ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі 5 страницаМенеджерлер өздерінің жүктерін ауыртпашылық енгізу қажет деп есептейміз (өз түсініктерін қалған персоналдарға жеткізуі). Шамасы бойынша адам ретінде түсінушілікке келеді және көзге түсетін менеджерлер мақсатын қабылдайды, менеджер ауыртпашылықты басқа қызметкерлермен бөлісуі мүмкін. Менеджер түсінудің сақтаушысы болады және оны мерзім сайын бекітуі қажет. Бірінші мүмкіндік – «қозғаушы күш» тәсілі, екіншісі –«пәндердің маңыздылығы» тәсілдерін қолдану. «Қосымша құн тізбегі» негізінде талдап, пайдалануға ешкім кедергі жасамайды. Нақты қажеттілікке құрылған барлық тәсілдер комбинациясын қолдануға болады. Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия немесе көптеген басқа факторлар анықтамасына байланыссыз корпоративтік немесе бәсекелестік стратегияны таңдауға әсер ететін жауабын білуге тиіс сұрақтар бар (7-сурет): Стратегия – ұйымның перспективалық даму бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында оның жұмыс жасауының әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі. Басқарудағы стратегиялық тәсілдер оның орындалуын ұзақ мерзімді перспектива бойынша ұйым қызметі мен нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуден тұрады. Ұйым қызметіне әсер ететін факторларды бағалау барысында ұйым жүйе ретінде қарастырылады және кәсіпорынның келесі параметрлері бар: 1. Кәсіпорынның перспективалық дамуы мен нақты жетістікке жету туралы көрсеткіштер: рыноктың ұлғаю географиялық динамикасы; кәсіпорын өніміне сұраныстың қанығу деңгейі; басқа кәсіпорындармен іскерлік байланыс; кәсіпорын өнімінің қоғамдық қолайлылығы; өнімді сату/өткізу көлемі; өнімдерге «тапсырыс портфелінің» жағдайы; жаңа өнімдер ассортименті мен ағымдық ассортименттегі өнімдердің өзара ара қатынасы. 2. Кәсіпорынның ғылыми-техникалық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: ескірген өнім түрлерінің деңгейі; өнімдерді жаңарту дәрежесі; өндірістегі техникалық олқылықты сипаттайтын бұйымның үлес салмағы; бұйымның өмірлік циклын қысқарту деңгейі; ҒЗТҚЖ-ды жүзеге асыру барысында техникалық жетістіктің ықтималдылығы; ғылыми-техникалық ресурстар саны; ағымдық өңдеу бағыттары; өнім сапасының деңгейі. 3. Кәсіпорын қызметінің қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі; шығынды төмендету саясаты; жаңа өнімдер үшін бастапқы шығындар; алынған пайданың тұрақтылығы мен өсуі. 4. Өндірістік потенциал көрсеткіштері: өндіріс көлемінің өсу шегіне жету деңгейі; өндірістік қуаттылық (жаңа өнімдердің өндірістік талаптар арасындағы алшақтық дәрежесі) (2 - сурет).
Сурет 2 - Кәсіпорынның стратегиясын қалыптастыру процессі[Ескерту – Автормен құрастырылған]
Сыртқы орта жағдайында келесі параметрлер бар: 1. Нарықты сипаттайтын көрсеткіштер: өнімді тұтынушылар санының өсуі; мемлекеттік тапсырыстың кері қайту (төмендету) ролі; нарық көлемі; саудадағы ынталандыру мен тосқауылдар; өнімді тұтынуда болашақ тұрақсыздық деңгейі; өндіруші монополистер немесе тұтынушылар қызығушылығының алғы шарттары. 2. Сыртқы ортаның ғылыми-техникалық қызығушылығын сипаттайтын көрсеткіштер: өнім сапасының деңгейі; өнімді жаңарту дәрежесі. 3. Сыртқы ортаның қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: валюта тенденциясы; инфляция тенденциясы; баға белгілеу тенденциясы. Аталған көрсеткіштер кәсіпорынның даму стратегиясын салыстырмалы түрде құруда өзара қарым-қатынасы мен даму перспективасының жағдайын экономика-статистикалық бағалауға мүмкіндік береді. Жүйеден шығу стратегиялық бағыттарды (сәйкес саласы бойынша кәсіпорынның даму жоспары: нарық, ғылыми-техникалық деңгей, қаржы, өндіріс) дайындау болып табылады. Стратегиялық басқарудың этаптары: 1-этап. Сыртқы ортаны талдау. 2-этап. Ішкі мүмкіндіктерді бағалау. 3-этап. Негізгі стратегия мен стратегиялық баламаларды таңдау. 4-этап. Функционалдық стратегияны таңдау мен бағалау. Қоршаған ортаны талдау барысында көп вариантты ситуациялар жоспарлау қолданылады және ол мыналардан тұрады: ішкі және сыртқы ортадағы жағдайларды болжау; кәсіпорынның болашақ дамуының әрбір ситуациясы үшін сценарий дайындалған. Әдетте сценарийдің алдын-ала 3 түрі құрылады: әлдеқайда қолайлы (оптимистік); әлдеқайда қолайсыз (пессимистік); әлдеқайда ықтималды. Ситуациялық жоспарлау процесінде шешімдердің варианттылығы келесі басталған мезеттерге негізделеді: мақсаттың әртүрлі құрылымында; тәуекелділіктің әртүрлі дәрежесінде; ресурстарды бөлу барысында өзгешеліктерін табу; кепілді нәтижелер мен тәуекелділік қатынастарының бірдей еместігі. Сыртқы ортаны талдау өзінің құрастырулары бойынша өткізіледі (экономикалық, әлеуметтік-саяси, өндірістік және технологиялық орта). Ол үшін кәсіпорын екі жүйеде қарастырылады: 1) «өнім-нарық» жүйесі; 2) кәсіпорынның циклдық даму жүйесі. Аграрлық қайта құруларды жүргізу, стратегия мен тактиканы негіздеу кейін оларды тиімді жүзеге асырудың қағидаттары мен механизмдерін жасауға мүмкіндік беретін аграрлық қатынастардың теориялық негіздерін терең әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Аграрлық мәселелер қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Ғылыми талдауды аграрлық қатынастардың, аграрлық саясаттың мәніне деген теориялық көзқарастардың тұтас бір жүйесін қалыптастыруға және осыдан туындайтын ауыл шаруашылығы дамуы жолдарының нақты мәселелеріне бағыттау әр түрлі тұжырымдамаларды салыстырмайынша мүмкін емес. Салыстырмалы талдау олардан оң аспектілерді бөліп алып, айқын қажетсіздерін анықтауға мүмкіндік береді. Аграрлық секторда жүргізіліп жатқан қайта құрулар нарыққа бағытталған сектор жасауға, оның жаңа макроэкономикалық жағдайға бейімделуіне бағытталған, яғни өтпелі кезеңнің үрдістерімен негізделген. Аграрлық сектордағы экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығының және онымен байланысты салалардың дамуын анықтайтын аграрлық қайта құрулардың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін реттеу аграрлық саланы, аграрлық әлеуетті қоғам мүддесіне сай пайдалану кезіндегі оның ерекшелігін ескере отырып, толыққанды ұдайы өндіру қажеттігінен туындайтынын зерттеулер көрсетті. Транзиттік экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің дағдарысқа қарсы, қаржылық, салықтық және бағалық шаралар арқылы жүргізілетін экономикалық әдістері ерекше маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта экономиканың аграрлық секторын қолдауды, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің әлсіреуіне жол бермей отырып, Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді қатысуы үшін ДСҰ тәртіптері рұқсат беретін шаралар пайдасына бағыттау жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қаржыларының жетіспеушілігі жағдайында өндірісті дамытудың маңызды көзі республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік қаржыландыру болып табылады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын мемлекеттік қаржыландыру жүйесі олардың дамуына мемлекеттік республикалық және аймақтық мақсатты бағдарламаларға қатысу арқылы нысаналы ықпал етудің кешенді шаралар жүйесін құрайды. Бұл ауылда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға байланысты әртүрлі бағыттар бойынша қаржы ресурстарын ұтымды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай қолдаудың негізгі міндеттері: - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - табиғат ресурсы ретінде жерді сақтау және ауылдың әлеуметтік сферасын дамыту болып табылады. Қәзіргі кез келген елде ұлттық экономиканың дамуы үшін мемлекет өте маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні мемлекетке байланысты емес нарықтық экономиканың нақты болуы мүмкін емес. 90-шы жылдардың басынан жүргізіліп келе жатқан аграрлық реформа мынадай бірқатар мәселелерді шешуге тиіс еді: а) экономикалық салада – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, елдің азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылық шикізатына деген қажеттерін нарықтық жағдайда қамтамасыз ететін тиімді, тұрақты агроөнеркәсіп өндірісін қалыптастыру; б) әлеуметтік салада – ауылды кешенді қайта құру үшін жағдайлар жасау, ауыл мен қала халқының өмір деңгейлеріндегі алшақтықты жою; в) экология саласында – экологиялық жағынан таза азық-түлік өндірісін қамтамасыз ету. Алайда, нарықтық қайта құруларға бағыт ұстай отырып, мемлекет ауыл шаруашылығындағы экономикалық процестерді реттеуге толық көңіл бөлмеді, салдарында 90-шы жылдардың басында басталған реформалар күткен нәтижелерге әкелмеді. Сондықтан мемлекеттің басты міндеттерінің бірі даму деңгейіне елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету байланысты болатын экономиканың аграрлық секторын жан-жақты қолдау болып табылады. Қазіргі жүйе агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жұмыс жасау талаптарына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығына орасан зор қаржылық және экономикалық қолдау көрсетілетін АҚШ пен Европаның дамыған елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда мемлекеттік қолдау анағұрлым төмен, ал ол аграрлық экономиканың өсу қарқындарына, еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпал етуде. Бұл жерде айта кететіні, мемлекеттік қолдау дотациялар мен субсидиялар арқылы бюджеттік қаржыларды шаруашылықтар арасында бөліп қана қоюмен шектеліп қалмай, оларды одан әрі дамуға ынталандыруы қажет. Кез келген мемлекеттік қолдаудың шектеулері болуы тиіс: жоғарғы (бір шаруашылыққа берілетін қаржылардың ең жоғарғы мөлшері) және төменгі (шаруашылық өнімі өндірісінің төменгі мөлшері). Бұл бюджеттік қаржылардың негізсіз жұмсалуына жол бермей, олардың іріктелініп, нақты бағытталынып берілуін қамтамасыз етеді. Бір ауыл шаруашылық кәсіпорнына келетін бюджеттік қаржылардың жоғарғы мөлшерінің шектелмеуі олардың негізгі бөлігінің ірі, жай-күйі жақсы кәсіпорындарға бұйыруына әкеледі. Екінші жағынан, мемлекеттік қолдау мөлшерінің төменгі шектері де болуы қажет. Айталық, егер бөлінген барлық бюджеттік қаржылардың сомасы өнімді өткізуден түскен түсімге қатысты 100 пайыз құраса немесе одан асып түссе, онда мұндай мемлекеттік шаралардың ынталандырушы мағынасы жойылады. Нарықтық белгілер мен ынталандырулар бұзылады, ал бұл бәсекені төмендетіп, экономикаға залалын тигізеді. Сонымен, мемлекеттік қолдаудың қалыптасқан жүйесі шаруашылықтарды өндірістің тиімділігін арттыруға жеткіліксіз ынталандырады. Сонымен бірге мемлекеттік қолдау қаржыларын бөлгенде аймақтардың аграрлық құрылымын ескеру қажеттігін де атап өткен жөн. Осы фактор қаншалықты толық ескерілетін болса, аймақтардың дамуы мен оларды қолдауға бөлінетін мемлекеттік қаржылар соншалықты нақты, негізделген әрі тиімді болады. Біздің ойымызша, экономиканың аграрлық секторындағы жаңғыртулар, ең алдымен, мыналарды қамтуға тиіс: - ауылдың әлеуметтік дамуын; - елдің барлық аймақтарында тиімді аграрлық саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қазақстанның біртұтас экономикалық кеңістігін құруды; - өнімнің тиімді сатып өткізілуін қамтамасыз ететін аграрлық нарықтың бірыңғай нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруды; - аграрлық қайта құрулар стратегиясын жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу мен бақылауды күшейтуді; - агроөнеркәсіп өндірісін ғылыми қамтамасыз етуді; - отын-энергетикалық кешен тарапынан аграрлық секторға қолайлы жағдай жасау арқылы ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары өнімдері арасындағы баға теңдігін қамтамасыз етуді; - нарық жағдайында ауыл шаруашылығының тиімді жұмысын қамтамасыз ете алатын менеджер мамандарды даярлауды; - отандық агроөнеркәсіп кешен өнімінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді. Сонымен, аграрлық өндірістің тиімді дамуын жеделдететін елдің аграрлық секторындағы қайта құрулардың мынадай басты өзекті проблемаларын атауға болады: - дамудың инновациялық жолына көшіру және жаңғырту негізінде агроөнеркәсіп өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыру; - экономиканың агроөнеркәсіп секторын дамытуда мемлекет рөлін күшейту; - ауылдың әлеуметтік дамуы; - қазақстандық аграрлық экономиканың дүниежүзілік жүйеге белсенді интеграциялануы. Қазіргі жағдайда дүниежүзілік нарыққа шығарылатын азық-түлік өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыру мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Ал бұл мәселені шешу агроөнеркәсіп өндірісін жаңғыртпайынша мүмкін емес. Аграрлық өндірістің бәсеке қабіліттілігін арттыру мемлекеттің аграрлық саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп өндірісінің бәсеке қабілеттілігі, ең ақырында, оның ішкі және дүниежүзілік нарықтардағы табысын анықтайды.
Қорытынды
Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасында қолданылатын іс-әрекет құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін алдына қойған мақсаттарына қалай жету керектігін көрсетеді. Дұрыс жасалған бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта позицияларға ие болуына, инвестициялар мен несие ресурстарын тартуға өз септігін тигізеді. Бизнес-жоспар жүйелі түрде жаңарып отырады, оған фирма ішіндегі және фирма жұмыс атқаратын нарықтағы өзгерістер әсер еріп отырады. Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпкерге өз ісінің жетістігін фирмаішілік және макроэкономикалық зерттеулер негізінде бағалауға, сонымен қатар ағымдық операцияларды қадағалауға, көмектеседі. Бизнес-жоспар нарық жағдайындағы ең қажетті құрал болып табылады. Оның себебін төменде келтірілетін бизнес-жоспардың мақсаты мен атқаратын қызметінен көруге болады. Бизнес-жоспар құрудың негізгі мақсаты - фирманың қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес шаруашылық іс-әрекетті жоспарлау және қажетті ресурстарды тарту болып табылады. Дипломдық жұмыстың 2-бөлімінде кәсіпорынның экономикалық нәтижелігін талдау үшін Агрофирма «Ақтық» АҚ алынды. Агрофирма «Ақтық» АҚ мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өткізу арқылы пайда табу. Кәсіпорын тұқым өндірісі мен өнімділік деңгейін көтеру мақсатында өсімдіктер арасында жұқпалы аурулардың таралуын болжайтын және анықтайтын мониторинг жиі жасайды. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғайтын аса тиімді әдістер қолданылады және мол өнім алу үшін жаңа технологияларды енгізеді, өндіріс жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен арнайы инвестициялар тартылады. Дипломдық жұмыстың 3-бөлімінде ұсыныс ретінде заманауи үлгідегі өздігінен жүретін сепкіш 4730 және пневматикалық сепкіш 1830 техникаларын лизингке алу ұсынылып, бұл өндірістегі жаңа технологияның 10 жылдық бизнес-жоспары жасалынды. Талдау барысында жасалған ұсыныс кәсіпорын үшін үлкен нәтижелік әкелетіні анықталды. Алайда ауылшаруашылығы тек экономикалық болжауға ғана тәуелді емес, сонымен қатар табиғат жағдайлары кәсіпорынның өнімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан да бұл жерде кадр мәселесі қайтадан алдыдан шығады. Жақсы агрономдар мен селекционерлердің болуы астық дақылдарын өсіретін кәсіпорындар үшін маңызды. Агрофирма «Ақтық» АҚ-ның технологиялық ресурстарын басқару үшін стратегиялық жоспарлау қолдануды көздеу керек. Бұл ұзақ уақыттық жұмыс тәжірибенің арқасында стратегиялық және ғылыми-техникалық жоспарлау бағдарламасын қолдануды жоспарлауды қажет етеді. Бұл жүйе жоспарлау мен басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі міндеттерін кешенді шешуді қамтамасыз етеді. Бұл міндеттерге қызметтер көлемін объектілер бойынша есептеу, қаржылық, материалды-техникалық, адамдық ресурстарына деген қажеттіліктерді анықтау, осы жүйе негізінде жабдықтаушыларға, құрылыс бағыттарына, құрылыстарға, атқарушыларға қатысты жұмыстар бағдарламасын құру шаралары және т.б. жатады. Бағдарламада қызмет етудің қабылданған технологиясы, ресурстық және басқа да шектеулер ескеріледі. Бағдарламада құрылыс бойынша нормативтік базасы, яғни, материалдардың, машиналардың, еңбек және жалақы механизмдерінің шығындарының сметалық және өндірістік нормалары қолдануды жоспарлайды. Зерттеу барысында нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылық өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорынның дамуының стратегиялық бағыттар жүйесі және экономикалық негіздері бойынша ұсыныстар жасалды: - шаруашылықтың материалды-техникалық базасын кешенді дамуын қамтамасыз ету; -салалық байлықтың дамуы, нарықтық қатынастарды жетілдіру, ғылым мен техниканы дамыту; - амортизациялық аударымдар нормасын және нарықтық капиталдың ұдайы өндірісін жетілдіру; - инвестициялық көлемін, бағытын және құрылымын оңтайландыру және құрылыс өнеркәсібін дамыту, негізгі және айналымдық қаражатына қажетті нормативті базаны жетілдіру; -бизнес-жоспарды жоспарлауды, есепті және ауыл шаруашылық өндірісін басқаруды жетілдіру; -өндірісті орналастыруды, шоғырландыруды, мамандандыруды жетілдіру; - ауыл шаруашылық саласын оңтайлы ұштастыру; - өндірістің технологиясын жетілдіру; - моральдық және материалдық ынталандыруды күшейту; - жергілікті жерлерде жоспарлау-экономикалық қызметті нығайту; - еңбек пен материалдық ресурстарды нормалауды жетілдіру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Н. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы 2. Экономика предприятия // под. ред. проф. Сафронова – М.: Юрист,2012г. 3. Менеджмент организации. //учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 2013 ж. 4. Друри К. Ведение в управленческий и производственный учет // пер. с англ. – М.: аудит, Юнити, 1998ж. 5. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2010 ж. 6. Алдағы шығыстар мен төлемдерге арналған резервтерді есептеу – Тояпаков Ж.С. - Бухгалтер бюллетені, 2011 ж. №50. 7. Ауытов Р., Оспанов М. «Агробизнес теориясы мен тәжірибесі» Алматы, 1997 ж. 8. Гортман В. «Эффективные каналы реализации растеневодческой продукции» // Экономика с/х перерабатывающих предприятие, 2000 №10. 9. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы, Астана – 2003 10. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы,- Алматы, ЖШС Аян -Әдет, 2000ж. 11. ГорфинкельВ.Я. и др. Экономика предприятия. 2-е изд., перераб.и доп -М: ЮНИТИ, 2001г 12. Серова Е.В. Аграрная экономика. Учебник. Высшая школа экономики,-М.,1999г 13. Маденова К.М., Ерназарова А.Қ. Аграрлық экономика. Оқу құралы. Астана -2009 14. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Оқулық, -Алматы. 2003ж 15. Донскова С. В. «Экономика хранения и переработки зерна» Москва, 1990г. 16. Абдельдина Р. И., Белгібаев К. М. «Экономика сельского хояйства» Алматы. 1996г. 17. 2003-2005 жылдардағы ҚР-ның мемлекеттік азық- түлік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі корытындылары, Астана, 2005жыл. 18. Сейткасымов Г.С. Ақша, несие, банктер.- Алматы, 2000ж. 19. Әбдіманапов Ә.Қаржылық есеп: Оқулық – Алматы, 2007.417-438 б. 20. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы (өзгерістер және толықтырулармен). URL: www.mf.minfin.kz. 21. 18-ХҚЕС (IAS 18) «Табыс».URL: www.mf.minfin.kz 22. Агрофирма «Ақтық»АҚ жарғысы 23. Агрофирма «Ақтық»АҚ-ның қаржылық есеп формалары Қосымшалар
Қосымша 1. Өздігінен жүретін сепкіш 4730
Қосымша 2. Пневматикалық сепкіш 1830
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|