ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін КоморовДәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008. 2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007. 3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007. 4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999. 5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.
ДӘРІС Тақырып. Францияға экономикалық географиялық сипаттама. Экономикалық аудандары Саяси картасы мен геосаясаты. Мақсаты: 1.Экономикалық-географиялық жағдайы. 2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы 3. Францияның шаруашылығының географиясы. 4. Сыртқы экономикалық байланыстары. Мақсаты: Франция мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама бере отырып, табиғат жағдайларын, халқын, шаруашылық географиясын, сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсініктер мен көзқарастарын меңгеру. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: геосаяси жағдай,табиғат жағдайлары мен ресурстары, шаруашылық географиясы, экономикалық байланыстар. Франция (Француз Республикасы) – Батыс Еуропадағы «Үлкен жетілік» елдері құрамына енетін ең ірі мемлекет. Кезінде әлемдегі экономикалық қуаты жағынан Ұлыбританиядан кейінгі екінші держава болған және дүниежүзіндегі отарлық империяда өзінің үлес салмағы болған ел. Францияның қазіргі уақытта Америкада, Африкада, Мұхиттық аралдарда иеліктері сақталған. Олардың жалпы ауданы 127 000 км². Ең ірі «шалғай департаменттері мен аумақтарына»: Гвиана (Оңтүстік Америка), Гваделупа мен Мартиника аралдары (Кіші Антиль аралдары құрамында), Реюньон (Үнді мұхиты), Жаңа Каледония және Француз Полинезиясы аралдар тобы (Тынық мұхит) т.б. жатады. Франция жерінің жалпы аумағы − 551 мың км². Негізгі материктік аумағынан басқа құрамына Корсика аралы және Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы біршама ұсақ аралдар кіреді. Елдің теңіздік шекарасы құрлықтық шекарасына қарағанда ұзақтау. Солтүстігінде Францияны Ұлыбританиядан Ла-Манш және Па-де-Кале бұғаздары бөліп тұрады. Батыс жағалауын Атлант мұхитының Бискай шығанағы, ал оңтүстік жағалауын Жерорта теңізінің Лион шығанағы мен Лигурия теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында Бельгия және Люксембургпен, шығысында Германия, Швейцария, Италиямен, оңтүстік-шығысында Монакомен, оңтүстігінде Испания және Андоррамен шектеседі. Францияның Орта Еуропаның қиыр батысында, әлемдік сауданың ең үлкен жолына айналған Атлант мұхитының және оңтүстігінде Жерорта теңізінің жағалауындағы орналасуы елдің экономикалық-географиялық жағдайының өте тиімділігін көрсетеді. Халықаралық теңіз және құрлық жолдарының тоғысқан жерінде орналасуы Францияның ерте кезден экономикасы мен шаруашылығының өркендеуіне, басқа елдермен сауда-саттық және мәдени дамуына септігін тигізді. Франция көптеген ғасырлар бойы әлемдік экономика мен халықаралық байланыста маңызды рөл атқарып, әлемдік ғылым, мәдениет пен өнерге зор үлес қосты. Экономикасы жоғары дамыған индустриялы елдермен және НАТО-ға серіктес елдермен көршілес болуы да геосаяси жағдайы мен ел қауіпсіздігіне тиімді әсер етеді. Франция мемлекеттік құрылымының формасы бойынша − президенттік республика, әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша − унитарлық республика болып табылады. Әкімшілік-аумақтық тұрғыда 96 департаменттен және арнаулы әкімшілік-аумақтық құрылымдардан (иеліктерден) тұрады.Мемлекет басшысы – президент, ол зор өкілеттікке ие және жеті жыл мерзімге сайланады. Президент үкіметті басқаратын премьер-министрді тағайындайды. Жоғарғы атқарушы органы − үкімет. Жоғарғы заң шығарушы органы − екі палатадан (Ұлттық жиналыс пен Сенат) тұратын парламент. Франция Еуропалық Одақ көшбасшыларының бірі және БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі. Парижде ЮНЕСКО-ның (БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі комитетінің) штаб-пәтері орналасқан. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Францияның көпшілік бөлігі жалпақ жапырақты ормандар аймағында орналасқан. Киыр оңтүстігін жерортатеңіздік субтропиктер алып жатыр. Жағалаулары негізінен аласа, аккумуляциялық, құрлыққа еніңкіреп жатқан шығанақтары бар лагуналық (Атлант мұхиты жағалауларында Бискай, Сен-Мало, Жерорта теңізі жағалауында Леон), Ла-Манш пен Па-Де-Кале бұғаздарының жағалаулары – абразиялық, аласалау, бірақ тік жағалар. Аумағының ⅔-сі солтүстік, орталық және батыс аудандарын алып жатқан аласа және көтеріңкі жазықтар. Олардың ішіндегі ең үлкені − солтүстікте орналасқан Париж алабы болып табылады. Оңтүстік батысын − Аквитания жазықтары алып жатыр. Оңтүстігінде төбелері қатты мүжілген, биіктігі орташа таулардан құралған аудан − Орталық Француз массиві жатыр. Массивтің оңтүстік және оңтүстік-батыс шетінде терең каньондармен тілімденген қарстанған тау жазықтары жүйесі орналасқан. Солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында кристалданған аласа таулар (Лимузен, Морван, Севенна, т.б) басым. Елдің оңтүстік-батысын Пиреней таулары (ең биік жері − Виньмаль тауы, 3298 м) алып жатыр. Корсика аралының жер бедеріне биіктігі орташа таулар тән (ең биік жері Мен-Сенто тауы, 2710 м). Франция мен Батыс Еуропаның ең биік шыңы − Монблан тауы (4710 м). болып есептеледі. Франция аумағының басым бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Елдің батысына теңіз климаты тән. Аса қолайлы климат жағдайлары тән бұл аймаққа қыс мезгілінде солтүстіктен суық мистраль желі Рона аңғары бойымен енеді, ол ауа температурасын күрт төмендетеді. Елдің өзен торы жиі орналасқан. Орталық массивтен бірнеше ірі өзен бастау алады. Луара, Сена, Рона өзендері алабы кең-байтақ құнарлы аңғарларды құрайды. Өзендер су энергиясына бай. Оңтүстікте өзен суларын егістіктер мен бау-бақшаларды суғаруға пайдаланады. Франция қойнауында әртүрлі кен байлықтары жатыр. Негізгі қазба байлықтары − темір кентастары, боксит, калий тұздары, табиғи газ бен тас көмір, уран. Бокситтер қоры 55 млн тоннаға бағаланады, ел бұл көрсеткіш бойынша Батыс Еуропада бірінші орынға ие. Елдің шығысында Лотарингияда темір кенінің негізгі кен орындары орналасқан, ол бойынша Франция Еуропадада алғашқы орындарға ие. Калий тұздарының негізгі кендері − Эльзаста, табиғи газ бен аз мөлшердегі мұнай кен орындары Аквитания алабында. Сондай-ақ вольфрам, сүрме, қорғасын, мырыш, калайы, алтын, күміс, күкірт пен күкіртті колчедан, әр түрлі құрылыс материалдарының кен орындары бар. Халқы. Франция халқының саны − 63 млн адамды құрайды, оның 94 %-ына жуығы француздар, қалғанын португалдар, алжирліктер, италиялықтар, марокколықтар, испандар, түріктер мен армяндар құрайды. 1.3 млн. француз Франциядан тыс жерлерде тұрады. Халық саны жағынан Еуропалық Одақ бойынша екінші орын, ал дүние жүзі бойынша 20-орынды алады. Франция халқының өмір сүру деңгейі бойынша дүние жүзінде 12-орынға ие. Өмір жасының орташа ұзақтығы ер адамдар үшін −76 жас, ал әйелдерде − 83,5 жас. Батыс Еуропаның басқа мемлекеттері тәрізді, бұл елде де «ұлттың картаюы» процесі байқалады. Ресми тілі − үнді-еуропалық тіл әулетінің роман тобына жататын француз тілі. Дінге сенушілердің 90 %-дан астамы − католиктер, калғандары протестанттар, мұсылмандар, православие дініндегілер. Халқының тығыздығы жалпыеуропалық көрсеткіштерден асып тұрған жоқ. Орташа тығыздығы 1 км²-ге 107 адамды құрайды. Париж маңайында, өзен аңғарларында халық тығыздығы 1 км²-ге 500 адамға дейін көтерілсе, ал таулы аудандарда 1 км²-ге небары 20 адамнан келеді. Франция халқының басым бөлігі (74%) қалаларда тұрады. Солтүстік-шығыс өнеркәсіпті аймағы және Париж өңірі Еуропада халқы аса тығыз орналасқан аудандар болып табылады. Астана маңында Париж агломерациясы («Үлкен Париж») қалыптасқан, онда 11 млн-нан астам адам тұрады. Париждің өзінде халық саны 2,1 млн адамды құрайды. Ұлттық киімдерін кию XIX ғасырдан бастап тоқтатылды. Әйелдері кең юбка, жеңді көкірекше, кеудеше, алжапқыш, шляпа, ал ерлері˗ шалбар, көйлек, күртеше, бастарына берет, аяқтарына ағаш сабо киеді. Ал ұлттық киімдерін мерекелік бағдарламаларда, мейрам күндері киеді. Ұлттық мейрамдары: жаңа жыл, корольдер күні, ал ауылдық жерлерде пасха күндерінде жәрмеңкелер өтіп тұрады. Дәстүрлі тағамдарына сиыр еті, шошқа, балық еттері. Елдің басқа ірі қалалары − Марсель, Лион, Тулуза, Нант, Страсбург, Лилль, Бордо. Курорттық қалалары − Довиль, Виши, және басқалары жылдан-жылға көркейіп, жедел қарқынмен дамып келеді. Ауыл халқының жартысына жуығы ғана ауыл шаруашылығымен айналысады. Қалған бөлігі өнеркәсіп саласында, теміржол станцияларында, балық аулау кәсібінде және туристтік бизнесте еңбек етуде. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|