Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов




Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.

 

 

Әдебиеттер:

1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008.

2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007.

3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007.

4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999.

5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.

 

ДӘРІС

Тақырып: Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы

Геостратегиясы.

Мақсаты: АҚШ-тың Орталық Азиядағы геостратегиясы және саяси көзқарастарын меңгеру.

1.АҚШ-тың бағдарламасы

2.АҚШ-тың саяси көзқарасы

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: геосаясат, ынтымақтастық.

 

Американың Орталық Азиядағы геостратегиясы оның дүние жүзін билеу стратегиясының аясында орынды үйлеседі деп айтуға болады. АҚШ – тың аймақтағы шынайы мүдделері аймақтың географиялық ерекшелерінен туындайды. ОА-ның Еуразиядағы аймақтық күш орталықтары арасындағы сауда – экономикалық және көлік –байланысы құрылымдары өтетін аймақ ретінде маңызы жоғары. Болашақта аймақ елдерінің егеменді ел ретінде қалыптасуы осындай құрылымдардың дамып, қалыптасуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, осы жобаларды іске асырып, инвестициялар салу экономикалық жағынан өте пайдалы болып табылады. Осындай құрылымның пайда болуына Қытай мен Иран мейлінше мүдделі.

Г.Киссинджер осы мәселелерге байланысты ойларын жинақтай келіп, күш тепе-теңдігін орнатуға, Мэхен ұсынған геостратегиялық бағдарламаға нұсқады. Бұл ретте АҚШ-тың аймақтағы шынайы мүдделері мен жария мүдделерінің арасында қайшылықтар пайда болады және оның себебі АҚШ мүдделерінің тек ОА аймағымен шектеліп қоймауында.

Болашақта АҚШ-тың Еуропадағы, Орта Шығыс пен Азия Тынық мұхиты аймағындағы стратегиялары мен ОА- дағы геостратегиясы өзара байланысты болатынын аңғаруға болады. Осы байланыс болашақта аймақтың ішіндегі елдер арасындағы және ОА – Ресей, ОА-Қытай, ОА-Иран қатынастарына тәуелді болмақ. Себебі, келтірілген үш мемлекеттің АҚШ-тың аймақта нығаюына бірлесе немесе жеке дара қарсы тұруын жоққа шығара алмаймыз. Қазіргі кезде АҚШ өз тарапынан ОА – ны Кавказ арқылы Еуропаны экономикалық әрі саяси тұрғыдан байланыстыру әрекетін жасап, жоспарын ұсынуда. TRASECA, Атырау-Баку-Жейхан-Тбилиси және «Жібек жолы стратегиясының» мақсаттары осыған бағытталған.

АҚШ-тың жария мүдделері шынайы мүдделерін қамтамассыздандыруға бағытталады.

2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ ОА мен Оңтүстік Азия аймақтарын Ауғанстан арқылы байланыстыру мүмкіндігін алды. Осы бағыт тек АҚШ мүдделеріне ғана сай болып қоймай, сонымен қатар ОА – дағы көмірсутегі шикізатын экспортқа шығарушы елдерге де тиімді. Мәселенің шешілуі Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуына тіреліп тұр.

АҚШ-тың ОА – дағы мүдделерін нақтырақ анықтау үшін Американ саясаткерлерінің және зерттеушілерінің пікіріне тоқталған орынды.

АҚШ-тың Атлантикалық Кеңесі мен Орталық Азия – Кавказ институты зерттеушілерінің ойынша Американың ОА – да өмірлік маңызы бар мүдделері жоқ, стратегиялық мүдделеріне аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік, аймақтың ішкі, өзара мәселелерін бейбіт жолмен шешу, ірі державалардың өзара қарсыласу сахнасына айналуына жол бермеу, жаппай жою қаруының таралмауын қамтамасыздандыру жатады.

Ақ үй әкімшілігінің маңызды мүдделерінің қатарына аймақтың көмірсутегі қорларына еркін жол ашу, есірткінің таралуын тоқтату, демократиялық реформалар мен адам құқығын сақтау кіреді. Сонымен қатар баяндама жасаушылар АҚШ саясаткерлеріне осы мүдделерді іске асыру үшін бірнеше стратегияны ұсынды. Негізгі стратегиялық мақсат – аймақтағы ішкі келісімді қамтамасыз ету. Бұл кіші және ірі мемлекеттер арасындағы қатынастардың ортақ жүйесін құруды, ешбір мемлекеттің жеке мүдделеріне қарамасатан аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуды білдіреді.

Зерттеушілер осы стратегиялық мақсатқа қатысты екі альтернативті стратегияны қарастыруға, қолдануға болады деп есептейді. Біріншісі, аймақтағы елдермен ортақ (коллективті емес), сарапталған келісімдер жасап, аймақтың төңірегіндегі күш орталықтарын шектен тыс мазаламауға негізделген деп бағалауға лайықты. Ал екінші стратегия белсенді саясат жүргізіп, күш тепе-теңдігін сақтап отыруға негізделеді. Екінші стратегия бойынша, АҚШ аймақтан тыс жатқан мемлекеттермен, яғни одақтастармен бірге аймақтағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтау жолындағы басымдылықтарын күштірек мемлекеттің алдында әлсіз мемлекетке көмек көрсету арқылы күшейтеді.

АҚШ – тың ОА аймағындағы геостратегиясы негізгі бір мақсатқа арналып, үш мүдденің іске асырылуына бағытталады деген шешімге келдік. Басты геостратегиялық мақсат-ОА аймағы арқылы өтетін Еуразиялық көлік -байланыс торабын болдырмау, оған балама боларлық өз жобасын ұсынып, соны іс жүзінде асыруға әрекеттену. Осыны қамтамасыздандыруға геостратегияның құрамдас бөліктері (мүдделері) – идеология (демократия, адам құқығы, сөз бостандығы), экономика (қуатты қаржыландыру мүмкіншілігі, экономикалық қысым жасау мүмкіншілігі) және әскери қуат (қазіргі заманға сай технологиялар) қызмет жасайды. АҚШ-тың осы үш компонент негізінде түзілген мүдделері оның ОА – дағы геостратегиялық басым мүдделері болып табылады. Оларды іс жүзінде асырудың әдіс-тәсілдері осы үш компонентке негізделеді.

АҚШ-тың ОА – дағы геостратегиясына аймақтың төңірегіндегі державалар мен мемлекеттер – Ресей, Қытай, Иран, Ауғанстан және Пәкістан мен Үндістан - әр түрлі деңгейде және сипатта өз ықпалын тигізе алады. Осы мемлекеттердің АҚШ геосратегиясына ықпалдары белгілі бір мақсатқа – пайда табу, өз ықпалын жүргізу, немесе status quo жағдайын сақтауға – бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бұл мемелекттерді АҚШ – тың геостратегиясына тигізетін ықпалы бойынша кері және жағымды сипаттағылар деп даралауға болады. Ресей, Қытай мен Иран осы ретте АҚШ ықпалының ОА-дағы нығаюына мүдделі емес. АҚШ әскерлері Қырғызстанда орналасқанға дейін, бұл елді Қытай ықпалына түсетін бірінші үміткер ретінде қарастыруға болады. 1994 жылдан бері қарай Қытай Қырғызстанның ең ірі ресми экспорттық рыногы мен екінші орындағы ресми импорттаушы елі болатын. Қырғызстанның Қытай мен байланыстарды дамытудың келесі бір себебі - Өзбекстанға қарсы теңестіруші күшке мүдделілігі. Қырғызстанның оңтүстік облыстарында өзбек ұлт өкілдерінің шоғырлануы сепаратистік қозғалыстарға түтркі болатын құбылыстардың тууына алып келуі ықтимал. Осы ретте Қырғызстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелігі елдегі сепаратистік қозғалыстардың алдын алудағы, ішкі саяси тұрақтылықты сақтаудағы елеулі кепілдік қатарында саналады.

ОА-ға қатысты Иран мен АҚШ арасында мүдделер қайшылығы бар. Бұл екі елдің арасындағы геостратегиялық қайшылықтардың реті идеологиялық, экономикалық және әскери-саяси салаларда шиеленіскен жағдайда тұр. Иранның географиялық орналасуы АҚШ мүдделерінің Түркменстан мен қазақстанда іске асуына кедергі келтірілуі мүмкін.

Аймақтың төңірегіндегі үш елдің арасында АҚШ үшін ең ыңғайлысы Ресей болып табылады. Себебі, Ресейде Ирандағыдай антиамерикандық күштер басым емес, сонымен қатар АҚШ-тың да Иранға қатысты саяси көзқарасы бұрынғы қалпына оралды. Ресей, Қытай секілді қарқынды дамып, АҚШ пен теңесетіндей жағдайдан алыс.

Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, АҚШ – тың ОА-дағы геостратегиясы негізгі бір мақсатқа – Парсы шығанағынан Қытай шекарасына мұнай тасымалдайтын құбырдың салынуын болдырмауға бағытталған деп айтқан орынды. Бұл жобаның іске асуына Қытай мен Иран мүдделі болса, Ресей бұған қарсы шығуға ықтимал. Сондықтан АҚШ өзінің мүдделерін іске асыруда Ресейдің қолдауына сүйенуге тырысады.

«Геосаясат» ұғымы, даму кезеңдері»

Геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуы 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырды қамтиды. Геосаясаттың шығу тегі қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану пәндерінен бастау алады. Г.Пакер геосаясатты саясатпен георафиямен саясаттың өз ара қатынасын, байланысын көрсету арқылы түсіндіреді. К.Гаджиев геосаяси идеялар мемлекеттік экспансия және империялық мемлекет құрылысымен қатар пайда болған деп пайымдайды сонымен қатар ол геосаясат дегендегі «гео» -ны географиялық немсе кеңістік тұрғысынан ғана емес, дүние жүзілік, планета деңгейінде қарастыруды ұсынуда. В.Дергачевтың ойынша, геосаясат география, тарих, экономика, этнология және т.б ғылымдардың шеттеріндегі білімді талап етеді. Ал, А.Дугин бойынша: «Геосаясат- билік жүргізу туралы ілім» ретінде қарастырып, идеологиялық бағдарға көп назар аударылды. Н.Нартов: «Геосаясат- кеңістікті бақылау жөніндегі ілім» ретінде қарастырылып, анықтама берді. Соңғы анықтама нақтылау және осы тұрғыдан алғанда геостратегия кеңістікті, белгілі бір территоияны, саяси-экономикалық және идеологиялық тұрғыдан бақылап, пайдалану және алған қойған мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді білдіреді.

Ресей ғалымы К. Сорокин геосаясат мәселелерін зерттей келе, жер шарының геосаяси кеңістігінің дамуын зертттейтін «фундаментальдық» геосаясатты және әлемдік сахнада мемлекеттердің немесе мемлекеттер тобының жалпы іс-әрекеті бойынша принцепиалды ұсыныстарды жасайтын «қолданбалы» геосаясатты бір бірінен ажырата отырып, соңғысын «геостратегия» деп белгіледі.

Онтологиялық тұрғыдан геосаясат кеңістік факторының саясатқа ықпал жасау мәселелерін қарастырса, геостратегия керісінше саясат факторының кеңістікте алатын орнын білдіреді. Бұл екі құбылыс бір біріне қарама-қайшы келмейді, қайта олар өзара тығыз ықпалдастықта, байланыста болады.

Геосаясат жалпы белгілі бір кеңістіктегі, саяси және экономикалық процестердің барысын ахуалын қарастырса геостратегия жеке дара мемлекеттердің осы процестерге тигізетін әсерін, үлесін білдіреді.

Геосаясат империалистік-буржуазиялық орталық езгі мен экономикалық экспансисы агрессияшыл соғыстарды жақтайтын саяси доктринасы геосаясаттың теориялық негізі буржуазиялық әлеуметтану мен географиялық бағыттың әлеуметтік дарвенизмі мальтунистіктің ілімі геосаясаттың негізгі мақсаты географиялық ортаны құдіретке балау империалистік мемлекеттер саясатының түпкі мәнін географиялық факторлары негізінде анықтау.

Геосаясат идеялары тұңғыш рет бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында шыққан неміс географы Ф. Рацелдің еңбектерінде кездеседі.

Ол мемлекетті «өмірлік кеңістік» үшін күрес жүргізетін әлеуметтік организм деп түсіндіреді. Ол геосаясат деген терминді швед мемлекетінің мәселелерін зерттеген Р.Челлен енгізген геосаясат журналының төңірегіне топталған неміс әлеуметтенушілері мен экономистері және географтары бұл доктринаны саналы түрде герман фашизіміне бағынышты етті.

Герман империалистері агрессиялық саясатында геосаясат неміс халқының «өмірлік кеңістікті» иемдену жолындағы «заңды күресі» деп қабылдады. Геосаясат идеялары фашизмнің ұлттық – шовинистік және нәсілшілдік теорииясымен ұштасып жатады. АҚШ пен басқа елдердің империалистік топтары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін геосаясатты қайта жандандырды. Қазір геосаясат жоғары дамыған империалистік мемлекеттердің экономикалық және саяси – соғыстық экспонсиясына идеологиялық негіз ретінде қызмет етіп отыр. Геосаясатшылар географиялық факторлардың ұқсас болуы салдарынан цивилизация типтерінің бірлігіне сүйене отырып, мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің қажет дәлелдеуге, сондай-ақ дүние жүзілік социалистік жүйе мен жаңадан дамыған елдерді капиталисті елдерге қарсы қоюға тырысады. Өздерінің экономикасы мен әскери күшіне сүйенген Америка геосаясатшылары қазіргі кезде (1973 ж.Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Қазақ совет энциклопедиясы).

Империалистердің агрессияшыл соғыстар жүргізіп, өзге халықтардың өміріне қол сұғуын арашалап, қолдайтын саяси география «глобальды тәсіл» деген принципті ұсынды.

Геосаясат – мемлекеттердің немесе мемлекеттер блоктарының территориялық-кеңістік ерекше жағдайы. Жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлеуметтік халықаралық процесстердегі орны мен нақты тарихи ықпалын түсіндіретін теория. Географиялық ортаның қоғам өміріне тигізетін әсерін зерттеуге байланысты шыққан 18 ғ. Ш.Л. Монтескье, Р.Ж. Тюрго және т.б. дамытты. Олар халықтардың материалдық және рухани өмірі, геграфиялық ортаның ерекшеліктеріне тәуелді деп пайымдады. Француз философы Монтескье «заңдар рухы» туралы деген еңбегінде, «ауа райының өктемдігі басқа өктемдіктердің барлығынан да күштірек» дейді. Оның пікірінше, қоғам дамуы үшін ең қолайлы жақ –Солтүстік бөлік. Ал жер шарының Оңтүстік жағында күннің ыстықтылығы, ауа райының мамыражай болып тұратындығы адамның денесін балбыратып, күшін кетіреді, халықты жігерсіздікке, жалқаулыққа бейімдейді деген. 19 ғасырда бұл теорияны Г.Т. Бокль, Ф. Рацель, В. Кузен, К. Риттер одан әрі дамытты. Ағылшын ғалымы Г.Т. Бокль «Англиядағы өркениеттің тарихы» деген еңбегінде адам баласының өмірі мен тағдыры басты 4 физикалық жәйт, атап айтқанда: ауа райы тамақ, топырақ және ландшафт, яғни жердің жалпы бедер-бейнесі билейді дейді.

20 ғасырдың Гитлерлік Германияда географтар саясатты өз мүддесіне пайдаланды. К.Хаусхофер және басқалар фашистердің басқыншылық соғыстарының «заңдылықтарын» дәлелдеп, мұндай соғыстарды тіршілік кеңістігі жолындағы күрес деп атады. Осыған байланысты Кеңес Одағы кезінде геосаясаттың теріс жақтары мен ғылыми негізді тұжырымдамаларды да жоққа шығарылды.

Географиялық саясат мәселелері тиянақты зерттеу ісіне Р.Челлен (Швеция), А. Мэххен (АҚШ), Х.Моккиндер (Ұлыбритания) және т.б. мол үлес қосты. Олар мемлекеттің орналасу ерекшеліктеріне, жол қатынасына, теңізге шығу мүмкіндігіне, көрші елдермен қарым-қатынас жасауға табиғи кедергілердің (таулар, шөлдер, батпақтар, қиын асулар т.б.) болу болмауына, жер бедеріне, топырақ құнарлылығына, қазба байлақтарына, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. назар аударды.

Қазіргі геосаясат жоғарғы қызығушылықты тудыруда. Әсіресе, Шығыс Еуропа ерекше қызығыста. Геосаясатта саяси риторика термині көп қолданады, бірақ бәріміз қандай кодекстер, модельдер мен ақпарат көздерінің осы терминге енетінін білеміз.

Геосаясат мемлекеттің ішкі және сыртқы сясатымен географиялық факторлармен (шекарасы, қазба байлықтары және басқа да табиғи ресурстармен, климатын арал немесе құрғақ жолдармен шектесуі, жер бедерінің ерекшеліктері) түсіндіріледі.

Орытынды

Геосаясат ғылымының анықтамасын өзінің тарихы бар, «геосаясат» терминінің авторы Рудольф Челлен, оның «доктрина» ретінде анықтады, мемлекет географиялық ағза немесе кеңістіктік феномен ретінде қарады.

Саяси географияның мақсаты болып, оның негізін қалаушылардың ойынша, мемлекеттердің дамуына қажетті территориялардың фотальды қажеттілігін ұғыну, бөлшектенген әлемнің кеңістігін жаулап алу, бір мемлекеттен екіншісіне тек қарудың күшімен ғана жаулап алу мүмкіндігі.

Карл Хаусхофер геосаясатты «саясаттың географиялық шарттылығы туралы оқу деп көрсетті. Басқа жерде Хаусхофер Эрих Обстпен, Отто Мауллен және Герман Лаутензахаммен бірге «саяси жағдайлардың жерден тәуелділігі туралы оқу» деп көрсетті. «Геосаясат журналының» шығарушысы Курт Вовинкеллем мен Хаусхофер геосаясатты ғылым емес, таным жолындағы келіс деп атады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных