелесу сияқты қатысымдық әдіс арқылы тіл дамытылады.

Балабақша балалары үшін экскурцияның да маңызы зор. Экскурсия белгілі мәселеге байланысты ұйымдастырылады, ол, әрине, бағдарламаға байланысты.

Балалар табиғатқа шығуды қатты ұнатады, ол белгілі. Сондықтан балалардың табиғатқа деген құштарлығын пайдаланып, оны дұрыс бағыттап жақсы нәтижеге жетуге болады. Әрине, балалар табиғатқа экскурсияға шыққанда, көптеген табиғат заттарымен таныстырылады, олардың аттарын ғана біліп қоймайды, байқау арқылы олардың алуан түрлі түсімен, сырымен, қасиетімен танысады. Оны сөз ғана емес, білім деп білу керек.

Эскурциялар ботаникалық бақтарға, тау жаққа, өзенге, көлі бар жерде көлге баруда да ағаштардың түрлері, гүлдердің түрлері, саңырауқұлақтар, жәндіктер, шөптер, олардың түрлерінің, түстерінің аттарын ататып, олардың пайдасы туралы әңгімелесу де балалардың сөздік қорын байтады, әңгімелесуге, сөйлесуге жаттықтырады.

Бала есінде ол деректер сақталу үшін, олардың суретін қолданып, әңгімелер оқып, тақпақтар жаттау жұмыстарын жоспармен әр кезде жүйелі жүргізу оларды әбден меңгеруге көмектеседі.

Балалар көрген-білген заттарды ойын түрлері арқылы бекітуге, дамытуға юолады. Бұл әрі қайталау, әрі қайталау арқылы бекіту, дамыту қызметін атқарады.

Тіл дамытуда муляжды ойыншықтарды қолдану әдісі

Өмірде бар бала білуге тиісті заттардың бәрін балаға тікелей көрсетіп қана білгізу барлық жағдай да мүмкін бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда муляжды ойыншықтарды қолдануға болады. Қазіргі кезеңде ойыншықтың түрлері өте көп, олар баланы қызықтыратындай әдемі, ашық түсті, көркем жасалған. Балабақшада ойыншық қоры жеткілікті болуы керек. Өйткені, ойыншық балаға бұрын таныс заттардың бейнесінде болған кезде олармен қайталау мақсатында талай жұмыстар жүргізіледі.

Ойыншықтармен тіл дамыту үшін әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Олар: 1) таныс емес затты таныстыру; 2) таныс зат туралы білімін кеңейту.

Ойыншық тіл дамыту құралы ретінде мына жағдайларда керек:

Көркем шығарма, әңгіме оқығанда, балаларға таныс емес заттар кездескенде, оның бейнесіндегі ойыншықты көрсету арқылы балада белгілі сезім қалыптасады. Ол туралы жазылған әңгіме бала ұғымын толықтырады.

Ойыншықтарды тіл дамыту мақсатында қолданғанда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

1. Ойыншық тақырыпқа сай болу керек.

2. Ойыншық сөзсіз қолданылмайды, әр ойыншықпен сөйлесім бірге жүреді.

3. Ойыншық бірнеше рет қолданылады, сонда ол ауысып тұрса, ол бала назарын тарта алады.

4. Ойыншық бала назарын тартатындай әдемі, ашық түсті болғаны дұрыс.

5. Қазір дыбысты ойыншықтар да бар, олар баланы жақсы қызықтырады.

6. Ойыншықтар бірнеше рет қолданылғанда, әр түрлі сөздермен қолданылуы керек.

Бірде оның үлкен-кішілігі, қай жерді мекендейтіні, не жейтіні туралы сөз болса, екіншіде түр-түсі, пайдасы, зияны, баласымен қарым-қатынасы, үшіншіде ол аң туралы тақпақ, не қысқа әңгіме, ертегі, мақал-мәтел үйрету сияқты әр ретте жұмыс түрі өзгеріп отыру керек. Ол бала назарын кемітпейді.

7. Ойыншықпен түрлі сөйлесім (тілдік) жағдай жасалу керек. Ойыншық түрлі сөйлесім жағдай жасауға өте қолайлы. Сондықтан тәрбиеші тіл дамыту үшін оны жақсы пайдалануы керек.

 

Тіл дамытудағы суреттердің қызметі

Сурет арқылы тіл дамытуды барлық әдістемеші ғалымдар жоғары бағалаған.

Мәселен, орыс тілінің методикасында суретті көрнекіліктің бір түрі деп көрсеткенін мына үзіндіден көруге болады.»В активизации языкового материала, формировании речевых навыков учащихся нерусских школ велика роль изобразительно-художественной наглядности, к которой относятся рисунки, картины, открытки, процесс обучения развивают внимание, активность, наблюдательность, познавательные и творческие способности учащихся».

Сурет мәтінмен де,мәтінсіз де қолданыла береді, суретті ауыстыру да жеңіл. Ал, балабақшада балалары үшін сурет қызықты ғана емес, өмірді танымын кеңейтеді, ақыл ойын дамытады, сөздік корын байытады, тілін дамытады. Сондықтан да балабақша әдістемеші ғалымдары суретті тіл дамытуды колдануды ертеден-ақ ұсынған,балабақша мамандары тіл дамыту тәжірибесінде суретті ертеден қолданып келе жатыр. Оған дәлелдер келтірейік.

Суреттің тіл дамытуда екі түрі қолданылады, олар: 1) жеке заттың суреттері; 2) мазмұнды суреттер. Олар мына екі жағдайда қолданылады: жеке заттардың суреттері 1) заттардың өзімен түрлі жағдайда таныстырылғаннан кейін оның түрлі қасиеттермен таныстыру үшін қолданылады; 2) заттың өзін тікелей таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, ол зат сурет арқылы таныстырылады.

Мазмұнды сурет балабақшаның ересектер тобында қолданылады. Мазмұнды суреттерге қатысатын обьектілер көп болады.

Мазмұнды суретті алғаш рет ішінде обьектілері аздан бастап қолданып, бірте-бірте күрделендірген дұрыс. Бұл дидактиканың «жеңілден ауырға» деген ұстанымына сай болғаны дұрыс. Сондықтан мазмұнды суретті әр мәселемен тақырыппен байланысты қолдануға болады. Суретті сабақта қолдану үшін, ол мына талаптарға сәйкес келуі керек:

1. Сурет графикалық жағынан сауатты орындалып, шындық өмірге сай келуі керек.

2. Сурет баланың жас ерекшелігіне, түсінігіне сай болуы қажет.

3. Суретті көрсету баланың ынтасына байланысты болуы, баланың әрі қарай суретті

көргісі келмегенде зорлауға болмайды.

4. Суретті қолдану дидактикалық қажеттілікпен байланысты болуы керек.

5. Суреттер біркелкі, қайталанбау керек.

6. Суретті қолдану тек көрсету емес, сурет бойынша сөйлесуді көздейді.

7. Сурет орнықты тақтада күнге, жарыққа қарсы орналастырылып, балалар оған

қарсы қоршай отырысады.

8. Сурет таяқша арқылы көрсетіледі.

9. Суретті қолдануда тәрбиеші нені білгізу қажет болса, балаларды соған бағыттап,

жақсы нәтижеге жетуге бастаушы болуы керек.

 

Суретті әңгімелеуде, суретті сабақта қолдануда мына мәселелерге назар аудару керек:

1. Заттың аты, заттың бөлшектерінң аты, суретте оның қандай жағдайда екені.

2. Заттың сапасы, саны, түрі, түсі, белгілері.

3. Заттың саны.

4. Заттың қай мезгілге жататыны.

 

Фотографияларды тіл дамытуда қолдану

Фотографиялардың баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып, тіл дамытуда атқаратын нақтылық мәні күшті, открыткаларды да сол мәндес деп санау керек. Қазіргі заманда фотографиялар мен открыткаларды барлық тақырыпқа табуға болады. Фотографияларды тәрбиешілер өздері сабақ тақырыбына қарай өзі де түсіріп дайындауы қиын емес.

Мәселен, жеңіс күні мерекесіне балалардың соғыста болған аталарының суреттерін алғызып, олар туралы әңгімелей отырып, жеңіс туралы тақпақтар жаттатып, Отан соғысы, Жеңіс күні туралы балаларға түсінік беріп, сөздік қорын молайтып, ол туралы әңгімелей, әңгімелесе отырып отаншылдық сезім туғызуға болады.

Фотографиялар, открыткалар тақырып бойынша конверттерде сақталуы керек.

 

Техникалық құралдарды қолдану әдісі

 

Қазіргі заманда оқудың барлық түрінде техникалық құралдар кең қолданылады. Сондықтан балабақшада тіл дамытуда да техникалық құралдарды қолдануға толық болады және ол өте пайдалы.

Техникалық құралдар баланың көруіне, естуіне әсер етіп, есте сақтауға екіжақты әсер етеді. Бұл, әрине, тек көру арқылы есте сақтаудан күшті. Олар қазір түрлі-түрлі: экранды құралдар: кино, теледидар, видеомагнитафон; дыбысытық құралдар: магнитафон, радиопремник, компьютер, теледидар. Бұл құралдар қозғалмайтын, қозғалатын болып екіге бөлінеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных