ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар.Корей – әлемдегі ең таулы аймақтардың бірі болып табылады: аумақтың 70 %-ын гранит тауларымен басқа одан кіші таулы жоталармен толған. Ең биік таулы жоталардың көбі Корей түбегінің солтүстік бөлігінде таралған. Корей Республикасындағы ең биік нүктелеріне елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан Чирисан (1915 м) тауы мен елдің шығысында орналасқан Тхэбэксан (1549 м) тауы жатады, сонымен қатар қазіргі кезде сөнулі күйде тұрған Чеджудо аралындағы Халласан жанартауы (1950 м) да жатады. Елде отырықшы өмір сүруге қолайлы жерлер аз, олардың көбісі теңіз жағалауларында және өзендер бассейндерінде орналасқан. Корей Республикасы тектоникалық белдеудің қасында орналасқасын, бұл жерде жер сілкінулер өте жиі болып жатады. Корей Республикасы пайдалы қазбаларға кедей болып табылады, сондықтан шетелден минералды шикізаттың әкелінуіне тығыз байланысты болып табылады. Көмірдің өнеркәсіптік қоры – жалпы антроциттер мен лигниттер қоры Самчхок-Чонсон бассейндерінде (Канвонда провинцияларында) және Чхунчхондо провинциясында таралған. Бірақ та көмірдің жалпы сапасы өте төмен. Темір рудасының қоры да өте аз және оның сапасы төмен болады. Олардың ең ірі орталықтары болып Яньян, Чхунджу, Ульсан, Мульгым қалалары саналады. Қазіргі кезде Понхва және Сочхон аймақтарында қорғасын және мырыш рудаларының кен орындары өнделіп жатыр. Сонымен қатар күміс пен алтын кен орындары зерттелуде. Вольфрамның жалпы қоры қазіргі кезде 34 млн тенгеге бағаланады. Аморфты қордың ірі ошақтары Канвондо, Чхунчхон-Намдо провинцияларында кездеседі. Сонымен қатар аса сапалы каомин қорлары да Ходонда, Кенсан-Намдо провинцияларында, тальк қорлары Чхунджу, Чхунчхон-Пункто провинцияларында таралған.
ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым
Климаты. Жалпы климаты муссонды болып табылады, бірақ та оған теңіздердің әсеріне қарағанда әсіресе Азия континенті үлкен әсер етеді. Қыс мезгілінде түбек континенттің ішіндегі Сібірде пайда болатын қатаң суық ауа массаларының ықпалында болады. Ол ауа массалары түбекке суық және құрғақ ауа райын әкеледі. Ал жазғы муссон түбекке керісінше ылғалды ыстық ауа райын әкеледі; жауын-шашынның 70%-ы шілде мен қыркүйек айларының аралығында жауады, жаңбырлардың көбісі күн күркіреуге ұласады, ал олар өз кезегінде тропикалық жаңбырға айналады. Кореяның оңтүстігі циклондардың екі типінің әсеріне тәуелді. Бірінші тип циклоны Қытайда пайда болып Корей еліне көктемдегі наурыз-сәуір айларына келіп, елге тұрақты жаңбырларды әкеледі; екінші тип циклоны – Филиппин мен Маршалл аралдарында пайда болып, елге тайфундарды әкеледі. Ірі өзендерге Сары теңізіне құятын Хайган, Кымган, Йонсонган өзендері жатады. Сонымен қатар Қытай теңізіне құятын Нактонган өзені де ірі өзендер қатарына жатады. Корей Республикасының территориясы кішкентай болғанымен оның табиғи жағдайларының алуандылығы осы елдегі өсімдік әлемінің түрлі-түрлі болуының негізгі себебі болып табылады. Мемлекетте өсімдіктің 4,5 мыңнан астам түрі өседі, соның эндемикалық және шамамен 400 түрі емдік қасиеті бар өсімдіктер болып табылады. Солардың ішінде емдік қасиетімен әйгілі болып кеткен женьшень (инсам-корей тілінде) өсімдігі. Республикада сүтқоректілердің 80 түрі, құстардың 380түрі, рептилияның 25 түрі, жорғалаушылардың 14 түрі және балықтардың 130 түрі кездеседі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|