ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі 1 страницаАстық өндірісінде 2014 жылы 2013 жылмен салыстырсақ сағаттық еңбек өнімділігі 125,7 теңгеге жоғарлаған, бұған жалпы өнім құнының 324891 мың теңгеге ұлғаюы әсер етіп отыр, ал 2015 жылы өнімділік жоғарлап 525,3 мың теңгеге жоғарлап, бір адам сағатқа өндірілген өнім 105 теңгеге өскен. Жұмыс күшін пайдалану деңгейі еңбек өнімділігінің пайдаланумен ғана емес, сонымен бірге жұмыс күшін өндіріс процесінде пайдалану тиімділігімен де сипатталады. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбек шығыны бірлігіне жұмсалған жалақының өсу деңгейінен алда болғанда ғана экономикалық тиімділік өседі. Оны келесі 5 кестеден анықтауға болады. Кесте 5 Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі
Сатылған өнім құны 2014 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 324891 мың теңгеге немесе 17,3 пайызға өскен. Жалақы қоры 44856 мың теңгеге өскен. 1 жұмысшыға келетін сатылған өнім көлемі 1809100 теңгеге өскен. Керісінше 1 жұмысшыға келетін еңбек ақы 235036 теңгеге өскен. 1 тг сатылған өнімге еңбек ақы өзгеріссіз. Ал 2015 жылды 2014 жылмен салыстырсақ, сатылған өнім құны 530651 мың теңгеге өскен. Жалпы шаруашылықтың жалақы қоры 44856 мың теңгеге өскенімен, жұмыскерлер санының 18 адамға жоғарылауынан 1 жұмысшыға келетін еңбек ақы 701895 тг болған. Яғни -15146 теңгеге төмендеген. Бұл өнімнің өзіндік құнының жоғарлауына әкеліп тұр. Шауашылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі- негізгі қорлар. Негізгі қорлар дегеніміз өнім өндіру процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің заттық формасын толығымен сақтайтын, құныны жаңадан жасалған өнімге амортизациялық аударым арқылы аударатын қорлар. Оны келесі кестеден көре аламыз.
Кесте 6 Шаруашылықтың негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
Кесте мәліметінен көріп отырғанымыздай шаруашылықтың негізгі қорларының басым бөлігін, 2014 жылы 61,9 % машиналар және құралдар құрап отыр. Негізгі қорды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш – бұл қор қайтарымы. Қор қайтарымының деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым негізгі қорды пайдалану тиімділігі жоғары болады және керісінше. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сиымдылығы. Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды. Қормен қарулану көрсеткішін орташа негізгі қорлар құнын орташа жылдық жұмыскерлер санына бөлу арқылы анықтаймыз, ал қормен қамтамасыз ету көрсеткішін орташа негізгі қорлар құнын ауыл шаруашылық жер көлеміне бөлу арқылы анықтаймыз. Негізгі қорлардың пайдалану тиіміділігін қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қормен қарулану, қормен қамтамасыз ету көрсеткіштері сипаттайды. Қор қайтарымы жалпы өнім кұнының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына ара - қатынасы. Қормен қарулану негізгі қорлардың орташа жылдық құны еңбек ресурстарына ара - қатынасы арқылы есептелінеді. Қор сыйымдылығы қор қайтарымына кері көрсеткіш. Қормен қамтамасыз ету негізгі қорлардың орташа жалдық құнын жалпы ауыл шаруашылық жер ауданына ара – қатынасы арқылы табылады. Қор қайтарымы негізгі қордың 1 теңгесіне қанша теңгенің негізгі қоры қайтарылып тұрғанын көрсетеді. Қормен қарулану 1 адам неше теңгенің негізгі қорымен қаруланып тұрғаныны көрсетеді. Қормен қаматамыз етілу 1 га ауыл шаруашылық жері неше теңгенің негізгі қорымен қамтамасыз етіліп тұрғанын көрсетеді. Қо сыйымдылығы 1 теңгенің жалпы өнім құнын алу үшін қанша теңгенің негізгі қоры қажет еткендігі анықталады. Енді кәсіпорында негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін қарастырайық, бұл мәліметтер келесі 7- кестеде келтірілген.
Кесте 7 Негізгі қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Жоғарыда көрсетілген7-кесте мәліметтері бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда 2014 жылы негізгі қорлар тиімдірек пайдаланылған. Яғни, қормен қарулану көрсеткіші 2015 жылы 2014-ші жылмен салыстырғанда 31,1 мы теңгеге азайған, бұл негізгі қор құнының артуымен түсіндіріледі. Шаруашылықта негізгі қорлар құрамына келетін болсақ негізгі қорлар көлемі әр жыл сайын өсіп отыр. Жалпы негізгі қорлар 2014 жылы 2013 жылға қарағанда 588 583 мың тг-ге жоғарылаған, себебі бұл жылы жұмыс малы 60 мың тг-ге, беріліс құралдары 2610 мың тг ге және жұмыс машиналарымен жабдықтар 5984 мың тг- ге өскен. Ал 2015 жылды 2014 жылмен салыстырсақ 189 962 мың тг-ге өскен, бұл жылы машиналар мен жабдықтар - 4100 мың тг-ге, көлік құралдары-1914 мың тг- ге, жұмыс малы 126 мың тг- ге өскен, себебі шаруашылықта көлік құралдары тозғандықтан шаруашылық техникалар сатып алған.
2.3 Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын талдау
Өнімнің өзіндік құны экономикадағы ең негізгі көрсеткіштердін бірі. Өзіндік құн дегеніміз - өнімді өндіруге және сатуға кеткен қоғамдық қажетті шығындардың ақшалай формаларының бір бөлігі. Оған өндірісте жұмсалған құралдар және еңбек ақы салалары кіреді. Өзіндік құнды ең алдымен ауыл шаруашылығының дақылдарының әр гектарына кеткен шығын мен өнімділігі арқылы талдау керек.
Кесте 8 Астық өнімділігі мен әр гектарға жұмсалған шығын
2014 жылымен 2013 жылды салыстырғанда 1 ц астықтың өзіндік құны шаруашылықта 1570,73 тг-ге жоғарылаған, ал 2015 жылымен 2014 жылды салыстырғанда өзіндік құн 69,89 тг-ге төмендеген. 2014 жылы астық өнімділігі10,95 ц/ганы құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 2,05 ц/га-ға төмендеген. 2015 жылы керісінше кәсіпорынның өнімділігі 2014 жылмен салыстырғанда 0,06 ц/га-ға артқан. 1 га-ға кеткен шығындар 2014 жылы 25974 тг-ні құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 4897 тг-ге артып отыр, ал 2015 жылы 2014 жылы 26718 тг-ні құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 744 тг-ге артқан. 1 ц өнімнің өзіндік құны жалпы шығындардың барлық жалпы өнім көлеміне ара- қатынасы арқылы анықталады. Өзіндік құн шаруашылықтың ең негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны талдау қажет. Өнімнің өзіңдік құнын шығын статьялары бойынша талдайық. Оның мақсаты шығын статьялардың үлесін, әр статьяның өзіндік құнның өзгеруіне әсерін білу. Шығын статьяларына еңбек ақы, тұқым, жанар жағар май, тыңайтқыш, электр қуаты, транспорттық шығындар, негізгі құралдардың амортизациялық төлемдері және тағы басқа шаруашылықтың шығын түрлері де жатады. Сондықтан оны білудің маңызы өте зор. 21-кестеде 1ц астықтың өзіндік құнына жекелеген шығын статьяларының әсерін көре аламыз.
Кесте 9 1ц астықтың өзіндік құнындағыжекелеген шығын баптары
9-кестенің жалғасы
2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда жанар жағар май бағасының 150,05 теңгеге төмендеуінен, тыңайтқыштар бағасының 162,05 теңгеге өсуінен өзіндік құн бағасы 69,89 теңгеге өскенімен, бірақ транспорттық қызметтің 181,13 теңгеге төмендеуінен, тұқым бағасының 185,74 теңгеге өсуінен және еңбек ақының 61,67 теңгеге өсуінен, басқа да шығындардың 123,6 теңгеге төмендендегенімен 1 ц бидайдың өзіндік құны 69,89 теңгеге өсіп, 3058,38 теңгені құрап отыр.
2.4 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесін талдау
Өндірістің негізгі мақсаты өнім өндіріп сату нәтижесінен пайда алу. Сату көлемінің кемуі шаруашылық өнімінің сату көлемінің өсуі оның тауарлық деңгейі мен сапасының өсуіне байланысты болуы мүмкін. Тауарлық деңгейі дегеніміз- өндірілген астықтың қанша пайызын сататындығымызды айтамыз. Енді шаруашылықтың астық өндіріс бойынша тауарлық деңгейін қарастырайық. Келесі кестеден астық өнімінің тауарлық деңгейін көруге болады.
Кесте 10 Астық өндірісінің тауарлық даңгейі,%
Шаруашылықта тауарлық деңгейі 2014 жылды 2013 жылмен салыстырсақ 5 пайызға өскен. Оған сатылған өнім көлемінің көп сатылуы әсер етіп отыр. Себебі 2013 жылы шаруашылық астық көп өндіріліп, өнімділіктің жоғарлылығына байланысты оның көлемінің 80%-ын сатқан, тек 20%-ын тұқымдыққа, қайта өңдеуге және малға жем - азық ретінде алып қалған. Ал 2015 жылды 2014 жылмен салыстырсақ, 5 пайызға өскен. Әрбір кәсіпорын өндірістік қаржылық нәтижесінде пайда табуды мақсат етеді. Пайда тауардың сату бағасы мен оның толық өзіндік құнының арасындағы айырмашылық, яғни таза табысы. Кәсіпорынның қорытында көрсеткіші пайдадан тұтынылған өндіріс құрал жабдығына жұмсалған шығындар мен қызметкерлердің еңбегіне төленген ақының орны жабылады. Пайда көлемі сатылған өнімнің өзіндік құнына, сату бағасына, басқа түрдегі түсім мен шығынға байланысты. Ал зиян шаруашылыққа түскен табыстан жұмсалған шығынның артық болуы салдарынан зиян шегу..Пайда түрлі шаруашылық қызмет түрлерінің қаржылық нәтижесі. Оның есебі келесі кестеде келтірілген. Пайда элементтерінің ішінде ең күрделісі және негізгісі ауыл шаруашылық өнімін сатудан түскен пайда болып табылады. Мұндай талдаудың мәні пайданың өзгеруіне факторлардың әсерін табу. Пайдаға немес зиянға негізінен үш фактор әсер етеді. Сатылған өнім көлемі, 1 ц астықтың өзіндік құны, 1 ц астықтың сату бағасы. Осы үш фактордың әсері кәсіпорынның пайдамен немесе зиянмен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Әр кәсіпорынның негізгі мақсаты - қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра отырып, өзіне көп пайда табу немесе аз шығын жұмсай отырып, мол пайцда табу. Экономикалық тиімділікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі- рентабельділік деңгейі. Егер кәсіпорынның рентабельділік деңгейі 30 %- дан жоғары болса, онда кәсіпорынның тиімді жұмыс жасап отырғанын көрсетеді. Келесі төмендегі кестеде астықтың пайдасы мен рентабельділігін талдауға қажет мәліметтер берілген. Бұл кестеге қарай отырып астық өніміне пайданың немесе зиянның өзгеруіне факторлардың әсер етуін талдау қажет.
Кесте 11 Астықты сатудың қаржылық нәтижесі және оған әсер ететін факторлар
11- кестенің жалғасы
Сатылған өнім көлемі 2014 жылмен 2013 жылды салыстырғанда 64,3 %-ға азайған. 1ц бидайдың өзіндік құны 2 есе өсуінен толық өзіндік құн 27,5%-ға өсіп 2988,49 теңгені құрап отыр. Ал сату бағасының 1100 теңгеге өскенімен сатудан түскен түсім 13,7%-ға төмендеп 850518,5 мың теңгені құрап отыр. Осы үш фактордың әсерінен жалпы пайда сомасы шамамен 1,9 есе төмендеп, рентабельділік деңгейі 62,7 пайызға азайып, 37,3 пайызды құрап отыр. 2015 жылмен 2014 жылды салыстырғанда сатылған өнім көлемі 7,1 пайызға өскен. 1 ц бидайдың сату бағасының 1000 теңгеге өсуінен сатудан түскен түсім 32,1%-ға өсіп, 1123573мың теңгені құрап отыр. 1 ц бидайдың өзіндік құнының 69,89 теңгеге төсуінен толық өзіндік құн 720401 мың теңгені құрап отыр. 2015 жылы жалпы пайда көлемі 475207,9 мың теңгені құрап, рентабельділік деңгейі 65,9 пайызды құрап отыр. Яғни бұл кәсіпорынның жылдан жылға дамып келе жатқанын көрсетеді.
Кесте 12 Кәсіпорынның баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
Кәсіпорын активтерінің шамамен 72,4 пайызын ұзақ мерзімді активтер құрайды, ал барлық активтер құнындағы ағымдық активтер шамамен 27,6 пайызды құрайды. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін ең алдымен баланс мәліметтері пайдаланылып, оның құрамы мен құрылымын анықтаймыз. Ол үшін келесі кестені құрамыз.
Кесте 13 Кәсіпорынның баланс пассивтерінің құрамы мен құрылымы
Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорынның ресурстарының басым бөлігін тартылған қаражаттар құрап отыр. 2015 жылды 2014 жылмен салыстырсақ жалпы шаруашылық ресурстары 18,5 пайызға өскен, оған қысқа мерзімді міндеттемелердің 59,3 пайызға өсуі септігін тигізіп отыр. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Талдау - кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|