Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жазбаша жаттығу. 4 страница




Тілдің синтаксистік жағын байланыстырып сөйлеу әңгімелесуге үйрету процесі арқылы жетілдіріледі. Тіл дамытуда балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселелерге баса назар аударылады. Сурет бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйелі, анық түсінікті жеткізе білуге үйретіледі. Екіншіден логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың баиланыстырып сөйлеуіне баса назар аудару қажет. Үшіншіден оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяандай білуге төселдіру керек. Байланыстырып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмысы, сөйлем, әңгіме құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Ертегі мазмұнына сәйкес салынған суреттерді пайдаланып әңгіме құрастыру, ертегіні сақыналау, оқылған шығарманы монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Ал диалогтық сөйлеу күнделікті қарым-қатынаста, ойында, серуен кезінде жүзеге асырылады. Мұның өзі баланың қолйылған сұраққа жауап беруіне өзіндік ықпалын тигізеді. Тілге қойылады негізгі талаптың бірі- оның мазмұндылығында. Тіл дамыту сабағында тәрбиеші- мұғалім эмоцианалды түрде ұйымдастырса, ол әр баланың сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттілігін тудырады.Оқылған шығарманың мазмұнын айтып беруге үйрету, сол топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу денгейіне, қойылған мақсатқа да байланысты. Тәрбиеші- мұғалім айтқан ертегісін зей ін қоя тыңдап, мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде грамматикалық тұлғада дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі. Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы әңгімелегенде, жақсылықтың жамандықты жеңгенін, сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің? Деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып, ой-қиялын, логикасын дұрыс жүйелеп, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады.

Байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарларланған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда, ертеңгіліктер өткізуде дамытылады. Әсіресе әр түрлі мамандық иелері туралы «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында балалар кейін кім болғысы келетінін сұрақтарға диалокты, маналогты сойлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады. Тілдің қатынастық сапасын анықтауда балалардың алған білімдерінің жүйесі мен шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады. Сөйлеу процесін дұрыс жолға қою – ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғы шарты. Тіл дамыту сабағының эмоционалды түрде ұйымдастырылуы әр баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады. Оған дидактикалық ойындар, таныс суретті кітапшалармен жұмыс, көңілді кейіпкерлер, сүйікті образдар әсер етеді.

Лекция № 13 Байланыстырып сөйлеу формалары (монолог, диалог).

Сөйлеу – адамзаттың даму эволюциясында қол жеткізген жетістіктерінің бірі. Адамдарды басқа дүниеден ерекшелеп тұратын да осы – сөйлеу. Сөйлеу процесінде адамдар бір-бірінің ойын түсінеді, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ диалогтық және монологтық болып бөлінеді.

Диалогтық сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасында өтетін болғандықтан түрлі жағдайларға, әркімнің көңіл-күйіне байланысты толымсыз, сұраулы, лепті сөйлемдер, одағай, шылаулар, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Бет әлпет көрінісі, ымдау, интонация қолданылады.

Әдіскер-ғалымдардың көзқарас-пікірлері негізінде диалогтық оқыту амал-тәсілдердің ең негізгі және кіші бөлшегі –оқыту диалогы. Диалогтық тілдесім барысында оқушылар жұп болып та, топ та, ұжым болып та бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі. Бұл диалогтық сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтық оқыту амал-тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді. Әрбір диалогтық оқыту технологиясы сөйлеу ситуацияларын туғызып, оқушылардың ауызекі сөйлеуіне, пікірлесуіне әсер етеді.

Диалогтық сөйлеуге екі не одан да көп адамның тілдік қарым-қатынас кезінде кезектесе туындайтын ауызша ақпарат беруі, жауап қайтаруы, пікір алмасуы жатады. Диалог барысында пікірлесіп тұрған тұлғалар «әрі хабар жеткізуші, әрі хабарды қабылдаушы қызметін» атқарады. Диалогтық сөйлеуде хабар жеткізуші кең көлемде оқуға, өзінің жағдайы жөнінде айтса, онда диалогтық сөйлеу монологтық сөйлеуге ұштасады. Тілдесім әрекеті кезінде диалогтық сөйлеу мен монологтық сөйлеу бірін-бірі толықтырып, өзара байланыста жұмсалады. Дегенмен бұлардың өзара айырмашылығы бар. Бұл жөнінде К.И.Соломатов былай тұжырымдайды: «Диалогическая речь является одной из наиболее распространенных форм устной разговорной речи. Монологическая форма речи занимает меньше места в разговорной речи, обычно монологу предшествует диалог. Диалог праедставляет собой обмен высказываниями, порожденными одно другим несколькими собеседниками». Мұнда оқушының сөйлеу тілі екі формада жүзеге асады. Біріншісі, диалогтық сөйлеу, яғни тілдік қарым-қатынас барысында екі адамның тікелей қатынас жасап, бір-бірімен көзқарас, ой-пікір алмасуы. Диалогтық сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін, оның жүзеге асу жолдарын С.Әбдіғалиев, С.Нұрғали, К.Соломатов, К.Холодович, Р.К.Миньяр-Белоручев, Я.Яноушек т.б. әдіскер-ғалымдар айқындап, диалогтық сөйлеудің мынадай басты белгілерін көрсетті: «Олар: біріншіден, диалогтың екі немесе одан да көп адамның арасында өрбуі; екіншіден, диалогқа қатысушы адамдардың бірде тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып кезекпе-кезек олардың арасындағы ролдердің алмасып отыруы; үшіншіден, диалог барысындағы ақпараттардың жеткізілу жағдайы және оларды қабылдау ерекшеліктері; төртіншіден, пікір алмасушылардың алынған ақпаратқа, хабарға деген көзқарастары, реакциясы және оны жеткізудегі бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы». Сонымен қатар жеткізілетін ақпараттық хабардың аяқ асты туындап, тілдік қатынасқа түсуі де диалогтық сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жатады.

Ал монологтық сөйлеу – бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологты сөйлеу жүйелілікті талап етеді. Мұнда сөйлемдер толық ойды білдіріп, құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Монологты сөйлеуге оқушылардың белгілі бір тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тақырыпты баяндауы, хабарлама, бандама жасауы жатады. Монологты сөйлеуді дамыту үшін алдын-ала белгілі тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгісі жасалады.

Монологтық сөйлеу мен диалогтық сөйлеу өзара тығыз байланыста болады. Сөйлеуші мен тыңдаушы бір-біріне сұрақтар қойып, хабар айта тұрса, ол диалогтық сөйлеу түрі болады, ал диалогтық сөйлеуде сөйлеуші өз сөзін ұзақ түрлі фактілермен дәлелдей сөйлесе, онда монологтық сөйлеу болады.

Демек, диалогтық сөйлеу-екі не одан да көп адамдардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түсу әрекеті.

Диалогтық оқыту технологиясының белгілеріне:

1. Бір тақырыпқа қарай түрлі көзқарастар мен пікірлерді қарастыру;

2. Мұғалім мен оқушының арасындағы өздерінің пікірін дәлелдеуге, нақтылауға арналған өзара сыйласымдыққа негізделген ерекше қарым қатынас;

3. Оқушының өзіндік ойлауы мен өзіндік көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

4. Оқушының арасында өзара пікірталастық көзқарастардың көп болуы;

5. Диалогтар арқылы оқушыға беймәлім ақпараттарды, сөйлесу формалары мен үлгілерін үйрету;

Оқушылардың тілдік қатысым әрекетін белсендіруге арналған түрлі тапсырмалар беру жатады. Қатысымды-ақпаратты деңгейдің мақсаты оқушыларға дайындық кезеңіндегі лингвистикалық мақсатты, тілдік заңдылықтардың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту, үйрету және соның барысында оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру. Қатысымды-ақпаратты деңгей сауат ашу кезеңіне дейін жүргізіліп,сабақтар диалогтық оқыту технологиясы негізінде жүргізілді. Бұл деңгейде оқушылар сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге, өз ойын жеткізуге, сынып алдында тұруға, сөйлеуге үйренеді. Диалогтық оқыту технологиясы – оқушылар мен мұғалімннің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауға, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл. Диалогтық оқыту технологиясының дастүрлі оқытудан мынадай ерекшеліктері бар:

1. Оқушылардың бір тақырыпқа қарай түрлі көзқарастар мен пікірлер білдіруі;

2. Мұғалім мен оқушының арасындағы өздерінің пікірін далелдеуге, нақтылауға арналған өзара сыйласымдыққа негізделген ерекше қарым-қатынас туғызуы;

3. Оқушының өзіндік ойлауы мен өзіндік көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

4. Оқушылар арасында өзара пікірталастық көзқарастардың көп болуы;

5. Диалогтар арқылы оқушыға беймәлім ақпараттарды, сөйлесу формалары мен үлгілерін үйрету;

6. Оқушылардың сабақта өзара тілдік қатысым әрекетін белсендіруі.

Диалогтық оқыту технологиясына негізделген сабақтарды оқушылар бір-бірінен сұрауға, өз ойын дәлелдеуге дағдыланды. Диалогты оқыту технологиясына негізделген жұмыстар жүйесі оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне қарай түрлендіріліп берілді. Диалогтық оқыту технологиясы қолданылған сабақтарда оқушылар мынадай тапсырмаларды: «Өзара диалог жүргізу», «Досыңнан сұхбат ал», «Моделмен жұмыс» орындады.

