Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің мақсаты мен міндеті 1 страница




 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу баланың алғашқы жылдарынан бастап мақсатқа бағытталған тәрбиелеу үрдісін жүргізуге негізделеді. Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту бала өмірінде өте маңызды орын алады. Берілген курс болашақ сурдопедагог мамандарды есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балалардың даму заңдылықтарымен таныстыра отырып, оқытуғ тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қарастырады.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнінің мақсаты студенттерді мектепке дейінгі сурдопедагогика негіздерімен таныстыру, мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың арнайы мектепке дейінгі мекемелерде оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелеріне қатысты білімдерді меңгерту болып табылады.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнінің негізгі міндеттеріне:

- аталған пәннің ғылыми –теориялық негізін меңгеру;

-есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту бойынша мақсатқа бағытталған, кешенді жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру;

-студенттер мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын меңгеру жатады.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнін оқу нәтижесінде студент білуі керек:

- мектепке дейінгі сурдопедагогиканың пәнін, міндеттерін;

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін;

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен формаларын;

меңгеруі керек:

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруды;

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды мақсатқа бағытталған, кешенді оқыту, тәрбиелеу және түзету жұмысын жоспарлау және жүзеге асыруды;

- өз практикасында теорилық білімдерін қолдануды.

 

Мектепке дейінгі сурдопедагогика пәні, мақсаты, міндеті

Сурдопедагогика (лат. «surdus»-естімейтін)-есту қабілеті зақымдалған балалар мен жеке тұлғалардың дамуын, оларды оқыту мен тәрбиелейттін педагогикалық ғылым.

Мектепке дейінгі сурдопедагогика пәні- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі және ерте жастан балаларды оқыту мен тәрбилейтін процесс болып есептеледі.

Сурдопедагогика пәнінің негізгі міндеттері- есту қабілеті зақымдалған балалардың қоршаған орта мүмкіндіктеріне деген көзқарасқа, мектепке дейінгі және ерте жастан балаларға педагогикалық көмектік қажет екендігін түсінумен тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі сурдопедагогиканың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

- Есту қабілеті зақымдалған балаларды ерте жастан анықтап, оларға педагогикалық көмек көрсету;

- Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі және ерте жастағы балалардың даму заңдылықтарын анықтау, есту қабілетінің төмендеуінің физикалық, танымдық, әлеуметтік, сөйлеу тіліне әсерлерін анықтау, жеке тұлғалық қалыптастыру;

- Есту қабілеті зақымдалған балалары бар отбасылардың ата-аналарына көмек беруді ұйымдастыру;

- түзетушілік жұмыстарды ұйымдастыру, ерте жастан және мектепке дейінгі жаста естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, принциптерін, міндеттерін анықтау;

- Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбелеу мазмұнын анықтау;

- Дамытушылық және түзетушілік әдістерін, сонымен қоса сөйлеу тілін қалыптастыру,естіп қабылдауын дамыту әдістерін жетілдіру;

- Ерте жастан және мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларға педагогикалық көмек көрсетудің жаңа әдістерін табу;

- Есту қабілеті зақымдалған балаларды толықтай интеграциялау;

Мектепке дейінгі сурдопедагогиканың даму тарихы.

Мектепке дейінгі сурдопедагогика сурдопедагогиканың негізгі бір саласы болып табылады. Мектепке дейінгі сурдопедагогиканың даму тарихы есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен байланысты. Бірнеше ғасырлар бойы есту қабілеті зақымднуының шығу түрі, есту дамуының ерекшеліктері, оларды оқытудағы әдістер мен тәсілдерді қарастырған. Сурдопедагогиканың даму тарихында көптеген есту қабілеті зақымдалған балалардың рухани және материалдық байлықтары туралы философиялық көзқарастар қалыптасқан, сонымен қатар есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық мүмкіндіктері, медициналық, педагогикалық, дидактикалық ойлары мен әдістері бейнеленеді. Сурдопедагогика ғылымының дамуында есту қабілеті зақымдалған балаларға қоңмның көзқарасы және қоғамдық орны туралы мәліметтер қалыптасты.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде есту қабілеті зақымдалған балаларға арнайы білім беру жүйесі қалыптаспағанына қарамастан, осы елдерге тән белгілі философтар мен ойшылдардың есту қабілеті зақымдалған балалардың табиғатқа деген көзқарасы туралы ойларын, ақыл-ойнының дамуын зерттеген (Мысалы, Геродот, Аристотель).Аристотель қандайда бір мүшенің дамымауы немесе артта қалуы тұлғаның толық дамуына кедергі келтіреді деп есептеген. Аристотельдің көзқарасы бойынша есту мүшесі тұлғаның танымдық процесттерінің дамуы үшін негізгі мүше болып табылады, ал дыбыс-ойларлдың бастамасы деп есептеді. Аристотель естіп қабылдау арқылы басқа адамдардың тілін түсінуге болады және өз ойыңызды қалыптастыруға болады, тілді үйренбей естімейтін адамның ақыл-ойының қалыпты дамуы мүмкін емес деп есептеді.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде жалпыға бірдей білім беруде есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуға деген әрекетте болмағанын, керісінше олардың мүмкіндіктерін шектеп отырғандығы белгілі болды. Мысалы: Юстиниана заңы бойынша есту қабілеті зақымдалған балалар жеке тұлғалық құқықтарынан айырылған, олар қоғамдық жұмыстарға қатыса алмаған, өсиет қалдыра алмаған.

Орта ғасырларда, феодолизм уақытында шіркеу қызметкерлері есту қабілеті зақымдалған балаларды діннен шеттетіп, оларды дінді түсінбейді деп және оқи алмайды деп есептеген. Қоғамның есту қабілеті зақымдалған балаларға шыдамдылық таныта алдмағандықтан көп жағдайда оларды түрмеге отырғызған. Оларды тірідей өртеген жағдайларда көптеп кездеседі.

Жаһандану дәуірінде (XIV-XVIғ) ғылым мен мәдениет, өнер саласында жаңа көзқарастар қалыптасып, ғылым мен білімге көп көңіл бөлінді. Осы дәуірде есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға көп назар аударыла басталды. Философ, дәрігер, педагогтар құлақ мүкістігінің себебін анықтауға және олардың алдын алу шараларын қарастыра бастады. Естімейтін тұлғалардың тілдік дамуы мен ақыл-ойының дамуын зерттей бастады. Д.Кардано (1501-1576ж) есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың теориялық классификациясының негізін қалады. Ол естімейтін балалардың бұзылыс болған уақытымен сөйлеу тілінің жағдайына сүйенді. Д.Кардано естімейтін тұлғалардың оқуы мен жазуын қалыптастыру үшін көз анализаторы арқылы жүзеге асыру керек деп есептеді. Осы уақытта естімейтін балалары бар бай отбасылар ғана педагог көмегіне сүйенді.

Балаларды психологиялық, медициналық, педагогикалық тексеру

Ерте белгілі болған және есту мүшесінің диагностикасының бұзылуы мектепке дейінгі мекемелердеге балаларға қазіргі заманға сай педагогикалық көмек көрсетудің негізгі шарттары бар. Қазіргі таңда есту мүшелері бұзылғаны белгілі болған балаларға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Ресей Минздроведпран N108 23. 03.09 жылдын қаулысы мен бекітілген. Жаңа туылған балалардың аудиологиялық скренингтік туылған балалардың және балалардың бірінші жылғы өмірі әне Ресей Минздровтың N108 05. 05.92 жылдын белгісі. Есту мүшесінен ерте ақаулары белгілі болған балалардың бірдей жүйеге кіргізілуі, жаңадан туған кезеңнен бастап және олардың емделу кезеңіне дейін. Жаңадан туған балалардың есту мүшесін тексерілуі туатын үйлерде емделіп жатады кішкентай нәрестелерді, мектепке дейінгі балаларды арнайы балалар клинкасында қарайды. Есту мүшесінің естуі баяу естілсе немесе оның бұзылуында қауіптер төніп тұрса балаларды сурдологиялық сыныптар мен орталықтар жібереді облыстық қалаларда бар бар жерлерге аудиологиялық тексерулер, есту мүшесінің сөзсіз дыбыстар мен сөйлеу көмегімен тексеру нәтижелері пайдаланған сурдолог дәрігерлер баланың есту мүшесінің дифференциялдық диогностика өтеді. Мамандар емдеуді белгілер, қажет жағдайда арнайы есту аппаратарын таңдап береді. Сурдологиялық сыныптарда бала мен және ата – аналармен басқа мамандар жұмыс жасайды. Балалар психияторы, психолог, сурдопедагог, олар ата- аналармен методикалық арнайы сабақтармен таныстырады. Олардың отбасандағы ұйымшылдығына кеңес бередң. Коммиясия мұхият аяғы ауыр әйелдің кезеңіндегі мәліметтерге көңіл бөледі, ауруларына, аяғы ауыр кездері емдеу тәсілдеріне, сонымен қоса баладағы ауруларды, және олардың емделуін қарастырады. Коммисия физикалық және моторлық дамудың туралы мәліметтерді зерттейді, сөздің даму ерекшеліктерін, болжамды себептермен немесе дыбыстың төмендету уақытты. Негізгі мәнді баланың отбасындағы тәрбиесіне анализіне көңіл бөледі. Баламен арласу тәсілдері есту аппаратары қолдануы, жан- жақты және коррекциялық жұмыстардың ұйымдастырылуы. Балаланың комплексті тексерілуі әр түрлі психика- педогогиялық тәсілдердің қолданумен жүргізіледі. Ата- анамен баланың әңгімелесуі: құжаттар анамнезі, (аудиограммалар, дәрігер мамандар қорытындысы және т.б) ынталандаруға бақылауы (ойыннын, сурет салынуының) арнайы психологиялық тексерілуі методикалар қолдануы. Тексеріс жылы шырайлы тыныш ортаға жүргізіледі. Тексеріс қажет дидактикалық мәлімет алдын- ала таңдалуы ойынды бақылауға арналған дидактикалық ойыншықтар, және мидың дамуының тексерілуі суреттер және балалар оқулығы, сөйлейтін оқушылар және т.б (балаларды арнай мектепке дейінгі мекемелерге ьаңдау жүргізіледі 1972) Маңыздысы тексерістің таным бөлмеде, сыртқы шудан оқшауланған жерде, бұл есту мүшесінің тексерудің шарты болып табылады. Баланың зерттеуді психикалық – педогогикалық мазмұнына ерте және мектепке дейінгі жасына келесі бөлімдер жатады.

- баланың қызметтері сонымен, сурет салумен

- ми дамуының тексерілуі

- есту қызметінің тексерілуі

- сөйлеук қызметінің тексерілуі

- мінез- құлығын бақылау, өзіндік екрешеліктерін бақылау

Диагностикаға қажет және коррекциялық жұмыстың жолы, баланың есту мүшесінің және дамуның жағдайы анықтауға, психологиялық- педогогиялық зерттеулер жүргізіледі. Баланың бұндай тексерістен өтуі психолог педогогиялық комисия мүшелерімен жүргізіледі;

Негізгі ПМПК жұмыстары мыналар

- баланың есту мүшесінің бұзылуы себептермен анықтау;

- баланың психикалық даму екрекшеліктерін зерттеу

- баланың тәрбиелеу шарттары мен оқытуын анықтау (отбасында, арнайы мектепке дейінгі мекемелерде, интеграциялау шарттары, көптеген мектепке дейінгі мекмелер)

- есту баяу баланың тәрбиесімен оқутуына тексеріс жасау

- ата- аналарға арналған ұсыныстар даярлау

ПМПК арнайы мектепке дейінгі топтардың құрылуы сұрақтарына жауап береді, есту мүшелері бұзылған балалардың мектепке дейінгі жасына бақылау жасайды.Балалардың мектепке дейінгі долына бақылау жасайды. Балалардың мектепке дайыныдық деңгейін зерттейді және мектеп түрә таңдалынады, бала жігерілген мектеп түрі таңдалынады. Есту мүшеснің бұзылуы туралы зерттеу принциптері мен мотодтары психикалық – педогогикалық жұмыстарында қарастырылады. А.А Венгер, Г.Л Выгодский, Т.В Разоновой(1992,1995) Г.П Бертына (1993) және т.б Мектепке дейінгі және ерте жастағы есту мүшелері бұзылған балаларды негізгі принциптері мыналар болып табылады:

Ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы баланың комплексті мінез- құлығын зерттеу

Әр бөлімнің психикалық- педогогикалық мазмұны

Әр түрлі мамандардың оқылуымен дайындалады.Баланың есту мүшесінің тексеріп диагноз қояды. Психиятор дәрігері медициналық құжаттарға сәйкес және мидың даму деңгейінің зерттелуіне баланың интелектуалдық дамуы оның жасына байланысты шешіміне келеді. Психолог – мидың даму деңгейін анықтайды, баланың мінез құлығын бақылайды, эмоцияналдық сфераның ерекшеліктерін сипаттайды оның негізгі ерекшеліктерін қарастырады.

Мектепке дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларға ерте жастан психологиялық-коррекциялық көмек беру түрлері.

Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.

Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:

Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді(бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.

Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері

Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады.

1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады.

2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады.

Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:

• психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;

• мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;

• психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;

• орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);

• психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;

• әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.

 

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:

1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;

2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;

Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;

 

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

 

Психокорекцияның түрлері.

• Сипатына қарай: симптомды (ауру белгісі) және каузалды (себеп) деп бөлініп, дер кезіндегі дамудағы кедергіні анықтайды.

• Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондайқ кейде жылға созылуы мүмкін.

• Міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.

• Мазмұнына қарай: танымдық өрісі жеке тұлғалық, аффектілі еріктік, мінез құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата ана мен бала қатынасынан тұрады.

• Жұмыс түріне қарай: жеке топпен, табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, ерлі зайыпты).

• Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.

• Әсер етудегі басқару: Дерективті және дерективті емес болып қарастырылады.

Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде бала дамуынағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану. Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жкек ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.

Психолог коррекциялық жұмыстармен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды: а) не бар? б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгйде қарастыра, түсінік берумен талдауда тұрады (Г.С. Абрамова).

Нерофизиологиялық деңгейінде (не бар?) психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметтерге бағыттайды.

Жалпы психологиялық талдауды (не болу керек?). Психика қызметінің механизімі мен заңдылықтары негізінде алынған көсеткіштер қолданылады.

Жеке ерекшелік психологиялық деңгейінде (қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек?) жеке тұлғаны жас және дара ерекшелігіне қарай сәйкестендіре нақты талдайыды.

Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі үлкен топқа бөлді; психодинамикалық және мінез құлық психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез құлықта қарастырады. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданылатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез құлықтық терапияда қарастыратын балада мінез құлық дағды жолдары туралы білімді (жетондық бағдарлама) бейімделуге үйлесімді моделдерді, орындаушы біліктілігін дамытуға (мінез құлық тренингі), өзіндік реттелуге (скилл терапиясы) қалыптастырады. Іс әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепке арнайы білімді іс әрекетте ұйымдастырады, коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды және деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді (Л.С.Выготский, А.Р. Лурия, П.Я.Гальперин.) Психокоррекциядағы психологиялық механизм деп интериоризация (импорт) сыртқы әрекетті (көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) ішке қарай «айналдыру» (Л.С.Выготский.) Осы бағыт бойынша іс әрекеттің жоспарлы әдістемесіне балалар мінез құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалытастыруға болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных