Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жазбаша жаттығу. 2 страница




Қозғалмайтын көріністі эпидаскоптар көрсетеді. Олар диафильмдерді және сурет, открыткалар, фотографияларды өте үлкейтіп көрсетеді. Эпидоскоппен көрсетілген түрлі көрнекіліктерді тәрбиеші айтып, түсіндірумен бірге, балаларға сұрақ қойып, жауап алып, пікірлесім түрінде өткізеді.

Бұл жұмыс – сурет, открытка, фотографиямен жұмыстың бір түрі, оны қайталау ретіндегі жұмыстың түрі. Өйткені, суретті, открытканы үнемі көре беру балаларды мезі етеді, балалар оған көп қолданылса, назар аудармауы, көңіл бөлмеуі мүмкін, сондықтан оларды әр түрлі техникалық құралдармен араластыра, әр кезде әр түрлі көрсету балаларды жалықтырмайды, қайта қызықтыра түседі. Суретті, открытканы, фотографияны қолдануда қатысымдық әдіс толық қолданылуы керек. Яғни, айтылым, тыңдалым, сөйлесім, пікірлесім арқылы көрнекіліктердің мазмұны ашылып, олар қатысым қызметін атқаруы қажет.

Балабақша балаларының тілін дамытуда эпифильмнің қызметі күшті орын алады. Эпифильмде бір-бірімен мағынасы жағынан байланысты, бір сюжетке жататын суреттер мен открыткалар, фотографиялар болады. Олар бір көрсетуде 3-4 кадрдан аспайды. Әр кадр жеке әңгіме болады. Балалар оның жалғасы бар келесі кадрды күтіп отырады. Бұл балалардын назарын басқа жаққа аудармайды. Балалар эпифильмдерді өте ұнатады, сондықтан эпифильмдер тіл дамытуда жақсы қызымет атқарады.

«Диафильм» студиясы шығарған диафильмдер қазір оқыту ісінде жоғары бағаланып жүр, олардан балабақша балаларының жасына сәйкесін таңдап алуға болады.

Диафильмдер қолданысқа өте қолайлы, оны керек жерінде тоқтатып, бір бөлігімен әңгіме жұмысын өткізіп, келесі бөлімге көшуге болады. Әр кадр соңындағы мәтінді балаларға айтып беруге болады.

Диафильмдердің қолайлы тағы бір ерекшелігі – оны дыбыстандыруға болады. Диафилмьді дыбыстандыру үшін, тәрбиеші фильм сюжетіне қатысты мазмұнды магнитофонға жазып, бірге көөрсетуіне де болады. Сонда диафильм дыбысты болып шығады. Бұл балалар үшін өте қызықты, әсіресе, жан-жануарлар туралы ертегі фильмдерге магнитофон қосқанда балаларды өте қызықтырады. Ал, қызығу-оны менгерудің алғы шарты, олай болса, ол тіл дамытуда жақсы қызымет атқарады.

Қазіргі заманда, кино, теледидарда балалар тілін дамытуда үлкен қызмет атқаратын телехабарлар, мультфильмдер, балалар кинолары да баршылық, фильмдерді компьютерлер арқылы көрсету де жузеге асып келеді.

Көрнекіліктердің маңызды бір түрі дыбысты техникалық құралдар-магнитофон, бұл құралды қолдану қиындық туғызбайды, ол қымбат емес.

Магнитофон тіл дамытуда түрлі қызмет атқарады:

1.Магнитофонға әр кезде балаларға үйретілген, топ-топ сөздерді тәрбиеші өзі жазып, кейін балаларды магнитофонға қосылып айтқызып отыру арқылы балалардың сөзді қайталауын қамтамасыз етеді және сөздің дұрыс айтылуын қамтамасыз етіп, орфоэпияны дұрыс қалыптастырады.

Оны сөз ғана емес сөйлемге де қолдануға болады. Мәселен, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

2.Тақпақ жаттатуда магнитофон үлкен қызмет атқарады, ол тәрбиешіге де үлкен көмек. Өйткені, бала магнитофонға жазылған тақпақты тәрбиешінің көмегінсіз магнитофон арқылы жаттай алады.

3.Ертегілерді магнитофонға жазып, балалар оны бірнеше рет тыңдап, өзінше әңгімелеуге дайындала алады.

4.Магнитофонға жазылған әнге, балалар қосылып, әндерді үйренеді, өнерге бейімделеді, ән өнеріне сезімі артады.

Осы тамаша мүмкіндіктерді балабақшада тіл дамыту үшін толық пайдаланып отыр деп айта алмаймыз. Олар өте құралдар, сондықтан оларды іске қосу міндетті деп санаймыз.

Қорыта келгенде, бала тілін дамыту да көрнекіліктің барлық түрі балабақшада қолданылуы керек. Көрнекіліктер балалар тілін дамытуда үлкен қызмет атқарады. Қысқаша олар төмендегідей:

1. Көрнекіліктер бала назарын өзіне тартқыш, назар қою оны түсінуге, меңгеруге жол ашады, сол арқылы көрнекіліктер пайдалы.

2. Көрнекіліктің барлық түрі балаларды қызықтырады, бала қызыққан нәрсесін тез меңгереді.

3. Көрнекіліктер әрі көру сезіміне, әрі есту сезіміне әсер етеді. Бала көзбен көрген нәрсені ұмытпайды, оған есту қабілеті қосылып, есте сақтауды күшейтеді.

Лекция №9-10 Сөздік әдістері және оларға сипаттама.

Жаңа сөздер үйрету және олардың мағыналарын меңгерту.

Сөз-тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар. Адамның сезімі мен ниеті – бәрә-бәрі сөз арқылы білдіріледі. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы шығарған “түсіндірме сөздікте”, “синоним сөздігінде”, “фразеологиялық сөздік”, “адам аттары сөздіктерінде”, т.с.с. сөздіктерде берілген. Алайда әлі күнге дейін қазақтың қазіргі әдеби тілінің сөздігі, алуан түрлі техникалық терминдер сөздігі, мыңдаған жер, тау, өзен, көл, бұлақ атауларының сөздігі жасалған жоқ.

Сөздік - қоғамның, ұлттық даму деңгейін байқататын белгінің бірі. Сөздігі бай ұлттың рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылым мен мәдениетінің дамуына қарай сөздік те дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге үйретудің зор маңызы бар.

Бастауыш мектептегі сөздік жұмысының ерекшелігі – ол тек қазақ тілі, оқу сабақтарында ғана емес, бүкіл оқу тәрбие жұмыстарының бәрінде жүргізіледі. Оқушылар математикаға, табиғаттануға, қол еңбегі мен суретке, тіпті дене тәрбиесіне ойынға байланысты сөздерді де меңгереді. Мұнда есте болатын жай- сөздік жұмысын жүргізуді мұғалім өзі қолға алуға тиіс.

Бастауыш мектептегі сөздік жұмысы төрт бағытта жүргізіледі.

1) балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға бұрыннан білмейтін жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру.

2) Сөздік қорын анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздердің мағынасына түсініктерін тереңдете түсу (мағыналарындағы түрлі сәл айырмашылықтарды синонимдер, антонимдер арқылы, көп мағыналылықты, басқа мәнділікті талдау арқылы, т.б.)

3) Сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай көбірек сөз қосып отыру.

4) әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстату. Әриен, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Біз мектеп балаларының сөздіктерін анықтау мақстаында тәжірибе жүргіздік.

Сыныпта 23 бала болды. Оларға мынадай тапсырмалар берілді: 1) үш өлеңді жатқа айтып беру; 2) екі-үш ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп айту (қазір теледидардан 3-4 жастағы балаларда ертегі айтып жүр); 3) суреттің мазмұнын айтқызу.

А) үш өлеңді жатқа айтып, екі-үш ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп берген оқушылар саны-6. Олардың оқыған өлеңдеріндегі сөздердің жалпы саны 75-80 болды. Ал кейін қайталап айтқызып, әр сөздің мағынасын қалай түсінетіндерін саралап қарағанымызда, бұл сөздердің төрттен біріне жуығының мағынасын оқушы түсінбейтін болып шықты немесе бір қатары контекстегі мағынасын ажырата алмайды екен. Мысалы: бала бақшада жаттатқан кәдімгі “санмақ” өлеңін алайық:

 

Бір дегенім –баспақ,

Бұзауды жүр бастап.

Екі дегенім-ешкі,

Ешкі қойдан өсті.

Үш дегенім-үйрек,

Жемдеп, қолға үйрет...

Онға дейін жалғасып, осылай кете береді. Бұл өлеңнің балаларды санауға үйретудегі, өзіне таныс заттардың қасиеттерін аңғартудағы рөлін жоққа шығармаймыз. Бірақ, тексеру барысында алғашқы алты жолдың өзінен алты сөзінің мағынасын (қарамен жазылған) балалар толық түсіне алмайды екен. Немесе:

...шекарада- күзетте,

Қас қақпайды ағалар.

Балбыраймыз төсекте

Біз-алаңсыз балалар,- деген бір шумақ өлеңде үш сөздің мағынасын ажырата алмады.

Ал, балалардың өздері білетін ертегілерін әңгімелету кезіндегі қолданған сөздердің саны өте аз (55-45 сөздің шамасында). Оның есесіне сөз мағыналарын түгелдей дұрыс түсінетіндерін көрсетті.

ә) бір – екі өлең, не ертегі білетін, бірақ балгендерін толық айтып бере алмайтын оқушылар саны –12. Бұл балалардың тіліндегі негізгі кемшіліктер-сөздік қорларындағы жиі қолданылатын сөздердің мүлде аздығы, ауызекі сөйлеумен үй ішіндегі жергілікті сөздердің кездесетіндігі.

Б) өлең ертегілер білмейтін және айтуға тырыспайтын оқушылар саны –7. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптаспаған, бойларында белсенділік жетіспейді. Олардың сөздік қорының мөлшерін жеке әңгімелесу кезінде де анықтадық.

Аталмыш сыныптағы 23 оқушының 4-нің ғана оқығандарын естерінде сақтағандарын түсініп, дұрыс қайта жаңғыртып айта алатындары байқалды. Бұл жағдай әрине: 1) мұғалімдер мен әдіскерлерді ойландыру тиіс; 2) оқулықтардағы берілген материалдардың бір қатарын бала ұғынбай, құр оқиды, жаттайды, өйткені ондағы көптеген сөздердің мағынасын балалар толық түсінбейді.

Баларға суреттің мазмұнын айтқызу. өзіміздің тәжрибе жасап отырған сынып баларының ұғымына сай, “әліппе” оқулығының 55-бетіндегі ауыл көрінісі бейнеленген суретті таңдап алдық. Балалардың берген жауаптары төмендегідей:

1) 20-30 сөз қолдана отырып, 10-ға жуық сөйлем құрастырған оқушы саны-5.

2) 10-20 сөз қолданып, бірнеше сөйлем құрастырған оқушының саны-11.

3) 10-сөзге дейін қолданып, қысқа-қысқа жауап берген оқушы саны-8.

4) 1-2 сөз айтқан оқушы саны-4.

Біз 1-сынып оқушыларының өміріне байланысты оқиғалар: ата-аналары, достары, көршілері туралы, ойнайтын ойын түрлері туралы білетіндерін естеріне түсіріп, оқушылармен жеке-жеке әңгімелесіп те көрдік.

Тәжрибеміздің бұл кезеңі әр түрлі тақырып төңірегінде бірнеше рет қайталанып, әр әңгімелесуден соң, балалардан естіген жаңа сөздеріміз олардың әр қайсысыныа арналаған жеке-жеке карточкасына ұқыпты толтырылып отырылды. Тәжрибе аяқталған соң, балалардың осы карточкаларына толтырылған сөздік қоры мен сөз қолдану қабілеттері төмендегідей болды.

А) 800-1000 сөз білетін осы сөздерді қолданғанда 30-40 қате жіберген оқушы –4.

ә) 400-700 дейін сөз білетін және сөйлеу барысында 60-70 қате жіберген оқушы-8.

Б) 300-500 сөздің мағынасын білетін бірақ сөйлеу кезінде 60-70 қате жіберген оқушы-6.

В) сөйлеу тілінде 150-300 дейін сөз айтқан, бірақ сол білетін сөздерінің 50-60 қате қолданантын оқушы –3.

Г) сөздік қоры өте аз, сөздерден сөйлем құрастыра алмайтын оқушылар-2.

Мұндай әртүрлі мақсатты көздейтін тәжрибелерге қарасақ, бастауыш сыныптардың алғашқы кездерінде жүргізілетін сабақтар балалардың орта даму дәрежесіне-сөздік қоры 800-900 сөзден тұратын балаларға арналуы керек. Бірақ, мұның өзі өте аз. Орыс мектептеріндегі оқушылар тілін зерттеушілер 6-7 жастағы балалардың сөздік қоры 3-7 мыңға дейін жететіндігін, ол 10 жасқа жеткенде, 12 мыңға дейін дамитынын айтады.

Ендеше, қазақ мектептеріндегі мұндай сүреңсіздікке бұдан былай немқұрайлы қарауға болмайды.

Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуге тиіс.

Сөздікті байытудың негізгі көзі, әрине көркем шығарма “ана тілі”, “қазақ тілі”, “табиғаттану”, “математика”, “қол еңбегі”, т.б. оқулықтарындағы мәтіндер және мұғалімнің сөзі. Оқулықтардағы мәтіндер балаларға бір жағынан бірнеше жаңа сөз үйрету, екінші жағынан сөз тіркестерін үйрету, үшінші жағынан сол сөздермен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу, т.с.с. мақсаттарды көздей отырып таңдалған. Осыған орай авторлар мүмкіндігінше ұлы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансугіров, Б.Майлин, С.Торайғыров, т.б сынды сөз шеберлерінің шығармалары мен халықтың сөз қазынасы- ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып икемдеп болса да, үзінділер беруге тырысқан. Соның арқасында оқушылар қазақ тілін жоғары дәрежедегі әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді.

Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтіндік дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы: бірқатар оқушылар ауыл мектептерінде вокзал, перрон, метро, эксковатор, т.с.с сөздерді түсіндірмесе ішінде осы сөздер кездесетін мәтіндерді дұрыс қабылдата алмайды, оларда елес тумайды. Оқу барысында түсініксіз сөздер ғана емес сондай-ақ сөз тіркестарі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер де кездеседі. (мысалы: әдісіңе ақылыңды жолдас ет т.б) сондықтан оқылатын шығармаларда кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдау шартының бірі болып табылады.

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. 1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде 2) мәтінді оқу барысында 3) оқып шыққаннан кейін

Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Бұл жөнінде жоғарыда айтылды. Мұнда тағы бір есте болатын жағдай шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін мағынасы ауырлық келтіреді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіру керек деген ой тумасқа тиіс. Кейбір сөздердің мағынасы конткске қарай өзінен - өзі түсінікті болатын ескеру қажет және оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да оған қайта оралу керек болады. Дегенмен әрбір мәтіннің мазмұнын ұғынуға кедекргі болатын сөздердің мән-мағынасы алыдын-ала түсіндіріледі.

Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады (мысалы, 3-сыныптағы “Орман суреті” мәтініндегі құрма ағаштар-жеміс ағаштары; лашық-кішкентай үй немесе дүмше молда –шала молда; отаршылдар-қанаушылар,т.с.с.) Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалдарды үзіп тастап,сөзді түсіндіруге кірісу-оқушының зейінін алаңдатып мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де,балалардың бір қатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Тіпті бір сөзбен түсіндірілетіндердің де оқушыға дүдәмал немесе түсініксіз болып қалуы мүмкін. Мысалы,жоғарыда келтірілген сөздердің өзін алса,”отаршылар-қанаушылар” дегенде, балалардың бұрыннан дайындықтары болмаса,қанаушының өзіне түсінбей қалуы мүмкін.Ендеше оны “біреудің еңбегін пайдаланушы” (бастауыш мектеп балалары үшін) сиақты көбірек сөзбен дайындық кезеңінде түсіндіруге тура келеді. Сондай-ақ “лашық” сөзін де үйдің қандай түрі екнін оқып болғаннан кейін,кеңірек түсіндіру қажет. Сондықтан сөз мағынасын оқу барысында түсіндіру сирек қолданылады, оған әуестенудің керегі жоқ.

Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді (онда сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болған соң жүргізіледі). Өйткені өлең ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.

Шығарманың мазмұнын оқушылар тереңірек ұғыну үшін немесе олардың сөздік қорын молайта түсу мақсатындағы сөдік жұмысы мәтін оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы Тоқаш туралы мәтіндегі азап шеніндегі, темір тегеуіріні тіркестері немесе плантация, жамағат, т.с.с сөздер).

Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруді, мысалы, порт, батырақ, т.с. сөздерді қалай түсінетіндер білу үшін, “порт” деген не? “батырақ” деген не? –деп сұрап, өте шығуға болмайды. Мұғалім мәтінде кездесетін мұндай сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішінде, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтанының ішіне кірістіріп отыруға тиіс.

Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді, сонымен қатар ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқату сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда жұмыстар оқушылардың ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Осы мақсатпен мұғалім түсініксіз сөздерді түсіндірумен ғана тынбай, ол сөздерді оқушылардың сөздік қорына енгізіп, сол сөздерді кірістріп айтатындай жағдай жасайды.

Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету жұмыстарының рөлі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде:

1. мәтінде синоним сөздер бар ма, болса олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет- осыларды анықтайды.

2. егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма- осыларды қарастырады.

Сөйтіп мұғалім –мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырылатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.

Міне, осылайша, оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмыс оқушылардың ойы мен тілін дамытудың ең маңызды шарты болып есептеледі.

Сөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай –сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде, оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер бар екенін ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсететді, оған анық сипаттама береді. Психолгтердің айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап –сөз бен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып үнемі отыру. Өйткені сөз бейнесі бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру тәсілдері алуан түрлі оның ішіндегі бастылары:

1. затты табиғи жағдайға бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсияұйымдастыру.

2. заттың өзін немесе суретін, түрлі картиналар көрсету арқылы сөздің мағынасын ашып, түсіндіру.

3. заттың өзін немесе суретін, “қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?” сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.

4. сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндіргенде пайдалы (мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.)

5. сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі (әуежай-ұшақ қонатын алаң, т.б)

6. дерексіз ұғымдарды түсіндіру үшін, тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп әңгіме айту (мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік жайында, т.с.с)

7. сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану. Бірақ, мұнда диафильмдерді, бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.

ә) көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету. Көркем мәтіндегі сөздер мен олардың тіркестері ауыспалы мағынада қолданылып бала санасындағы айқын бейне жасайды; олар тілдіің бейнелік құралдары болып табылады. Тілдің бейнелік құралдары қылыштай кесіп түсетін өткір де, дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуге жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздіктерін жетілдіре түсетін қызымет атқарады.

Тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз – тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың жасау қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тұрақтылығы тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік туады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынұлы «Сөздік құрамының ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. НСҚ – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы» деген болатын.

Ғалымдардың сөздік қор ұғымына берген анықтамалары өте ұқсас. Қазақ тілі – ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі. Құрамындағы сөздердің саны ұланғайыр көп. НСҚ тірек болатын – халықтың байырғы сөздері. Сондықтан байырғы сөздерді «сөздік қор» деп атайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных