Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің мақсаты мен міндеті 3 страница




Естімейтін балалар үшін ойын барысындағы ауыстырулар қиындыққа түседі, яғни тұрмыста қолданылатын заттардың ойын барысында мүлдем басқаша қолданылуы. Ойындық ауыстыру балаға сөздің мағынасына түсінуге көмек береді. Заттық ауыстыруларды енгізу ойлаудың белгілік жағының, елестетудің, ойлау мен сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты. Балалардың өздігінен ойыны барысында олар затты өзінің дұрыс қалпында сақтаудан қашады. Арнайы оқытусыз толыққанды сюжеттік-рөлдік ойын қалыптаспайды, мектеп жасына дейінгі орта жастағы балалардың көпшілігі ойын немесе қандай да бір әрекет барысында сюжеттің тек бір бөлігін ғана оырндап отырады. Фразалық сөйлеу тілі қалыптасқан нашар еститін балаларды ойын деңгейі жоғары болып келеді: мектеп жасына дейінгі жоғары жастағы балаларда сюжеттік-рөлдік ойын ойнау қалыптасады, әйтсе де, ол қалыпты еститін балалардың ойын деңгейіне жеткіліксіз болады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мекемелер балалардың ойын әрекетіне көп көңіл бөледі. Бұл ойынның үлкен дамыиушылық орнымен, тәрбиелік міндеттерді шешуімен және сөйлеу тілі мен қарым-қатынасының дамуымен байланысты.

Есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды ойын әрекетіне оқытудың негізгі міндеті – осы әрекетті қалыптастыру: ойынға деген қызығушылықты арттыру, ойыншықтармен жұмыс жасауға үйрету, рөлдік ойындарға үйрету, ойында адамдарды жжәне олардың қарым-қатынасын көрсете білу, ойынның сюжетін бұрып және байыта білуге үйрету. Сонымен қатар ойын барысында танымдық қабілетті дамытуға да болады.

Адамгершілік дамудың міндеттері ойын барысында адамдарды және олардың мінез-құлқын көрсете алуымен байланысты. Ойын барысында адамдардың өзара әректтері мен мінез-құлықтарын ойнау арқылы балаларда сол адамгершілік қасиеттердің элементтерін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Естімейтін және нашар еститін кіші жастағы балаларда қарым-қатыанс тәжірибесі аз әрі кейбір мінез-құлық дағдыларын түсінбейтін болып келеді. Олардың мұндай әлеуметтік көріністерінің жұтаңдығы олардың жесттік сөйлеуінің қалыптаспауымен, сонымен қатар оларға сөз арқылы және әдебиеттер оқу арқылы әсер ете алмаудың болуымен байланысты. Ойын барысында серіктеспен әрекет және сюжеттік ойын құру арқылы балаға кішкене де болса мінез-құлық ережелерін және ересектер мн қатарластарымен қарым-қатынасқа түсе алуын қалыптастыруға болады. Ұжымдық ойындарға қатысу арқылы бала өзінің әректін сюжте бойынша құруға, басқа балалармен байланыс орнатуғағ өз мінез-ұлқын ұйымдастыруға үйрене бастайды. Оларда өз әректтеріне деген жауапкершілік сезімі ояна бастайды.

Баланың ойын барысында дамуы оның ақыл-ой тәрбиесі үшін де маңызды. Ойынның тақырыбын таңдау арқылы балалардың қоршаған орта, заттар және құбылыстар туралы түсініктері кеңейе түседі.

 

Мектепке дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру

Есту қабілеті зақымданған балаларды тілге оқыту барысында коммуникативті қарым-қатынас жүйесі қолданылады. Оның негізі сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру. Коммуникативті жүйенің теориялық жәнеәдістемелік жүйесі 60-70 жылдары жасалынып және тәжірибеде жүзінде дәлелденді. С.А.Зыков және оның әріптестері естімейтін балаларды оқытуға арнайы толық дидактикалық жүйені құрастырды. Б.Д. Корсунской (1960ж) зерттеулері негізінде мектепке дейінгі естімейтін балаларды тілге оқытуға арналған жаңа идеялар пайда болды. Мектепке дейінгі естімейтін балалардың коммуникативті қарым-қатынасын дамытуға арналған жүйе Л.П. Носкованың еңбектерінде жарық көрді (1982,1992,1993 ж).

Есту қабілеті зақымданған мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің теориялық дамуының негізі ана тілімен, оның әлеуметтік ортадағы рөліне; адамның танымдық сферасының дамуына қалай әсер ететініне байланысты болады. Сонымен қоса, есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық дамуына; психологиялық және лингвистикалық заңдылықтарына; еститін қалыпты баланың сөйлеу тілін меңгеру уақытына; сөйлеу тілінің даму деңгейіне қатысты болады.

Баланың тілді меңгеруінің психологиялық маңызы, ойлау үдерістерінің байланысы, тұлғаның қалыптасуында қарым-қатынастың тигізер әсері туралы Л.С.Выготскийдің, А. Р. Лурияның, А. Н. Леонтьевтің еңбектерінде айтылып кеткен. Л.С.Выготскийдің түйсікті белгілік тану бойынша психологиялық теориясы есту қабілеті зақымдалған баланың психикалық дамуында белгілік тілдің алар орны айтылған. Сөздік белгілерді меңгеру тәжірибелік әрекет пен қарым-қатынас қажеттілігіне, оның ішінде диалогтық қарым-қатынасқа байланысты болады. Л.С.Выготскийдің сөздің жүйелі және құрылымдық ретінде сөздің орны ойлаудың дамуында, тілдің ішкі және сыртқы жоспарлануында, семантикалық және грамматикалық құрылымдарда ерекше екенін атап кеткен. Бұл аталғандар тілдік дамудың теориясының құрылымынды тілге үйретудің коммуникативтік жүйесінің маңызды қағидаларын негіздеу мен дамыту үшін мүмкіндік береді: тілге үйретуде қарым-қатынас қызметіне ерекше мән беру; тілдік қарым-қатынас барысында туындайтын қажеттіліктерді өтеу үшін тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру;

тілдік сөйлемдерді қолдануға жүйелі үйретуде алдын ала жағдайлап жасау және кездейсоқ оқиғаларды пайдалану; баланы сөйлеуге ынтылындырып отыру үшін арнайы сөйлеу ортасын құру.

Естімейтін және нашар еститін балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесінде негізгі психолингвистикалық теориялар мен маңызды қосымшалар қаралды (Л.П.Носкова, 1991).

Сөйлеу тілімен жүйелі жұмыс құрудың маңызды факторының бірі тілдің жүйелік құрылымын белгілеу болып табылады. Тілдің әр түрлі деңгейлерінің арасындағы тығыз байланыс естімейтін балалардың сөйлеу тілін меңгеруді белсендіру үшін сөзді меңгерудің түрлі жолдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тілді әрекет ретінде қарастыру (А. А. Леонтьев, А. Р. Лурия, Т. В. Ахутина, И. А. Зимняя) сөйлеу әрекетінің құрылымын қарастыруға, деңгейлерге бөлуге, сөздік әректтің түрлдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Л.С.Выготскиймен ұсынылған сөздік ойлаудың туындауының қазіргі заманғы теориясы сөйлеудің туындауының модельін жасауға мүмкіндік береді: түрткі-ой (тілдік интенция) – ішкі бағдарламалану – лексикалық өзгерту және грамматикалық құрастыру – мотрлы шынайылық – сыртқы тіл.

 

 

Естімейтін және нашар еститін балаларды ауызша сөйлеу тіліне үйрету

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің екі түрлі ерекшеліктері бар. Оның бірі бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі кемістігін толтырудағы өз бойындағы мүмкіншіліктері. Осы жайттар ескеріліп, мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы олқылықтарды толтырудың әдіс-тәсілдерін қарастырады және жүзеге асыру жолдары іздестіріледі.

 

Сурдопедагогиканың ең басты мәселесі естімейтін баланың сақталған есту қабілетін сақтай және дамыта отырып, сөйлеуге үйрету. Адамның сөйлеуіне жағдай жасалса, ол соған бейімделіп сөйлеуге тырысады. Егер естімейтін баланың өміріне сөйлеу қажет болса, онда ол сөйлеу тілін әрі қарай дамытады. Егер ондай мұқтаждық елеусіз қалса, ол қайтадан кереңмен мылқаулыққа әкеліп соқтырады.

 

Естімейтін балаларды оқытуда сөйлеу тілін дамытуға басты назар аударып, жеке тұлғаның дамуын кейінге қалдыра тұруға болмайтын мәселе. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие беріп, оқыту қажеттігін шектей алмаймыз. Керісінше естімейтін балаларды ауызша және жазбаша сөйлеу тіліне үйрету үшін, өмірге даярлап, жеке тұлғаны дамыту үшін педагогикалық әдіс-тәсілдер қажет. Ең бастысы баланың тұрмыстық жағдайын ұйымдастыру керек. Оның жасына сай күн тәртібін қою. Баланың белгіленген уақыт бойынша тамақтану, серуендеу,ойнауын қадағалау. Тамақтанар алдында және кейін, ойыннан кейін қолын жуу, өзінің сүлгісін бет орамалын білу, өз-өзін күтуге гигиеналық дағдыларды үйрету.

 

Баламен сөйлескенде жесттерді қолдануға жүгінбей, қалыпты еститін балалармен сөйлескендей түсінікті, нақты, қатты дауыстап, мәнерлеп баланың бетіне қарап сөйлеу керек. Сөздерді буынға бөлмей толық ырғақты сақтай отырып айту. Дауыстап қатты және нақты айту, баладағы есту қабілетінің қалдығы болса, естіп қабылдауын дамытуға әсер етеді. Еститін балалар қоршаған ортаға есту қабілеті арқылы еліктейді, ал естімейтін балалар көру арқылы, сөйлеушінің сөйлеу тілімен еріннен оқу арқылы еліктейді. Бұл балалар ең алдымен сөйлеу тілін түсінуді үйренеді, кейіннен қолдануға кіріседі.

 

Баламен сөйлесу барысында баланың әрдайым үлкендермен сөйлесуге, олардан қажеттісін сұрай білуге қабілетті болуын қамтамасыз ету керек, яғни баланың ата-анасымен сөйлесуге мектепте болып жатқан жаңалықтарын айтуға деген тілегі, құлшынысы жойылмауы тиіс. Әрине, құлағы естімейтін балалардың сөздері айтылу жағынанда, грамматикадан да қате болады, алайда бұл үшін кінәлауға болмайды. Алдымен қатесін түзетіп айтқан сөзін, сұрағын қайталауды өтінген абзал. Сонда бала қарым-қатынас жасауға қызығушылығы жоғалмайды және сөздерді бала жақсы жаттайды. Кейде ата-ана баланың тілегін алдын-ала орындауға тырысады. Мысалы, бала бір затқа қолын созса, түсініп алып береді. Мұндай жағдайда сөзді пайдалану қажеттілігі жойылып кетеді. Сондықтан сөзбен жауап қайтаратындай жағдай жасау керек. Бұл баланың сөйлеу қабілетін дамытып, диалог құра білуге үйретеді.Баладан толық жауапты талап етуге болмайды, жауап, қысқа болсада жеткілікті. Мысалы; «Сен қайда бардың?»-«Мектепке».

 

Ата-аналар дефектолог маманының кеңесімен баланың дүниетанымын кеңейтуге, тілдік қарым-қатынасқа деген ынтасын арттыруға көмектесе алады. Баланың мектепке келгенде алғашқы күннен бастап, ата-ана ұстаздарымен тығыз байланыста болуы шарт. Баланың мінезінің ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ұстаздарына ескертіп айтуы тиіс.Сабаққа қатысып, оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысуына болады. Мұғалім ата-аналарға балалардың оқыту методикасын үйретіп, нашар еститін балаларға айналадағы заттармен құбылыстардың атауын үйретіп, әңгімелесудің маңыздылығын айтады.

 

Баланың жалпы дамуы дегеніміз тек мектептен алатын білімі ғана емес, сонымен қатар жалпы өзі меңгерген білігі, ойлау қабілетінің дамуы, танымдық қабілетінің дамуы, өздігінен білім игере алу мүмкіндігі. Егер оқушы қоршаған орта немесе қоғам жайлы азда болса түсінігі болса, мектеп пәндерін терең әрі тезірек меңгере алады. Білімі терең болған сайын, естуі төмен баланың сөздік қоры соғұрлым жоғары болады.

 

Баламен үздіксіз қарым-қатынаста серуендеу кезінде де тоқтатпаған жөн. Сөйлесудің тақырыбы күн райы, айналадағы адамдар, қоршаған орта, жүрген жолымыз, жол жағалауындағы тастар, өсіп тұрған теректер.

 

Жас ерекшеліктеріне орай балалардың қызығушылығы өзгеріп отырады.Мысалы, 10-12 жас шамасындағы балалар серуен барысында заттың мағынасын терең ұғынып қажетті сөздермен сөз тіркестерін үйренеді. Баланың тілдік қарым-қатынасын, сөйлеу қабілетін есту арқылы қалыптастыруды коммуникативтік қабілетін кішкентай кезінен бастап қадағалау дұрыс.Бұл орайда ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың сөйлеу қабілетін арттыруға, тіл байлығын толықтыруға жағдай жасай отырып, олардың сөйлеу және есту қабілеттерін жақсаруын қамтамасыз етеді.Ата-анасының тарапынан болатын жақсы үлгі өнеге құлағы естімейтін баланың адамгершілік ережелері мен қағидаларын түсінуіне септігін тигізеді. Тек ата-анасына еліктеу арқылы бала мейірімділік, адалдық, тәртіп, еңбек сүйгіш қасиеттерді бойына сіңіреді. Ескере кететін жайт, естуі дұрыс балалар адамгершілік ұғымдарын өздігінен игере алатын болса, есту қабілеті төмен балалар арнайы педагогтың жұмысынсыз ұғына алмайды.

 

Есту төмен баланың қоршаған қоғамнан бөлініп қалмай, тұлға болып қалыптасуында орны ерекше. Ата-ана баланы тұрмыстық және қоғамдық тиімді еңбекке баулу арқылы өзін-өзі басқаруына, оқуға, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыруына септігі мол.

 

Қорыта айтқанда бастауыш сыныптан бастап оқушының тілін дамыту, тілдің заңдылықтарын меңгеру, дағдыларын қалыптастыру ісінің бүгінгі білім беру мазмұнын жаңғырту процесінде мұғалімнің іс-тәжірбиесінен ерекше орын алатыны анық. Тіпті мүмкіндігі шектеулі балалардың өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады. Осындай адамгершіліктің үлкен тармағы, бастауы жеке тұлғаны қалыптастыруда сөздік ортаны ұйымдастыру, бүгінгі таңдағы сурдопедагогика ғылымындағы ең өзекті мәселенің бір тармағы болып табылады.

 

Естіп-қабылдауын дамыту жұмысының мазмұны

Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың естіп қабылдауын дамыту оларда қоршаған ортаның дыбыстары туралы көріністерін қалыптастыруды, тірі және өлі табиғаттың заттар мен құбылыстарының дыбыстарына еліктеуін қалыптастыруды қамтамассыз етеді. Дыбыстық сипаттамаларды меңгеру арқылы толықтай қабылдай алу қабілеттіліктері артып, баланың танымдық қабілеттерінің дамуында маңызды орын алады.

Дыбыс адамның мінез-құлқы мен әрекетін реттеушісі болып табылады. Кеңістікте дыбыстық көздердің болуы, дыбыстық нысандардың орын ауыстыруы, дауыстау тембрі мен қаттылығының өзгеруі – барлығы сыртқы ортада қалыпты мінез-құлықтың шарттарын қамтамассыз етеді. Дыбысты екі құлақпен бірге қабылдау кеңістікте заттардың қалай шоғырланғандығын табуға мүмкіндік береді.

Сөзді қабылдауда есту ерекше мәнге ие. Естіп қабылдау адамдар арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттікті қамтамассыз етеін құрал ретінде қарастырылады. Естіп қабылдауды дамыту барысында айналадағылардың тілін түсіну, содан соң баланың өзінің тілі қалыптасады. Ауызша сөйлеу тілін естіп қабылдауын қалыптастыру баланың дыбыстық және фонетикалық жүйені меңгеруімен байланысты. Сөйлеу тілінің фонематикалық жүйесін және басқа да компоненттерін меңгеріп, білуі баланың өз ауызша сөйлеу тілінің қалыптасуының және өзгелердің тәжірибесін меңгерудің негізгі тірегі бола алады.

Есту негізінде музыканы қабылдау да қалыптасады, онда бала өмірінің эмоциональды-эстетикалық жағы қалыптасып, қоғзалыс аймағын дамытып, ритмикалық мүмкіндіктерінің дамуының құралы болады.

Есту анализаторларының қызметінің бұзылуы бала дамуының әр түрлі жақтарында көрініс табады, әсіресе, тіл бұзылыстары көп байқалады. Туа немесе ерте жас кезеңінде болған есту қабілетінің жоқ балада сөйлеу тілі дамымайды. Ол өз кезегінде баланың өзгелермен қарым-қатынасын шектеп, оның психикалық дамуын қиындатады. Нашар еститін баланың есту мүмкіншілігі де оның сөйлеу тілінің дамуына кедергі болады.

Оқу үдерісінде естімейтін немесе нашар еститін баланың есту мүмкіншілігі, сөйлеу тілін және сөзсіз дыбыстарды қабылдау мүмкіншілігі ескеріледі. Естімейтін балалардың қалдық есту мүмкіншілігін зертеу жұмыстары оларда сөзсіз дыбыстар мен сөздің кейбір элементтерін дыбыстың шығу тазалығына қарай қабылдай алатындығын анықтады (Ф.Ф.Рау, В.И.Бельтюкова, Е.П.Кузьмичева, Э.И.Леонгард, Л.В.Нейман). мектепке дейінгі мекмеге түскен естімейтін балалар қатты сөзсіз дыбыстарға елеңдейді. Қалдық есту қабілеті жоғары балалар өзінің құлағынан бірнеше сантиметр алшақтағы қатты айтылған дыбысты ести алады. Тіпті, естімейтін балалардағы кішкентай мөлшердегі қалдық естуінің болуы олардың дамуына жүйелі жұмыстар жасау кезде қоршаған ортаның дыбыстарын қабылдауы мен сөйлеу тілін қалыптастыруда алар орны зор. Дамып келе жатқан естіп қабылдау қоршаған әлем мен табиғи құбылыстар туралы көріністерін қалыптастыруда кейбір тұрмыстық және табиғи дыбыстарды естуіне көмек болады. Кейбір тұрмыстық дыбыстарға (телефон, есіктің және сағаттың қоңырауы) бағдарлану баланың мінез-құлқын реттеу мен оның отбасы өміріне қатысуын қамтамассыз етеді. Қалдық есту естіп-көріп қабылауды қалыптастыруда маңызды, себебі ол тілді көріп қабылдау негізінде механизмдердің бірлесе әрекет етуі арқылы сөйлеу тілін қабылдауда жеңілдіктер туындайды. Естімейтін балаларда қалдық естуі олардың сөйлеу тілін түзетуде де қолданылуы мүмкін: буындық және ритмикалық құрылымдарды қабылдау үшін, дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды айту кезінде.

Нашар еститін балаларда сөздік және сөзсіз дыбыстарды қабылдау мүмкіндіктері жоғары (Р.М.Боскис, Л.В.Нейм, И.Г.Багрова). Есту мүмкістігінің деңгейіне қарай сөзсіз және сөздік дыбыстарды қабылдау мүмкіндігіне қарай бейімделе түседі. Нашар еститін балаларға арналған мектеп жасына дейінгі мекемелерге, ереже бойынша, есту мүкістігі ауыр деңгейдегі балалар қабылданады, олар құлағынан аз ғана қашықтықтағы қалыпты жауыспен айтылған сөзді немесе былдырды ажырата алуы керек. Есту қабілеті орташа зақымдалған балалар сөз бен сөз тіркестерін қалыпты дауыспен 1 метрдей алшақтықтан ести алады. Олардың кейбіреулері сыбырлап айтылған сөзді ажырата алады.

Қазіргі кезеңдегі естімейтін және нашар еститін балалардың естіп қабылдауын дамыту жұмыстарының жүйесі 70-жылдары жасалған (Т. А. Власова, Е. П. Кузьмичева, Э. И. Леонгард және т.б.). Тәжірибелік зерттеулердің арқасында естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілін қабылдай алуының мүмкіндіктері анықталды, яғни бұл балалармен әрқашан дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану арқылы жаттығу жұмыстарын өткізудің нәтижесі болып табылады. Сөзді есту мүмкіншілігінің болуы балаларда естіп-қабылдаудың қалыптасуына және өзінің сөйлеу тілінің дамуына негіз бола алады. Нашар еститін балалардың естіп қабылдауын дамыту барысында жаттығулар өткізу арқылы олардың сөзді естіп қабылдауы, мектеп жасына дейінгі баланың сөздік материалды қабылдай алу ара-қашықтығы арта түседі.

 

Қоршаған орта туралы білімдерімен көрінісін қалыптастыру.

Қоршаған орта туралы білімдері мен кіөрінісін қалыптастыру баланың танымдық қызметтерін дамытып, оны қоршаған әлемге ендіру үшін өте қажет. Ең бірінші орында қоршаған ортамен танысьтыруда заттар туралы, олардың қасиеттері және қолдануы туралы толық және нақты мәліметтерді қалыптастыру кіреді. Сонымен қатар, баланың ақыл-есін дамыту үшін адам және оның өмірлік шарттары, табиғат және табиғат құбылыстары жайлы білімін толықтыру керек.

Қоршаған орта жайлы білімі балада қыдырғанда, далада, үйде, балабақшада, жұмыс жасағанда қалыптасады. Жүйлеуде маңызды орынды қоршаған орта жайлы мәліметтерді кеңейту «қоршаған ортамен таныстыру» бағдарламасына жатады.

Мейтеп алды және кіші мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда сезім арқылы көрініс қалыптастырады. Сондықтан, баланың көңілін қызықты заттармен аулап, сол арқылы қимыл-әрекет жасап, сол арқылы оның қасиеті мен құрылысы жайлы мағұлматтар береді. Тематикалық материалда негізі 25 түрлі тақырып беріледі, олар туралы мағұлмат концентрикалық түрде кеңейеді. Бұл тақырыптар мектепке дейінгі балалар үшін өзекті: «ойыншықтар», «Киім», «көкөніс, жеміс», «тамақ өнімдері», «ыдыс-аяқ» т.б. Кіші балаларды үй заттарымен жіне оның қолданысымен таныстырады. Мысалы, баланы киім заттарымен таныстырған кезде, бала оны қарап, ұстап, матасын аждыратып, бөліктерін ажыратады. Балаға ересек пен балалардығ, ұуыршақтың киімін салыстырып көруге мүмкіндік беріп, ұуыршақты киіндіріп, шешіндіріп, киімдерін жинап көмектесіп, үйретеді. Осыдан бала кәдімгі жағдамен сәйкестендәреді. Сюжетті және дидактикалық ойындарда балалар киімдерді ұуыршаққа кигізіп, олардың киімін үтіктеп, ілу әректтерін жасайды. Ары қарайғы заттармен танысму барысында бюалалардың өздерң заттардың қасиеттеріне қарай, әрекеттеріне қарай топтастырып, бөле бастайды. Осы парқылы баланың танымдық қабілеттері арта түседі;: ойлауы, есте сақтауы, танымдық ірекеттер: анализ, синтез, классификациялау.

Ерекше маңызды орынды тірі табиғатпен танысу алады, өсімдіктермен, жануарлармен танысу, оларға күтім жасау. Кіші балаларды қарауға болатындай жануарлармен таныстырады. Кейіннен үй жануарларынан басқа, қолдағы емес, сурет арқылы таныстыратын жаруарлармен таныстарды. Табиғатқа бақылау ж.ргізу арқылы өсімдіктің өсуін, табиғат мезгілдерін өзгеруін анықтайды. Қоршаған оттаға денген қызығушылық, өсімдіктерді қарау, жануарларға көмек беру деген сияқты жанашырлық сезімдері оянады. Балалар өсімдіктер мен жануарларға қарауды баладбақша мен үйде үйренеді.

Мектепке дейінгі кіші және үлкен топтардағы бағдарламалар жүйеге келтіріледі. Қоршаған ортамен таныстыру барысында табиғаттану, жалпы таныстыру, математикалық бағыт деген кезеңдері бар. Әрбір кезең балаларға түрлі аумақты тануға мүмкіндік береді. Үлкен мектепке дейінгі жаста балалар адамның өмірлік шарттарын, оның ұстанымдарын, заттарын, әректтерін үйренеді. Заттардың қолдану тәсілдері туралы, неден жаслағанын, не үшін керектігін анықтайды. Тірі табиғат туралы білімдерін арттыру балаларда себеп салдарлық байланысты қалыптыстуыруға мүмкіндік береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных