Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 1. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаты және дебиторлық борыштар 4 страница




Негізгі құралдар кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын болса және бір кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанса, ұзақ мерзімді активтер ретінде танылып есепке алынады. Негізгі құралдар есебін №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» ҚЕХС-ты реттейді. Стандарт бойынша амортизация есептеудің үш тәсілі ұсынылған: құнды бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісі, кемімелі қалдық әдісі және амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).

 

Әдістемелік нұсқау:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеу.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беру

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Негізгі әдебиет:

1. ҚР 28 ақпан 2007 жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы .

2. Международные стандарты финансовой отчетности. Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1января 2005 года М. : Аскери, 2006 г.

3. Ф.С. Сейдахметова «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008ж.

4. Тулешова Г.К. Учет и отчетность по международным стандартам. Алматы, 2005 г.

5. Акимова Б.Ж. Финансовый учет II/ Учебное пособие - Астана: 2010 - 180 с.

Қосымша әдебиет:

1. Гершун А.М. и др. Учет по Международным стандартам: учеб. пособие. – 3 изд.. М.: - Фонд развития бухгалтерского учета, 2006 г.

2. Терехова В.А. Международные и национальные стандарты учета и финансовой отчетности. – Москва: «Питер», 2003 г.

3.Нидлз Б., Андерсон X. и др. Принципы бухгалтерского учета. М. , 1996.

4. Энтони Р. , Рис Д. Ж. Учет: ситуации и примеры. М. , 1996.

Kieso D.E., Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992

5. Д. Александер, А. Бриттон, Э. Йориссен Международные стандарты финансовой отчетности. – Москва, «Вершина», 2005 г.

 

Тақырып 4. Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)

 

Тақырыптың мақсаты: материалдық емес активтер туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Материалдық емес активтер туралы түсінік, олардың жіктелуі және бағалануы.

2. Материалдық емес активтер қозғалысының есебі.

3. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу есебі.

 

Негізгі түсініктер: материалдық емес активтер, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.

 

Дәріс мазмұны:

Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.

МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды
сатып өткізу операцияларына, өкімшілік мақсаттарға үзақ уақыт (1
жылдан артық) пайдаланылатын және басқа субъектіге жалға беруге
арналғандығын айқындауға болатын, үйым бақылау жүргізе алатын,
сондай-ақ пайдаланған үйым келешекте табыс күтетін ақшалай емес
активтерді айтады.

Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы анықтамаға және томендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады, яғни есепке алынады:

1. Егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса.

2. Егер актив қүны дұрыс анықталса.

МЕА-дің түрлері:

Авторлық қүқық-ғылыми туындыны, әдеби музыкалық шығарманы басуға, шығаруға, орындауға, пайдалануға қүқық береді.

Патент- оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде онім ондіруге немесе сатып откізуге қүқық береді.

Өндірістік үлгілерге беретін қүқық-онімнің сыртқы түрін анықтайтын коркемдік және консультациялық шешімдерді қолдануға ерекше қүқық береді

Тауар белгілері-белгілі , бір үйымның ондірісті-нфнімдерін немесе корсететін қызметтерін басқа үйымдардағы біртекті тауар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер.

Лицензиялық келісім-патент иесі озінің лицензиятымен қандай да бір онімді сатып откізуге ерекше қүқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт.

Гудвилл-фирма бағасы. Фирманың іскерлік репутациясы. Ол жүмыс істеп түрған кәсіпорынды түтас немесе оның қүрылымдық болімшелерін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындар активтердің баланстық қүнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады.

• Үйымдастыру шығындары-субъектінің қүрылуына байланысты
(мемлекеттік тіркеуден откенге дейінгі) шығындар. Үйымдастыру
шығындарына рркеуден оту үшін қажетті қүжаттарды дайындауға
шығындар, қүжатарды дайындау жөне тіркеуден откізу кезіндегі кеңесші қызметінщ шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді бағалау түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау түрлеріне ұқсас болып келеді.

Материалдық емес активтер есебі Типтік Шоттар жоспарының 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінде:

2710 – Гудвилл

2720-Гудвиллдың құнсыздануы

2730-Басқа да материалдық емес активтер

2740-Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы шоттарында жүргізіледі. Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтерды бастапқы құны бойынша анықталады:

Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылыққорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынатын материалдық емес активтердің блағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардантегін,сый ретінде алынған материалдық емес сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

Басқа шаруашылық субъектілерінде,заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан салытып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттардаакционерлік қоғамдар менжекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу-Хоу»- деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектігетабыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды ,құпия мәліметтерді ,айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

(2730)-шотта. Лицензиялық келісімдер- дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.

(2730)-шотта материалдық емес активтердің «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептелінеді. «Лицензиялық келісімдер»-дегеніміз бір субъектінің немесе заңды тұлғанаң бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.

(2730)-шотта материалдық емес активтердің «Бағдарламамен жабдықтау »- деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісінің «Програмамен жабдықтау » -деп субъектінің алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

Шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтердің « Патент »-деп аталатын түрі есептелінеді. «Патент»-дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан адамға,топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

«Ұйымдастыру шығындары»- деп аталатын материалдық емес активтердің түрі бос шоттар кестенің (2730)-шотында есептелінеді. «Ұйымдастыру шығындарына» -шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарынатөленген төлемдер ,банктерден есеп айрысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бугалтерлік есеп шоттары бас жоспарының (2710)-шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл»-деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде «Фирма бағасы»- деп атайды «Гудвилл» немесе «Фирма бағасы»-материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір шаруашылық субьъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады.

МЕА-дің амортизациясын есептеу есебі.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып табылады.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барнысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес ативтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп отырады. Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтер пайдалану мерзімі субъетінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда,амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан аспауы керек.

 

Қорытынды:

Материалдық емес активтерге өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын табиғи болмысы жоқ бірегейлендірілген монетарлық емес активтер жатады.МЕА-ң есебі. Бухгалтерлік есептің 38-ші ХҚЕС- на сәйкес есепке алынады.

 

Әдістемелік нұсқау:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеу.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беру

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Негізгі әдебиет:

1. ҚР 28 ақпан 2007 жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы .

2. Международные стандарты финансовой отчетности. Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1января 2005 года М. : Аскери, 2006 г.

3. Ф.С. Сейдахметова «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008ж.

4. Тулешова Г.К. Учет и отчетность по международным стандартам. Алматы, 2005 г.

5. Акимова Б.Ж. Финансовый учет II/ Учебное пособие - Астана: 2010 - 180 с.

Қосымша әдебиет:

1. Гершун А.М. и др. Учет по Международным стандартам: учеб. пособие. – 3 изд.. М.: - Фонд развития бухгалтерского учета, 2006 г.

2. Терехова В.А. Международные и национальные стандарты учета и финансовой отчетности. – Москва: «Питер», 2003 г.

3.Нидлз Б., Андерсон X. и др. Принципы бухгалтерского учета. М. , 1996.

4. Энтони Р. , Рис Д. Ж. Учет: ситуации и примеры. М. , 1996.

Kieso D.E., Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992

5. Д. Александер, А. Бриттон, Э. Йориссен Международные стандарты финансовой отчетности. – Москва, «Вершина», 2005 г.

 

Тақырып 5. Активтердің құнсыздануы (36 ҚЕХС)

 

Сабақтың мақсаты: Активтердің құнсыздануы түсінігін ашу және 36 ҚЕХС-ті қолдануды үйрену.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Активтердің құнсыздануы түсінігін

2. 36 ҚЕХС қолдану аясы

3. Орны толтырылатын құн.

4. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн.

5. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік.

6.Құнсыздану белгілері. Құнсызданудан алынатын зиянды тану.

7. Құнсызданудан алынатын інинды қайта қалпына келтіру (реверсирование).

8. Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.

Негізгі түсініктер: Активтердің құнсыздануы, Орны толтырылатын құн, орны толтырылатын құн, басты (генерирующая) бірлік, Құнсыздану белгілері, Құнсызданудан алынатын інинды қайта қалпына келтіру (реверсирование).

Дәрістің мазмұны:

36 Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.

36 Стандарт мыналардан басқа барлық активтердің құнсыздануын есепке алу үшін қолданылуға тиіс:

(а) босалқыларды (2-"Босалқылар" IAS Халықаралық стандартын қараңыз);

(b) құрылыс салуға жасалған шарттардан туындайтын активтерді (11-"Құрылыс салуға жасалған шарттар" IAS Халықаралық стандартын қараңыз);

(с) кейінге қалдырылған салық активтерін (12-"Пайдаға салынатын салықтар" IAS Халықаралық стандартын қараңыз);

(d) қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерді (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандартын қараңыз);

(е) 39-"Қаржы құралдары - тану және бағалау" IAS Халықаралық стандартын қолдану саласындағы қаржы активтерін;

(f) әділ құны бойынша бағаланатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті (40-"Инвестициялық жылжымайтын мүлікті" IAS қараңыз);

(g) ауылшаруашылық қызметіне байланысты және көзделген өткізу шығыстары шегерілген әділ құны бойынша бағаланатын биологиялық активтерді (41-"Ауыл шаруашылығын" IAS қараңыз);

(h) кейінге қалдырылған аквизицияланған шығындарды және 4-“Сақтандыру шарттары” IFRS Халықаралық стандарты қолданылатын саладағы сақтандырушының сақтандыру шарттары шеңберіндегі шарттық құқықтарынан туындайтын материалдық емес активтерді;

және

(і) 5-“Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет” IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығып қалу топтарын).

Мынадай терминдер 36 Стандартта төменде көрсетілген мағыналарында пайдаланылады:

Активтік нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:

(а) нарықта мәміле объектілері біртекті болып табылады;

(b) әдетте, кез келген уақытта мәміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін;

және

(c) бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.

Кәсіпорындарды біріктіру туралы келісімнің күні бірігетін тараптардың арасында елеулі келісімге қол жететін күн болып табылады, және, жария листингісі бар ұйымдар болған ретте, жұртшылықтың назарына жеткізіледі, дұшпандық жұтылу жағдайында біріккен тараптардың арасында елеулі келісім жасалатын күн сатып алынатына ұйым иелерінің жеткілікті саны осы сатып алынатын ұйымға бақылау орнату туралы сатып алушы-ұйым ұсыныс қабылдаған күн болып табылады.

Баланстық құн – жинақталған амортизация және құнсызданудан болған жинақталған залал сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.

Қозғалысқа келтіретін бірлік – бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар тасқынына едәуір дәрежеде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.

Корпорациялық активтер – бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын іскерлік беделден басқа активтер.

Шығару шығындары – бұл қаржы шығындарын және, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

Амортизацияланатын құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.

Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.

Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген әділ құн – бұл жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.

Құнсызданудан болған залал – бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.

Активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның әділ құны немесе оны пайдалану құндылығы болып табылады.

Пайдалы қызмет мерзімі – бұл не:

(а) ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі; - не

(b) өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.

Пайдалану құндылығы – бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының дисконтталған құны.

 

Стандарттың мақсаты рәсімді орнату болып табылады, яғни кәсіпорын өтелетін құннан жоғары болмайтын көлемі бойынша өзінің активтерін есепке алу үшін пайдаланылады. Егер оның баланстық құны соммасынан асып жатса және сомма осы активтің сатуынан немесе пайдалануынан өтелетін болса, онда өтелетін құннан жоғары болмайтын көлемі бойынша актив есептелінеді.

Осы жағдайда актив құндылығы төмендеген актив деп танылады, және Стандарт кәсіпорын қамтамасыз етуден шығындарды мойындалуын талап етеді.

Стандарт индикаторлар тізімін анықтайды. Олар кәсіпорынға кез келген жағдайда бағыт көрсетуге және активтердің қамтамасыз ету қажеттілігі туралы шешімін қабылдауға көмек береді.

Стандарт кәсіпорын қамтамасыз ету құнының төмендеуінен шығындарды қалпына келтіру уақытын анықтайды, сонымен қатар құны төмендеген активтерге қатысты ақпаратын ашуына беліленген талаптарды нұсқама жазады.

Стандарт материалды және материалды емес активтердің қамтамасыз ету тәртібін, яғни әр рет сайын баланстық құнымен оның салыстыруын және есеп айырысу жолымен олардың өтелетін құнын, осы көлеміне едәуір әсер ететін жағдайларын анықтайды.

ХҚЕС (IAS) 36 тәжірибиеде кездесетін көптеген болатын түрлі жағдайлардағы есеп айырысу бойынша ұсыныстар мен кеңестерді қамтиды.

ХҚЕС (IAS) 36 келесі құнсыздануларды қамтымайды:

Қорлар (ХҚЕС (IAS) 2);

Мерділерлік келісімнің қорытынды нәтижесінде пайда болатын активтер (ХҚЕС (IAS) 11);

Кейінге қалдырылған салықтық талаптар (ХҚЕС (IAS) 12);

Қызметкерлерге сыйақылардан пайда болатын активтер ( ХҚЕС (IAS) 19);

Қаржылық активтер (еншілес серіктестіктер, қоғамдасақан ұйымдар және бірігіп бақыланатын ұйымдар) (32ХҚЕС (IAS));

Жылжымайтын мүлікке инвестиция, егер әділ құнымен бағаланса (ХҚЕС (IAS) 40;

Ауылшаруашылығына жататын биологиялық активтер, егер олар сату орнында шығындарды алып тастағандағы әділ құнымен өлшенсе (ХҚЕС (IAS) 41 ;

Сақтандыру кәсіпорындарында пайда болатын белгілі активтер (ХҚЕС (IFRS) 3);

Сатуға арналған және жіктелінген актив ретінде активтер (ХҚЕС (IFRS) 5).

Активтердің құнсыздану белгілері

Кәсіпорын әр есепті мерзімде, компания активтерінің құнсыздану ықтималдығына үнемі бақылау жасап отырады. Егер күдікті жағдайлар туындаған мезеңде, компания жедел мерзімде, активтердің құрамына толық талдау жүргізеді. Талдаудың нәтижесінің мақсаты, анықталған болжамды құнсызданудың қорытындысы, активтер баланстық өз құнынын төмен болып, шығындарын өтеу мүмкіндігін болжамдайды.

Активтердің құнсыздану белгілеріне тәуелсіз жыл сайын келесі талдаулар жүргізілу қажет:

Кәсіпорынның біріктіру кезінде ие болған гудвилл;

Пайдалану мерзімі белгіленбеген материалдық емес активтер;

Қолдануға дайын емес активтер.

Құнсызданудың сыртқы белгілер:

Есепті мерзімде активтердің нарықтық құны болжамды деңгейі пайдалану құнынан төмендеп кетті;

Компанияның кәсіпкерлік нәтижесіне кері әсер ететін нәтижелердің болжамды себептері: яғни, технологиялық өзерістер, нарықты, экономикалық және заңдылық қызмет ұрғыларынан болатын әсерлер;

Нарықтық пайыздық мөлшерлердің және нарықтық инвестициялық қызметтердің кірісі есепті мерзімде жоғарлаудың нәтижесінде, активтердің пайдалану құндылығын анықтаудағы дисконттық мөлшерлеменің /ставканың/жоғарлауының әсері етуі, активтердің өтеу құнын төмендеті;







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2022 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных