ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін КоморовДәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек. Әдебиеттер: 1.Ж.Ж. Дәлдебаев - Саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. 2.Ю.В. Тихонравов «Геополитика» Москва ИНФРА-М 2000г. 3.Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы 1999ж. 2-том. 4.Қазақ ССР ғылым академиясы. Қазақ Совет энциклопедиясы. 1973ж. 5.Геополитика модель регоинальной безопасности Центральной Азий 23.00.02 Астана 2004. ДӘРІС Тақырып: Канадаға экономикалық географиялық сипаттама Шаруашылығының даму ерекшелігі. Мақсаты: Канаданың экономикалық – географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстары, өнеркәсібі туралы түсініктер мен көзқарастарын меңгеру. 1. Канаданың экономикалық-географиялық жағдайы. 2. Геосаяси жағдайы. 3. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. 4. Өнеркәсібі. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: геосаясат, халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы.
Канаданың экономикалық-географиялық жағдайы. Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Ол жерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Х-ғасырда қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар – исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеуірініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы ХV – XVI ғасырларда басталды. Ньюфаунленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысындағы жерлерге алғаш ағылшындар мен шотландықтар қоныстанған болатын.XVI ғасырдың 30-40 жылдары Әулие Лаврентий өзені бойымен бірнеше рет жүзіп өткен француз теңізшісі Жак Картье бұл аумақты Францияның иелігі етіп жарияланады. 1608 жылы Квебек, ал 1642 жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. Канадаға қоныс аударған еуропалықтар Гудзон шығанағы жағалауында терісі бағалы аң аулаумен айналысты. Бұл құнды тауларды Еуропа елдеріне сатудан байыған Гудзон шығанағы елтірі саудасы компаниясының иелігіне XVIII ғасырдың соңына қарай шығанақ маңындағы жерлер түгелімен берілді. Күштеп солтүстік- батысқа ығыстырылған үндістердің байырғы ата қонысында шотландық фермалар пайда болды. XVIII ғасырда едәуір күшті Англия Канаданың басым бөлігін басып алды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті. Француз жері Квебек провинциясы деп атала бастады. Дегенмен бұл провинцияда тұратын француздар өз мәдениеті мен тілін, әдет- құрыптарын сақтап қалды. 1857 жылы Ұлыбритания королевасы Викторияның шешімімен Оттава қаласы британ провинциясының орталығы, ал 1867 жылы Канадың астанасына айналды. халықтың сауда-саттық қатынастары жүзеге асатын орны болған. 1867 жылы 1 шілдеде Канада Британ империясы құрамынан шықпай, өз үкіметін қалыптастыруға құқық алды. Сонымен іс жүзінде тәуелсіздік алған ел Канада доминионы деп аталды, ол құрылымы жағынан 4 провинцияны біріктірді. Канаданың қазіргі шекарасы XIX ғасырдың 70- жылдыры қалыптасты, ал Ньюфаундленд аралы ел құрамына 1979 жылы енгізілді. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада-10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Мемлекетті басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі, Канадада оның уәкілі ретінде генерал-губернатор қызмет етеді. Үкіметі премьер-министр басқарады. Геосаяси жағдайы. Канада − дүние жүзінде көлемі жөнінен екінші орындағы мемлекет. Канаданың ауданы – 9 млн км², бірақ оның территориясы аз қоныстанған. Мемлекетте барлығы 32 млн адам тұрады. Географиялық ғалымдардың санауы бойынша, әр канадалыққа 30 гектар орман мен дала келеді, әр адамға – бір көлден, әр отбасыға- бір өзеннен немесе үлкен саладан. Канада АҚШ солтүстігінде, Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет, оның жағалауларын Атланттық, Тынық және Солтүстік мұзды мұхиттары шайып жатыр. Канадада дүние жүзіндегі жағалаулық сызығы ең ұзын мемлекет. Канаданың астанасы – Оттава, бірақ бұл мемлкеттің ең үлкен қаласы емес. Оттавада бір миллионға жуық адам тұрады. Канаданың көп бөлігі ТМД-ның географиялық ендіктеріне сәйкес келеді. Канаданың оңтүстігі Грузиямен бір ендікте орналасқан, ал Канада Арктикалық архипилагы солтүстік полюстен 1000 км арақашықты қамтиды. Канада орманмен, пайдалы қазбалармен, жүнді жануарлармен бай келеді. Оның территориясында су энергиясы толы өзендер көп кездеседі. Канаданың отарлануы ең бірінші Франциядан шыққандықтар, олар XVII ғасырда Әулие Лаврентия өзені бойында қоныстанған. Канада ол кезде Жаңа Франция деп аталған. Канаданың сауда компаниялары бұл жерде факторийлер негіздеп, тез байып кеткен, оның басты себептерінің бірі үнді тайпаларынан жүнді жануарлардың терісін арзанға алуы болды. Канаданың жүнді жануарлары Ағылшындықтардың да көңілін аудартты. Ағылшындықтар мен француздардың арасында жиі қақтығыстар болып отырды. Жүнді компаниялардың алғыбасарлары жасырын жиналып, өздері жақтарына үнді тайпаларын қарату мақсатында пара беріп,араларына от салумен айналыса бастаған. Жергілікті халық адам баспаған жерлерге барып қырыла бастады. Қазіргі кезде үндістер мен эскимостар халық санының 1% алып жатыр. АҚШ тәуелсіздігін алған соң олар ағылшын отарына көз тіге бастады. 1846 жылы 49 – шы паралель АҚШ мен Канаданың арасындағы шекара болатының бекітті. Бірақ содан соң Канаданың жері үшін қақтығыстар басталды. Өздерінің отарын қорғап қалу үшін Солтүстік Америка мен Англияға өздерінің саяси және экономикалық жағынан қосылуы керек еді. Ол үшін 1867 жылы федерацияны Ұлыбританияның ең бірінші доминанты етіп қалдырды. 1885 жылы атланттық және тынықмұхиттық жағалаулары трансканадалық жолды байланыстырды. Канадада ауыл шаруашылығына капитализмді дамыту үшін американдық әдісті қолдана бастады. Далалық құнарлы жерлі провинцияларды (Манитоба, Саскачеван, Альберта) көшіп келгендерге жер учаскілерін тегін бере бастады.1903−1914 жылдар аралығында Канадаға 2,5 млн адамдар келді. Ағылшындықтардан басқа, онда Германиядан, Скандинавия түбектерінен, Австро-Венгриядан, Ресейден (әсіресе Украинадан) және т.б мемлекеттерден шыққан халықтар ағыла бастады. Енді ағылшын-канадалықтар халықтың ½, франко-канадалықтар ¼ алды. Мұнда немістер, италияндықтар, украиндықтар және голландықтардың да көбісі тұрады. Канада – дамыған аграрлы-индустриялды мемлекет. Ол капиталистік мемлекеттер арасында индустриялық өнімнен алтыншы орын алып отыр. Индустриялық және ауыл шаруашылық өнімнен Канадада халықтың жан басына шаққанда, капиталистік мемлекеттер арасында АҚШ пен Швейцарияда ғана қалып отыр. Индустриялық өнімнен Канаданың бөлігі капиталистік мемлекеттер арасында 3,1%, соның ішінде халқы 0,6% алып жатыр. Өнімнің көп бөлігі ауыл шаруашылығы,тау рудасы және ағаш өнімі экспортталады. Соғыстан кейін Канада мен Англияның арасындағы көне байланыстары бірте күшін жоғалта бастады. Оның басты себебі Канада шаруашылығының АҚШ монополиясына кіруі. Канаданың теңіз жағалауындағы провинциялары – Жаңа Шотландия, Нью-Брансуик бұрынғы кезде мемлекетің шаруашылығында басты рөлді атқарған. Бірақ уақыт өте келе, отарлау кезінде олар мағынасын жоғалтқан. Қазіргі заманғы Канада − конституцилы монархиялы. Мемлкет басшысы Ұлыбритания королевасы саналады, бірақ шын мәнінде премьер-министрдің қолында. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Орасан зор Канада жерінін табиғат жағдайлары да әркелкі. Климаты аса қатал болатын елдің солтүстік бөлігінде Канада Арктикалық топаралы мен жағалық жазықтар орналасқан. Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде тұрғын халық мүлде жоқ. Соңғы жылдары мұнда алтын, төмір, уран және мұнай кен орындары табылған. Табиғат жағдайларының қаталдығына және тұрғын халықтың сирек орналасуына байланысты бұл кен орындары жаңадан игеріле бастады. Канаданың Британ Колумбиясы деп аталатын провинциясы орналасқан қиыр батысы таулы келеді. Тынық мұхит жағалауының ылғалды, жұмсақ климаты жағдайында қызыл самырсын, алып боз арша (туя), көгілдір шыршалар мен майқарағайлар өседі. Бұл осындағы орман шаруашылырына негіз болған. Канадалық Кордильера қойнауы пайдалы казбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Тынық мұхитына құятын қысқа, мол сулы өзендерде су энергиясының мол қоры бар. Су қорының молдығы суды көп қажет ететін алюминий өндірісін орналастыруға мүмкіндік береді. Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік- шығыс бөлігінде табиғат жағдайлары салыстырмалы түрде қолайлы. Бұл өлкенің басты байлығы — көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінде бірінші орын алады: мұнда АҚШ-пен шекарадағы Ұлы көлдермен қатар, ондаған ірі, мыңдаған ұсақ көлдер бар. Өзендер мен көлдерде кұндыз мекендейді, олардың көптігі сонша, кезінде алғашқы қоныстанушылар Квебек провинциясын «құндыздар корольдігі» деп атаған. Құндыз Канаданың Ұлттық символдарының бірі болып табылады. Канада аумағының 35%-ын алып жатқан ормандарда бағалы ағаш түрлері өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындаумен және оны өңдеумен айналысады. Оңтүстіктегі Онтарио және Квебек провинцияларында үйеңкінің бірнеше түрі, соның ішінде қант үйеңкісі өседі. Үйеңкі ағашын жергілікті халық ете жоғары бағалайды; үндістер мен алғашқы қоныс аударушылар бұл ағаштың сүрегінен үй салып, қант үйеңкісінен қоймалжың тәтті шырың алған. Күзде үйеңкі жапырағы қызыл түске еніп, жан-жағына ерекше көрік береді. Сондықтан 1956 жылы ресми түрде қабылданған Канада мемлекетінің Ұлттық байрағында үйеңкі жапырағы қызыл түспен бейнеленген. Ньюфаундленд аралы маңында Атлант мүхитындагы аса ірі жылы ағыс — Гольфстрим мен суық — Лабрадор ағысының қосылады, бұл аудан балық қорына өте бай, елдің маңызды балық аулау және өңдеу кәсіпшіліктері осында орналасқан. Елдің Ұлы көлдерден Сеңгір тауларға дейін созылған оңтүстік-батыс бөлігін — прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. XX ғасырдың 20-жылдары Альберта провинциясында мұнайдың мол қоры табылды. Қазіргі кезде бұл ауданнан никель, мыс, калий тұздары да өндіріледі. Далалық аумақтарындағы өзендердің түсі борпылдақ жыныстарға байланысты болады. Мысалы, Виннипег өзенінің атауы үндіс тілінен аударғанда «лай су» делінсе, Ред-Ривер өзенінің аты ағылшынша «қызыл өзен» дегенді білдіреді. Мол су коры өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетудің басты алғышарттарының бірі болып отыр. Сонымен Канаданың бай табиғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Канадада табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық саябақ жұмыс істейді. Халқы. Канада халқының саны 32,2 млн адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-де 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша әркелкі орналасқан. Табиғат жағдайлары өте қолайлы оңтүстік-шығыста 1 км2-ге 100 адамнан асады. Жалпы, Канада халкының 2/3 бөлігі елдің АҚШ-пен шекаралас оңтүстігіндегі ені 150 км-лік алапта тұрады. Елдің солтүстігінде 20 − 25 км2 аумақка 1 тұрғыннан ғана келеді, ал Канада Арктикалық, топаралына енетін аралдардың көпшілігшде адам қоныстанбаған. Елдің байырғы халықтары − эскимостар мен үндістер. Эскимостар қиыр солтүстікте кішігірім топтарға бірігіп, өмір сүреді. Олардың негізгі кәсібі балық және аң аулаумен байланысты. Қазіргі кезде Канадада үндістердің 600-ге жуық тайпалары мекендейді, олардың ел халқындағы үлес салмағы 4% ғана. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Ағылшын және француз тілдері елдегі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан «Ағылшын Канадасы» және «Француз Канадасы» деген ұғым бар. XIX ғасырдың соңында Канадаға украиндар келе бастады. Олардың негізгі шоғырланған жерлері − Альберта, Саскачеван, Манитоба провинциялары. Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады. Канадаға XIX-ғасырдың соңында келген 30 мыңдай орыстар, негізінен, қиыр батыстағы кішігірім қалашықтарда қоныстанған. Азиялықтардан қытайлар, жапондар, үнділер мен арабтар тұрады. Діни нанымы бойынша халықтың басым көпіпілігін христиан дініндегілер (католиктер − 46%, протестанттар − 41%, православие дініндегілер − 2%) құрайды. Сонымен қатар мұсылмандар, иудейлер, буддизм мен дәстүрлі діндердің өкілдері бар. Канадаға халықтың ұдайы өсуінде туу көрсеткіші мен табиғи өсуі өте төмен. Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы 80 жас, бұл көрсеткіш бойынша Канада дүние жүзінде алдыңғы орын алады. Канада халкының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады, урбандалу деңгейі − 76 %. Ауыл халқына бытыраңқы түрдегі (фермерлік қоныстар) қоныстану тән. Канада қалаларына тән басты белгі − көгалдар мен саябақтардың көптігі. Елдегі ең ірі қалалар − Торонто, Монреалъ, Ванкувер.Канадада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 1/5-ін беретін Торонто қаласы маңындағы бес серіктес қаламен бірігіп, 4 млн-нан аса халқы бар Үлкен Торонто агломерациясын кұрайды. Монреаль қаласы 1642 жылы Әулие Лаврентий өзенінің сол жақ жағалауындағы бой кетерді. маңындагы кішігірім қалалармен бірге Монреаль агломерациясын кұрайды. Мұнда 3 млн-нан артық халық тұрады. Батыстағы Фрейзер өзенінің сағасында тұрған Ванкувер қаласы жан-жағынан таулармен қоршалған, Ванкувер агломерациясында 2 млн-ға жуық халық тұрады. БҰҰ-ның дүние жүзі елдері халқының тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне арналған баяндамасында Канада тұрғын халқының тұрмыс жағдайы ең жоғары ел деп танылған. XX ғасырдың соңына қарай Канаданың Ванкувер және Торонто қалалары әлемдегі тіршілік деңгейі өте жоғары қалалар қатарына енді. Соңғы жылдары бұл елге, негізінен, ғылыми және техникалық мамандану дәрежесі өте жоғары иммигранттар ғана кабылданады. Өнеркәсібі. Канада әлемдік нарыққа ағаш өнімдері және қағаз шығаратын аса ірі ел болып табылады. Елдің әсіресе өндіруші өнеркәсібі күшті дамыған: Канада никель, күміс, алтын, қорғасын, мыс, табиғи газ өндіруден дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады Өңдеуші өнеркәсіптің басты салалары − машина жасау, ағаш өңдеу, отын-энергетика, түсті металлургия. Канаданың машина жасау кәсіпорындары, негізінен, көлік құралдары мен ауыл шаруашылық машиналарын жасауға маманданған. Осы сала өндіруші өнеркәсіп өнімінің 30%-ын береді, бұл жоғары дамыған басқа елдерге қарағанда әлдекайда төмен. Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің дамуына жергілікті орман қоры ғана емес, арзан су жолдары мен электр энергиясы, сыртқы сұраныс алғышарт болады, Ағаш өңдеу кәсіпорындары, негізінен, Әулие Лаврентий өзенінің бойы мен батыстағы Британ Колумбиясы провинциясында орналасқан. Жалпы алғанда, жылына Канаданың әр тұрғынына шаққанда 6 − 7 м3 ағаш сүрегі дайындалады, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Канада өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жергілікті шикізатка (су энергиясы, мұнай мен газ, көмір) негізделеді. Электр энергиясын өндіруден дүние жүзінде алтыншы орын алатын Канада оның жан басына шаққандағы мөлшері (17 мың кВт/сағ) бойынша Норвегиядан кейінгі екінші орында тұр. Электр энергиясын өндіруде СЭС-тердің үлесі 60%-ға жетеді, аса ірі бөгеулер Ла-Гранд, Черчилл Фаллз өзендерінде салынған. Елдің оңтүстік-шығысындағы өнеркәсіпті аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында салынған АЭС-тер 18 %-ын береді. Басты өнеркәсіп орталықтары елдің оңтүстігінде орналасқан. Мұндағы ірі қалаларда өнеркәсіп сан-салалы сипат алған. Торонто қаласында қара металлургия, химия өнеркәсібі, автокөлік жасау, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары шоғырланған. Монреалда ұшақтар мен локомотивтер жасалып, мұнай өңделеді, сондай-ақ қалада жеңіл өнеркәсіп, әлектр техникасын жасау, түсті металлургия кәсіпорындары орналасқан. Монреаль маңындағы қалалар өнеркәсіптің белгілі бір саласына ғана маманданған. Мысалы, Сорель теңіз кемелерін, Сент-Иасент маталар, Труа-Ривер қағаз шығарады. Елдің оңтүстік-батысындағы Ванкувер маңындағы өнеркәсіпті қалаларда жергілікті шикізатты өңдеуге негізделген кәсіпорындар орналасқан. Мысалы, Бернаби қаласында мұнай өңдеу және химия зауыттары, Порт-Мудиде өңдеу, металлургия және мұнай өндеу кәсіпорындары бар. Батыстағы Скина өзені аңғарында орналасқан Китимат қаласында сырттан әкелінетін боксит шикізаты негізінде алюминий өндіретін аса ірі зауыт салынған. Дайын алюминий АҚШ-қа жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы. Канаданың далалы аймағында жоғары тауарлы ауыл шаруашылыры дамыған. Сеңгір таулар маңындағы мал фермаларында негізінен қой өсіріледі. XIX ғасырдың соңынан бастап, осындағы Калгари қаласы мал шаруашылықты ауданның орталығына айналған: мұнда көптеген қасапханалар, ет-консерві кәсіпорындары шоғырланған. Осы қалада жыл сайын ат кұлағында ойнайтын, епті және батыл канадалық ковбойлардың сайыстары өткізіледі. Мүйізді ірі қара мал және кұс өсіру Ұлы көлдер маңында дамыған. Жалпы алғанда, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімдері құнының 60%-ын құрайды.Канада жерінің 10%-ы ауыл шаруашылығына жарамды деп есептеледі. Канада далаларын алып жатқан ұлан-ғайыр егістіктердегі басты ауыл шаруашылығы дақылы − бидай. Елдің орталық бөлігіндегі Манитоба, Саскачеван, Альберт провинцияларын «нан салынған себет» дейді. Аса өнімді «Манитоба-1″ қатты бидайы әлемдегі ең сапалы бидай болып есептеледі. Канада жылына шамамен 20—25 млн т бидай өнімін жинайды, оның 80%-ға жуығы басқа елдерге жөнелтіледі. Жалпы, дүние жүзі бойынша сыртқа шығарылатын бидай өнімінің 21%-ы Канаданың үлесіне тиеді. Ред-Ривер қаласында елдегі басты Астық биржасы мен Бидай комитеті орналасқан. Мұңда астық өнімдерінің бағасы айқындалады. Канада жерінде бидайдан басқа сұлы, арпа, зығыр, темекі өсіріледі. Ньюфаундленд аралының оңтүстігінде орналасқан кішігірім Принц Эдуард аралында жергілікті фермерлер өсіретін алма, шабдалы, өрік, таңқурай, құлпынай және картоп Канаданың барлық аудандарына жөнелтіледі. Аралда бірнеше ғасыр бойы арнайы фермаларда түлкі өсіріледі. Көлігі. Елде көлік жүйесі күшті дамыран. Мысалы, тас жолдардың жалпы ұзындығы 900 мың км болса, темір жолдың ұзындығы 70 мың км-ге жетеді. Дегенмен бұл елге көлік жүйесінің оңтүстік аудандарға шоғырлануы тән. Тас жолдар да, негізінен, оңтүстік аудандарда орналасқан. Әсіресе далалы аудандарды шығыс провинциялармен жалғастырып жатқан трансканадалық тас жолдың маңызы ерекше зор. Жергілікті халық «Канаданың бас көшесі» деп атайтын бұл жолдың ұзындығы 8 мың км-ге жетеді. Жүк айналымында темір жолдың үлесі жоғары. Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырған алғашқы темір жолдар XIX ғасырдың соңында салынды. Бұл еуропалықтардың ішкергі далалық аудандарды игеруіне бастама болды. Канадада құбыр жолдарының маңызы артып отыр. Кұбырлар арқылы мұнай мен газ елдің солтүстік-батысы мен батысындағы кен орындарынан елдің басқа аудандарына және АҚШ жеріне жеткізіледі.Канада экономикасы үшін су көлігінің де маңызы орасан зор. Өйткені Канаданың экономикалық-географиялық орнының колайлы тұсының бірі ретінде арзан су жолын атауға болады. Елдегі Ұлы көлдер мен Әулие Лаврентий өзенінің су жүйесі осы ауданда шоғырланған өнеркәсіп орталықтарын Атлант мүхитымен жалғастыруда айрықша рөл атқарады. Канаданың негізгі порттары: Ванкувер, Монреаль, Сет-Иль, Сент-Джонс. Әуе көлігі елдің шалғай аудандарын бір-бірімен байланыстырумен қатар, халықаралық маңызға ие больш отыр. Әдетте аса ірі өуежайлар елдің орталық аудандарында орналасады. Жалпы алғанда, күшті дамыған көлік жүйесі Канаданың экономикалық-әлеуметтік салаларының алға басуына алғышарт болып отыр. Туристік нысандары. Канадаға жыл сайын жан-жақтан келетін туристердің тамашалайтын басты нысандары − Ұлттық саябақтар. Жалпы елдегі қорғалатын аумақтардың жалпы ауданы − 730 мың км2. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған Ұлттық саябақтарда қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердін демалуына қажетті жағдайлар жасалған, Олардың ең ірісі − Вуд Баффало Канаданың солтүстік-батысында орналасқан. Мұнда бизондардың ең ірі табыны сақталған. АҚШ-пен шекарада орналасқан Ниагара сарқырамасы маңындағы Ниагара-Фолс қалашығы ұдайы туристерге толы.Канадада 2 мыңнан аса мұражай мен тарихи саябақтар бар. Әсіресе Халл қалашығындағы (Оттава қаласы маңында) өркениет мұражайы, Оттавадағы табиғат мұражайы, Ванкувердегі теңіз мұражайы әлемге кенінен танымал. Сыртқы байланыстары. Канада − БҰҰ-ға, ОБСЕ-ге, НАТО-ға, Америка мемлекеттері ұйымына, Британ Бірлестігіне мүше ел. Мұның барлығы Канаданың дүниежүзілік және аймақтық деңгейдегі маңызын дәлелдейді.Сыртқы саудасының жалпы көлемі жөнінен Канада дүние жүзінде алтыншы орын алғанымен, жан басына шаққандағы сауда айналымының көрсеткіші бойынша бірінші орынды иеленеді. Орытынды Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|