«Өзара диалог жүргізу» тапсырмаларында оқушылар белгілі бір тақырып бойынша (өзінің жанұясы,үй жануарлары туралы т.б), суреттердегі сюжеттер бойынша әңгімелесіп, өздерінің ойын, пікірін жеткізуге үйренеді. «Досыңнан сұқбат ал» тапсырмаларында өзінің сыныптас достарынан болашақта кім болатыны, иектеп және сыныптастары және т.б мәселелер туралы сұрақты дұрыс қоюды, қойған сұрақтарына жауап алуды меңгерді. «Моделмен жұмыс» тапсырмаларында өзінің ой пікірін дәлелді айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға дағдыланды.

 

Лекция № 14 Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі.

Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту

Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын – жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.

Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б.

Балабақшада өлеңді оқыту

Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор.

Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызкеі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай " Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы " деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу – оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.

Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.

Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері – қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескеріледі.

Бастауыш сынып оқушыларына берілген өлеңдер алуан түрлі болып келеді. Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді бір тобы автордың көңіл-күйіне, асқақ ойының мағнасын білдіреді.

Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:

1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

2) Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғәлімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.

3) Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дұрыстап оқиды.

4) Өлең мазмұны талдалады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.

5) Өлеңді 2-ші рет қортындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шап-шаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.

Дауыстап оқуға үйрету үшін қойылатын талаптардың бірі-мәнерлеп оқу. Ол дауыс интонациясы арқылы дұрысоқу, мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, автордың көз-қарасын беру, кейіпкерлердің көңіл-күйін сезіну. Сондықтан әр сөз, сөйлем дұрыс оқылуы керек. Мәнерлеп оқуға дауыстың да қатысы бар. Оған дауыстың күші мен дауыстың қарқыны жатады.

Өлең шумақтары бір-біріне байланыссыз тұрады. Мұндай өлендердің бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысып, тез өзгеру себептері баланың жастық ерекшеліктері мен білім деңгейіне байланысты. Екіншіден, баланы қоршаған ортаның әр алуан жаңалықтарына байланысты өзгереді. Үшіншіден, табиғат байлықтары мен ондағы түрлі құбылыстардан, тез әсер алуына байланысты бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауыса береді. Төртіншіден, өзін қоршаған ортаның және табиғат сырларын білуге ынталанған бала тілі жаңа шыға бастағанда-ақ шамадан тыс көп сұрақтар қояды. Шамамен айтқанда бала ата-анаға бір күнде ең кемі 250-300-ге дейін сұрақтар қояды. Бала сөзі сұрақтан басталады. Баланың бір сұрақтан екінші сұраққа тез ауысып отыруы оның әр нәрсенің себеп-салдарын білуге тырысатына байланысты. Балаларға арналған өлең-тақпақтары да әр алуан болып келеді. Мұндай өлеңдерде түсінікті болуы үшін қайталаулар да жиі кездеседі. Қайталау, өлең айырмасы, өлең құрылысы, формасы, көлемі, өлшемі, варианттары, портрет, пейзаж, гипербола, кейіптеу секілді суреттеу тәсілдері балаларға арналған халық өлеңдерінде ерекше орын алады. Бұл әдебиеттік түсініктерді бастауыш сыныпта беру қажет.

Лекция № 15 Жазуға үйретуге даярлау.

Тіл дамыту – қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамдық бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу жұмысының мақсаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың басында тәрбиеші балалардан қалам, қарындаштарын партаның қаламға арналған ұясына қоюларын талап етеді. Содан соң олардың тыныш отырып, мұғалімнің айтқан сөзіне зейін қойып тыңдауы қажет екені ескертіледі. Соңынан: «Қазір біз жазу жазып үйренеміз. Біз жазуды неге жазамыз?» - деп сұрайды. Балалардың көпшілігі: «Дәптерге» -деп жауап береді. «Тақтаға» - деп жауап бергендері болса, оны да мақұлдау керек. Осыдан кейін сырты күні бұрын толтырылған дәптерді таратып, онымен таныстыра бастайды. Ішкі, сыртқы беттеріне назар аудартады. Дәптердің ішкі бетіне не барын, не жазылғанын, нені көріп тұрғанын сұрайды. Дәптердің бетінде жазу жазатын сызық және одан басқа көлбеу сызылған сызықтар бар екені түсіндіріледі. Бұл сызықтар түзу, әрі жіңішке сызылған. Оны біз аса ұқыптылықпен қарасақ, дәптер бетіндегі жолдарды көреміз. Кәне, қарайық! Міне, бірінші сызық, міне, екінші т.с.с. жазу жолдары. Бір бетте қанша жазу жолы барын санап шығыңдар-деп санатып шығу керек. Бұдан кейін мұғалім жазу кезіндегі ережені (қаламды, қарындашты ұстау) қалай орындау керектігі түсіндіріледі. Қалам-қарындаштарды ұштау үлкендер көмегімен алдын-ала дайындалып қойылады.

Қаламды оң қолмен ұстайды. «Оң қолдарың қайда?» Олар оң қолын көрсетеді. Қаламды оң қолына алуды, оны ұстауды түсіндіріп, әрі нақты түрде көрсетеді. Қалам ұстап тұрған үш саусақ жазу барысында жылжып отыратынын, ал соңғы саусақ алақанға сәл бүгіліп тұратынын айтып түсіндіреді. Қаламды қатты қысып ұстамау керектігі, жазғанда батырмай жеңіл, күш түсірмейжазу қажеттілігі ескертіледі. «Егер қаламды ұстаған болсаңдар, сұқ саусақты қалам үстінен жоғары көтергенде, қалам түспей, қалған екі саусақ (бас бармақ пен ортаңғы саусақ) оны ұстап тұра алады,» - дейді.

Оқушыларды сабақты әрі қарай жүргізуге дайындап болған соң мұғалім: «Кәне, дәптердің бірінші жазу бетінде не бар, қандай жолдар мен сызықтарды көріп тұрсыңдар? – дейді». – «Ненің суретін көріп тұрсыңдар, осы сызықтардың үстінен қарындашпен жүргізе аласыңдар ма?» - деп сұрайды. Содан соң сурет сызығындағы көлбеу және тік сызықтардың үстінен бастырып жаздыртады.

Бұдан кейін жазу жолына жазып үйрену жаттығулары жүргізіледі: екі көлбеу сызықты түйістіріп жазу, жол ішіне жазу. Жол басындағы қара түстің үлгі екендігі, ал қызыл түспен сол үлгіні бастырып жазу қажеттігі түсіндіріледі. Қаламды қалай қарай бағыттап жазу құс тілімен (стрелкамен) көрсетілгені ескеріледі. Әрбір жазу бөліктерінің ара қашықтығы көзбен мөлшерлеп, тең қашықтықта жазуға дағдыландырылады.

Жазу сабағының арасында балалардың жазу қимылын ұзақ уақыт жасай аламайтындығы ескеріліп және саусақтың бұлшық еттері талғандықтан, міндетті түрде сергіту минуттарын жүргізіп отыру жүктеледі.

Осы бірінші сабақта жоғары сызық, төменгі сызық, жазу жолы, жоғары сызықтан бастау, төменгі сызықтан бастау, жоғары көтерілу, төмен түсу, сызыққа жазу, сызық арасына жазу, сызық ортасынан бастау т.с.с. түсініктер мен ұғымдар таныстырылады да, келесі сабақтарда олар бекітіліп одан әрі жаңа ұғымдармен толықтырылып отырады.

Сабақ аяғында балалардың жазу жұмыстарына ауызша баға беріліп, қорытынды жасалады.

Үйге жазуға тапсырма берілмейді.

Жазуға жаттығудың кіріспе әңгімеден басталғаны жөн. Мұғалім балаларды жазуға қызықтыра білуі қажет. Мәселен, А әрпін жазып үйренуге арналған сабақтың кіріспе әңгімесі шамамен былай болады: Оқу сабағында біз А әрпінің баспа түрімен таныстық. Қазір жазба түрімен танысамыз. Әрбір сауатты адам бұл әріпті әрі дұрыс, әрі әдемі етіп жаза білуі керек. Егер оны дұрыс жазбасаңдар, оның қандай әріп екенін тану өздеріңе де басқаға да қиынға соғады,ешкім сенің жазғаныңды оқи алмайды. Ол басқа әріптердің жанында тұрғанда да нашар көрінеді. Сендер жақында апа, ата, ана деп жазатын боласыңдар. Бұл сөздерде екі-екіден а әрпі бар, сондықтан өте жақсы жазуды үйренуімз керек. Әріпті тану, әрі дұрыс жазу оңай емес. Әдемі жазу үшін, жақсы жазуға талаптану керек. Ол үшін әр әріптің қалай жазылатындығын еске сақтау қажет. Қазір мен сіздерге а әрпінің қалай жазылатындығын көрсетемін, оны көріп, еске мұқият сақтап алыңдар.

Мұнан кеін оның жазба түрінің кіші және бас әріп үлгілері көрсетіліп, ол қандай элементтерден тұратыны түсіндіріледі де, ол элементтерден тұтас әріпті құрап жаздыртады.

Оқушылардың жаңа әріпті жазуы олардың әріптің жазбаша үлгісімен таныстырып болған соң басталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных