Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жазбаша жаттығу. 3 страница




Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыройымен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» (Радлов), «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл – қазақ тілі» (Малов) деп, айтқыш та айшықтылығын, сұлу да сұңғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білімдегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның санасезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.

Балабақша балаларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:

- сөздің баланың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;

- балабақша балаларының үйретілетін сөздердің жеңілділігі;

- балабақша балаларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

- сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;

- сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;

- сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымға сәйкестілігін алу және т.б.

Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. М.Горький «О литературе» деген еңбегінде «Тілдің нағыз әдемділігі, сөздің дәлдігі, оның айқындылығы, естілуі, айтылуы арқылы көрінеді» - деп, ана тілінің бай сөздік қорын меңгеруге үлкен мән берген еді.

Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары осы байлықты бірі игеруге, екіншісі меңгеруге ұмтылып отырса ғаны ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз. Ана тілін қадірлеу, оның байлығын сақтап, үйрену патриоттық іс.

Адамның сөздік қоры екі жағдайда жетіліп отырады: бірі – сөзді активті қолдану, екіншісі – сөзді пассивті қолдану.

Сөз мағынасы дұрыс түсіндіру, түсіне білу керек. Сөйлеу түрінде сөз мағынасының алатын орны зор.

Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине, төменгі сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады. Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың ой дербестігін, оқу- танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Бұл әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанда іске асады.

Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында мол да құнды ойлар айтқан тұлғаларымыздың бірі Мағжан Жұмабайұлы. Оның шәкірт тілін ширатушыларды таң қалдырған әдістемелік еңбегі «Бастауыш сыныпта ана тілі» оқулығы. Бұл кітабы арқылы бастауыш мектепке ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін жасауға ұмтылғаны аңғарылады.

М. Жұмабайұлы әдіскер - ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілер жаттығулар, қалыптастырулар, дағдылар кешенін жасап ұсынған.

Пікірлерді жйнақтай келгенде оқушы тілін байытуда сөйлеумен байланысты іске асыруда мынадай қажеттіліктер туындайды:

- Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында сөздің мағыналарын толық менгерту:

- Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру:

- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.

Оқыту ісінде сөздік қорды дамытуда қойылатын талаптар мен қажеттіліктерді естен шығармай, орынды іске асыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде еркін де шебер сөйлеуге машықтандыруға болады.

Сөздік жұмысының ең маңызды міндет оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданатын сөздер қорын толықтыратын сөздік қорын белсенді ету.

Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары да бар. Олар мыналар:

1. Тақтаға сөз жазып, оны буынға бөлу.

2. Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар

(жаттығу жұмыстары).

3. Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу.

4. Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар (әңгіме, мазмұндама, шығарма т. б.) жүргізу.

5. Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу.

6. Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).

Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде біріншіден оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін: екіншіден оқушыда сөз байлығының, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшілігін: үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап белгілеу керек.

Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:

- қоршаған ортаны байқату, аңғарту;

- арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу.

- сыныпта және сыныптан тыс өту (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында, т.б.

Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден – бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі – оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану, сөйтіп, оны жүйелі түрде білдіре алуы.

Адам ойын ауызша да (сөйлеу арқылы, жазбаша да) жазу арқылы білдіреді. Демек, адамдар арасындағы тілдік қарым – қатынастық екі түрі бар: бір - ауызша тіл, екіншісі – жазбаша тіл.

Ауызекі тілде адамдар ойын, пікірін сөйлеу арқылы жеткізеді.

Жазбаша тілде адам ойын, пікірін қағазға жазып білдіреді. Бұл екуінің өзді - өзіне тән ерекшеліктері болады. Ауызекі (сөйлеу) тілде адам ойын еркін құрап, сөздерді еркін қолданады, онда қосалқы ұғымдар, басы артық сөздер ұшыраса береді.Сөздің кем – кетігі, дауыс ырғағы, үннің көтеріңкі, я төмен айтылуы түрлі қимыл арқылы толықтырылып отырады. Ал ауызша сөйлеудің осы ерекшеліктері мәтіннің тілдік құралдарынан көрініс табады.

Жазбаша тілде ой – пікір белгілі бір жүйеге түсіріліп, тілдік граматикалық заңдылықтарын қатаң бағындырылып әдеби тіл нормасын сақтап жазады.

Сондықтан ауызекі тіл мен жазбаша тілдің өздеріне тән ауызша айтылуы немесе жазбаша берілуі тәсілі (стилі) болады. Сол сияқты іс – қағаздарының, көркем шығармалардың, мақала, хат

т. б. тәрізді мәтіннің өзіне тән баяндау, сөз қолданыс ерекшеліктері бар. Мысалы: «Керкұла атты Кендебай» ертегісіндегі мынадай текстерді диалогты алайық:

Кендебай есіктен кіріп келіп:

- Дат тақсыр, - дейді.

- Датың болса айт, - дейді хан ақырып.

- Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік.

Бұларға көрінбей, биені мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалады. Таң алдында бие алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туады. Сол кезде аспаннан бір бұлт түңіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп, ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен дәу құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді, - дегенде, сөздің аяғын күтпей: құйрық қайда? – деді хан.

Тіл - өзінше қалыптасқан, заңдары орныққан жүйесі бар қоғамдық құбылыс. Тіл жүйесін зандылықтарын айқындап зерттейтін, соған орай анықтамалар, ережелер шығаратын қоғамдық ғылымдардың бір түрлі тіл ғылымы деп аталады.

Талдау кезінде мынадай мәселеге көңіл аударылады. Мәтіннің құрылымын анықтап, оларға тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері стилистикалық сипаты бойынша есептеиді.

Көптеген ғалымдар мәтін композициясын (құрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды деп.

Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мұны тудыратын себептер айтылады.

Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс - әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөлімінде сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін, тілек – мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүйелейді.Көптеген ғалымдар мәтіннің үш түрі бар деп есептейді. Олар: хабар, сипаттау, пікір айту. Сонымен бірге мәтіннің кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұратындығын айтады. Мысалы:

«Алтын дән».

Қырман үсті құйын. Дәу маялар айыр ұшымен ұшырылып жатыр. Электромолотилка дән боратып жатыр. Бункерлерден Құйылғанмеруертден төбе-төбеүйіліп қалыпты. Қоршаған көлік, машина.Асығыс қимылдаған үлкендердің арасында мектеп оқушыларыда жүр. Мұғалімдер қасында. Ортасында Жанат. Ұжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді. (Ғ. Мұстафин)

Бұл мәтіннің кіріспесі, негізгі бөлімі, Қортындысы бар. Мәтіннің (Қырман үсті құйын) бірінші сөйлемі әңгіменің не туралы болатынын көрсетіп кіріспе ролін атқарған. Ал 2,3,4,5,6,7,8 – сөйлемдер – мәтіннің негізі. Айтылар ой дәннің бастырылуы.

Үлкендер мен мектеп оқушылары жөніндегі хабар осы жеті сөйлемде берілген.Ал (Ұжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді) соңғы сөйлем қортынды.

Жалпы мәтінде негізінде не субстанция (зат) немесе зат пен құбылыстың атрибуты(қасиеті) немесе ең соңында олардың бір-бірімен қатынасы жайында сөз болады. Зат пен обьективті дүниедегі жанды-жансыз нәрселерді айтатын болсақ, сол заттың сапасын, қимылын және күйін біз жалпы бір атпен заттың қасиеттері деп атаймыз.

Табиғат бір нәрсені екінші бір нәрсеге түрліше қатынастары бар заттардан тұрады. Таратып айтқанда, бір заттың екінші бір заттан үлкен болуы мүмкін, бір зат екінші заттың себебі болуы мүмкін,бір зат екінші заттың мекені болуы мүмкін, бір заттың екінші заттан бұрын пайда болуы мүмкін т.б.

Мәтінде сөз болатындар осы үш категориялардың біреуіне сәйкес келтіріліп жазылуы не айтылуы керек.Яғни, әңгіме мазмұны

не зат, не оның қасиеті, не қатынасы жайында болмақ. Міне сондықтан мәтіннің кіріспесінде зат (не құбылыс) атауы, не оқиға болатын кеңестік пен уақыт сөз болады. Өйткені уақыт пен кеңестік үнемі қозғалыста болып отыратын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.

Жоғарыда келтірілген мәтіннің кіріспесі (қырман үсті құйын)

болған іс-әрекеттің кеңестік қатынасын білдірсе, «Ерте, ерте, ертеде», деп басталатын ертегілердің кіріспесі оқиғалар жүйесінің

уақытты қатынасын білдірсе, «Ерте, ерте, ертеде», деп басталатын ертегілердің кіріспесі оқиғалар жүйесінің уақытты қатынасын білдіреді. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санайды. Атап айтқанда, тіл білімінде сөз, сөздің тіркесіне түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы), қайрым, қайрымнан мәтін құралатындығы. Сондықтан мәтін туралы білім ең алдымен қайрымның түзілуі ерекшелегіне байланысты.

Сондықтан мәтіннің құрылымдық ерекшелігі оны құрайтын сөйлемдердің мақсатқа сай ойды жеткізуге байланысты құрастырылуына, одан қайрым жасалатынына назар аударылады. Әсіресе адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда жеке – жеке сөйлемдермен ғана емес, тұтас бір пікірді білдіретін бірнеше сөйлемдерді де пайдаланатындығын, сондай-ақ бірнеше сөйлемдермен өзара ой пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара ақ бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі.

Мысалы:

- Сен маған атыңды айтпадың ғой?

- Сіз өзіңіз сұраған жоқсыз ғой?

- Ал сұрайық.

- Атым – Сағат.

- Сағат, мына суретіңді көрейінші.

- Көріңіз. (М.Иманжолов), - деген қарым-қатынаста, яғни екі кісінің әңгімесі бір-біріне сөйлемнен ғана орындалып тұр.

Немесе: Бір кезде арыстанның ақырған дауысы естіледі. Ілгері екі-үш аттанғанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнелді. Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. Кендебай алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды.

Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды арыстанның ар жағынан бірақ келтіреді. Кендебай арыстанның аузын қағып алып қоржынға салады. – Ақыры, Кендебай алтын құйрықты құлынды тауып алып, аман-есен ханның үйіне қайтып келеді.

Хан қуанып, үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай сандалып мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып ханның екі баласы келеді, - деген мәтінде үш қайырым бар.

Атап айтқанда, бірінші қайырым Кендебайдың арыстанмен күресін баяндаса, екінші қайырымдағы ой-пікір Кендебайдың одан кейінгі іс-әрекетін баяндайды. Яғни Кендебайдың алтын қүйрықты тауып, ханға келуі, ал үшіншіден ханның балаларының келуі баяндалады.

Лекция № 11 Тіл дамытудағы әдістемелік тәсілдер.

Әдістердің бір ізге түсе қоймағанын айта келе әдіс дегеніміз – оқушылардың оқу танымдық қызметін ұйымдастыруда мұғалім жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Тәсіл – осы әдістің бір элементі, құрамдас бөлшегі. Қазақ тілі сабақтарында мұғалім түрлі әдістерді: материалдарды түсіндіру, оны талдау, жаттығу, дәлелдеу, даттықтыру, қорыту секілді көптеген әдіс-тәсілдерді қолданады. Орынды және дұрыс, бірінен кейін бірі орнымен қолданылған әдіс-тәсілдер ғана сабақтың алдына қойылған мақсатын анықтайды, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда пайданылатын негізгі әдістер төмендегідей:

· Диалогтық оқыту технологиясы;

· Интерактивті және ойын әдістері;

· Оқытудың топтық әдісі (кейс)

Бұл әдістердің жеке дара түрінде емес, қайта бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікті қолданылғаны нәтжелі болады және бұл әдістердің барлығы қатысымдық негізде іске асады. Қатысымдық негізге құрылады. Өйткені сауат ашу барысында оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру тілдік қарым-қатынас жасамайынша ауызша сөйлеуге дағдылануда белсенділік тумайды.

Қазақ тілінің оқыту әдістемесінде қатысымдық әрекеттің теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастырған ғалым – Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым қатысымдық әдістің анықтамасын: «Қатысымдық әдіс – тілдік қатынас теорияларын іс жүзінде асырушы барлық іс - әрекетткр мен тәжірибелердің жиынтығы»,- деп тұжырымдайды.

· Бұл оқыту процесінде кем дегенде екі адамның арасындағы тығыз қарым – қатынастың, белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.

· Диалогтық оқыту технологиясы үйретуші мен үйренушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлеуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның өзара түсінуіне жол ашады.

· Диалогтық технология оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзіне тән міндеттерді бөлек алып, ал олардың алдына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді.

· Диалогтық технология оқыту жүйесінде бірнеше тиімді тәсілдерді, амалдарды біріктіреді.

· Диалогтық технологияның басты белгісінің бірі – тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру.

· Диалогтық технологияда белгілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу үйретіледі.

Демек, қатысымдық әдіс – мұғалім мен оқушы арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын, оқушылардың сойлеу формаларын, тіл мәдениеттерін жетілдіретін, тілін дамытатын, осы мәселелерді бір арнаға тоғыстыратын оқыту әдістерінің бірі болады. Сондықтан біздің еңбегімізде осы әдісті кеңінен қолдану арқылы тиімді нәтижелерге жеттік. Ендеше балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістерінің негізгі деуге болады.

Интерактивті әдіс те соңғы кездері кеңінен қолданыс табуда. Ол әсіресе белгілі бір пәнді жаңа технологиямен оқытуға көшу барысында диі қолданылуда. Интерактивті әдіс кіші жастағы оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыруда да өнімді нәтиже беретін әдістің бірі деп есептейміз. Бұл әдіс әсіресе бастауыш мектеп оқушыларына сабақ үстінде еркіндік беруімен құнды. Оқыту барысында оқушылар бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-бірін оқытады, үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі (латынша - интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етуді білдіреді. Бастауыш мектеп оқушыларын ауызша сөйлеуге дағдыландыруда интерактивті әдістер арқылы балалар сабақта белсенді іс-әрекеттер жасап, өтілген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бірін-бірі оқытады, үйретеді. Интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсенділігін арттыруға болады. Ол үшін төмендегідей мәселелер ескеріледі:

1) Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру жолдары;

Оқушылар түсінбеген жерін орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушы өзінің микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуі, оқушылар тапсырма бойынша бір-бірімен (өздерінің микротобында) сөйлесіп, ақылдасып отыруы.

2) Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары:

Оқушылар өзара оқушы-оқушы не оқушы мұғалім түрінде бір-біріне сұрақтар беруі;

Бастауыш мектеп оқушылары сабақта өзара пікірлесіп отыруы; қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап беру еркіндігі болуы;

3) Оқушылардың танымдық белсендігін арттыру жолдары:

Оқушылар қарсы жақтың пікіріне өзіндік пікір айта алуға;

Келіспеген жағдайда өзінің көзқарасын дәлелдеуге;

Өзінің микротобындағы жолдастарының сөздеріне қосымша не пікірге қосылатыны жөнінде өзіндік пікір білдіруіне еркіндік жасалуы;

4) Оқушылардың қатысымдық белсендігін арттыру жолдары:

Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен еркін тілдік қатынасқа шығуы;

Жауаптарын бірге жоспарлауы;

Сөйлеген сөздерін нақты әрі қысқа жеткізуі;

Айтар ойларының әсерлігі болуы;

Сөйлеген сөздерінің жаргон, диалект, бөтен сөздерден таза болуы қажет.

Оқушылардың белсенділігін күшейтетін интерактивті әдіспен қатар дәстүрлі ойын әдісі болып табылады. Ойын әсіресе кіші жастағы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға әрі қолайлы, әрі тиімді әдістердің бірі.

Ойын – адамдар генінде қалаған инстинкті жеткізуші. Балалар ойнау арқылы өмір тәжірбиесімен танысады, ересектердің қимылын қайталайды, сол арқылы өмірге қажет қимылды, іс- -әрекетті және ойлау, сөйлеу дағдыларын меңгереді.

Ойын балалардың қиялынан туындайды, ойын – бала шығармашылығы. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойнау процесінде «басқа әлемге» енеді.

Демек, ойындарды бастауыш мектеп оқушыларын белгілі бір іс-әрекетті үйрететін құрал етіп пайдалануға болады екен. Сондықтан кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін ойындарды қолдану арқылы да нәтижеге жетуге болатындығын байқаймыз.

Оқыту процесінде орынды қолданылған ойындар оқушылардың тілдік материалдарды саналы меңгеруін қамтамасыз етумен қатар олардың сыныптастарымен, жалпы қоршаған ортамен тілдік қарым-қатынасқа түсуге түрткі туғызады.

Оқытудың топтық технология әдісі Кейс-стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі (метод конкретных учебных ситуаций) ХХ ғасырдың басында америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет америкалық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың топтық технология әдісінің жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгінде бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, К. Кристенсен, Э.Хансен, А.И.Наумова, А.М.Зобина, Б.Н.Киселева, И.В.Липсина, Г.А.Полонский, Д. Эткинсон, О.Г. Смоляниновалар қарастыруда.

Кейс технологиясында басты назар оқушылардың мұғалім ұсынған реальды немесе (мұғалімнің алдын-ала құрастырған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.

Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади технологиясын қолдану – қазіргі білім беру талабына сай мұғалім мен оқушының өзара тығыз белсенді әрекінен тұратын, оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын және оның жеке тұлғалық қабілеттерін дамытатын, нәтижені алдын-ала жоспарлайтын педагогиканың жаңа инновациялық технологиялық жүйесі. Жоғарыда аталған кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сабақтары педагогиканың негізгі заңдылықтарына сүйене отырып жүргізіледі. Ал, мұндай сабақтарда оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары профессор Т.Сабыровтың төмендегі тұжырымы негізінде жүргізіледі.

 

Лекция № 12 Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных