Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 1. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаты және дебиторлық борыштар 3 страница




Үздiксiз есеп жүргiзу жүйесiн қолдану барысында ТМҚ-дың келiп түсуi мен шығуы олардың баланстық шоттарында толық жүргiзiледi.

Материалдық құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.

 

ТМҚ бойынша операциялар есері

 

№№ Операциялар мазмүны Дт Кт
  Жабдықтаушылардан материалдар кірістелді    
  Есеп беруге тиісті сомамен сатып алынған шикізаттар кірістелді    
  Жеке тұлғалардан сатып алынған материалдар қоймаға кірістелі 1310,  
  Тегін пайдалануға материлдар есепке алынды    
  Түгендеу нәтижесінде артық шыққан шикізат кіске алынды    
  Негізгі өндіріске материалдар қоймадан босатылды    
  Жалпы және әкімшілік қажеттілігікке материалдар жұмсалды   1310,
       

 

Қорытынды:

Тауарлық-материалдық құндылықтар қысқа мерзімді активтер болып табылады және бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінде есепке алынады. Материалдық құндылықтар айналым активтерінің ішінде өтімділігі жоғары активтерге жатпайды. Өйткені, бұл баптың ақша құралына айналуы үшін тек сатып алушыны табуға ғана емес, сонымен бірге сатып алушының сатылған ТМҚ үшін мерзімінде төлеуіне де біраз уақыт қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар ТМҚ есепке алғанда және бағалағанда №2 «Қорлар» атты қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына және №2 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты қаржылық есептіліктің ұллтық қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына стандартына негізделеді. Аталмыш стандарттарда стандартың әрекет ететін саласы, ТМҚ өлшеу және бағалау, олардың өзіндік құнын анықтау тәртібі, шығыстарды тану, есептілікте ашып көрсету мәселелері қарастырылған.

 

Әдістемелік нұсқау:

«Қорлар есебі (ХҚЕС 2)» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).

Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).

Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.

Тестіні орындаңыз.

Ситуациялық есепті шығарыңыз.

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Негізгі әдебиет:

1. ҚР 28 ақпан 2007 жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы.

2. Международные стандарты финансовой отчетности. Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1января 2005 года М.: Аскери, 2006 г.

3. Ф.С. Сейдахметова «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008ж.

4. Тулешова Г.К. Учет и отчетность по международным стандартам. Алматы, 2005 г.

5. Акимова Б.Ж. Финансовый учет II/ Учебное пособие - Астана: 2010 - 180 с.

Қосымша әдебиет:

1. Гершун А.М. и др. Учет по Международным стандартам: учеб. пособие. – 3 изд.. М.: - Фонд развития бухгалтерского учета, 2006 г.

2. Терехова В.А. Международные и национальные стандарты учета и финансовой отчетности. – Москва: «Питер», 2003 г.

3.Нидлз Б., Андерсон X. и др. Принципы бухгалтерского учета. М., 1996.

4. Энтони Р., Рис Д. Ж. Учет: ситуации и примеры. М., 1996.

Kieso D.E., Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992

5. Д. Александер, А. Бриттон, Э. Йориссен Международные стандарты финансовой отчетности. – Москва, «Вершина», 2005 г.

 

Тақырып 3. Негізгі құралдар есебі (ХҚЕС 16)

 

Тақырыптың мақсаты: негізгі құралдар туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Негізгі құралдар туралы түсінік, оларды тану критерийлері және бағалау.

2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.

3. Негізгі құралдардың тозу есебі.

4. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары..

5. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету.

 

Негізгі түсініктер: ұзақ мерзімді активтер, негізгі құалдар, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.

 

Дәріс мазмұны:

Негізгі құралдар есебі 16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер.үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.

Негізгі құралдар объектісі төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде танылуы (есепке алуға) тиісті:

а) Егер кәсіпорынның активпен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;

б) Егер кәсіпорын үшін оларды сатып алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құрал есебін ойдағыдай жүргізу үшін жүйелеп топтастыру қажет. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құрал деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.

Өндірістік емес негізгі құрал қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады. Негізгі құралдар өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы, орман, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату, өткізу әосіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқа ұйымдар,

әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топтастырылады.

Негізгі құрал пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).

2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.

3. Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.

4. Көлік құралдары

5. Басқадай негізгі құралдар.

Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай мсншікті яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:

1. Өзіндік (бастапқы) құны

2. Жойылу құны

3. Амортизациялық (тозу) құны

4. Әділетті (сатып өткізу) құны

5. Баланстық құн

6. Өтелмелі құны

Өзіндік құн (бастапқы)- бұл төленген ақша қаражаттарының немесе баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.

Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі алдымен өзіндік құн бойынша өлшенуге тиіс.

Өзіндік құнның компоненттері:

- жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны оның сатып алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды қамтиды;

- сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған кезде шегеріледі. Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:

1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда;

Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:

1) Нақты ақшаға сатылып алынады.

2) Несиеге алынады.

3) Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады).

4) Басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады.

5) Салу, құру, жасау арқылы алынады.

6) Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.

Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.

Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына кіреді:

Сатып алу бағасы;

Жеткізуге кеткен шығындар;

Қызметкерлерге төленетін өтем ақы;

Және басқа да тікелей шығындар.

Негізгі құралды қарызға алу: ҚЕХС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.

Активтермен алмасу: ҚЕХС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.

Мысалы: Компания автомобильді құрал-жабдыққа ауыстырды. Автомобильдің баланстық құны 450 000 ш.б. (бастапқы құны 500 000 ш.б. шегерілген жинақталған амортизация 50 000 ш.б.) Автомобиль әділ құны сенімді емес.

Шешуі: Компания «Барс» үшін

Дебет 2410 Негізгі құралдар: құрал-жабдық 450 000

Дебет 2420 Автомобильдің жинақталған амортизациясы 50 000

Кредит 2410 Негізгі құралдар - автомобиль 500 000

Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ҚЕХС 20 «Мемлекеттік субсидияны есептеу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» стандартына сәйкес мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар:

Капитал әдісі

Табыс әдісі

Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал түрінде көрсету.

Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе бірнеше есеп мерзімінде тану.

Мысал: 1 мамыр күні әкімшілік кәсіпорынға ғимаратты (әділ құны 400 000 тенге.) және құрал- жабдықты (әділ құны 100 000тенге.) сыйға берді. Заңды рәсімдеу бойынша шығындар 5 000 тенге. кәсіпорынға жүктелді. Табыс шығындары 30%.

А) жер мен ғимарат ешқандай шартсыз берілген;

Б) жер мен ғимарат 2005 жылы 1 мамыр күніне дейін 20 жұмыс орын ашу бойынша шығын 2 000 тенге

Шешуі:

Капитал әдісі 1.05.

Дебет 2410 Жер 105 000

Дебет 2410 Ғимарат 400 000

Кредит 1030 Ақша қаражаттары 5 000

Кредит 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер» 350 000

Кредит3110«Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы 150 000

Табыс әдісі бойынша:

Дебет 2410 Жер 105 000

Дебет 2410 Ғимарат 400 000

Дебет Болашақ кезең шығындары 150 000

Кредит 1030 Ақша қаражаттары 5 000

Кредит Болашақ кезең табыстары 500 000

Кредит 3110 Төленуге тиісті салық 150 000

Б) Жаңа жұмыс орнына кеткен шығындарға байланысты меншіктік капитал мен табыс сомасын азайту керек. Негізгі құралдарды алу кезінде жұмыс орындарын құру бойынша қор тіркеледі.

Шешуі:

Капитал әдісі 1.05.

Дебет Жер 105 000

Дебет Ғимарат 400 000

Кредит Ақша қаражаттары 5 000

Кредит Меншікті капитал: субсидия 322 000

Кредит Төленуге тиісті салық 150 000

Кредит Қор (20 * 2000) 40 000

Табыс әдісі бойынша:

Дебет Жер 105 000

Дебет Ғимарат 400 000

Дебет Болашақ кезең шығындары 138 000

Кредит Ақша қаражаттары 5 000

Кредит Болашақ кезең табыстары 460 000

Кредит Төленуге тиісті салық 138 000

Кредит Қор 40 000

Жерді сатып алу егер жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына капитализацияланады.

Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі. Негізгі құралдар кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:

- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;

- моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;

-объектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;

- табиғи апат, авария және басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде;

- басқа субъектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша тапсыру;

- бұрын жалға сатып алу құқығымен берілген объектілер бойынша меншік құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;

- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;

Негізгі құралдар кәсіпорыннан қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін бастапқы құны мсн тозу сомасы есептсн шығарылады. Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.

Тозу дегеніміз-негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.

Негізгі құралдар шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндылықтарын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Оны амортизация деп атаймыз.

Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі құрал объектісінің жалпы өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компоненті жеке амортизациялануы тиіс. Негізгі құралдардың амортизациялық құны жүйелі түрде объектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып отырылуы керек.

16 ХҚЕС-қа сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:

1.құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

2.құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

3.жеделдетіп есептен шығару;

а) қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

Негізгі құрадардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құраддың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін тандау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің кұны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзактығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі
белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс.

Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны — 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғыамортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 тенге болады.

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

(Бастапқы құн – жойылу құны) / пайдалану мерзімі = (100000 - 10000) / 5 = = 18000 теңге

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18000: 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

Кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу

Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның жыддык сомасы Жинакталған тозу сомасы Қалдык құны
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында        
2-ші жылдың аяғында 100 000      
3-ші жылдың аяғында 100 000      
4-ші жылдың аяғында 100 000      
5-ші жылдың аяғында        

 

Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.

Амортизацияны (тозуды) орындалған жүмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокелік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялык шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

(Бастапқы құн - жойылу құны) / Орыңдалатын жүмыстың болжамды мөлшері = (100 000 -10 000): 900000 км = 0,10 теңге

Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы — 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы — 100000 шақырым, төртінші жылы — 200000 шақырым және бесінші жылы — 100000 шақырым жол жүреді деп шамаланса - амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

 

Кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу

 

Мерзімі Бастапқы құны Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған жылдық амор-тизацияланған сомасы Айға есеп-телген амортизацияның сомасы (тенге)
Сатып алынған мерзімі:        
1-ші жылдың аяғында   40%х100000=40000    
2-ші жылдың аяғында   40%х60000=24000    
3-ші жылдың аяғында   40%х36000= 14400    
4-ші жылдың аяғында   40%x21600=8640    
5-ші жылдың аяғында        

 

Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесіңде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинакталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.

Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

Амортизацияны (тозуды) есептеудіңжеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында ендірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт әсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның мына түрін ұсынады:

а) Азайып отыратын қалдық әдісі.

 

Қорытынды:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных