Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жедел аппендицит 182 4 страница




 

? Науқас кеуде торының енген жарақатымен түсті. Зерттеп тексергеннен кейін диагноз қойылды: Оң жақтан кеуде торының енген жарақаты, оң жақтық ұйып қалған гемоторакс. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс болып табылады?

* +Торакотомия

* Плевра қуысының пункциясы

* Плевра қуысын дренаждау

* Антибактериальді терапия

* Ферменттерді плевра ішіне енгізу

 

? Науқас 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған.Кеуде торының рентгенографиясы кезінде 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды.Қандай емдік тактикаболады?

* Дереу торакотомия

* Торакоцентез жасау

* +Плевра қуысын дренаждау

* Интенсивті терапия өткізу

* Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

 

? Пневмотораксы бар науқасқа Бюлау бойынша дренаждау жасалған.Рентгенограммада өкпе жазылған 4-тәулікте - сұйықтық бағаны жөк. Осы жағдайда қандай шара анағұрлым тиімді?

* +Дренажды алып тастау

* Торакотомия жасау

* Герметикалық тігіс салу

* Дренажды жуу немесе қайта қою

* Плевра қуысының пункциясын жасау

 

? Науқас үйдің 7-қабатынан құлаған, ауыр жағдайда жеткізілді. Сол басты бронхтың жыртылуы анықталды. Науқасқа операция жасап, бронхқа біріншілік тігіс салу керек деген шешім қабылданды. Қандай хирургиялық тілік анағұрлым оңтайлы?

* Стернотомия

* Медиастинотомия

* +Артқы бүйір торакотомия

* Алдыңғы бүйір торакотомия

* Бүйір торакотомия

 

? Науқас П., 25 жаста жедел түрде іштегі аур сезіміне, әлсіздікке шағымданып түсті. Түскеннен 3 сағат бұрын ішінен соққы алған. Іштегі ауру сезімі динамикада күшейген. Құрсақ қуысында қуысыты мүшенің зақымдануы анықталды. Қандай асқыну болды?

* Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

* Инфекция-токсикалық шок

* Жарақаттық шок

* Қан кету

* +Перитонит

 

? Науқас 2 сағат бұрын оң жақ кеуде торының енген пышақталған жарақатын алған. Кеуде торының рентгенографиясы кезінде жауырын бұрышына дейін жететін кең сұйықтық деңгейі анықталады. Пункция қан алынды.Қандай емдік тактика болады?

* Плевра қуысын дренаждау

* +Дереу торакотомия

* Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

* Интенсивті терапия өткізу

* Торакоцентез жасау

 

? Науқас Ж. 20 жаста іштің жабық жарақатын алғаннан 1 сағаттан кейін.Соққы іштің сол бүйір бетінен болған. Науқаста коллапс. АҚ – 80\60 мм рт.ст. Пульс – 100 рет 1 минутта. Іші жұмсақ, жатық жерлерде перкуторлы дыбыс тұйықталған. Диагнозы?

* +Көкбауыр жыртылуымен

* Диафрагманың жыртылуымен

* Өт қабының жыртылуымен

* Бауыр жыртылуымен

* Қуысты мүшенің жыртылуымен

 

? Қабылдау бөліміне 18 жасар науқас Б. іш жарақатын алғаннан 1,5 сағаттан кейін жеткізілді. Лапаротомия кезінде бауыр асты аймақта және оң бүйір өзегінде, кіші жамбас астауында өттің анықталды. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі неде?

* Бауырдың жыртылуы

* Асқазан жыртылуы

* 12 елі ішектің жыртылуы.

* +Өт қабының жыртылуы

* Ұйқы бездің жыртылуы

 

? Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде асқазан денесінің 3,0х,01 см өлшемде жыртылуы және бауырдың оң бөлігінің 5-сегментінің 2 см дейін жыртылуы анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда көрсетілген?

* Гастрэктомия және бауыр жыртылуын тігу

* Асқазан резекциясы және гемигепатэктомия

* Гастроэнтероанастомоз және бауыр жыртылуын тігу

* +Бауыр жыртылуын тігу және асқазанға 2 қатар тігіс салу

* Жаралар шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

 

? Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде жіңішке ішектің серозды қабатының 0,5х1,0 см көлемінде зақымы анықталды. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс?

* Ішек қабырғасын кесіп алу

* +Серо-серозды тігіс салу

* Зақымдалған аймақты резекциялап, анастомоз салу

* Зақымдалған аймақты резекциялап, стома шығару

* Шажырқай түбіріне новокаинды блокада

 

? Науқаста іштің жабық жарақатын алғаннан 5 тәуліктен кейін сол қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болды, артериялық қысым түсіп кетті. Анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

* Жуан ішектің жыртылуы

* Сигма тәрізді ішектің жыртылуы

* Ұйқы безінің жыртылуы

* +Көкбауырдың 2 кезеңді жыртылуы

* Бүйректің жыртылуы, құрсақ арты гематома

 

? Іштің оқ жарақаты себебінен болған операция кезінде жуан ішектің тесіп өткен жарақаты анықталды. Хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс?

* Гемиколэктомия

* Жара шеттерін жаңартып 2 қатар тігіс салу

* Жара шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

* +Зақымдалған аймақты резекциялап, стома шығару

* Зақымдалған аймақты резекциялап, 1 кезеңді анастомоз салу

 

? Науқас К. 44 жаста қабылдау бөліміне іштің жабық жарақатын алғаннан 10 сағаттан кейін түсті. Қандай рентгенологиялық белгі бойынша диафрагманың жыртылуына күмән туады?

* «Клойбер табақшаларының» болуы

* Ішектің қампиған ілмектері

* Асқазанда газ көпіршігінің болмауы

* +Плевра қуысына асқазан түбінің ығысуы

* Диафрагманың оң жақ күмбезінің астында бос газдың болуы

 

? Іштің жабық жарақаты себебінен болған операция кезінде асқазан денесінің 3,0х,01 см өлшемде жыртылуы анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым дұрыс болады?

* Гастрэктомия

* Асқазан резекциясы

* Гастроэнтероанастомоз

* +Жара шеттерін жаңартып 2 қатар тігіс салу

* Жара шеттерін жаңартып 1 қатар тігіс салу

 

? Науқас Ф., 17 жаста оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті.Ортопное байқалады, тері жамылғысының цианозы.ТЖ 28 рет минутына. Кеуде торының рентгенографиясында оң өкпе коллапсы. Не жасайсыз?

* Ортаңғы қолтық сызығы бойынша 6-қабырғааралықта

* +Бұғана ортаңғы сызық бойынша 2-қабырғаралықта

* Артқы қолтық сызығы бойынша 7-қабырғааралықта

* Артқы қолтық сызығы бойынша 8-қабырғааралықта

* Қолтық сызығы бойынша 2- және 8-қабырғааралықта

 

? Ректороманоскопия кезінде анустан 20 см қашықтықта ішек қабырғасы зақымдалған, зақымдану тереңдігі туралы мәліметтер жоқ. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым дұрыс?

* Колоноскопия орындау

* Лапароскопия орындау

* +Лапаротомия орындау

* Ирригоскопия орындау

*Антибиотиктер тағайындау

 

? «Ванька-встанька» симптомы қандай зақымдануға тән?

* Бүйрек

* Асқазан

* +Көкбауыр

* Жіңішке ішек

* Жуан ішек

 

? Екі немесе одан да көп анатомиялық зонаның зақымдануы қандай жарақат түріне жатады?

* Үйлескен

* +Қосарланған

* Оқшауланған

* Ашық

* Жабық

 

? Қосарланған жарақат кезінде жалған абдоминальді синдром себебі неде?

* Жамбас-сан буынының шығуы

* Ортан жіліктің ұршық арқылы сынуы

* Омыртқа бағанасының мойын-кеуде бөлігін жаралау

* Төс сүйегінің сынуы мен кеудеаралықтың жарақаты

* +Орта-төменгі аймақта кеуде жарақаты қабырғалардың сынуымен

 

? Диафрагма күмбезінің жыртылуының анық белгісі қандай?

* Оң және сол қабырға астында ауру сезімі

* Кеуде торында иыққа берілетін ауру сезімі

* +Құрсақ қуысы мүшелерінің кеуде қуысына ығысуы

* Жарақат жағында әлсіз тыныс

* Диафрагма күмбезінің жоғары тұруы

 

? Плевраішілік қан кетудің тоқтағанын немесе жалғасып жатқанын қандай сынама дәлелдейді?

* Петров сынамасы

* Эфендиев сынамасы

* +Рувиула-Грегуар сынамасы

* Зельдович сынамасы

* Пратта II сынамасы

 

? Науқас Д., 42 жаста, іштің жабық жарақатынан 12 сағаттан кейін.Операцияда құрсақ қуысында аздаған көлемде өт, көлденең тоқ ішек шажырқайының түбірінің.Осы жағдайда қандай мүшенің зақыдануы анағұрлым ықтимал?

* +12 елі ішек зақымы

* Бауырдың жыртылуы

* Асқазан зақымы

* Ұйқы без зақымы

* Көлденең тоқ ішек зақымы

 

? Науқас С., 19 жаста жедел көмек көрсету ауруханасына іштің жабық жарақатынан 40 минуттан кейін түсті. Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталды. Куленкампф симптомы оң. Осы жағдайда қандай диагностикалық шара анағұрлым дұрыс?

* +Лапароцентез

* Компьютерлі томография

* Эндоскопиялық зерттеу

* УДЗ бақылауымен құрсақ қуысының пункциясын

* Құрсақ қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

 

? Науқас К., 21 жаста, іштің жабық жарақатынан 2 сағаттан кейін жеткізілді. Түскен кезде жағдайы ауыр: АҚ – 100\70 мм рт.ст., пульс 90 рет 1 мин., боз, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. Науқасқа қосымша қандай зерттеу әдісін өткізу керек?

* Кеуде торының рентгенографиясы

* Жедел компьютерлі томография

* Асқазан-ішек жолының рентгеноскопиясы

* +Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі

* Құрсақ қуысыныңядролы-магнит томографиясы

 

? Науқас М., 38 жаста, қабылдау бөліміне іштің пышақталған жарақатымен түсті. Мезогастрий аймағында 3,5,0х2,0 см жара бар. Жарада үлкен шарбымай бөлігі бар. Щёткин-Блюмберг симптомы теріс.Төмендегілердің қайсысы анағұрлым дұрыс?

* +Шұғыл лапаротомия

* Лапароцентез

* Жараның хирургиялық өндеуін жасау

* Шарбымайды орнына салу және дренаж қою

* Шарбымайды орнына салу және жараға тігіс салу

 

? Қабылдау бөліміне 27 жасар науқас А. ішіне пышақталған жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін түсті. Науқас белсенді, іші жұмсақ, кіндіктен солға қарай ауру сезімді, онда 1,0х0,5өлшемде тесіліп-кесілген жара бар. Әрі қарайғы тактика қандай болуы тиіс?

* Өндеу және таңғыш салу

* Өңдеу және бір тігіс салу

* Шұғыл лапаротомия

* +Жараны хирургиялық өңдеу

* Лапароскопия, дренаж қалдыру

 

? Науқас С., 28 жаста жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін түсті.Сол жақтан кеуде торындағы және қабыр астындағы ауру сезіміне шағымданады.Іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезімнің күшеюгенін.Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталады. Емдік?

* Шокқа қарсы терапия жүргізу

* +Шұғыл лапаротомия жасау

* Жансыздандыру және динамикада бақылау

* Лапароцентез жасау және дренаж қалдыру

* Интенсивті терапия бөлімшесіне ауыстыру

 

? Науқас С., 28 жаста жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін түсті.Сол жақтан кеуде торындағы және қабыр астындағы ауру сезіміне шағымданады.Іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезімнің күшеюгенін.Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталады. Диагноз?

* Сол жақтан диафрагманың жыртылуы

* Өкпе, трахея және бронхтардың жыртылуы

* Плевраның жыртылуы, плевропульмональді шок

* +Көкбауырдың капсула асты гематомасының жыртылуы

* Бүйректін жыртылуы, құрсақ арты гематома

 

? Кеуде торының жарақаты бар науқасқа клиникалық зерттеу жүргізіп жатқанда бетіне, мойнына, кеуде торына кең таралған теріасты эмфизема, цианоз, даусының мыңғырлауы байқалды. Науқаста болжам диагноз қандай?

* +Кеудеаралық эмфиземасы

* Теріасты эмфизема

* Гемоторакс

* Пневмоторакс

* Гемоперикард

 

? Кеуде торының жарақаты бар науқаста қан түкіру байқалады, бұл ненің белгісі?

* Гемоторакс

* Гемоперикард

* +Өкпенің соғылуы

* Пневмоторакс

* Диафрагманың жыртылуы

 

? 35 жастағы ер адам қөлік апатынан кейін жеткізілді.Науқаста цианоз, ентігу, мойын веналарының ісінуі байқалады.Пульс жіп тәрізді, АҚ 80/40 мм.рт.ст.Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде тынсы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық.Диагноз?

* Гемоторакс

* Пневмоторакс

* Гемопневмоторакс

* +Жүрек тампонадасы

* Ұйыған гемоторакс

 

? Ер адам 40 жаста, кеуде торының сол бөлігінің пышақталған жарақатымен түсті.Жара алдыңғы қолтық сызығы бойымен 4-қабырғаралықта 1 см дейін,АҚ 90/70 мм.рт.ст.,пульс 110 рет.ТЖ 28 рет 1 мин.Цианоз байқалады, гипотензия сақталып тұр.Диагноз қандай?

* +Жүрек жарақаты

* Өкпе жарақаты

* Плевра жарақаты

* Кеудеаралық жарақаты

* Қабырғаралық артерия жарақаты

 

? Науқас 1 апта бұрын жарақат алған.1 тәулік бұрын оң жақтан кеуде торындағы ауру сезімнің күшеюі,ентігу,температураның38оС дейін жоғарлауы мазалай бастаған.Қарап тексергенде айқын ентігу, тахикардия,Тыныс алу төменгі бөліктерде қатты әлсіреген, қораптық дыбс қысқарған.Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

* Гемоторакс

* Пневмоторакс

* Плевра эмпиемасы

* +Ұйыған гемоторакс

* Жарақаттан кейінгі пневмония

 

? Науқас көлік-жол апат орнынан ауыр жағдайда жеткізілді.Зерттеп тексергенде жамбас сүйектері сынған.Айқын ентігу (ТЖ 28 рет 1 мин),тахикардия (ЖСЖ 100 рет 1 мин) байқалады.Перкуссиялағанда тимпанит,сол өкпе үстіндегі тыныс айқын әлсіреген, перистальтикалық шуылдар естіледі.Диагноз қандай?

* Өкпе зақымы

* Плевра зақымы

* Кеудеаралық зақымы

* Трахея мен бронхтар зақымы

* +Диафрагма зақымы

 

? Науқас В. 28 жаста,қабылдау бөліміне іштің жабық жарақатынан 3 сағаттан кейін түсті.Науқас мәжбүрлі қалыпта (тізесін ішіне қарай тартқан),іші кернелген,тыныс алуға қатыспайды,бауыр тұйықтығы анықталмайды. Диагноз қандай?

* Бауырдың жыртылуымен

* Көкбауырдың жыртылуымен

* +Қуысты мүшенің жыртылуымен

* Диафрагманың жыртылуымен

* Құрсақ қуысына қан кетумен

 

? 25 жасар науқас П. жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Қарап тексергенде бауыр тұйықтығының жоғалуы анықталады. Бауыр тұйықтығының жоғалуы ненің белгісі болып табылады?

* Асқазандағы газ көпіршігінің болмауының

* Құрсақ қуысында сұйықтықтың

* Ішектің айқынауаға толуының

* Диафрагма күмбезінің жоғары тұруының

* +Диафрагма күмбезі астында бос газ болуының

 

? Ер адам 19 жаста пышақталған жарақат алғаннан 1 сағаттан кейін жетңізілді. Қарап тексергенде: алдыңғы құрсақ қабырғасында 1,0х1,5 см өлшемде кесілген жара бар, жара айналасы ауру сезімді. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс әрі қарайғы тактика қандай?

* Шұғыл кең лапаротомия жасау

* Жараға тігіс салып, емханаға жіберу

* Таңғыш салу және сіреспеге қарсы сарысу салу

* Қан анализін алу және бақылау үшін госпитализациялау

* +Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуінен бастау

 

? Төмендегілердің қайсысы құрсақ қуысының енген жарақатының абсолютті белгісіне жатады?

* Науқастың мазасыз болуы

* Жара шеттерінен белсенді қан кету

* Жара аймағында айқын ауру сезімі

* +Жарадан шарбымайдың немесе ішек ілмегінің түсуі

* Алдыңғы құрсақ қабырғасында жараның үлкен өлшемдері

 

? Іштегі жараны біріншілік хирургиялық өңдегенде оның құрсақ қуысына енетіні анықталды. Осы жағдайда араласудың қай түрі анағұрлым дұрыс болады?

* Шұғыл лапароскопия жасау

* Бар жараны кеңйту және ревизия жасау

* Жараны тігу және динамикалық бақылау

* +Шұғыл лапаротомия және мүшелерді ревизиялау

* Жара арқылы құрсақ қуысына дренажды түтік орнату

 

? Ер адам 29 жаста сол жақтан кеуде торының пышақталған жарақатымен жеткізілді. Жара төс маңы сызығының бойымен3-қабырғааралықта,өлшемдері1,0х1,0см,шеттері қанамайды.Өкпе үстінде тыныс әлсіреген,жүрек тондары тұйық,АҚ90/60,пульс100.Қай мүшенің зақымдалуы анағұрлым ықтимал бұл науқаста?

* Трахея мен ірі бронхтар

* Кеудеаралық

* Өңеш

* +Жүрек

* Өкпе

 

? Ер адам 37 жаста пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін жеткізілді.Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан.Қарап тексергенде:жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен3-қабырғааралықта,өлшемдері1,5х1,0 см.Тынысы сол жақтан әлсіреген,жүрек тондары тұйық,АҚ80/40,пульс110 соғу минутына.Қандай тактика болады?

* Науқасты реанимация бөліміне ауыстыру

* Кеуде торының рентгенографиясын жасау

* Кабылдау бөлімінде шокқа қарсы ем бастау

* +Шұғыл сол жақтық торакотомия

* Шұғыл торакоскопия

 

? Ер адам 27 жаста оң жақтан кеуде торына соққы алған.Қозғалғанда қатты ауру сезімі, қиындаған тыныс алу,ентігу.Қарап тексергенде:3-4 қабырғалар проекциясында ауру сезімі,жұмсақ тіндердің теріасты крепитациясы.Оң жақтан тыныс әлсіреген.Эритроциттер 4,5х1012,гемоглобин120 г/л. Қандай диагноз?

* Кеуде торының соғылуы

* Теріасты эмфизема

* +Қабырғалардың сынуы, пневмоторакс

* Гемоторакс оң жақтан

* Спонтанды пневмоторакс

 

? Науқас 25 жаста, құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақатымен түсті. Операция кезінде диафрагманың 4х0,5 см өлшемде ақауы анықталды. Диафрагма ақауын қандай тігістермен тіккен орынды?

* Шеттерін түйістіріп түйінді тігіспен

* Үзіліссіз қаптап тігу

* +П-тәрізді тігістермен

* Z-тәрізді тігістермен

* Шмиден тігісімен

 

? Ер адам 46 жаста биіктіктен құлаған.Оң жақтан кеуде гематомалар бар,5,6- қабырғалар проекциясында алдыңғы қолтық сызығы бойымен айқын ауру сезімі анықталады.Кеуде торының рентгенографиясында3 қабырғаның сынуы анықталды.Қандай емдіқ болады?

* Мойындағы жұлдызша тәрізді түйіннің новокаинді блокадасы

* +Зақымдану жағында вагосимпатикалық новокаинді блокада

* Сынықтар аймағында новокаинмен блокада

* Тек наркотиктермен жансыздандыру

* Плевральді новокаинді блокада

 

? Ер адам 29 жаста кеуде торындағы ауру сезіміне,әлсіздікке,ентігуге,37,50С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті.1 апта бұрын кеуде торы аймағына соққы алған.Қан анализінде эритроциттер2,9х1012,гемоглобин90,гематокрит28%, лейкоциттер9,8х109.Рентгенда оң жақтан ұйыған гемоторакс анықталды.Қандай емдіқ?

* Плевра қуысының пункциясы

* Плевра қуысын дренаждау

* Плевраішілік ферменттерді енгізу

* +Торакоскопия дренаждаумен бірге

* Қайталанбалы плевра қуысының пункциялары

 

? Ер адам 37 жаста кеуде торының жабық жарақатын алғаннан кейін.Ауру сезімі,әлсіздік, ентігу мазалайды.Рентгенограммада сол жақтан7-қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейі бар.Дәрігер плевра қуысына дренаж орнатты.1 сағат ішінде дренаждан400 мл дейін қан бөлінді.Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?

* Дренажды II қабырғаралыққа орнату

* Дренажды жуу және бақылау

* Плевра қуысын ағынды жуу

* Орын басушы ем жасау

* +Торакотомия

 

? Әйел 65 жаста іштегі ауру сезіміне,бас айналуға,әлсіздікке шағымданып түсті.Бір тәулік құлап,сол бүйірімен соғылған.Боз, мазасыз,АҚ 100/60,пульс 92 рет 1 мин.,қан анализінде эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин 97 г/л, гематокрит 28%. Диагноз қандай?

* Іштің жабық жарақаты

* Бауырдың соғылуы

* +Көкбауыр жыртылуы

* Бүйректің соғылуы

* Құрсақ арты гематома

 

? Ер адам 69 жаста бел аймағындағы ауру сезіміне,әлсіздікке,шөлдеуге,ішінің кебуіне шағымданы түсті.2 күн бұрын ұрып кеткен.Оң жақ бел аймағында,оң бүйір өзегінің бойымен ауру сезімді,іші орташа кепкен,перистальтика әлсіз. Диагноз қандай?

* Омыртқаның соғылуы

* +Құрсақ арты гематома

* Іштің жабық жарақаты

* Құрсақішілік қан кету

* Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы

 

? Әйел 49 жаста, жедел түрде іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданып түсті. 1 сағат бұрын ұрып кеткен. Ішіне соққы алған.Іші ауру сезімді, кернелген. Қуысты мүшенің жыртылуында қандай симптом анағұрлым сенімді болып табылады?

* Іштің жатық аймақтарында тұйықталу

* Құрсақ қуысында сұйықтықтың болуы

* Ішек перистальтикасының әлсіреуі

* Ішекте сұйықтық деңгейлерінің болуы

* +Құрсақ қуысында бос газдың болуы

 

? Науқас А. 31 жаста, ауруханаға түсер алдында жарақат – ішіне соққы алған. Қарап тексергенде «ванька-встанька» симптомы анықалды. Қандай ағзалардың зақымы кезінде бұл симптом анықталады?

* Қуысты

* Құрсақ арты

* +Паренхиматозды

* Кеуде қуысы ағзаларының

* Кіші жамбас астауының ағзаларының

 

? Қосарланған жарақат кезінде жалған абдоминальді синдром себебіне төмендегілердің қайсысы жатады?

* Төс сынығы мен кеуде аралықтың жарақаты

* Омыртқаның мойын-кеуде аралығында зақымы

* +Төменгі - ортаңғы аймақтағы қабырға сынығы

* Ортан жіліктің ұршық арқылы сынығы

* Жамбас - сан буынының шығуы

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных