Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің мақсаты мен міндеті 2 страница. Мектепке дейінгі балаларда физикалық тәрбиенің мазмұны




 

 

Мектепке дейінгі балаларда физикалық тәрбиенің мазмұны

1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мағынасы.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың дене тәрбиесі – оқыту мен тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз байланысты түзетушілік-педагогикалық жұмысының маңызды бағыты. Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі баланың денсаулығын нығайтуға, белсенділігін дамытуға, жұмысқа қабілеттілігін арттыруға негіз болады. Сонымен қатар, тәрбиелік және түзете білім беру жұмысының сәтті жүргізілуінің базасы болып табылады.

Есту қабілеті зақымдалған ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық және моторлық дамуына арналған (Р.Д.Бабенкова, А.А.Катаева, А.А.Коржова, Н.А.Рау, Л.В.Рябова, Г.В.Трофимова және т.б.) зерттеулер естудің мерзімді төмендеуі және әр түрлі аурулардың нәтижесінде пайда болған вестибулярлы аппарат қызметінің бұзылысы сияқты бірнеше ерекшеліктерді анықтаған.Ерте пайда болған немесе туа пайда болған есту кемшіліктері бар нашар еститін және естімейтін балаларда статикалық және локомоторлық қызметтері сол даму күйінде қалады. Өмірінің бірінші жылында естімейтін балаларда бастың ұстап қалуы мерзіміндегі артта қалушылық немесе кешірек меңгеру көрінеді, бірақ 2-4 айдан бір жасқа дейінгі уақытта тежелу орнын толтыру қажет.

Есту қабілеті зақымдалған балаларда моторлық дамуының кемшіліктері айқын көрінетін кез мектепалды және кіші мектепке дейінгі жас болып табылады. Балалар осы жастағы еститін балаларда бар қозғалыс тәжірбиелерін, яғни жүгіре алмайды, секіре алмайды, өрмелей алмайды, үлкендер көрсеткен қарапайым қозғалыстарды жасай алмайды. Құрастырылған қозғалыстар үйлестірудегі, кеңістікті бағдарлаудағы бұзылыстармен, биіктіктен қорқудың, қозғалыстың баяулығының бірнеше ерекшеліктерімен сипатталады.Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларда қозғалысының дамуындағы ең үлкен өзіндік ерекшелігі – жылдамдық сапасы мен тепе-теңдікдеңгейі. А.А. Коржова (1990) бойынша үш жастағы нашар еститін бала қалыпты еститін өзінің құрдастары орындайтын статикалық тепе-теңдікті сақтаудағы тапсырмаларды орындай алмайды. Негізінентепе-теңдік жағдайының жоғарылау процесі есту қабілеті зақымдалған балаларда мектепке дейінгі жаста басталса да, көп өзгерістер болмайды. Естімейтін балалар тепе-теңдік көрсеткіші бойынша еститін балалардан ғана емес, көзі көрмейтін, нашар көретін және зияты зақымдалған балалардан да артта қалады.

Көп балаларға әр түрлі бала қызметінің одан әрі қалыптасуында ұсақ моторика бұзылысы (саусақ қозғалысы, артикуляциялық аппарат) тән.Сондықтан балаларда есту анализаторы әсерінен көптеген қозғалысты орындау, оның ішінде тұрмыстық қозғалысты бақылауы бұзылады, балалар артық шулар шығарады, баяу және ырғақсыз қозғалыстар болады. Бұлар орнықсыз жүрістен, аяқпен тысырлаудан, үйлестірілмеген және епсіз қозғалыстардан пайда болады. Қадамдардың ассиметриясы, қозғалыстың айқындығы бақыланады. Сөздік қатынастың жоқтығы қозғалысты қалыптастыру процесінде қозғалыс сапасын төмендететін бірден бір себеп болып табылады.

Есту бұзылысы бар балалардың қатарында салдық және сан парезы бар, кеңістікте қозғалысының шектелуімен байланысты қалдық БСА бар балалар да кіреді. Балабақшада немесе үйдегі түрлі сабақтармен байланысты есту бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың моторлық дамуына теріс әсер статикалық жүктеменің үлкен көлемін алады. Г.В.Трофимованың пікірінше, гиподинамия кейбір қозғалыс сапасының жеткіліксіз дамуының бірден бір себебі, өйткені ол естімейтін және нашар еститін балаларда плоскостопия мен дене қалпының бұзылуын шақырады. Естімейтін және нашар еститін мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық дамуы бала ауруының себебіне, соматикалық әлсіздігіне байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл балаларда еститін балаларға қарағанда, бойының өлшемдерінде, дене салмағында, кеуде қуысы айналымында айырмашылықтар болады. (А.А.Коржова, Г.В.Трофимова). Есту бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балаларға бұлшық ет әлсіздігі, бұлшық ет тонусының төмендігі тән. Бірдей жастағы балалар тобы ішінде есту бұзылысы бар балалар тобы үлкен жеке айырмашылықтар арқылы ерекшеленеді. Сонымен қатар, мұндай мектепке дейінгі жастағы балалар физикалық және моторлық дамуында еститін балаларға тән тенденциядан ерекшеленеді.

2. Дене тәрбиесінің міндеттері.

Есту бұзылысы бар балалардың дене тәрбиесі денсаулығын сақтауға және нығайтуға, гармоникалық физикалық дамуына, қозғалыс белсенділігін дамытуға, негізгі қозғалыстарды және қозғалыс сапасын қалыптастыруға, физикалық даму бұзылыстарын түзетуге және емдеуге бағытталған. Дене тәрбиесі бойынша жұмыс кезінде жалпы мектепке дейінгі мекемедегідей іске асады. Тек кейбір физикалық, моторлық дамуына байланысты есту бұзылысы бар балаларда өзіндік міндеттер болады.

Денсаулық сақтау міндеттері– баланың денсаулығын нығайтуды, ағзасын шынықтыруды, педагог пен дәрігер ретінде баланың денсаулығын жүйелі бақылауды, балабақшада және үйде күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруды, жиі медициналық тексеруден өткізуді ұсынады. Әр түрлі іс-әрекеттің кезектілігі сабақта және демалыс уақытында ағзаның дұрыс жұмысын реттейді. Әр жас топтарының тәртібі балалардың психофизикалық ерекшеліктеріне қарап құрылады. Онда ұйқы уақыты (11 сағат түнгі ұйқы,күндіз 1,5-2 сағат), төрт мезгіл тамақтану, таңғы және кешкі серуен (жалпы 3-4 сағат), балалармен еркін ойындар(1.5 сағаттай), сабақтар жалпы балабақшадағы сабақ саны мен жүктемелермен салыстырып жасалады.

Балалардың ағзасын нығайту суықтауға, инфекциялық ауруларға қарсы тұруын жоғарылатады. Балабақшада бұл алғащқы жылдары ауа және су процедурасы жолымен жүргізіледі. Аяқты суда ұстау, суға салу аяқты шынықтырады. Сонымен қатар, жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтау да көмектеседі. Шынығу процедуралары баланың денсаулық жағдайын, ауруын, жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Негізгі қозғалысты және қозғалыс сапасын қалыптастыру – есту бұзылысы бар балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Негізгі қозғалыстарды меңгеру – баланың қалыпты өмір сүруінің негізін құрайды. Баланы дұрыс жүруге, жүгіруге, өрмелеуге, секіруге оқыту – жалпы ағзаның дамуына тиімді әсер етеді. Негізгі қозғалыстарды қалыптастыру – қозғалыс тәжірбиесін кеңейтуге мүмкіндік береді, күрделі қозғалыстарды меңгерудің қажетті базасын құрады. Негізгі қозғалыстарды қалыптастыруға жаттығулар қолданылады. Негізгі қозғалыстарды қалыптастыруда ылдамдық, кеңістік пен уақытты бағдарлау, тепе-теңдік сияқты қозғалыс сапалары дамиды, ептілікке, төзімділікке тәрбиелейді.

Түзетушілік міндеттер – тепе-теңдік қызметінің дамуымен, жетілдіруімен, дұрыс дене бітімін қалыптастырумен, плоскостопияны түзету мен алдын алу, тыныс алуды дамытумен, қозғалысты үйлестірумен байланысты. Естімейтін және нашар еститін мектепке дейінгі жастағы балаларда маңызды түзетушілік міндеттердің бірі – кеңістікті бағдарлауын дамыту болып табылады. Ол үшін баланың орын ауыстыруы, бөлмеде жабдықтарды орналастыруы, қозғалыс бағыты мен шартын өзгертумен байланысты жаттығулар қолданылады. Балаларға қозғалыстарды шапшаң орындауға жаттықтыру, ойында қозғалыс реакциясын дамыту керек және қалыптасқан дағдылардың қолдану шартын өзгерту керек. Дене тәрбиесі сабақтарында дыбыстық сүйемелдеуді қолдану ырғақты сезінуін дамытуға, вибрациялық сезімталдығын дамытуға, баяу және жылдам дыбыстарды ажыратуға көмектеседі, сонымен қатар, естіп қабылдауын дамытады.

Дене тәрбиесі сөйлеу тілі мен тілдік қатынастардың дамуымен байланысты. Қозғалысты орындауда тәрбиеші ауызша нұсқауларды қолдану арқылы сүйемелдейді. Жасына және оқыту кезеңдеріне сәйкес ауызша және жазбаша (табличка арқылы), ауызша-дактильді (естімейтіндер балабақшасында) қолданады. Балалар сөз мағынасы мен құрылымын меңгеруде сөздік материал ауызша ұсынылады. Балалар қимылды, ойыншықтарды білдірдіретін сөздерді меңгереді және бұл сөздерді басқа достарымен сөйлескенде, жаттығу орындағанда, қимылды ойындар кезінде, педагогпен сөйлескенде қолдануды үйренеді.

Дене тәрбиесі кезінде балаларда ерікті зейін түрі дамиды, көрнекілік үлгі бойынша және үлкендерге еліктеу арқылы әрекет етуді үйренеді, содан кейін ауызша нұсқауларға бағдарланып, жаттығуларды өз бетінше орындайды. Балалар ұжымда әрекет етуге, өз әрекетін басқа балалардың әрекетімен үйлестіріп жасауға, жаттығу, ойын кезінде өзін ұстауға көмектеседі. Одан әрі физикалық дамуында мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі сабағына, ойындарға, жарыстарға қатысуға қызығушылығын қалыптастыру маңызды ұғым болып табылады.

3. Дене тәрбиесінің формасы мен құралдары.

Дене тәрбиесі барлық түзетушілік-тәрбиелік жұмыс кезінде іске асады. Дене тәрбиесінің негізгі формаларына: таңғы гимнастика, серуендер мен сабақ үзілістеріндегі қимылдық ойындар, дене шынықтыру минуттары, фонетикалық ритмика, музыкалық сабақтар, дене тәрбиесі сабақтары жатады.

Таңғы гимнастика – баланың ұйқыдан тұрған соң сергектігін шақырады, күні бойы белсенді әрекет етуге дайындайды, қажетті тонус құрады. Таңғы гимнастика барлық жастағы топтарда тәрбиеші басқаруымен жүргізіледі. Жаттығу кешені жастарына сәйкес, баланың жеке мүмкіндіктерін таныс балаларға тапсырады. Жаттығу орындаудың басында балаларда жақсы көңіл күй қалыптастыру маңызды, дыбыстық сигналдарды (музыкалық аспаптар) немесе музыкалық сүйемелдеуді (аудиожазбалар) қолдануға болады. Жаттығу желдетілген, алдын ала атрибуттар (доптар, жалаушалар, т.б.) дайындалған орында өткізу керек. Таңғы гимнастиканы жүргізу кезінде келесі кезектілікті бақылау керек: жаяу жүру, жүгіру, қан айналымын жақсартатын, тыныс алуды арттыратын жалпы дамытушы жаттығулар, секіру, тыныс алу жаттығулары. Қимылдық ойындарды серуендерде және сабақ үзілісінде жүргізеді. Ол балаларға әрекет түрін өзгертуге, сабақта белсенді жұмыстан кейін демалуға мүмкіндік береді. Сабақ арасындағы ойындарда жақсы таныс балалар болуы және барлық қатысушыларға қарапайым, барлығы жасай алатындай болуы қажет.

Серуендерде ойынды ұйымдастыру жыл мезгіліне, ауа-райы жағдайына тәуелді болады. Жылдың суық уақытында қимылдық ойындарды, серуенді жүгіруден бастау қажет. Жаңбырлы күндері үлкен кеңістікті қажет етпейтін аз қимылды ойындар ұйымдастырылады. Серуен кезінде сюжетсіз ойындарды кеңінен қолдануға болады. Мысалы, серсо, сақина лақтыру, кегли; үлкен топтарда: валейбол, футбол, бадминтон және т.б. Серуенде балаларды велосипед айдауға; қыста – шанамен, шаңғымен, конбкимен сырғанауға үйретуге болады. Серуендерде спорттық мерекелер өткізіледі.

Серуен мазмұнына қозғалысты, қозғалыс сапасын дамытуға арналған әр түрлі жаттығуларды қосуға, сабақтардағы жаттығуларды бекітуге болады.

Балаларда күндізгі және кешкі уақыттардағы еркін әрекеттер ойнағанда, сурет салғанда, оқығанда, гимнастикалық жаттығу жасағанда қозғалыс белсенділігі үшін жақсы мүмкіндік тудырады. Сабақтарда қозғалыс белсенділігі кезектілікпен жүруі үшін басқарып және бақылап отыру қажет.

Дене шынықтыру минуттары – балалардың сабақтағы іс-әрекетінің ауысуын, қысқа уақыттық демалыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру минуттары сабақтардың ортасында жүргізіледі. Ұзақтығы – 3-5минут, оған бірнеше жаттығулар кіреді, ол қимылдық ойын сипатында болады. Қозғалыс сабақ мазмұнын сипатты байланыстыруы керек. Мысалы, «Қыс» тақырыбын өткенде, конькимен және шаңғымен сырғанауға, қар лақтыруға үйретеді, тақырыпқа сәйкес жануарлар қозғалысына еліктейді.

Кейбір жағдайда сурдопедагогтың қалауынша, дене шынықтыру минуттарын фонетикалық ритмикаға ауыстыруға болады, онда әр түрлі қозғалыспен бірге тілдік материал (дыбыс, буын, сөз, фраза) қолданылады, тілдің ритмикалық-интонациялық жағы алынады.

Музыкалық сабақ – есту бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің бір формасы болып табылады. Ол музыканы қабылдауға, дауысты дамытуға, қозғалыс ритмін дамытуға бағытталған. Музыкалық сабақтарда балалар көп қозғалады: билейді, ойнайды, жаттығу орындайды, қимылдық ойынға қатысады. Музыкалық сабақ мазмұнына қарапайым қозғалыстар (жаяу жүру, жүгіру, секіру, шапалақтау, тақылдату) және күрделірек (би элементтері) қозғалыстар кіреді. Музыкалық сабақтарда балаларда ритмді сезіну қалыптасады. Би кезінде ән айту сөйлеу кезіндегі тыныс алуды реттейді.

Дене шынықтыру сабақтары әр түрлі жастағы топтарда аптасына 3-4 рет болады. Топтағы балалардың бір бөлігі арнайы жабдықталған залда, ал қалғандары топпен бөлмеде, алаңқайда өткізеді. Арнайы балабақшада дене тәрбиесі сабағының құрылымы жалпы білім беру мекемесіндегідей 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспеде балаларды негізгі физикалық жүктемелерге дайындау маңызды болып табылады. Кіріспе бөліміне құрылымы, мәндеттерді түсіндіру, жаяу жүру, қысқа уақытта жүгіру және күрделі емес жаттығулар, негізгі жүктемелерді орындауға дайындау кіреді. Негізгі бөлімге жалпы дамытушы жаттығулар, негізгі қозғалыстарды дамыту, қимылдық ойындар кіреді. Жалпы дамытушы жаттығулар кешені түрлі бұлшық ет топтарына арналған жаттығулардан: мойын бұлшық етіне арналған, иық белдеуі мен қолдарға арналған; сан бұлшық еттеріне арналған: аяққа арналған жаттығулардан тұрады. Қорытынды бөлімінде жүгіру, еркін серуен, зейінге арналған жаттығулар, қозғалысты үйлестіру, қорытындылау ұсынылады.

Сабақтың құрылымдық бөлімі жоғары және дайындық топтарында айқын бөлінеді. Ал кіші топтарда сабақсалыстырмалы түрде бөлінеді.

Сабақтардағы бала саны ұйымдастыру әдісіне байланысты болады. Балаларға дене тәрбиесі сабақтары фронтальды, топтық, кезектестік және жеке ұйымдастыру әдістері түрінде жүргізіледі. Орта және кіші мектепке дейінгі жастағы балалар жаттығуларды бірге (фронтальды) және жеке орындайды; жоғарғы мектепке дейінгі жастағы балалар топпен немесе кіші топтармен орындайды. Барлық ұйымдастыру әдістерінде физикалық жүктемелер әр бала жағдайына тән болуы, бірыңғай болуы, сабаққа қатысушылар саны жоғары болуы керек.

Сабақты өткізу кезінде гимнастикалық қабырғалармен, орындықтармен, сатылармен, тақталармен, секіруге арналған стендтер, доптармен, обручтармен, арқандармен жабдықталған бөлмелер қолданылады. Барлық жастағы топтарда сабақтарда дыбыстық сүйемелдеу қолданылады: қозғалыстың басталғанын немесе аяқталғанын білдіретін белгі ретінде бубенге немесе барабанды ұру, олардың ауысуы, жаяу жүру, жүгіру жылдамдықтарын, секіру жиілігін реттеу.

4. Дене тәрбиесінің мазмұны мен әдістері.

Есту бұзылысы бар сектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі мазмұны барлық жастағы топтарда ортақ міндеттермен, кемістігін түзету қажеттігімен анықталады.

Орта және кіші мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс кезінде қозғалыс белсенділігін дамыту, ерікті зейінді қалыптастыру, ересектерге еліктеу дағдыларын қалыптастыру, ерік-жігер сферасын дамытуға баса назар аударылады. Негізгі қозғалыстарды қалыптастыру сабақ мазмұнында қолжетімді формасымен іске асады. Жаяу жүру, жүгіруге оқыту тәрбиеші көрсетуімен баланың қызығушылығын ояту үшін ойын кездерінде: қуыршаққа қонаққа бару, қонжықтың үйіне дейін жүгіріп бару және т.б. жүргізіледі. Балалар секірудің әр түрін (бір орында, бұрылып секіру, арқаннан секіру) меңгереді. Сонымен қатар, жорғалауды, өрмелеуді үйренеді.

Орта топтарда жаттығу күрделілігі деңгейі жоғарылайды және орындау шарттары өзгереді. Негізгі қозғалыс сапасының талаптары жоғарылайды: балалар жартылай бүгілген аяқпен секіруді, жаяу жүруде, жүгіруде, өз бетімен өрмелеуде қол мен аяқ қозғалысын дұрыс үйлестіруді білуі тиіс. Ұжымдық ойындарда өзін дұрыс ұстауды, өз рөлін дұрыс ойнауды, өз әрекетін басқалардың ірекетімен үйлестіруді үйрету маңызды болып табылады. Дыбыстық сигналдарға жауап беру дағдылары дамиды.

Жоғары топтарда жаттығуларды үлгі бойынша ғана емес, ауызша нұсқау арқылы өз бетімен орындауды үйрену маңызды. Қозғалыс дағдылары жаттығу күрделілігін, қарқындылығын арттыру кезінде бекітіледі. Мұнда жасқа сәйкес жақсы қозғалыс сапасын қалыптастыру үлкен маңызға ие. Түзетушілік жұмыс кезінде тепе-теңдікті дамытуға күрделендіріп жаттығулар береді. Сонымен қатар, арнайы жаттығуларды таңдау кезінде және қимылдық ойындарда кеңістікті бағдарлауы дамиды. Балаларға оқытудың бұл кезеңінде фронтальды, топтық, кіші топтық ұйымдастыру әлістері қолданылады.

Дайындық тобының балалары негізгі қозғалыстарды меңгеруі, қатармен жаяу жүруде кезектескен қозғалыстар қатарын өз бетімен орындауы, күрделенген кеңістіктегі шарттарды (ойында) бағдарлай алуы тиіс. Ұжымдағы мінез-құлыққа, қимылдық ойындарда, эстафеталарда өзінің әрекетін басқалардың әрекетімен үйлестіру қабілетіне де талаптар қойылады.

Оқытудың түрлі кезеңдерінде мынадай әдістер қолданылады: көрсету, көмек, сақтандыру, ауызша нұсқауларға әрекет ету, бірақ әр оқу жылында көлемі өзгереді.

Көрсету оқыту әдісі ретінде кіші мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста, ересек мектепке дейінгі жастағы балалармен сабақта қолданылады. Көрсету процесі кезінде балаларға қимыл бейнесі тұтастай беріледі, жеке элементтеріне назар аударылмайды. Көрсетудің дұрыстығы, оның нақтылығы – оқытудың маңызды шарттарының бірі. Қозғалысты ұқыпсыз, нақты емес демонстрациялау балалардың қозғалысты дұрыс емес орындауына әкелуі мүмкін. Ересек топтағы балаларға қозғалыс техникасының элементтерін оқыту мақсатында бөлшектенген түрде ұсынады. Қозғалысты бақылауда балалар оны анық көруі керек, сонымен қатар, басқа балалар орындағанқозғалысты бақылау керек.

Тепе-теңдік және кеңістікті бағдарлау бұзылысы бар кіші балалармен және мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста ересектердің көмегі маңызды. Ересектер кейбір қимылдарды балалармен бірге орындайды. Мысалы, доп қағып алуда оның қолынан ұстайды, гимнастикалық қабырғаға өрмелеуде аяқтарын реттейді. Ересек топтағы балаларға тепе-теңдік жаттығуларын орындауда көмек керек болады.

Сақтандыру барлық оқу жылында қиын жаттығуларды орындауда, әсіресе жарақат алуы мүмкін жаттығуларда: гимнастикалық қабырғаға өрмелеу, секіру және т.б. орындауда қолданылады.

Балалардың қозғалысты меңгеруі кезінде алдмен педагог көрсетеді, балалар ауызша нұсқау арқылы көрсетеді. Баланың жасына, қозғалыс тәжірбиесіне, есту және сөйлеу жағдайына сәйкес тәрбиеші әр түрлі тілдік материалды қолданады.

Кіші топтарда заттардың, іс-қимылдың атауы ауызша ұсынылады және жақсы қабылдауға, меңгеруге жазбаша жазылады (табличкалар). Сөзді меңгеру ауызша ұсынылады, ал жаңа сөздер мен жеткіліксіз меңгерген балаға тәрбиеші табличкамен ұсынады. Балабақшалардың естімейтін орта топтағы балаларға жаңа сөздер ауызша-дактильді ұсынады, меңгергеннен кейін – ауызша. Нұсқаулар қысқа, балаларға түсінікті болуы керек. Балаларға сөз мағынасы түсініксіз болғанда тәрбиеші ауызша нұсқауды көрсетеді.--

 

Мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің қалыптасуы

Ерте және мектеп жасына дейінгі баланың дамуында заттық, ойындық, бейнелік, құрастырмалық, еңбек әрекетін қалыптастыру олардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылсыстарды тануы, сөйлеу тілін және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, адамның тұлғалық сапасының өсуі үдерістерімен байланысты. Бұл аталған әрекет түрлерін есту қабілеті зақымдалған балаларда толыққанды қалыптастыру үшін оларға мақсатты түрде әсер ету керек. Мектеп жасына дейінгі жаста ойын әрекеті бастапқы әрекет түрі болып табылады. Сол арқылы баланың психикалық ерекшеліктерін қалыптастыруға болады. Баланың ойынға бейімділігі қалыпты бала өмірінің екінші жылында қалыптасатын заттық әрекеттің дамуымен байланысты. Есту қабілеті зақымдалған балаларда ойын әректеі мектеп жасына дейінгі уақытта қалыптасады (А.А.Катаева, 1977). Бұл уақыттан кеш қалыптасқан ойын әрекеті ойынның кеш қалыптасуымен шарталады. Есту қабілеті зақымдалған балада ойын әрекетінің қалыптасу ерекшеліктері қабылдау және ойлаудың, елестету деңгейімен байланысты болып келеді. Сөйлеу тілінің жетілмеуі және сөздік қарым-қатынастың төменгі деңгейі сюжеттік-рөлдік ойынның қалыптасуына әсер етеді. Естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктерін Г.Л.Выгодский (1963) толық зерттеді.

Есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалар еститін балалар секілді ойынды жақсы көреді. Олар ойын барысында қоршаған ортаны бақылау және оған қатысу кезіндегі әсерлерін көрсеткісі келеді. Бірақ бұл балалардың ойын барысындаБірақ бұл балалардың ойын барысы тек тұрмыстық ойындармен шектеліп жатады. Бұл ойындар арнайы оқытудың жоқ кезінде біраз уақыт заттық-процестік сипатта болады.

Есту қабілеті зақымдалған балалар ойын барысында заттық әректтерді жалпы түрде емес, бөлшек түрде көрсетеді. Яғни олар ойынның басты шарты болып табылмайтын бөлшек әректтерді орындайды. Егер бала бұл әрекет түрін ересектерден көп көрсе, онда бұл кішігірім әректті қайталау жиілігі артады. Ересектерге еліктеу ойынға кіру кезіндегі баланың негізгі құралы болады. Бірақ балалар ойын барысында мінез-құлықтың негізгі мәніне үңілмей, тек сыртқы көрінісін ғана орындайды. Ойын барысында ересектерге еліктеу (тәрбиешіге, ата-анасына) ұзақ уақытқа қалып қалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных