ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін КоморовДәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008. 2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007. 3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007. 4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999. 5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.
ДӘРІС Тақырып. АҚШ-қа экономикалықгеографиялық сипаттама. 1. Географиялық жағдайына жалпы түсінік. 2. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары. 3. Экономикалық сипаттама. 4. Отын – энергетикалық ресурстары. 5. Ауыл шаруашылығы. Мақсаты: Мемлекеттің жалпы географиялық жағдайына, экономикасына, оның ішінде көмір өнеркәсібіне, машина жасау және металл өңдеу, салалары маңызын түсіндіру. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық сипаттама, халқы, шаруашылығы. Географиялық жағдайына жалпы түсінік. Жер көлемі бүкіл Батыс Еуропаны, бірақ Ресей Федерациясы алға салады. Экономикалық – территориялық құрылысы жағынан 50 штаттан, 1 Колумбия федерациялық округынан тұрады. 48 штат Солтүстік Америка континентінің орталығында Канада мен Мексика аралығында. Атлант және Тынық мұхиты суымен шайылып жатыр. Аляска штаты континенттің солтүстік – батыс, Тынық және Солтүстік Мұзды мұхитының суымен қоршалып жатыр. Гавай аралдары мұхитының бір архипелагтары болып табылады. 48 штат 25 ̊ және 48 ̊ с.е. аралығында, 3 млн км батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. АҚШ – жас мемлекет. Территорияның меңгерілуі мен дамуы XVI ғасырда ХХ ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Алғашында АҚШ құрамына 13 британдық колония. 1776 жылы өз тәуелсіздігін алып Англиядан бөлінді. 1867 жылы Ресейден Алясканы алды. Гавай аралдары Аляска сияқты 50- жылдың соңына дейін АҚШ –тың колониясы болып келді. Қазір АҚШ – федеративті республика. Елде 1867 жылы қабылданған конституция, кейбір өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – конгресс. Табиғат жағдайы, табиғат ресурстары. Әртүрлі табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына бай. Территориясы таулы – басым бөлігі құрғақ батыс (Кордильер таулары алып жатыр) және жазықты, ылғалды шығыс деп бөлінген. Батыс бөлікті тұтастай Кордильер алып жатыр. Олар таулы үстірттер мен ішкі тұтастай үстірттерінен тұрады.Ең жоғарғы нүктесі Мак – Кинли (6193 м, Аляскада). Колдилердің шығысында Скалистый таулары, батысында Тынық мұхиттық тізбектер (Жағалық жоталар, Каскад таулары, Съерра–Невада таулары) кетеді. Шығысында Атлант мұхитының жағалауында орташа биіктікті Аппалач таулары, елдің орталығында жазықтар – Орталық және Ұлы жазықтар кетеді. Ішкі үстірттердегі белдеу Юкон үстіртінен (Аляска), Колумбия үстіртінен, Үлкен бассейн мен Колорадо үстіртінен тұрады. Тау аралықтарындағы Тынық мұхиттық жоталарда Уилламет және Колифорния аңғары жатыр.Кордильер таулары климаттық барьер болып есептеледі. Пайдалы қазбаларға бай, әсіресе отын – энергетикалық ресурсқа бай. Қара және түсті металлургияға, кен химия шикізатына. Көмірге бай провинциялар (Шығыс, Ішкі Оңтүстік, Ұлы көлдердің солтүстігі, Скалистый тауы, Тынық мұхиты). АҚШ – ның 10% территориясын алып жатыр. Негізгі қоры – дүние жүзілік қордың ¼. Шығыс провинцияларда – Аппалач және Пенсильвания бассейндері жатыр. Ұлы жазықтардың солтүстігі ең ірі қоңыр көмір бассейні – Форт Юнион. Скалистый тауларында – Юнита бассейнінде (Юта, Колорадо штаттары). Аляскада көмірдің қоры. АҚШ мұнай мен табиғи газға бай.Осы республикадан дүние жүзі 2 – ші орынды алады. Мұнай – газ кен орындары
ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым
Аляскада (ең ірісі Придхо –Бей), елдің оңтүстігінде (Техас және Луизиана) және Тынық мұхит жағалауы (Колифорния штаттарында). Темір рудасы Жоғары көлдер (Мичиган және Миннесота). Молибден мен вольфрам таулы штаттарда кездеседі. Негізгі мыс рудасы батысында Миссисипиден (Аризона, Юта, Нью – Мексико, Монтана штаттары). Мырыш рудасы Теннеси мен Нью – Джерсиде кездеседі. Қорғасын шығаруда дүние жүзілік лидерлердің Австралия мен Канаданың қатарында. Қорғасын – мырыш рудасы – Айдахо, Юта, Монтана, Миссури штаттарында кездеседі. Бағалы металлдар (алтын,күміс, платина) Колдильердің облысында кездеседі. Уран қоры жөнінен АҚШ дүние жүзілік алғашқы орындардың бірінде. АҚШ рудалы емес шикізат көздеріне бай. Негізгі қорлары: фосфориттің: Флорида, Солтүстік Королина, Айдахо штаттарында кездеседі. Мексика бойы ойпаты күкіртке бай. АҚШ барлық минералды ресурстарға бай. АҚШ сыртқа никель, марганец, кобальт, боксит, қалайы, калий тұзы т.б. шығарады. Территорияның көпшілік бөлігі қоңыржай және субтропикалық климат, Флориданың оңтүстігін – тропикалық климат алып жатыр. Аляска – субарктикалық және қоңыржай климаттық белдеу, Гавай аралдары – теңіздік тропикалық облыста. Аязсыз кезең Канадамен шекаралас жерде жарты жылы, АҚШ–тың оңтүстігінде тұтастай жылы болады. Климаттық континенталдығы орталық және батыс аудандарында. Шығысында орташа жауын – шашын 500 ден 2000 мм. Елдің батысы құрғақ, жылына 200 ден 500 мм, тау аралық шөлдерден одан аз түседі. Топырақ, өсімдік жамылғысы меридиональды бағытта өзгереді. Елдің солтүстік – шығыс және Тынық мұхиттың солтүстік – батысында аралас қылқан жапырақты орман жамылғысы тараған (топырағы күлгін шымды). Оңтүстігінде Аппалач облысы жалпақ жапырақты орман (топырағы шымды сары және қызыл топырақтар). Елдің оңтүстік-шығысында және Флориданың оңтүстігінде тропиктік орман таралған. Елдің орталық бөлігінде құнарлы қара топырақ таралған. Ұлы жазықтардың құрғақ далалары (батысында прерий) табиғи жайылым ретінде пайдаланады. Кордильер тауларында биіктік белдеулік байқалады. Аляскада тундра, орманды тундра, оңтүстігінде – тайга алып жатыр. АҚШ – тың орман өнеркәсіп аудандары солтүстік – батыс пен оңтүстік – шығыс аудандарында. АҚШ–тың шығысында бұрынғы орман далалық бөліктерінде қалалар мен өнеркәсіп дамыған, транспорт торы тығыз. Су ресурстары территория бойынша біркелкі таралмаған.Канадамен шекаралас жерде ең үлкен көлдер жүйесі – Ұлы көлдер (Жоғары, Мичиган, Онтарио, Эри, Гурон) жатыр.Олардың транспорттық және су ресурстық маңызы бар. Елдің негізгі су жүйесі Миссисипи мен оның негізгі салалары. Сол жақ салалары Огайо, Теннеси. Олар гидроэнергетикалық республикаға, оң жақ салалары – Миссури, Арканзас суландыру мақсатында пайдаланады. Тынық мұхиттық тау өзендері (Колумбия, Колорадо) суландыру және гидроэнергетикалық мақсатта пайдаланады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|