Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің мақсаты мен міндеті 6 страница




 

Есту қабілеті зақымдалған балалардың мектепке дайындығы

Мектеп табалдырығын аттау - бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады.

Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн: дәстүрлі ме, әлде Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жүйесі немесе Л.В.Занков жүйесімен бе, әлде мүмкін шетел тілін тереңдете оқытатын арнаулы мектепке берген жөн бе? Мектеп жүктемесін алып кете ала ма, жақсы оқи ала ма? Баланы мектепке қалай дайындаған жөн? Кішкентай оқушыны мектепте кездескен алғашқы қиыншылықтарды жеңе білуге қалай дайындауға болады? Осындай сұрақтар болашақ оқушылардың ата-аналарын да, тәрбиешілерін де мазалайды, осы сұрақтарын олар балабақшалардың психолог мамандарына жолдайды. Ата-аналар мен педагогтардың мазасыздануы түсінікті де: өйткені оқушының алғашқы жылдағы табысы келер жылдардағы оқуының табысының негізі, мектепке деген дұрыс көзқарасының негізі, одан қалды мектептегі және болашақ үлкен өмірдегі табысының негізі болып табылады. Егер оқушыға оқу қиыншылық туғызса, мектептен нашар бағалар мен ескертулер әкеліп отырса, бұның бәрі семьяның психологиялық ахуалына теріс әсерін тигізеді: үй тапсырмасын орындау жанұяның барлық мүшелеріне жазаға айналады, ал ата-аналар жиналысына қатысу – нағыз азап.

Психологтар мен педагогтарды қынжылтатын бір жәйт – соңғы кездерде нашар оқитындар қатарына сырттай тәп-тәуір, ойлау қабілеті жоғары деңгейде, оқу мен жазуды мектепке дейін-ақ меңгеріп алған балалардың қосылуы. Мұндай балалардың ата-аналары психологқа кеңеске келгенде: «Біз баламызбен көп дайындалдық, оның дамуына көп күш жұмсадық. Неліктен ол нашар оқиды?» - деп дал болады. Мұның басты себебі баламен дайындалған сабақтардың барлығы дерлік мектепке дайындықтың негізі бола алмайды. Қазіргі заман психологтары көпжылдық теориялық және тәжірибелік зерттеулер негізінде баланың мектептегі оқуды бастауына аса қажет жеке бас қасиеттерін анықтады.(оқуға қажет қасиет д.а.)Осы қасиеттердің даму деңгейі баланың оқудың алғашқы сатысындағы білімді меңгеруінің табыстылығын айқындайды, дәл осы қасиеттерді баланың мектепке дайындығын қалыптастыру кезеңінде естен шығармау керек. Бұл мүлде оқу-тәрбие жұмысы тек оқуға қажет қасиеттерді дамытумен шектеледі деген сөз емес: «психикалық даму» ұғымының «мектептегі оқуға дайындық» ұғымынан әлдеқайда аясы кең. Педагогтар мен ата-аналардың басты міндеті – баланың толыққанды және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Бұл жерде ең басты мәселе қандай сабақтардың баланың дамуы мен мектепке дайындығына қажет деңгейді қамтамасыз ете алатынын дәл анықтау.Баланың үлкендердің тапсырмасын қалай орындайтыны да өте маңызды – егер ол оқу дағдылары көзқарасы жағынан қате тәсілдерді қолданатын болса, әрі қарай дұрыс қалыптаспаған дағдылар мектеп бағдарламасын толық игеру жолында кедергі болуы мүмкін. Үйретуге қарағанда қайта үйрету әрқашан қиын екені белгілі ғой.

 

Кейде ата-аналар да тәрбиешілер де «дамытушылық сабақтар қанша көп болса, баланың мектепке дайындығы да сонша жақсы болады» принципімен әрекет етеді. Ал бұл әрекет баланың ақыл-ой және физикалық шамадан тыс шаршауына әкеліп соғады да, денсаулығының нашарлауына ықпал етеді. «Мектепте оқуға дайындық» деген не ұғым? Әдетте, мектепке дайындық дегенде баланың психикалық, физикалық немесе әлеуметтік дамуының оның денсаулығына нұқсан келтірмей мектеп бағдарламасын игеріп әкете алатын деңгейін айтады. Демек, «мектепке дайындық» дегеніміз баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дайын болуы. Осы үш құрамдас бір-бірімен тығыз байланыста, біреуінің жетіспеушілігі баланың мектепте оқуының табыстылығына кері әсерін тигізеді. Бала ағзасының негізгі функционалдық жүйесінің дамуы мен денінің саулығы мектепке дайындықтың фундаменті болып саналады. Балалардың мектепке дайындығының деңгейі мен жеке бас ерекшеліктерін анықтау мақсатымен психологтар «Балалардың мектепте оқуға дайындығының кешенді диагностикасы» атты әдістеме әзірледі. Бұл әдістеме негізінде аудан балабақшаларында мониторинг өткізіліп, балабақша түлектері бес бөлім бойынша тексерілді.

Дегенмен де мектепке дайындықтың қажет деңгейін қамтамасыз ету ата-аналар және педагогтардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Ал ол үшін олар мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктері, мектепке дайындықты қалыптастыру әдістері, алғашқы сәттердегі кездесетін қиындықтар жөнінде білулері керек. Осы және басқа да жиі қойылатын көптеген сұрақтарға жауап беру балабақша педагог-психологтарының міндеті.

1-қыркүйек келеді де, мектеп парталарына кешегі балабақша тәрбиеленушілері отырады. Мектептегі алғашқы күн – құшақ толы гүл, құттықтау, қуанышты толқу сәт(Мен оқушымын!). Мұның бәрі өтеді де, қуанышы мен реніші, жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін күнделікті мектеп өмірі басталады. Кішкентай оқушылардың нағыз оқушыларға айналуына, жаңа ортаға, жаңа тәртіпке, жаңа күн тәртібіне, жаңа педагог пен жаңа сыныптастарына үйреніп кетуіне біраз уақыт керек болады. Баланың мектепке үйренуі бір күндік шаруа емес. Бұл баланың психикасы мен жас ағзасына күш түсіретін ұзақ процесс.Оқу жылының басында барлық дерлік бірінші сынып оқушыларында тым белсенді қозғалыс немесе керісінше, тым баяушылық, ашуланшақтық, тәбеті нашарлау, ұйқысыздық, тез шаршағыштық байқалады. Бұл бала ағзасының өзінің үйреншікті дағдыларынан басқаға ауысына берген заңды жауабы.

Мамандар баланың мектепке бейімделуінің үш негізгі кезеңін атап көрсетеді.Бұл кезеңнің әрқайсысының өз ерекшелігі бар.

Бірінші кезең – бағдарлау кезеңі – ерекшелігі бала ағзасының өзгерістерге қызу жауап беруі, 2-3 аптаға созылады. Бұл кезеңде бала өз шамасының шегінде «жұмыс істейді», сондықтан да бала салмағын жоғалтады, жиі басы ауырады, ұйқысы жоғалады, жиі ауырады.

Екінші кезең – тұрақсыз бейімделу кезеңі – бала ағзасы іздеп және жаңа өзгерістерге оңтайлы жауап таба бастайды.

Үшінші кезең – мейлінше тұрақты бейімделу кезеңі – бала ағзасының жаңа өзгерістерге (ақыл-ой, дене, көңіл-күй) нақты, тиянақты жауап беретін, сөйтіп, балаға түскен алғашқы күндер ауыртпалығын жеңілдететін кезең.

Барлық үш кезеңнің ұзақтығы – 5-6 апта; ең қиыны алғашқы төрт апта.

 

Эстетикалық тәрбие шарттары

Эстетикалық тәрбие дегеніміз- қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілеті дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие дегеніміз- өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эмстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді. Алайда өнерді танып-білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық, ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық жауап беруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым,эстетикалық пікір, эстетикалық баға беруге қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс. Эстетикалық даму-баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі көркемөнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педогогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту.

 

Эстетикалық сезім дегеніміз- өмірдегі, көркемөнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол- адам табиғатына ғана тән жоғары сезім. Мектепке дейінгі балалардың қолынан көркем өнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, ән айту, сурет салу, жапсыру сияқты іс-әрекеттің бәрі келеді. Олардың орасан мол өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігіне, ғаламат шынайлығында,бейнелейтін нәрсенің шындығына сенетіндігінде, көрушілер мен тындаушылар жөнінде қам жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың, көркем –шығармашылық қабілеттері дами бастайды, бұл ойдың тууынан, оның іске айналуынан, өзінің білімі мен әсерін ұштастыра білуінен, сезім мен ойын білдірген кездегі ғаламат шынайылығынан көрінеді. Бұл балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етеді. Эстетикалық талғам кең ұғым, ол өнердің терең мағыналы, тамаша шығармаларды түсінуді, содан ләзат алуды ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиді. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен рөл атқарады. Мектепке дейінгі жаста балалар оқу үстінде балалар әдебиетінің, музыканың, сурет өнерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, суюді үйренеді. Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді.

 

Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету- ересектердің ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.

 

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

 

Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;

Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын сезімталдық қабілетін дамыту;

Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу:

Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар,бейнелеу өнері, мерекелер мен сауықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрлі балаларға өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның орны ерекше. Дегенмен де отбасының да рөлі зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға болады. Балалардың әрқайысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін, бірақ әр бір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, көркемдік талғампаздығын, музыканы түсінуін, сурет салудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол арқылы эстетикалық тәрбиенің негізі қаланады.

 

Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнердегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау.

 

Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикалық көркем қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан басы артық еш нәрсе болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуы тиіс. Балабақшаны безендіруге қойылатынталап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады.

 

Олардың ішіндегі ең бастылары:

 

Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтарының тәжірибелік тұрғыдан қажеттілігі.

Ық, қарапайымдылық, әдемілік.

Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей түс пен жарықтың дұрыс ұштасуы.

Безендірудің барлық компоненттері біртұтас ансамбль құрайтын болуға тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных