Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі 4 страница




Осы жағдайларда қызмет көрсету жүйесінде маркетингтік қызметті ұйымдастыру барысында төмендегі жайттарды ескеру қажет:

1) Шаруашылықтарға өндірістік қызмет көрсету көлемі мен өндірістің табиғи климаттық жағдайлары арасындағы тығыз байланысты. Осыған байланысты қызмет көрсетуші кәсіпорындар жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігіне қол жеткізу мүмкіндіктері бар өндірістік қуаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл қатаң белгіленген мерзімдерде аз жоғалтулармен шығындарды жұмсай отырып, жоғарғы сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші кәсіпорындардағы артық өндірістік қуаттардың болуы қосымша шығындарға және жеке өндірістік қызметтер бойынша зиянға, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтардың толық тиелмеуіне алып келуі мүмкін.

2) Көрсетілетін өндірістік қызметтердің ерекшеліктерімен жағдайлары. Мұнда үлкен емес жер телімдерінде қиылысудың болуы, өңдеу кезіндегі топырақтың кедергісінің үлесі, тастылығы және басқа да сипаттамалары егін шаруашылығындағы далалық жұмыстарды орындаудағы қызметтер шығындарының өсуін негіздейді.

3) Бірлескен шаруашылық қызметтердің нәтижелеріне елеулі әсер ететін жергілікті табиғи-климаттық жағдайдың сипаттамасы және қызметті тұтыншылардың аумақтық орналасуы. Қызметті тұтынушылар бір-бірімен ара қашықтықпен түрлі сападағы автожолдармен, теміржолының болу, болмауымен, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету деңгейімен және т.б. ерекшеленеді. Осы жағдайларды және егу, жинау басқа да жұмыстарды жүргізу мерзімдеріне әсерін тигізетін табиғи-климаттық факторлардың әсерін есепке алу қызмет көрсетуші кәсіпорынға қызмет көрсету аймағында қызметтердің кезектілігімен оларды көрсету мерзімдерін оңтайлы жоспарлауға техниканы жылжыту уақыты мен қаржыларын қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, астықты жинайын мехникаландырылған топтарды бір табиғи-климаттық аймақтан екіншісіне жылжыту ауыл шаруашылығы дақылдарының пісу мерзімдеріне байланысты болады.

4) Қазіргі заманғы қызмет көрсетуші кәсіпорындардың өндірістік қызметінің ерекшелігі болып жедел түрдегі егу, жинау және басқа да далалық жұмыстарды орындау кезеңінде олардың қызметтерінің үнемі қажеттілігі табылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісіндегі қоғам үшін маңызды ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты және кепілделінген өнім құрылуы және өңделуімен айқындалады. Мұндай экономикалық жағдай маркетингтік зерттеу үрдісінде қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндірістік қызметтерге деген сұранысты болжауға мүмкіндік береді. Орындалатын қызмет көрсетілетін жұмыстардың жеделдігін және қызмет көрсетуші кәсіпорындар қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін өндірістік қызметтерге деген сұранысты басқару бойынша келесі маркетингтік тұжырымдар іске асырылуы мүмкін:
а) қызмет көрсетуші кәсіпорынның жеке бөлімшелері қызметінің түрі мен сипаты және көлемінің маусымдық өгеруі. Осыған байланысты олардың қызметін күрделі және ұзақ мерзімді жөндеу техникалық жұмыстардың күзде немесе қыста орындалатындай етіп жоспарлау қажет. Ал дала жұмыстарының қызған кездегі яғни, өндірістік қызметтерге ең жоғары деңгейде сұраныс болған кезде қызмет көрсетуші кәсіпорындардың барлық ресурстары техниканың тоқтауларын жедел түрде жою негізінде машина-технологиялық бекеттердің жұмысының үзілістігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс;
б) күрт өсетін дала жұмыстарының орта кезеңінің басына немесе аяғына қарай өндірістік қызметтерді жылжыту үшін реттелінген және икемді бағалар жүйесін қолдану. Осы арқылы қызмет көрсетуші кәсіпорынның өндірістік қуатын біріңғай және тұрақты тиелуіне қол жеткізілініп, оның қызметінідегі артық тиеу жойылады. Кейбір жағдайларда мерзімін кейінге қалдыруға болмайтын қызметтерді жедел орындау үшін бекітілген бағаларды жоғарлату мәселелері қарастырылуы мүмкін;

в) жоғары сұраныс кезінде көптеп қызмет көрсетуді орындаған кезде кәсіпорында мамандармен өндірістік техникалық мамандармен инженерлік техникалық қызметкерлердің қызметтерін араластыру. Осы мақсатта жоғарғы біліктілікті мамандарды сырттан шақыру, соның ішінде жақын оналасқан аудандардан, ауылдардан, қалалардан білікті мамандарды жұмысқа тарту мүмкінділігі қарастырылады;

г) өндірістік қызметтерге деген сұраныстың жоғарылауына бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізу. Бұл қызметтердің жаңа түрлерімен формаларын тұрақты тапсырыс берушілер үшін жеңілдіктер беру жүйесін жаңа жоғарғы тиімді технологияларда жұмыстарды орындауды, жарнамалық қыметтерді өткізуді жоғары өнімділікті ауыл шаруашылығы машиналардың жаңа үлгілерін көрсетуді қарастырады. Әсіресе аса күрделі және қымбат арнайы техникаға қатысты: экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, автокрандар және т.б. қанағаттандырылмаған қажеттілктерді анықтау үшін тапсырушылармен үнемі жұмыс жүргізуді орындау қажет.

5) Қалыпты бәсекелік ортаны қалыптастыру. Қызмет көрсетуші кәсіпорынның қызметінің табысты болуы үшін бәскелестер, көрсететін негізгі қызмет түрлері, тұтынушылар, қызмет көрсету сапасы мен деңгейі туралы ақпаратты жүйелі түрде жинап талдау жасау қажет. Мұндай ақпарат меншікті күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, басқалардың жасаған қателіктерін ескеруге, өзінің бәсекелестік артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі іс-жүзіндегі бәсекелестік қызмет көрсету жүйесінде, жедел дала жұмыстарын орындау, жоғарғы тиімділікті техниканы пайдалану сияқты қызметтер төмен деңгейдегі интенсивтілікпен ерекшеленеді. Мұндай жағдай қызмет көрсетуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге және басқа да ауыл шаруашылығы субъектілеріне қатысты монополдық жағдайымен сипатталады. Өндірістік қызмет саласының толықтырумен қатар қызмет көрсетуші кәсіпорындар арасында бірінші белгілер байқалып, күшейюде. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындар баға мен сапасын және жұмысты орындау мерзімдерін ескере отырып, өндірістік қызмет көрсетуді жүргізушілерді нақты таңдау мүмкіндігі болады.

Сонымен, нарықтық қатынастарға өту жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына өндірістік қызмет көрсету тиімділігінің дамуы маркетинг және өзара тиімді экономикалық қатынастарға негізделе отырып, ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің тұрақты өсуінің және тұрақтандырудың, ауыл шаруашылығы саласын жаңа қазіргі заманғы индустриалдық негізге өткізудің маңызды факторы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорындардың экономикалық тетіктерінің әрекет етуінен басқа кәсіпорындардың ішіндегі және сыртқы – ресурстармен жабдықтаушылар мен өндірістік қызметті тұтынушылардың арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттер жиынтығын қамтитын ұйымдастыру тетіктерін қарастыру қажет.

Кәсіпорынның астық өнімдерін өндіру және өткізудің нәтижелігіне әсер ететін факторлар, жағдайлар жіктеліп, олар бойынша ұсыныстар жасалды:

Нарықтық капитал қалыптасуымен және жетілдіруімен байланысты факторлар тобы, ғылыми-негізделген нормативке сәйкес нарықтық капиталдың бар болуы:

- шаруашылықтың оңтайлы капиталмен жарақтануы және нарықтық капиталдың тиімді құрылымы, капиталдың жеке топтың ішінде пропорционалдықты қамтамасыз ету;

- ауылшаруашылығын механизациялау мен электрлендіру саласындағы ғылыми-техникалық ілгерілеу, ғылым мен техниканың жетістіктерін жасалып жатқан еңбек пен құралдарда заттандыру (іске асыру) және олардың пайданы тұтыну қасиетін жақсарту, үдерістерді кешенді механизациялау мен автоматтандыру, тракторлардың тиісті маркаларын ауылшаруашылық машиналарының толық жиынтығымен қамтамасыз ету;

- нарықтық капиталдың қызмет етуімен байланысты факторлар тобы: тракторлардың, комбайндардың, автомобильдердің қозғалтқыштарының қуатын толық пайдалану, машиналар мен агрегаттардың жұмыс жылдамдығын, негізгі және айналым қаражатын пайдалануды интенсивтендірудің деңгейін көтеру;

- ауылшаруашылық машиналарының сменалық жұмыс коэффициентін көтеру, олардың смена, тәулік, маусым, жыл бойы өнімді жұмысының уақытын көбейту, смена ішіндегі тоқтаптұруды, машина жұмысын орындаған кезде жұмыс уақытын жоғалтуды қысқарту есебінен капиталды интенсивті пайдалануды жақсарту;

-техниканы жөндеуді жетілдіру, жөндеу базасын нығайту және техникалық құралдарды сақтауды ұйымдастыру;

-ауылшаруашылық мамандарын даярлау және олардың біліктілігін көтеру, мамандарды ауылда тұрақтандыру, өндірістік емес сома бойынша шаруашылықтың нарықтық капиталмен қамтамасыз етілуі, ауылдың әлеуметтік дамуы;

-шаруашылықтардың өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуі, өндірістік пен еңбек үдерістерін жетілдіру, өндірістің құрылымын жақсарту;

2. Астықты өндіру және өткізудің табыстылығына әсер ететін жағдайлар:

-егін шаруашылық сапасында ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, өндірістің индустриялық технологияларын кеңінен қолдану, күріш өсірудің ауыспалы егістік жүйесін, агротехникасын жетілдіру, минералды-органикалық тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғаудың химиялық құралдарын қолдану, селекциялық жұмыс, тұқым шаруашылығы, мелиорация (жерді жақсарту), жердің табиғи құндылығын арттыру, өндірістің оңтайлы құрылымы;

-ауыл шаруашылығының дақылдарының түсімділігін және малдың өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, нарық капиталының айналымын қаражаттармен қамтамасыз етілуі;

- өндірісті мамандандыру мен шоғырландыру, ауыл шаруашылығының оңтайлы құрылымы, өндірістік және әлеуметтік инфақұрылымды жасау және ауылдың әлеуметтік мәселелерін кешенді шешу.

3. Астықты өндіру және өткізудің табыстылығын көтеруге бағытталған шаралар:

а) жалпы экономикалық шаралар:

-шаруашылықтың материалды-техникалық базасын кешенді дамуын қамтамасыз ету;

-салалық байлықтың дамуы, нарықтық қатынастарды жетілдіру, ғылым мен техниканың дамуы;

- амортизациялық аударымдар нормасын және нарықтық капиталдың ұдайы өндірісін жетілдіру;

- инвестициялық көлемін, бағытын және құрылымын оңтайландыру және құрылыс өнеркәсібін дамыту, негізгі және айналымдық қаражатына қажетті нормативті базаны жетілдіру;

-бизнес-жоспарды жоспарлауды, есепті және ауыл шаруашылық өндірісін басқаруды жетілдіру;

ә) салалық және өндіріс ішіндегі шаралар:

-өндірісті орналастыруды, шоғырландыруды, мамандандыруды жетілдіру;

- ауыл шаруашылық саласын оңтайлы ұштастыру;

- өндірістің технологиясын жетілдіру;

- моральдық және материалдық ынталандыруды күшейту;

- жергілікті жерлерде жоспарлау-экономикалық қызметті нығайту;

- еңбек пен материалдық ресурстарды нормалауды жетілдіру.

Инновациялық стратегиясы кәсіпорынның мақсаты мен миссиясына жету жолындағы қазіргі нарық пен сондай-ақ жаңа нарықтағы технологиялар мен тауарларды жылжытуға байланысты жаңашылдықтарымен ерекшеленетін маңызды құралдардың бірі болып табылады.

Кәсіпорынның инновациялық стратегиялары, бәрінен бұрын, ішкі және сыртқы орта ерекшеліктері мен жағдайының өзгеруіне байланысты шағын кәсіпкерлік сіубъектілерінің мүмкіншіліктерін толыққанды пайдалану мен дамытуға бағытталған.

Инновацияның жалпы теориясында кәсіпорынның инновациялық стратегияларының кең тараған түрлерінің бірі Ансоф матрицасымен сипатталатын төрт интенсивті даму үстіндегі даму стратегия.

 

Кесте 24

Агрофирма «Ақтық» АҚ-да инновацияның кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруіне және экономикалық тиімділікке әсерінің матрицасы

 

Инновацияның интенсивтілігі мен масштабы Сәйкес ұйымдық инновациялар Экономикалық тиімділік
Игерілген өнім Игерілген технология Игерілген нарық Өнімді жетілдіру қолданыстағы ұйым шегінде жүргізілуі мүмкін Жоғары кірістер, резервтік капиталдың қалыптасуы, еңбек ақы қорының өсуі
Жаңа өнім Игерілген технология Игерілген нарық Зерттеу бөлімшесінде жаңа жобалық топ немесе/және сынақ зертханасы пайда болады Тұрақты кірістер, еңбек интенсивтілігі, инвестиция тартушылық
Игерілген өнім Игерілген технология Жаңа нарық Қолданыстағы ұйым мүлдем өзгермейді. Маркетинг қызметіне жаңа нарықты зерттеп-білу жүктеледі, сатып-өткізу тобы құрылуы мүмкін Енгізу мәресіндегі пайда, кәсіпорынның танымалдылығы, маркетингтік біліктілікке ие болуы
Жаңа өнім Игерілген технология Жаңа нарық Маркетинг қызметі мен зерттеу бөлімшесінен бөлінген персоналы бар жаңа өнімді енгізу тобы құрылуы мүмкін. Жаңа өнімді қайта жобалауға кететін шығынның азаюы және қосымша күшке негізделген маркетинг
Жаңа өнім Жаңа технология Игерілген нарық Маркетинг қызметі мен зерттеу бөлімшесінен бөлінген персоналы бар жаңа өнімді енгізу тобы құрылуы мүмкін. Өз жұмысында топ маркетинг және сатып-өткізу қызметтерінің көмектерін пайдаланады Еңбек ресурстарын шоғырландыру арқылы бәсекеге қабілетті маркетингті қалыптастыру, өнімді өткізу нарығын кеңейту, қолдағы бар табыстылық нормасын арттыру
Жаңа өнім Жаңа технология Жаңа нарық Кәсіпорын қызметінің жаңа бағыты жаңа бөлімше және тәуекел түріндегі қолданыстағы ұйымдық құрылымды толықтыратын мүлдем жаңа ұйымдасьыруды талап етеді. Өндірістен сатуға дейінгі мерзімнің азаюы, ұйымның инновациялылығының жоғарылауы, инновациялық өнімнің нарыққа шығуы
Ескерту- Автор құрастырған

 

Инновация аясындағы кәсіпкерліктің ұйымдық құрылымы инновациялық қызметтің масштабы мен интенсивтілігіне тәуелді болғандықтан, инновацияның кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруіне және экономикалық тиімділікке әсерін айқындайтын матрицаны жасадық. (3-кесте).

Инновациялық үрдістерді басқарудың ұйымдық құрылымын жасау кезінде кәсіпорынның кадрлық потенциалына басты назар аудару қажет. Кәсіпорын үшін ол өнертапқыштылық, коммуникабельділік, творчестволық талаптарын қанағаттандыратын жұмыскерлерді іздеу дегенді білдіреді. Шағын инновациялық кәсіпорындарда мүмкіндіктердің шектеулілігіне байланысты кадрлар жоғарыбілікті мамандар қажет етілетіндіктен, сайыстық негізді іріктеледі. Соған орай бір маман бірнеше жұмыскердің орнын баса алуы керек, немесе бір-бірін толықтырушы жұмыстар маманның мүмкіндігі мен ынтасына сай келуі тиіс. Сондай-ақ инновациялық кәсіпорын басқа кәсіпорындарға қарағанда, еңбек төлемін жасауға қаржылай мүмкіктері болуы қажет.

SWOTталдау нәтижесінде басқарушы жүйенің даму стратегиясы қалыптасады (фирмалар, ұйымдар, социум).

 

Кесте 25 - Агрофирма «Ақтық» АҚ-ның қызметінің SWOT талдауы

 

Күшті жағы Әлсіз жағы
- Барлық өндірілген өнім сапалы және сапалығын дәлелдейтін сертификацияланған құжаттары бар; - Компанияның саясаты клиенттермен компания қызметкерлері арасында барынша қарапайым байланыс орнату; - компанияның әлсіз жақтарын және қауіптерін жоюда қаржылық және кадр потенциалы жеткілікті; - компанияның қосымша көздерден қаражаттар тарту мүмкіндігі бар; - жоғары кәсіби білікті персоналды таңдау жоспары бар; - ішкі шаруашылық қызметті қатаң бақылау; - жаңа жобаларды іске асыру үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру; - басқарушы іскерлік және ұйымдастырушылық сапаларымен, болашақты көре білетін, жаңашыл, жоғары кәсіби білікті, істі соңына дейін жеткізетін жауапкершілік қаситеттерді иеленеді. Лизинг компанияларының алдында міндеттемелерінің болуы
Мүмкіндіктер Қауіптер
- Жергілікті басқару органдарын ауылшаруашылығы саласын дамытуға қызығушылықтарын тудыру; - Агрофирма «Ақтық» АҚ интенсивті өнім өндірісін дамытып Жамбыл облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру түрлері бойынша негізгі жеткізіп берушілердің қатарында болу; - Компанияның бірден бір басымдықтарының бірі клиенттерге сапалы өнімді қамтамасыз ете отырып, азық түлік нарығында жағымды позицияны иелену; - үкіметтің салық саясатын өзгерту – салықтың деңгейін өсіру өнім бағасының өсуіне де әсер етеді және соның салдарынан нарықта өнім баяу жылжиды; - өмір сүру деңгейінің төмендеуі - өнімді өткізу қарқынына жылдам әсер етеді; - компания өндіретін өніммен бірдей өнімдердің нарыққа көптеп шығуы; - сұранысты, өнім бағасын және бәсекелестерді дұрыс бағаламау; - судың жетіспеуі.
Ескерту – Агрофирма «Ақтық» АҚ-ның мәліметтері негізінде автордың құрастыруы

 

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).

 

Жаңа мүмкіндіктерді пайдаланубойынша әрекеттер (шетел нарыктарын ашатын жаңа технологиялар, жаңа тауарлар, бәсекелескомпаниянысатыпалумүмкіндігі, жаңа саудалық келісімдер)  
Саладағы жағдайлардың өзгеруін қамтамасыз ететін жауапты әрекеттер (тауарғаталаптардың өзгеруі, мемлекеттік емес шектеулер, белгіленген мөлшердің өзгеруі, жаңа бәсекелестердің келуі және кетуі)  
Қысқа мерзімді табыстылықты жақсарту әрекеттер  
Шығарылған өнімнің ассортиментін кеңейту және тоқтатуға, тауар сапасын немесе сатып алушыларды модификациялауды өзгертуге күш салу  
Негізгі функциялар мен әрекеттерді анықтайтын қадамдар мен тәсіддер
Бәсекелестік әрекетіне қарсықорғану шаралары және сыртқы қауіп-қатерден қорғану  
Компанияның стратегиясын анықтайтын әрекеттер мен тәсілдер  
Алға және кейін интеграциялау бойынша күш салу  
Ұзақ мерзімді бәсекелестік позицияны күшейту үшін жаңа шабуылдық әрекеттер және бәсекелестік басымдьшықты сақтау  
Компанияның табыс базасын әртараптандыру бойынша қадамдар және қызметтің жаңа саласына немесе өрісіне бірлесіп ену  
Географиялықтаралудың өзгерістері бойынша күш салу

 

 


Сурет 1 - Кәсіпорынның басқару стратегиясы[Ескерту – Автормен құрастырылған]

 

Біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия түпкі мақсаттардан ешқандай мәнге ие болмайды. Егер де мақсат түсініктері болмаса ешқандай стратегия және ешқандай стратегиялық жоспарлау көмектесе алмайды (немесе мақсатты таңдауда – метанияның бар болуы). Мақсаттарға әдетте пікір-талас барысында және болашақ компанияны бүгінгі күн жағдайымен талқылау арқылы қол жеткізуге болады.

Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Автордың пікірі бойынша, мақсаттарды барлық мүмкін тәсілдермен реттілікпен және тұрақты түрде талқылау қажет. Түсіндірулер, диалогтар, дискуссиялар әртүрлі сөздер тізбегінсіз түсінікті әрі анық тілде жазылуы қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных