Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріске әдістемелік нұсқау. Тақырыпты оқып зерделегеннен кейін негізгі ұғымдардың анықтамасын беріңіз (глоссарий).




Тақырыпты оқып зерделегеннен кейін негізгі ұғымдардың анықтамасын беріңіз (глоссарий).

Дәріс бойынша №27 қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының толық нұсқасын зерттеп, зерделеңіз

СОӨЖ сұрақтарына және тақырыпты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз. Тестіні орындаңыз.

Берілген әдебиеттер бойынша қосымша оқу материалдарын зерттеңіз.

 

Негізгі әдебиет:

1. ҚР 28 ақпан 2007 жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы.

2. Международные стандарты финансовой отчетности. Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1января 2005 года М.: Аскери, 2006 г.

3. Ф.С. Сейдахметова «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008ж.

4. Тулешова Г.К. Учет и отчетность по международным стандартам. Алматы, 2005 г.

5. Акимова Б.Ж. Финансовый учет II/ Учебное пособие - Астана: 2010 - 180 с.

Қосымша әдебиет:

1. Гершун А.М. и др. Учет по Международным стандартам: учеб. пособие. – 3 изд.. М.: - Фонд развития бухгалтерского учета, 2006 г.

2. Терехова В.А. Международные и национальные стандарты учета и финансовой отчетности. – Москва: «Питер», 2003 г.

3.Нидлз Б., Андерсон X. и др. Принципы бухгалтерского учета. М., 1996.

4. Энтони Р., Рис Д. Ж. Учет: ситуации и примеры. М., 1996.

Kieso D.E., Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992

5. Д. Александер, А. Бриттон, Э. Йориссен Международные стандарты финансовой отчетности. – Москва, «Вершина», 2005 г.

 

11 тақырып. «Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет (ҚЕХС 21)»

Сабақтың мақсаты: Қаржылық құралдар есебін жүргізе білу. Қаржылық шығындарды бөлу. Қаржылық құралдар, қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелердің анықтамасын жақсы білу. Қаржылық құралдар сыныптамасын түсіндіре білу.

Дәріс сұрақтары:

· Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу

· Валютаны бастапқы тану. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру.

· Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру.

Негізгі түсініктер: курстық айырмашылық, валюталық курс, шетелдік валюта, шетелдік қызмет, функционалды валюта, топ, ақшалай баптар, ұсыныс валютасы ағымдағы валюталық курс.

 

Дәрістің негізгі мазмұны:

Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізсе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады.

Стандарттың мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.

Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша көрсету болып табылады.

Осы стандарт:

· шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 IAS «Қаржы құралдары – мойындау және бағалау» Халықаралық стандартын қолдану аясындағы туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;

· шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе-тең шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржы есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;

және

· ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс.

Осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде мынадай терминдер пайдаланылады:

· Жабу бағамы – валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы.

· Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.

· Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

· Әділ құн – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

· Шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.

· Шетелдік қызмет - өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.

Қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта. Топ – еншілес ұйымдары бар бас ұйым. Ақша баптары – қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер. Ұсыну валютасы - қаржы есептілігі берілетін валюта. Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде кәсіпоры

(а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;

(b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын;

(c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.

Бастапқы мойындау кезінде шетелдік валютамен жасалатын операция қолданыстағы валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуі тиіс.

Келесі есепті күндерге есептілік әрбір есепті күнде:

(а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта есептелуге тиіс;

(b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге тиіс;

(с) әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.

Ақша баптары бойынша есеп айырысу кезінде немесе ақша баптарын есепті кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде бастапқы мойындау кезінде қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар бойынша қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары пайдада немесе залалда олар пайда болатын кезеңде мойындалуға тиіс.

Ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал тікелей капиталда мойындалған кезде ондай пайданың немесе ондай залалдың кез келген валюталық құрамдас бөлік тікелей капиталда мойындалуға тиіс. Және, керісінше, ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал пайдада немесе залалда мойындалған болса, сол пайданың немесе сол залалдың кез келген валюталық құрамдас бөлікті пайда немесе залал ретінде мойындалуға тиіс.

Қолданыстағы валютаны ауыстыру.

Орытынды

Өзінің қолданыстағы валютасын ауыстыру кезінде ұйым жаңа қолданыстағы валютаға қолданылатын қайта есептеу рәсімдерін басқа валютаға ауысқан күннен бастап преспективалы негізде қолдануға міндетті.Басқаша айтқанда, ұйым барлық баптарды жаңа қолданыстағы валютаға валюта ауыстырылған күндегі бағам бойынша қайта есептейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных