Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Францияның шаруашылығының географиясы.




Франция − жоғары дамыған индустриалды-аграрлы ел. Экономикасының даму ауқымы жөнінен, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Еуропа елдері ішінде Германиядан ғана қалып келсе, дүние жүзі бойынша төртінші орынды иеленеді (АҚШ, Жапония, Германиядан кейін). Жалпы ішкі өнім 73%-қызмет көрсету саласына, 24,3%-өндіріске, 2,7% ғана ауыл шаруашылығына тиесілі.

Өнеркәсібі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аумақтық және салалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Жаңа салалар − радиоэнергетика, атом энергетикасы, мұнай химиясы жедел дамыды.

Франция экономикасы мемлекеттік монополиясына үстем болуымен ерекшеленеді. Мемлекеттік кәсіпорындар барлық өнімнің 20%-ын, экспорттық өнімнің 30%-ын өндіреді. Экспорттық өнімнің 70%-ын орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Елдің алдыңғы қатарлы 9 компаниясы дүние жүзінің 100 ірі компаниясының катарына кіреді.

Францияда портты калалардың дамуына тән сипат − олардың сыртқы саудаға тәуелді болуы. Франция Еуропадағы ең ірі отын шикізаттарын импорттаушы ел.

Отын-энергетика өнеркәсібіне келетін болсақ, Франция энергия көздерін,яғни мұнай мен газды шетелдерден алады, жылына 100 млн-нан астам импорттық мұнай өңдейтін аса қуатты өндіріс қалыптасқан. Франция электр энергиясының көзі ретінде атом қуатын пайдаланатын дүние жүзіндегі ең бірінші ел.

Металлургия өнеркәсібі қара металлургияның аса жоғары өркендеуімен ерекшеленеді. Мұнда Еуропадағы ірі Лотарингия темір кені бассейні оналасқан.

Машина жасау өнеркәсібінің салары ішінде˗ станок, автомобиль, авиация, көлік машиналарын жасаумен қатар радиоэлектроника мен ғарыш техникаларын шығару анағұрлым жоғары даму үстінде және олар ең озат үлгіде жабдықталған. Франция жүз жылдық тарихы бар автомобиль жасау өнеркәсібімен ерекшеленеді. Жылына 4 млн-ға жуық автомобиль шығарып,

Еуропада екінші орында болса, дүние жүзі бойынша төртінші орынды

иеленеді. Онда Еуропадағы аса ірі автомобиль зауыттары (Рено, Пежо, Ситреон) орналасқан.

Химия өнеркәсібі де барынша өркендеген. Оның салалары отандық және импорттық шикізатқа негізделіп көптеген аудандарда дамыды. Химия өнеркәсібі ішкі рынокпен қатар, сыртқа да көптеп шығарылуда. Жеңіл өнеркәсіп салаларының ішінде тоқыма өнеркәсібінің маңызы зор. Мақта, зығырмен қатар жасанды жібек,синтетикалық талшық маталарын өндіру өсіп келеді. Ол Эльзас, Леон, Ланкашир, Йоркшир аудандарында ірі орталықтары орналасқан.

Ауыл шаруашылығы. Франция көлемі жағынан, дәнді дақылдардың жалпы түсімі жөнінен, зығыр, алма, т.б. көкөніс және бақша дақылдарын жинаудан Еуропада бірінші орында. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы − дәнді дақылдар өсіру. Картоп, қант қызылшасы, рапс та көп мөлшерде өсіріледі. Ницца өңірінде гүл өсіру дамыған. Жүзімнің көп бөлігі шарап жасауға жұмсалады, белгілі түрлеріне коньяк, аққайраң (шампан) жатады. Жерорта жағалауында цитрустық жемістердің көп түрін кездестіруге болады.

Көлік жүйесі. Франциядағы тасжолдардың жалпы ұзындығы жөнінен (745 мың км) Еуропа елдерінің арасында бірінші орын, ал дүние жүзі бойынша сегізінші орынды алады. Теміржолдың жалпы ұзындығы жөнінен де (35 мың км) Еуропада бірінші орында. Париж- Бордо бағытындағы жүрдек пойездар сағатына 350 км жылдамдықпен қозғалады.

Францияда ішкі су қатынасының желісі айрықша дамыған, олардың 7 мың км - кеме жүзетін жолдар. Ол халықаралық өзен жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ірі порттарының бірі Марсель портында жылына 90 млн тонна жүк тасымалдайды. Ұзақ арақашықтықта жолаушыларды тасымалдауда әуе көлігінің маңызы зор. Франция дүние жүзінің көптеген елдерімен әуе қатынасымен байланысады. Елде 80 әуежай бар. «Эр Франс», «Ута», «Эр Интер» сияқты ірі әуе компаниялары жылына 60 млн жолаушы қабылдайды. Париж − ірі көлік торабы. Мұнда көлік желілері елдің барлық бағыттарына тарайды. Париждегі Шарль де Голль әуежайы арқылы жылына 48 млн жолаушы тасымалданады.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Франция − халықаралық туризмнің орталығы. Туристтер қабылдау жөнінен Франция ең алдыңғы елдердің бірі. Ел жылына 77 млн турист қабылдайды. Туризм әсіресе Жерорта теңіз жағалауында кең дамыған. Елдің оңтүстік-шығысында, Альпінің теңіз жағалауы бойының оңтүстік бөктерінде әйгілі демалыс аймағы, халықаралық туризмнің орталығы˗ Француз Ривьерасы немесе көгілдір жағалау орналасқан. Мұнда Канн, Ницца, Ментона, Антиб және көптеген курорттар шоғырланған. Қазақстан Францияға мұнай, кентастар, химия өнеркәсібінің шикізаттарын, тері мен астық береді. Франциядан негізінен дәрі-дәрмек, азық- түлік өнімдерін, қосалқы бөлшектер, автомобильдер,тұрмыстық электроника, шарап, теңіз өнімдерін, ірімшік, парфюмерия мен жоғары сән киімдерін алады. Қазіргі кезде Қазақстанда француз кәсіпкерлері араласқан 19 шағын кәсіпорын тіркелген. 4 француз банкі Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істейді.Парижде экономикалық- ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан француз үкіметаралық комиссиясының мәжілістері болып тұрады.

Франция Қазақстан Республикасының егемендігін 1992 жылдың 7 қаңтарында ресми түрде мойындаған, ал екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 25 қаңтарында орнады. Франция мен Қазақстан арасында өзара достық, түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Қазақстанда 64 қазақ − француз бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Астана мен Алматы қалаларында 30 дан аса француз компанияларының өкілдіктері ашылды. Сонымен қатар екі ел арасындағы

келісім негізінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Францияда қазақстанық

студенттер білім алуда.

 

Орытынды

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км² болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных