Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің мақсаты мен міндеті 4 страница. Балалардың қоршаған ортаға қатынасы оның алған білімдері және ересекпен алай жұмыс




Балалардың қоршаған ортаға қатынасы оның алған білімдері және ересекпен алай жұмыс жүргңзгеніне байланысты. Ол мынандай тақырыптармен танысда: «жанұя», «мамандық», «қала», «транспорт» және т.б. бұл жұмыстың бағыты күнделікті өмңр жағдайларын ұсынады. Баланы тұрмыстық жағдайдаңғы дыбыстарды ұғынуға, қоршан ортада: магазинде, базарда, транспортта өзін-өзі ұстауы туралы тіртібін үйрету маңызды. Қоршаған әлеуметтік ортамен таныстыру балада ойындар, диафильмдер, әңгімелесу, альбомнан, кітаптанғ экскурсияда, қалыпты жаңғдайда үйретіледі.

Адамдардың өміріін, итабиғатты бақылау ніәтижесінде балалрда мезгілдер туралды, айлар, сағаттар туралы білімі қалыптасады. Жанындағы заттарды зерттеуден балал оның көлемі ұзындығы ауырлығы жайлы мағұлмать алады. Балалар кейіннен туған күн мерзімі, адрес, жас шамасы туралы мағүлматтарды білетін болады.

Баланың танысмдық қабілеттерін дамыту онығ тілін дамытумен қатар жүреді. Балалның іректтер арқылы сөздіің мағынасын т.сінеді, қай жерде қолданатын анықтайды, сөздік қоры көбееді.

Бұл пәннің негізі мақсаты, баланың ары қарай табиғатқа деген қызығушылығын ашу болып табылады.

Қоршаған ортамен таныстыру – мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың психикасының дамуы мен жеке басының қасиеттерін қадыптастырудың қажетті шарты.

Қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің мазмұны ересектер тобындағы мектепке дейінгі білімнің этномәдени қағидасына сәйкес іске асады. Бала ерте жастан бастап өз елінің мәдениетінің қайнар көзінен сусындап өсуі керек.

Бағдарламалық мазмұнды жүзеге асыра отырып, педагог балалардың ой-өрісін заттар, адамдар және олардың еңбегі, өздері жайлы білімдермен кеңейтуі керек. Бұл міндеттерді шешу балалардың ақыл-ой қабілеттерін және тілін дамытады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына балалардың заттар (қағаз, қатты қағаз, әйнек, металл, резина, тері, мата, пластмасса және т.б.) жасайтын материалдар, заттар мен материалдарға тән (түстері мен түрлерінің, дәм сапасының әртүрлігі, жұмсақ-қаттылығы, мөлдірлілігі-мөлдір еместігі, тегістігі-кедір-бұдырлығы, жеңілдігі-ауырлығы және т.б.) қасиеттері туралы білімдерін кеңейту; заттардың құрылымы және оған материал таңдау олардың қолданылуына байланысты екендігі жайлы түсініктерін жалпылау енеді.

Балаларды қоршаған ортадағы заттар мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін анықтауға және атауға жаттықтыру қажет. Балалар заттарды салыстыруды, олардың елеулі белгілерін көрсетуді, материалы, сапасы, қолданылуы бойынша топтастыруды үйренеді.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.

Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындарколданудың маңызы зор.

Ойын дегенміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану — үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын — тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық-шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады. Танымдық-шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық-шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамытуда қатып қалған әдіс-тәсіл жоқ.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Танымдық шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сиақты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені,затты ешқашан ұмытпайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру барысында танымдық-шығармашылық ойындарды.

Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.

Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.

Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.

Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.

Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.

Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.

Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.

 

Әлеуметтік-жеке тұлғалық даму

Балалар мен ересектердің өзара әрекеттестіктерін қалыптастыру

Балалар мен ересектердің өзара қарым-қатынасын қалыптастыру мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы үшін маңызды болып табылады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың ересектермен әрекеті арқылы бала өзін өзге балалардың және ересектердің арасында елесете алады, әлеуметтік және табиғи құбылыстар туралы көріністерін байыту және оған деген қызығушылықты арттыру, өзбеттілік, жауапкершілік, «Мен бейнесі» секілді мүмкіншідіктерінің туындауына көп септігін тигізеді.

Еститін баланың ересектермен әрекетінің бастапқы 7 жыл уақытта әр кезеңді қамтиды. Осы кезеңдерге сай есту қабілеті нашар және естімейтін балалардың ересектермен қарым-қатынасын ұйымдастыруға болады. Сәби жастағы балаларда жағдайлық-тұлғалық қарым-қатынас қалыптасады. Ал мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларда жағдайдан тыс танымдық қарым-қатынас орнайды. Соңғысы мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балаларда жағдайдан тыс тұлғалық қарым-қатынас дамиды.

Мектеп жасына дейінгі жастағы және мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балалардың ересектермен қарым-қатынасының негізгі шарты – топта эмоциялық жағымды жағдай орнату, қызығушылығын дамыту, ересектерге сену, олармен топтасуға ұмтылу.

Балабақшаға жаңадан келген сөйлемейтін баламен өзара әрекет ұйымдастыруда түрлі сөйлеу құралдары пайдаланылады: біріншіден, ауызша сөйлеу тілі, кейбір балаларда жазбаша сөйлеу тілі; екіншіден, балалар мен ересектердің жесттерді, мимиканы, дененің қозғалыстары мен көзқарастарды пайдалану.

Ересектер мен балалардың өзара әрекеттестігінің негізгі түрі – заттық әрекет. Заттық әрекет «Айналамен танысу», «Ойын», «Бейнелеу өнері» деген секілді сабақтарда іске асады.

Педагогтар балалардың назарын мимика, жесттік тіл және т.б. арқылы ересектерге аударады. Мысалы, сыныпқа медбике келетін болса, онда мұғалім балаларға былай дейді: «Оля тәтей келді. Салем. Катя, «сәлем» деп айтшы». Осы кезде балалардың назары ересектердің өзара қарым-қатынасына ауады. Әр түрлі тұрмыстық жағдайларда ересектер өздерінің көңіл-күйлерін жағымды және жағымсыз түрде көрсетіп жатады. Жағымды әсерлерді ересектер өзге балалардың көзінше арнайы жесттер ен мимикалар арқылы көрсете алады. Балалардың сөйлеу тілін бағалауда бірден жағымсыз пікірлерді қолдануға болмайды. Алдымен бала ортаға үйреніп, содан соң сол оортаның сөздік ерекшеліктеріне үйренуі арқылы қалған жұмыстарды атқара беруге болады.

Орта және жоғары жастағы балалардың ересектермен қарым-қатынасы басқаша негізде өрбиді.

Мектеп жасына дейінгі орта жастағы балаларда танымдық тақырыптарда қарым-қатынас (ойын, құрастыру, табиғатта еібек ету және т.б.) ұйымдастырылады. Ересек адам балада табиғи құбылыстарға деген, олармен жұмыс жасауға деген қызығушылықты оята білуі керек. Бұл көбіне сюжеттік-рөлдік ойындарды орындау барысында жүзеге асуы мүмкін. Ересектер әлеміне деген қызығушылыөты ояту ойналамен танысу сабақтарында жүзеге асырылады: серуен барысында адамдардың әрекетн бақылау, суреттерді, слайдтарды, иллюстрацияларды қарау және т.б.

Әлеуметтік көріністерін қалыптастыру және әлеуметтік тәжірибесін бекіту ойын, құрастыру, сурет салу арқылы іске асады. Орта топтағы балалардың сөздігінің құрамына адамгершілік қасиеттерді (көмектеседі, жаны ашиды, күтеді, мейірімді, жанашыр) қалыптастыру мен мінез-құлықты меңгеруге байланысты сөздер кіреді. Әлеуметтік көріністерін қалыптастыру, адамгершілік нормаларын меңгеру тақырыбы баллар мен ересектердің өмірі жайлы қысқаша мәтіндерді оқуға мүмкіндік береді.

Ересектер мен балалардың қарым-қатынасын жағдайдан тыс-тұлғалық сипатынан ұйымдастыру кезінде балалардың назары ересектерге ауады. Есту қабілеті зақымдалған барлық балаларда бұл қарым-қатынас түрі қалыптаса бермейді. Ересектер әлемі сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы да көрінеді. Бұл жерде қызығушылық объектісі адамдардың мінез-құлқы мен олардың өзара қарым-қатынасы болып саналады. Бұл кезең барысында балалармен бірге түрлі объектілерге (дүкенге, мектепе, поштаға, театрға, музейге және т.б.) серуен жасау арқылы оларда адамдардың мамандығы мен жасайтын еңбектері туралы түсініктер қалыптасады. Аталған серуендер барысында балалар өзін-өзі ұстау ережелерін меңгереді.

Жоғарыда аталған көріністер мультфильмдер, видеофильмдер, сурет жинақтарын көру барысында байытылып, бекітіледі. Осы аталған жұмыс барысында балалардың еңбекке деген қызығушылығы қалыптасып, оның мәнін түсінуге деген ынтасы артып, ересектермен бірге әрекет жасауға үйренеді. Есту қабілеті зақымдалған балаларды ересектермен қарым-қатынас орнатуға, сол қарым-қатынасты нығайта білуге, әртүрлі жағдайлардағы сөйлеу тілінің нормаларын меңгеруге үйретудің маңызы зор.

Естімейтін және нашар еститін балалармен қарым-қатынастың барлық кезеңінде олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін ересектердің бала әрекеттерін бағалаудың маңызы зор. Бұл жерде баланың тұтастай бағаланбайды, тек нақты әрі жетістіктері мен іс-әрекеті барысында бағаланады.

3.Баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасын дамыту

Баланың қатарластарымен қарым-қатынасы оның әлеуметтік-тұлғалық дамуының негізгі шарты болып табылады. Психологтардың айтуынша, ұжым ішіндегі балалардың өзара байланысы олардың тұлғасын қалыптастыруда шешуші факторы болып саналады. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелерде балалардың тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастырудың жауапкершілігі ересектерге жүктеледі.

Мектеп жасына дейінгі мекемеге қабылданған екі-үш жасар естімейтін және нашар еститін бала топтаға өзге балалармен қарым-қатынасқа түсуге қиналады. Олардың көпшілігі жалғыз өзі немесе тәрбиешімен ойнауды қалайды. Осы кезеңдегі ересектердің міндеті – балаларда қатарластарына деген қызығушылық пен жақсы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу. Осы мақсатта ересектер топ ішінде балаларды бір-бірімен таныстырып, аттарын ауызша немесе жазбаша түрде атайды. Педагогтар балаларды бір-біріне мұқият қарап жүруге, олардың ерекшеліктерін ескеріп жүруге тәрбиелейді. Көп жағдайда балалардың наазары эмоциялық көңіл-күйге ауады (Катя жылап жатыр). Осы езде педагог бір-біріне қалай көмек көрсетуге, жұбатуға болатынын үйретеді. Бұл кезеңде қарым-қатынас балалардың жеке қызығушылықтары мен ерекшеліктеріне құрылады.

Мектеп жасына дейінгі орта жастағы балалар қатарластарымен қарым-қатынас орнатуда үлкен қызығушылық танытады. Бұл топтағы балаларда өзге балалармен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінің тез артуы байқалады. Балалардың қарым-қатынасы барысында ақпарат алмасады, біріккен әрекет ұйымдастырылады, міндеттер мен әрекеттер реттеледі. Топ ішінде өзге балалар елітейтін көшбасшы бала анықталады. Кейде топ ішінде қзгелермен қарым-қатынас орнатқысы келмейтін балалар болады. Бұл кезде ересектердің міндеті – ойындар барысында рөлдерді дұрыс бөлу арқылы, топтық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқшауланған баланы ұжымға кіріктіру. Еңбек сабағында, құрылыстық ойындар мен ұжымдық жұмыстар барысында жалпы еңбекті және әр қатысушының еңбегін бағалау маңызды болып табылады. Бір ескеретіні, ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы көпетеген нәтижелерге жетуге болады. Балалар арасында достық пен бір-біріне бауыр басу туындайды. Кейбір мектеп жасына дейінгі балалар өз досын қандай сапалары бойынша таңдағанын да түсіндіріп бере алады.

 

4. Баланың өзіне деген қарым-қатынасын қалыптастыру

Баланың өзін түсінуі, өзі туралы нақты пікірлердің қалыптасуы, «мен» бейнесінің пайда болуы, олардың ересектермен және өзге балалармен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Қалыпты еститін балалар айналадағы әлемнен алғашқы оқу жылының соңына қарай өзін бөліп көрсете алады. Бала өмірінің үшінші жылында өзін-өзі түсіну элементтері қалыптасады. Бұл кезеңде балалар ересектердің көмегінсіз әрекет етуге талпынады; олересектердің талабын орындап, олардан мақтау сөз естуді қалайды. Ерте жас кезеңінің соңына қарай еститін балаларда «мен - өзім» феномені пайда бола бастайды. Бұл балалардың өз әрекетін ересектердің әрекетімен салыстыра алуы мен өз мүмкіндіктерін бағалай алудың нәтижесі болып табылады. Есту қабілеті сақталған балалардың өзін-өзі түсінуі баяу қалыптасады. Бұл ересектер мен педагогтардың қатысуын талап ететін жағдай болып табылады. Педагог балалның өз-өзіне деген сенімін нығайтуға және нітижелі жұмыс жасауына септігін тигізе алады. Бұл балалардың кеңістіктік бағдарлауын жақсы дамыту үшін берілетін тапсырмалар нақты түрде болуы керек: шалбарды түймеле, ойыншықтарды жина және т.б.

Балада «Мен» феномені қалыптасу үшін ересектер олардығ еңбектерін мойындап, олармен қарым-қатынас кезінде жақсы шырай таныту керек. Орындау үшні қиынға тапсырмаларды беру, әрқашан бағалап отыру, баланың мінез-құлқын әрқашан жаман бағалау мен нұсқаулықтар беру балада өзіне деген сенімсіздіктің, тұйықтықтың, ашуланшақтықтың пайда болуына дем болады. Бұл әсіресе қиымл әрекетерді орындауы қиынға түсетін есту қабілеті зақымдалған балаларға қатысты болып келеді. Сондықтан да ересектердің балалармен қарым-қатынасы кезінде ерекше стиль сақталуы керек.

Есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі орта және жоғарғы жастағы балаларда өзі орындаған әрекетке деген жауапкершілікті арттыру маңызды болып табылады. Себебі бала өз ісіне жауап беру арқылы оның өзге де іс орындау барысындағы өнімділігі артады.

Мектеп жасына дейінгі кіші, орта және жоғары жастағы балалардың әрбір әрекет орындағанда оларды бағалап отырудың, ынталандырып отырудың маңызы зор екендігі байқалды. Бұл процеске балалармен тікелей бірге педагогтар, тәрбиешілер, сурдопедагогтар және ата-аналар қатысады. Әр аталған маманның алар орны ерекше. Бұл мамандар біріге отырпы баланың қарым-қатынасын дамытуны ат салысса, оң нәтижелерге жету мүмкіншілігі артады. Баланың әлеуметтік дамуы жан-жақты процесс болып табылады: 1. Қоғамдық мәдени және моральдық киыншылықтарын көздеу, 2. тұлғалық сапасын қалыптастыру, 3. басқа балалармен немесе ересектермен қарым- қатынасын анықтау, 4. өзін-өзі тұлға ретінде дамуы. 5. өзінің өмірлік ортада орнын табу.

Баланы дамыту жөніндегі әлеуметтік рөлін Л.С Выготский дамуында ауытқуы бар баланың даму салдары «қоғамдық мінез- құлқы бал балалардың функцияларын анықтау» оларды «әлеуметтік сыну» деп айқындаған.

Есту қабілеті бұзылу сияқты ауытқудың болуы, балларға әлеуметтік дамуын қиындатады. Арнайы зерттеудердің қатарында нақты көрсетілген, есту қабілеті зақымдалған балалар олардың әлеуметтік оңалту бойынша көптеген қиыншылықтарды кездестіреді. Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балалардың айналадағы болып жатұан оқиғаларды, ересектер мен баллар іс-әрекеттерінің бағыттары мен мағынасын түсінуде қиыншылықтар болады, моральдық идеялар мен сезім қалыптастыру, мінез- құлық ережелерін меңгеру, адамдардың сезімінін түсінуде қиыншылықтар болады.

Арнайы психологиялық зерттеулерде белгіленген есту қабілеті зақымдалған балалардың дифференциалды эмоционалды реакциясы өзін-өзі бағалауға әлсіздік келтіреді, басқалардың пікіріне,көз қарасына тәуелді болады.

Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар адамдардың іс-әрекетінің мағынасын түсінуде қиындық келтіреді, және мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынаста әлеуметтік шындық психологиялық білімдерін меңгеруін білдіреді.

Осы қиыншылықтардың ең негізгі ол есту қабілеті зақымдалған балалардың ересектер және бір-бірімен қарым қатынасының жоқтығы немесе шектеулігі, қарым – қатынас құрал ретінде сөйлеу тілінің дамымауы, баланың әлеуметтік орны мен өмірінде көріністің жетіспеуі,көріністі шынайы жағдайда өңдеудің әлсіздігі. Осы қиындықтар ата-аналармен мұғалімдердің баланың әлеуметтік дамуына қабілетсіз екеніне қиындық келтіреді,олардың тұлғалық дамуына әсер етеді. Еститін және нашар еститін балаларға әлеуметтік дамуына жағымсыз әсер беретін жағдай олардың интернат мекемелерінде болуы, ол әлеуметтік қарым-қатынастың шектеулігіне алып келеді, әлеуметтік коммуникативті қызметтінің бағытын азаюына ықпал етеді. Ересектермен де, балалармен де қарым-қатынасын жақсартуға қабілетсіз болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных