Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 6. Ұйымның міндеттемелерінің есебі 2 страница




3. Ұйымның шығысының есебі

4. Қорытынды кірісті немесе зиянды тану, жабылушы жазбалар

5. Корпоративті табыс салығы бойьнша шығындар есебі.

 

Негізгі түсініктер: табыс, түсім, шығыс, пайда, зиян

 

Дәрістің негізгі мазмұны

Қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:

Тауарды сатқан кезде;

Қызмет көрсеткен сәтте;

Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.

Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.

Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:

Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;

Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;

операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;

Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.

Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.

Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.

Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;

Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.

Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.

ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.

Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.

Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:

активті бергеннен кейінгі танылған табыс;

активті бергенге дейінгі танылған табыс;

активті беру сәтінде танылған табыс.

Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:

Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.

Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.

№11стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.

Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:

Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100

Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:

Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* (келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)

Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кезкелген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.

Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:

Тура шығыстар- табысппен байланысты өткізілген тауардың өзіндік құны. Мұндай шығыстар дәл сол операциялар немесе оқиғаларды іске асыру нәтижесінде туындайтын табысты танумен бірге танылады.

Кезең шығыстары- -өткізу процессімен байланысты шығыстар және жалпы әкімшілік шығыстар. Бұл шығыстар қай кезеңде туындаса сол кезең ішінде танылады.

Таратылған шығыстар - бұл амортизация және сақтандыру тәріздес шығыстар. Мұндай шығыстар тиісті активтер пайда әкеледі деп күтілетін кезеңдерге жүйелі түрде таратылып бөлінеді.

Өнімді өткізуге тікелей қатысты шығыстар.

Кезең ішінде өнімді сатумен тікелей байланысты шығыстарға әдетте мыналар жатады:

Өндірісте пайдаланылатын материалдар мен еңбектің өзіндік құны немесе есепті кезең ішінде өткізілетін тауарларды, қорларды, шикізатты сатып алу шығыстары (өткізілген тауарлардың өзіндік құны).

Өткізу процессімен байланысты шығыстар (сату бойынша сыйақылар, еңбек ақы, жал, жүкті тасымалдау шығындары).

Сатылған өнімге кепілдемелік міндеттемелер бойынша шығыстар.

Сәйкес келу қағидасына сәйкес,өнімді өткізумен тікелей байланысты шығыстарды өнімді сатумен байланысты табыстар танылатын есепті кезең ішінде шығыс ретінде тану қажет.

Қызметті өткізуге тікелей қатысты шығыстар.

Оларды келесідей жіктеуге болады:

Бастапқы тура шығындар -бұл қызмет көрсету бойынша жүргізілген операциялар және келіссөздермен тікелей байланысты шығындар. Мұндай шығындарға сыйақылар, заң қызметтерін көрсеткені үшін гонорарлар, сауда агенттеріне берілетін өтем ақы жатады.

Қосымша тура шығындар -бұл қызметтерді өткізумен байланысты шығындар. Мысалы, қызмет көрсету мәмілесіне қосылмай қалған, бірақ қызмет көрсету операцияларына қатысқан қосалқы бөлшектер мен еңбек құны.

Барлық тура шығыстарды табыстар мен шығыстардың сәйкес келуі қағидасы бойынша танылатын қызметтен түскен табыс танылған кездегі кезең шығыстары ретінде тану қажет.

Табыс пен шығыстар есебі Типтік шоттар тізбегінің 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттарында есепке алынады. Табыс танылғанда 6-бөлім шоттары кредиттеледі және ал шығыс танылғанда 7-бөлім шоттары кредиттеледі. Есепті кезең аяғында уақытша шоттарда есепке алынған табыстар мен шығыстар есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зиян) шоттарына аударылып жабылады. Табыс шоттары жабылғанда дебеттеледі, ал шығыстар шоттары – кредиттеледі.

 

Қорытынды:

Кәсіпорынның табысы мен шығысының есебі қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Табыстың дұрыс жіктелуі ақпаратты пайдаланушыға компанияның операцияларын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру үшін операциялық қызметтен алынатын және операциялық емес қызметтен алынатын табыстарды бөліп көрсету қажет. Негізгі қызметтен алынған табысты есепке алғанда табысты тану мерзімі негізгі сұрақ болып табылады. Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады.

 

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәріс сұрақтарын оқу барысында кәсіпорын табысы мен шығыстарының жіктелуіне және олардың қаржылық есептілікте танылу шарттарына аса назар аудару керек. Сонымен бірге, берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырып бойынша негізгі түсініктерді беріңіз.

3. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

4. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Негізгі әдебиет:

1. ҚР 28 ақпан 2007 жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы.

2. Международные стандарты финансовой отчетности. Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1января 2005 года М.: Аскери, 2006 г.

3. Ф.С. Сейдахметова «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008ж.

4. Тулешова Г.К. Учет и отчетность по международным стандартам. Алматы, 2005 г.

5. Акимова Б.Ж. Финансовый учет II/ Учебное пособие - Астана: 2010 - 180 с.

Қосымша әдебиет:

1. Гершун А.М. и др. Учет по Международным стандартам: учеб. пособие. – 3 изд.. М.: - Фонд развития бухгалтерского учета, 2006 г.

2. Терехова В.А. Международные и национальные стандарты учета и финансовой отчетности. – Москва: «Питер», 2003 г.

3.Нидлз Б., Андерсон X. и др. Принципы бухгалтерского учета. М., 1996.

4. Энтони Р., Рис Д. Ж. Учет: ситуации и примеры. М., 1996.

Kieso D.E., Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992

5. Д. Александер, А. Бриттон, Э. Йориссен Международные стандарты финансовой отчетности. – Москва, «Вершина», 2005 г.

Тақырып 8. «Капитал және резервтер есебі»

 

Сабақтың мақсаты: меншікті капитал түсінігін тереңдету, серіктестіктегі және акционерлік қоғамдардағы меншікті капитал есебінің ерекшеліктерін білу.

Дәріс сұрақтары:

Меншікті капиталдың қалыптасу тәртібі.

Серіктестіктердегі меншікті капиталдың есебі.

Акционерлік капитал

Төленбеген капитал есебі.

Ұйымның резервтерінің есебі:

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиянды) есебі

 

Негізгі түсініктер: меншікті капитал, жарғылық қор, серіктестік, акционерлік капитал, енгізілген капитал, құрылтайшылар, жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, бөлінбеген пайда, дивидендтер, опцион

 

Дәріс мазмұны

Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.

Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:

- кәсіпорынның құрылуы кезінде меншік иелерінің салған салымдары (жарғылық капитал)

- құрылтайшыларға төленген табыс пен дивидендтерді шегергеннен кейін қалған өткен жылдар мен есепті кезеңнің таза табысы. Корпорациялық табыс салығын төлегеннен кейін кәсіпорынның қарамағынад қалатын табыс таза табыс болып табылады;

- құрылтайшылардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз салымдары.

Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді:

- жарғылық капитал;

- төленбеген капитал;

- жарияланған капитал;

- эмиссиялық кіріс;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);

Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшы құжаттарында тіркеледі.

Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның құрылтайшыларымен анықталады және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады. Жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі, оның функцияларының үш негізгі категорияға бөлінуіне байланысты ерекше маңызға ие болады. Бірінші категориясы – жарғылық капитал ұйымның құрылуы кезінде кәсіпорын қызметін іске асырудың материалдық базасы болып табылады. Жарғыылқ капиталдың екінші функциясы кепілдемелік сипат алады. Өйткені, шаруашылық серіктестік кредиторларының алдында өзіне тиесілі мүлік шегінде жауапкершілікке тартылады.Жарғылық капиталдың үшінші функциясы кәсіпорынның әрбір акционерінің немесе қатысушысының үлесін бекітіп береді.

Шаруашылық серіктестіктің мүлкіне салым ретінде ақша қаражатын, бағалы қағаздарды, материалдық құндылықтарды, ақшалай бағасы бар мүліктік немесе өзге де құқықтарды салады.

Серіктестіктің жарғысын тіркеу кезінде оның иесі тек бір ғана тұлға болып табылса, тіркелген жарғылық капитал сомасы төмендегі бухгалтерлік жазумен беріледі:

Дт жарғылық капиталға жарналар бойынша құрылтайшының қарызы

Кт жарғылық капитал

Егер құрылтайшы жарғылық капиталға өз жарнасын салса,

Дт Ақша немесе мүлік

Кт Құрылтайшы қарызы

Серіктестегі меншікті капиталының есебі жоғарғы жағдайға ұқсас. Негізгі ерекшелігі: әрбір серіктес тұлғаның салған қаржысы мен алған қаражаттарының есебін бөлек жүргізіп отыру керек және пайда мен залалды олардың арасында тең бөлу қажет.

Мысал: Тахир мен Зухра жарғылық капиталы 100 000 доллар құрайтын серіктестікті құруға шешім қабылдады. Құрылтайшылық келісімшарт бойынша Тахир - 60 %

Зухра - 40 % салуы керек.

Жарғыны бекіту кезіндегі бухгалтерлік жазу

Дт Тахир қарызы 60 000

Дт Зухра қарызы 40 000

Кт Тахир жарғылық капиталы 60 000

Кт Зухра жарғылық капиталы 40 000

Тахир жарғылық капиталға 20 000 доллар ақша және 40 000 долларға жиһаз берді. Зухра 40 000 доллар құрал жабдық салды.

Дт Тахир ақшасы 20 000

Дт жиһаз 40 000

Дт құрал жабдық40 000

Кт Тахир қарызы 60 000

Кт Зухра қарызы 40 000

Халықаралық стандартқа сәйкес меншіктік каиталды кез - келген уақытта біріктіруге және толытырып отыруға болады.

Серіктестіктің пайда мнен залалы құрылтайшылық келісім шартта көрсетілген кез – келген тәсілмен бөлінеді. Әдетте серіктестіктің пайдасы үш бөлікке бөлінеді:

әр серіктестік тұлғаның капиталына төленетін дивидендтер;

серіктестіктің көрсетілген қызметтеріне өтемақы;

коммерциялық тәуекел нәтижесінде түскен пайда.

Пайданы осылай бөлу әрбір серіктестің серіктестікке салған, қосқан үлесін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Пайданы бөлудің әдістері:

белгіленген пропорция бойынша;

салынған капитал көлеміне қарай,

серіктестіктің еңбекақысының мөлшеріне байланысты.

Салымдардың үлесінің тең болмауын есепке ала отырып кейбір серіктестікте серіктестіктеріне еңбекақыны және салынған капиталына пайыздарды беруге келіседі. Олардың комбинациясы пайда бөлінген кезде есепке алынады.

С еріктестіктің жойылуы.

Серіктестіктің жойылуы (жабылуы) – кәсіпорынның міндеттемесін жабуға жететін активтердің бөлігін сату және қалған активтерді серіктестер арасында бөлумен сипатталатын кәсіпорынның шаруашылық қызметін тоқтату процесі.

Қайта тіркеумен салыстырғанда жабылу кезінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылады.

Есептік цикл аяқталады. Әр түрлі жағдайларда серіктестіктің жойылуы түрлі қаржылық нтижелерге алып келеді:

активтерді пайдамен сату

активтерді залалмен сату, бұл кезде залал серіктестердің капиталымен жабылады

активтерді залалмен сату, бұл кезде серіктестердің капиталы залалды жабуға жетпейді.

Акционерлік капитал.

Акционерлік компанияда меншікті капитал акционерлік капитал деп аталады. Акционерлік капитал құрамы:

енгізілген капитал;

қосымша төленген капитал;

қосымша төленбеген капитал;

бөлінбеген пайда.

Акционерлік капитал және эмиссиялық табыс акционерлік қоғамда шығарылған акцияның атаулы құнына және атаулы құнынан артық сомаларды қамтиды.

Енгізілген капитал акционерлердің бастапқы инвестициясын қамтиды.

Акцияның атаулы құны бұл акционерлік капитал шотында көрсетілуі иісті және меншікті капиталдың сомасын анықтау үшін пайдаланатын әрбір акцияның атаулы құны. Капиталдың минималды бөлігі – номинал.

Акцияның орнына сатып алушыларға сатып алынған акцияның саны көрсетілген сертификаттар берілуі мүмкін.

Жай және артықшылығы бар акциялар.

Жай акция артықшылығы акцияға қарағанда иесіне компанияда дауыс беру құқығын береді. Ал артықшылығы бар акцияның иеленушілері жай акцияға қарағанда дивидендтерді бірінші болып алады. Артықшылығы бар акцияға тұрақты пайыздық ставка қойылуы мүмкін.

Сонымен қатар артықшылығы бар акцияның иеленушілері компания өз жұмысын тоқтатқанда оның активтеріне көбірек құқылы болады.

Өтелетін артықшылығы бар акциялар – бұл эмитенттің таңдауы бойынша сатып алынатын және айналыстан шығарылатын акциялар.

Айырбасталатын артықшылығы бар акцияар – бұл акционерлердің еркі бойынша жай акцияға ауыстырылатын акциялар.

Кумулятивті акциялар – артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтер жинақталып отырады және жай акцияның дивидендтерін төлегенге дейін өтелетін акциялар.

Мерзімі ұзартылған дивидендтер – кумулятивті акциялар бойынша өткен жылдан қалған жинақталған төленбеген дивидендтер.

Меншікті сатып алынған акциялар – компанияның еркін нарықта сатып алынған акциялары.Ол баланста контрпассивті шот болып табылады және капитал сомасын азайтады.

Баланста меншікті капитал бөліміне төмендегідей операциялар өз ықпалын тигізеді:

бағалы қағаздарды шығару;

дивидендтерді жариялау мен төлеу;

меншікті сатып алынған акцияларды сату және сатып алу.

Акционерлік қоғамда меншік бірлігі акция болып табылады. Акционерлік қоғамның жарғысында шығаруға рұқсат берілген акциялардың ең жоғарғы саны көрсетіледі. Әдетте қоғамды құрған кезге қарағанда рұқсат көбірек алынады. Бұл қоғамға келешекте қосымша акция шығаруға мүмкіндік береді.

Акциялар шығарылған және циркуляцияланған (айналыстағы) болып бөлінеді. Шығарылған акциялар бұл сатылған және басқа да әдіспен өткізілген акциялар.

Егер кәсіпорын акцияны қайта сатып алатын болса және қайтармаса, онда ол айналыстағы акцияға жатпайды. Акцияларды шығаруға рұқсат алған кезде еш бухгалтерлік жазба берілмейді. Егер рұқсаттың алынғаны формальді түрде қажет болса:

Дт шығарылмаған жай немесе артықшылықты акциялар

Кт шығаруға берілген рұқсат

Акцияларды атаулы құны бойынша шығарған кезде; жазылым арқылы

Дт Алынуға тиісті жазылым

Кт Жазылым бойынша жай акция

Ақшаның түсуіне қарай:

Дт Ақша

Кт Алынуға тиісті жазылым

Дт Жазылым бойынша жай акция

Кт Жай акция

Егер келешекте компанияның перспективасы жақсы деп саналса, қоғам басшылары қосымша акцияларды шығара алады және құнын көтеруі мүмкін. Бұл әдетте акцияның нарықтық құны атаулы құнынан жоғары болғанда жүзеге асырылады.

Мысалы, компания 1 000 жай акцияны 12 доллардан сатты. Атаулы құны 10 доллар.

Дт Ақша 12 000

Кт Жай акция 10 000

Кт Эмиссиялық табыс 2 000

Кейбір жағдайларды компания акциялады мүлікке немесе қызметке айырбастайды. Есептің халықаралық стандартына сәйкес мұндай операциялар активтің нарықтық құны немесе акцияның нарықтық құны бойынша көрсетіледі.

Мысалы: АҚ «Альфа» құрылған кезде деректорлар кеңесі 100 акцияны ұйымдастырумен байланысты шығындарғы төлеуді ұйғарды. Акцияның нарықтық құны осы сәтте анықталмаған. Бірақ компания осыған ұқсас тапсырыстар бойынша 1 500 ш б төлеген.

Дт Ұйымдастыру шығындары 1 500

Кт Жай акция 1 000

Кт Қосымша төленген капитал 500

Екі жылдан кейін компания 1 000 акцияны жер теліміне ауыстырды.Ауыстыру кезінде акцияның нарықтық құны 16 доллар болды. Жер бағасы белгісіз.

Дт Жер 16 000

Кт Жай акция 1 000

Кт Қосымша төленген капитал 6 000

Акционерлік қоғамның әкімшілігі мен оның қызметкерлері арасындағы қызметкерлерге жеңілдікпен берілетін акцияларға байланысты өзара келісім – опцион.

Дивидендтер – акционерлер арасында бөлінуге тиісті бөлінбеген пайданың бір бөлігі. Дивидендтерді төлеумен байланысты үш негізгі күн бар:

дивидендтерді жариялау күні

акция иелерін тіркеу күні

дивидендтерді төлеу күні

Біріншісі дивидендтерді төлеу туралы директорлар кеңесімен шешілуі.

Екінші мерзім акция иелерін анықтау үшін жасалады.

Үшіншісі нақты дивидендтерді акционерлерге төлеу.

Мысалы: Директорлар кеңесі дивидендтерді 56 000 сомасында төлеу туралы шешім қабылдады. 21 ақпан күні дивидендтерді төлеуді жариялау, 31 наурызда төлеу, ал тіркеу 10 наурызда жүзеге асырылады.

21 ақпан

Дт Бөлінбеген пайда 56 000

Кт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000

10 наурызда жазба берілмейді

31наурыз

Дт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000

Кт Бөлінбеген пайда 56 000

Акцияларды қайта сатып алу:

АҚ акцияның жалпы санын азайту мақсатында акцияның бір бөлігін сатып алады, солай жарғылық капиталды азайтады.

Мысал: «Альфа» кәсіпорны 20 000 акцияны номиналдық құны бойынша сатып алды:

Дт Қайта алынған капитал 200 000

Кт Ақша 200 000

Егер нақты құн номиналды құнға тең болса:

Дт Ақша

Кт Қайта алынған капитал

Егер нақты құн номиналды құннан төмен болса:

Дт Ақша

Дт Бөлінбеген пайда

Кт Қайта алынған капитал

Егер нақты құн номиналды құннан жоғары болса:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных