Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АҚШ - қа экономикалық сипаттама.




Нарықтық экономикасы дамыған мемлекет. Халықтың саны жөнінен Қытай мен Индиядан кейінгі орында. Жер көлемінен Батыс Еуропаны алға салады. Географиялық жағдайы, табиғат жағдайы мен ресурстары. АҚШ 50 штаттан, 1 федеральды округтан тұрады. Солтүстік Америка континентінің оңтүстігінде 48 штат, солтүстік – батысында Аляска штаты, Гавай аралдары Тынық мұхитының архипелагында орналасқан. АҚШ – тың табиғи жағдайы ір түрлі минералды ресурстарға бай болуы әлеуметтік –

 

ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым

 

экономикалық дамуына мүмкіндік туғызды. Рельефінің меридиональды бағытта болуы, топырақ, өсімдік жамылғысы ерекше, транспорт торы мен халықтың қоныстануына да әсерін тіигізеді. Территория биік таулы және құрғақ батыс (Кордильер таулары), сонымен қатар жазықты және ылғалды шығыс бөліктен тұрады. Елдің ішкі бөлігін Ішкі жазықтар (Орталық және Ұлы) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан энергетикалық ресурстардың қоры мол, 4/5 бөлігі көмірге – тас көмір мен қоңыр көмір (1,6 трлн т, оның ішінде 1,1 трлн т антроцит және тас көмірлер).

Көбінесе Американы қарапайым Америка, ал АҚШ әуелеттерін американдықтар. Бір – біріне ұқсамайтын екі дүниенің Солтүстік және Оңтүстік деп бөлген. Физикалық географиялық ерекшелігі бойынша Солтүстік және Оңтүстік деп бөлсек, экономикалық жағынан англосаксондық және Латын Америкасы деп аталады.

Екеуінің арасында Мексика, Орталық Америка, Вест Индия (Кариб елдері), мезомерикалық (Орта Америка), Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Чили, Перу, Боливия – Анд елдері, Уругвай, Парагвай, Аргентина, Бразилия – Ла – Плата елдері немесе Атлант елдері деп атаған. Солтүстік Америка (англосаксондық америка) АҚШ – ІЖӨ – өнеркәсіп және ауыл шаруашлық өнімдерінен ешбір ел теңеспейді. Бірақ екі ел бірін – бірі толықтырып, АҚШ, Канада, Мексика арасында Солтүстік америкалық ассоциациясы еркін сауда (НАФТА) ұйымы жұмыс жасайды. дамыды.

Территориясы, географиялық жағдайы, дүние жүзіндегі орны. 50 шташ,1федералды округ – Колумбия. 48 штат континенттік, 2 штат жеке орналасқан. Аляска – 1867 жылы Ресейден алынған, Гавай аралдары – 24 үлкен емес аралдардан тұрады.

АҚШ дүние жүзі рынокқа шығуы XIX ғасырдың басынан, Ұлибританның өнеркәсіп өндіруінің көлемінен асып түсуі байқалды.АҚШ экономикасы тез қарқынмен дамыды.

1) ауыл шаруашылық еркіндігі (феодализмнің солтүстік және батыста);

2) иммигранттардың келуі;

3) бай табиғат ресурсы;

4) географиялық жағдайы және ұлттық қауіпсізді.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ бәсекеге түсуіне ешқандай әріптес болмады, Германия мен Жапония экономикасы қирады, ал СССР, Ұлибритания және Франция өте әлсіз.

Қазір АҚШ – дамыған нарықтық экономикасы дамыған ел.

Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары ерекше болатын. Колдильерлік Батыс және Колдильерсіз Шығыс деп бөлінеді.

Физикалық ерекшелігіне байланысты:

  1. Аппалач
  2. Ұлы көлдер
  3. Орталық жазықтық
  4. Оңтүстік жағалаулық жазықтық
  5. Ұлы ойпат

Халқы.

XXI ғасыр басында 200 мыңдай ғана үндістер (ирокездер, альконкиндер, сиу, атапаска, коменчи т.б.). Қазіргі америкалық – Еуропа, Африка, Қытай, Үндістан, Жапония, Филлипин т.б. елдерден шыққандар. Америка ұлтының ядросы ағылшындар, шотландықтар, ирландықтар т.б. европалықтар 40 млн испан халықтары.

1) Босваш (Бостон - Вашингтон)

2) Чипитс (Чикаго - Питсбург)

3) Сансан (Сан – Франциско – Сан - Диего)

Экономикасы.

Дүние жүзінде өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шығаруда көзге түседі.Жетекші салалары электрон, электротехника, аэрокосмостық және химия өнеркәсібі, түсті металлургия қорытпасы, автомобиль шығарудан, самолет шығарудан көзге түседі. Көмір, мұнай, табиғи газ өндіруден алдыңғы, электроэнергетика өндіруден бірінші.

Тас көмірдің мол қоры – Аппалач. Мұнай өндіретін штаттар – Техас, Луизиана, Колифорния, Аляска. Сырттан Канада, Венесуэла, Мексика, Эквадор, Сауд Арабиясыдан мұнай алады. Түсті металлургия орталығы – Вашингтон штаты. Рудалы батыс штаттарныда, ГЭС үлесі жоғары өңдеуші өнеркәсіп.

1) Өнеркәсіптік белдеуде (Солтүстікте) металл, машина жасау, химия өнеркәсіптері – Нью –Йорк, Чикаго, Детройт, Филодельфия.

2) Тынық мұхиты жағалауында (Лос – Анджелес, Сиэтл, Сан – Диего)- авиа, ракетокосмос, радиоэлектроника, мұнай химия өнеркәсібі Калифорния (Санта Клара аудандарында). Силикон аңғары – ғылымды қажет ететін салалар.

3) Мексика шығанағы жағалауында (Техас, Луизиана) мұнай өңдеу, мұнай химия.

4) Таулы штаттар (Юта, Монтана, Аризона,Айдахо) түсті металлургия.

5) Теннеси өзенінің аңғары – энергияны көп қажет ететін салалары химия, металлургия, соғыс индустриясы.

Ірі компониялар: Дүние жүзілік форум (автомобиль жасау) Боинг, Мику – Дуглас, Локхид эйркрафт (авиаракета жасау), Джен электрик, ИБМ, Вистингауз электрик (электрот, электроника), Доу кемикл, Дюпон де Немур, Юнион. АҚШ ферма, экономикалық товарлы. АҚШ жүгері белдеуі Огайо, Индиана, Иллинойс. Сүт белдеуі – Мичиган, Висконсин штаттары, батысында бидай белдеуі. Оңтүстік штаттарда мақта, темекі, ал Флорида да – көкөніс пен жеміс.

Халқы.

Халқының саны жөнінен үшінші орында (Қытай мен Индиядан кейінгі үшінші орында). Халқының қалыптасуында иммиграцияның ролі зор. XIX ғасырсоңына дейін Батыс Еуропадан келгендердің саны өсті, кейіннен Шығыс Еуропадан келгендер саны өсті.

2001 жылғы көрсеткіш бойынша 278,1 млн адам. Өсу деңгейі – 0,9%, туу коэффициенты 1000 адамға 14 тен, өлу 1000 адамға - 8,7 адамнан. Өмір сүру деңгейі – 73 жас еркектерде, 80 жас әйелдерде. Қазіргі халықында негізгі этникалық топтары: италияндық, канадалықтар, мексикандықтардан шыққандар.

Аборигендер қатарына – үндістер, эскимостар, әлеуеттіктер, гавайлықтар тұрады. АҚШ –тың жалпы халықында европалықтардан шыққандар халықтың 75% құрайды. Немістерден шыққандар 20- 25%, халықтың 60 млн. Өнеркәсіп Солтүстік пен Солтүстік – батыста. Американ ирландықтары екінші орында (20 млн). АҚШ –ғы ең ірі ирландықтар көп тұратын қала –Бостон, Массачусетс штаты.Үшінші топ бұл британдықтардан шыққандар (Ұлыбритания, Шотландия, Уэльстен шыққандар).

Төртінші және бесінші топта америка итальяндықтары (12 млн) және польшадан шыққандар. АҚШ –та ұлттық этникалық топта негрлердің үлесі жоғары, 90 жылдың соңында олардың саны – 30 млн адам (халықтың 12% құрады). Латынамерикандықтары халықтың 8%, ал байырғы халқы үндістер 0,9% құрайды.Кейбір этникалық топтар үлесі жоғары бөліктер жаңа Англияда – франко – канадалықтар, жерорта теңіздік штаттарда – италяндықтар, оңтүстік – батысындағы штаттарда – мексикандықтар, солтүстік – батысында орталықта – немістер. АҚШ халқының орташа тығыздығы басқа дамыған елдермен (Еуропа) салыстырғанда төмен. Еуропа – 1 км2 – 28 адам.Халық біркелкі қоныстанбаған. Халық тығыз қоныстанған солтүстік – шығыс штаттарында, оңтүстік шекаралары мен таулы штаттарда халықтың тығыздығы 1 км2 – 2 ден 11адамға, Аляскада одан да төмен. Халықтың көп тұратын штаттары Калифорния, Нью –Йорк, Техас, Флорида. Халықтың көп бөлігі өнеркәсіптік Солтүстік экономикалық аудандарында тұрады. АҚШ – урбандалу жоғары. (қала халқы 75%). АҚШ–та миллионер қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос–Анджелес, Хьюстон, Филодельфия, Детройт, Даллас, Сан – Диего.

Қалаларда қалалық агломерация көрсету –АҚШ – да «метрополитендік статистикалық ареал» деп аталады. (метрополитический статистический ареал) – МСА. Ірі қалалар мен кіші қалалардың ешқандай айырмашылықтары жоқ. Қала мен селолық елді мекендердің ешқандай айырмалықтары жоқ. Ірі урбандалған аудандар: Босвиш: Бостон – Вашингтон, Чипитс: Милуоки – Питсбург (Ұлы көлдер маңайында) Сансан (Калифорнияда) Сан – Франциско – Сан – Диего.

Кейінгі жағдай елдің батысында және оңтүстігінде агломерацияның саны өсті (әсіресе Калифорнияда, Аризонада, Техаста, Флоридада).

Шаруашылығы.

АҚШ дүние жүзіндегі ең ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдірін шығаратын мемлекет.АҚШ –химия, түсті металлургия,автомобиль мен самолет, электроника, электротехника, аэрокосмостық өнімдер шығарады.

АҚШ шығарудан екініші, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарудан бірінші орынды.

АҚШ экономиканың негізігі өндірістің және капиталдың жоғары концентрациялығы.

Дүние жүзінде 500 ірі ұлтаралық корпорациялардың 100 АҚШ –та. Дженерал моторс, Эксонфорд, Интернэшнл бизнес мэтинз (ИМБ). АҚШ халық шаруашылығының салалары электронды, авиакосмос,соғыс, биотехнология, энергетика. АҚШ қуатты отын энергетикалық өнеркәсіптің орталығы. Оның негізі энергоресурстарға байлығы көмір, мұнай, табиғи газ.

Көмір өнеркәсібі.

Негізігі сала көмір өнеркәсібі. Қытай мен Ресейден кейінгі орынды алады. Негізігі көмір бассейндері – Аппалач. Орталық бассейнде: Индиана, Иллинойс; таулы штаттарда – Вайоминг,Колорадо,Нью- Мексико. Көмірдің 2/3 бөлігі ашық әдіспен өндіріледі, негізігі көмірді пайдаланушы–жылу электр станциясы. Көмірді экспортқа шығаруда Аустралия мен Оңтүстік Африка Республикасынан кейінгі үшінші орында тұрады. Мұнайға сұраныс мемлекет есебінен және Канададан, Венесуэладан, Парсы шығанағы елдерінен мұнайдың барланған қоры жөнінен экономикасы дамыған елу елдің арасында бірінші алғашқы ондыққа кіретін елдер. Мұнай өндіретін штаттар: Техас, Аляска, Луизиана, Калифорния. 2000 жылда – 354 млн т мұнай өндірді (Сауд Аравиясынан кейінгі екінші орында). АҚШ – тың отын энергетика шаруашылығының негізін мұнай өнеркәсібі құрайды. Ірі мұнай монополиялары: Эксон, Тексако, Голф ойл т.б. Дүние жүзілік ұлтаралық корпорациялардың ішінде Эксон, Дженерал моторстан кейінгі екінші орында. Электр энергиясын өндіруде дүние жүзінде бірінші орында. Электр энергиясы 70% жылу электр станциялары (көмір, газ, мазутте жұмыс істейді), ГЭС пен АЭС үлесіне 28% тиеді.

АЭС – тағы энергоблогтардың саны 104, дүние жүзінде бірінші орында.

Қара металлургия. Ірі компаниясы–Юнийтед Стейтс стил корпорейшн. Жылдан жылға қара металлургия қорыту үлесу азаюда, негізгі орталықтары Питтсбург және Ұлы көлдер маңындағы Гэри, Кливленд, Детройт, Милуоки, Пуффчело.

Түсті металлургия. Түсті металлургия негізгі шығарушы мемлекет, шикізат пен энергия барысына сүйенеді. Негізігі аудандары таулы штаттар ол жерде мыс, мырыш қорлары бар. Монтана, Юта, Айдахо, Аризона. Металлургиялық аудандар – Тынық мұхиттық солтүстік – батыс. Атлант мұхиты бойындағы аудандарда сырттан келетін шикізатқа (Канада) заводтары: Балтимор, Нью – Йорк, Филодельфия, Иллинойс, Теннеси, Миссури, Арканзас – энергетикалық шикізатқа (боксит) және бай энергетикалық базаға сүйенеді. АҚШ–та алюминий өнеркәсібі (дүние жүзіндеге 3 млн т алюминий қорытылады) бірінші орында, сырттан келетін шикізатқа (Ямайка, Гайана, Гвиана) сүйенеді. Мексика шығанағын жағалауында алюминий қорыту (Корпус – Кристи, Тильмет), Тенниси аңғарыда: (Алкоа), Огайо өзенінде (Лейвенсвуд), Тынық мұхиты жағалауының солтүстік – батысында – Такома.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных