ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін КоморовДәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008. 2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007. 3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007. 4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999. 5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.
ДӘРІС Тақырып: Латын Америкасы елдерінің шаруашылығына жалпы шолу. Мақсаты: 1.Латын Америкасы елдерінің табиғат жағдайлары. Халқы мен саяси картасы. 2. Латын Америкасы елдері шаруашылығының салалық құрамы. 3 Латын Америка елдерінің көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: еркін сауда ассоциациясы, интеграция,
Латын Америкасы – Батыс жартышарда АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан аймақ. Оған Мексика, Орталық Америка мемлекеттері, Вест-Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Орталық Америка мен Вест-Индияны Мезоамерика субауданына біріктіреді. Оңтүстік Америка Венесуэлла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили кіретін Анды және Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия мемлекеттерін қамтитын Лаплаталық деп екі субауданға бөлінеді. Қазіргі кезде Латын америкасында 33 тәуелсіз мемлекет бар. Олардың 18 ресми және басым тілі ретінде испан, партугал, 14 мемлекеті саяси ресми тіл ретінде Табиғат жағдайлары мен ресурстары Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 мың шақырымға созылған. Шығысын – Атлант мұхиты, батысын – Тынық мұхиты шайып жатыр. Орналасу ерекшеліктері оның экономикасының дамуына үлкен әсерін тигізіп отыр. 33 мемлекеттің ішінде Парагвай мен Боливия ғана теңізге шыға алмайды. Пайдалы қазбалары. Латын Америкасы барлық минералдық шикізатпен қамтамасыз етілген, олардың көбіінің қоры жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Мұнда ерекше минералды қоспалар мен отын-энергетика ресурыстары мұнай мен табиғи газ қоры өте көп. Мұнайдың барланған қорының мөлшері 18 млрд. тонна. Оңтүстік Америкадағы ірі мұнай алабы-Маракайбо қазан шұңқыры мен Венесуэла аумағында шоғырланған. 1996 жылғы мәліметтер бойынша аймақтағы тас көмірдің барланған қоры 100 млрд тоннаға жуық. Көмірдің негізгі алаптары Мексика, Колумбияның Перу, Аргентина менБразилияда тралған. Бразилия дүниежүзінде марганец кенінің қоры жөнінен үшінші орын алады. Бразилия – Венесуэла және Антил аралдарында хром, титан, никель, кобальт кендері өндіріледі. Анды тауында вольфрамның (Бразилия, Перу), молибденнің (Чили), висмуттың (Перу, Боливия) ірі кен рындары бар. Күмістің қорынан дүниежүзінде Мексика бірінші, Перу үшінші орын алады. Латын Америкасының халқы. Латын Америкасындағы көптеген халықтары мен тайпалары европалықтардың жаулап алғанына дейін «үндістер» деген жалпы атау алған. Олар бір – бірінен сыртқы келбетімен, тілімен, дінімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Әсіресе тығыз орналасқан жерлері – Мексикан таулы өлкесі және Юкатан түбегі, перуан – боливиялық және колумбиялық Андыда. Мексика таулы үстіртінде ең мықты мемлекеттік білім ордасы ацтектер империясы болатын астанасы Теночтилане (қазіргі Мехико). Екінші ірі ареал орталық Андыда орналасқан. Этникалық жағынан бір жақты: империя, негізі екі халықтан құралған кетчуа мен аймара халықтарынан тұрады. Бір ұлтты және көп ұлтты мемлекеттер құрамына Аргентина, Чили, Уругвай кірді. Бұл мемлекеттерде үнділер басым. Боливияда 63%, Гватемаледе 54%, Перуде 47%,Эквадорда 40%, Мексикада 15% үндістер құрайды. Ауыл шаруашылығындағы жоғарғы және орта білімді жұмысшылар 0,1%, білікті маман жұмысшылар 5%, өңдеуші өнеркәсіптегі жұмысшылар 1,6 және 17% жетті. Шаруашылығының жалпы ерекшеліктері. Бұл аймақта шаруашылықтың екі саласы дамыған. Олар пайдалы қазбалар мен плантациялы тропикалық дақылдарды өсіру болып табылады. Латын Америкасының мемлекеттері өз өнімдерін АҚШ, Батыс Европа елдері мен Жапонияға, Испания мен Португалияға Азия, Африка елдеріне шығарады. Аймақтың эконопикасына тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының маңызы зор. Экономикасыныңдамуы шетел капиталмен тығыз байланысты. Металллургия, мұнай кәсіборындары шетел капиталы сауда - саттықты дамытты. Латын Экономикасының даму қарқыны Бразилия мен Мексикада жоғарылап олардың аймақтағы ықпалы артты. 1990 жылдардың соңында екі мемлекет аймақтағы жалпы ішкі өнімені 1/3 және 1/5 бөлігін, ал Аргентина болса 1/10 бөлігін қамтыды. Латын Америкасының дамуына сыртқы қарыз зор әсер етті. 1985 жылы сыртқы қарыздары 272 млрд доллар болса, 1999 жылы ол көрсеткіш 775 млрд. долларға дейін артты. Өзінің экономикалық интеграциясын күшейтү үшін Латын Америкасы кейбір территорияларда пайдалана бастады. 1960 ж Латын Америкасы еркін сауда ассоциациясы (ЛАСТ) құрылды. 1980 жылы Латын Америкасының еркін сауда ассоциациясы Латын Америкасының құрамдасу (интеграциялық) ассоциациясы (ЛАИ) және құрамында бес мүшесі бар Орталық Америка ортақ нарқы (ЦАОР) болып қайта құрылды. Латын Америкасы елдерінің өнеркәсібі. Мемлкетттердің даму деңгейлері әр түрлі болуына қарамастан сонғы он жылда аймақтың өнеркәсібінің салалық құрамында біршама өзгерістер болды. Бұрын тек тоқыма өнеркәсібі басым болса қазіргі кезеңде дүниеүзілік нарыққа өзіндік құны жоғары ұзақ пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары шығарылабастады. Құрылымдық өзгерістер мен ілгерілеу әсіресе өнеркәсібі біршама жақсы дамыған және диверсификациалу деңгейі жоғары Аргентина, Бразилия, Мексикада байқалды. Аталған елдерде 1990 жылға қарайөңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің 10,20 және 45% атқарылған шартты өнім сағат көрсеткішіне жетті. Тау- кен өнеркәсібі мемлекеттің экономикасында маңызды орын алады. Қазіргі уақытта Латын Америкасының 13 елінде мұнай мен газ өндіріледі. Ең ірі мұнай экспорттаитын елдер Венесуэла мен Мексикадан Эквадор, Колумбия, Тобаго, Боливия да қалыспайды, Аргентинда өндірілетін мұнай мен газ өзінің ішкі қажеттіліктерін қанағаттындырады, қалған елдер мұнайды саттан сатып алады. Табиғи газдың өндіру қарқыны тез өсіп келеді. Табиғи газды Мексика Аргентина мен Венесуэла көп мөлшерде өндіреді. Көмір өнеркәсібі нашар дамыған. Колумбияда, Венесуэлада, Бразилияда, Мексикада және Перуде тас көмір өндіреді. Аймақта жылына 50 млн. тоннаға жуық таскөмір өндіріледі. Тау-кен өндірісінде екінші орынды темір кенін өндіру алуды. 1998 жылы дүние жүзінде өндірілетін темір кенінің 1/4 бөлігі Латын Америкасы өнділді. Латын Америкасы дүниежүзіндегі вольфрамның 1/8 бөлігі Бразилия мен Боливия өніндіріледі. Латын Америкасында боксит, мыс, қорғасын, қалайы, сынап сыяқты дүниежүзіндегі түсті металлдардың көптеген түрлері кездеседі. Латын Америкасында дүниежүзіндегі қорғасынның 15% өндіреді. Латын Америкасы елдерінің энергетикасы. Аймақтың негізгі энергетика балансын мұнай мен газ құрайды. Аймақта қажетті электр энергиясының 65% СЭС өндіріледі. Атап айтсақ электр энергиясының Коста- Рикада 95%, Парагвайда 93%, Бразилияда 92% СЭС өндіріледі. Аймақтағы ірі СЭС қатарына Мексикадағы «Инфернильо», «Мальпасо», Бразилиядағы «Жупия-Илья-Сольтейро», Аргентинадағы «Чокон-Серрос-Коларадос» жатады. Соңғы жылдары Парана өзенінде бірқатар қуатты СЭС салынды. Олардың қатарына қуаты 12 млн кВТ Бразилия мен Парагвайлық «Итапу», қуаты 3,2 млн кВТ Аргентина мен Парагвайлық «Ясрета», Венесуэладағы қуаты 10 млн кВТ Кари өзеніндегі СЭС торабын жатқызуға болады. Латын Америкасы елдерінің қара металлургиясы. Қара металлургтия кәсіпорындарының басым бөлігі Бразилия, Мексика, Аргентина мен Венесуэлада шоғырланған. Саланы дамытуды бастапқыда мемлекет қолға алып кейіннен жекешелендірілді. 1980-1999 жылдар аралығында болат балқыту 27 ден 50 млн тоннаға дейін артып дұние жүзіндегі үлесі 6% құрады. Соның ішінде 26 млн тонна болат Бразилияда, 14 млн тонна Мексикада, 4 млн тоннадан Аргентин мен Венесуэлада сонымен қатар Колумбия, Перу, Чилиде балқытылады. Қара металлургия кәсіпорындарының жылдық қуаты 0,5-1 млн тонна шамасында. Латын Америкасы елдерінің түсті металлургиясы. Тау-кен өнеркәсібі дамыған елдерде мыс, қорғасын-мырыш металлургиясы ерте дамыған. Түсті металл балқыту шикізат базасымен тікелей байланысты болған. Мексика мен Чили тазартылмаған мыс балқыту жөнінен дүниежүзінде жетекші орын алады. Олар жартылай дайын өнім өндірумен шектеліп, АҚШ-та одан ары толық өңделіп дайын өнім шығарылады. Өндірістің техникалық қуатын арттырыуға байланысты ол үдеріс соңғы он жылда өзгеріп дайын өнім өндіруге көшті. Машина жасау және металл өңдеу. Өңдеуші өнеркәсіптің таза өнімінің ¼ бөлігін өндіреді. Бірақ Латын Америкасы елдерінде өнеркәсіптің бұл маңызды саласы әркелкі дамыған. Қазіргі кезде аймақтағы ірі үш елде машинажасу өнеркәсібі өнімінің 2/3 бөлігін өндіреді. Венесуэла, Колумбия, Чили мен Перуды қоса есептегенде аталған сала өнімінің 90% өндіреді. Саланың қарқынды дамуына қарамастан шетел өаржысы бақылайтындықтан Латын Америкасы импорттық машиналар мен құрал жабдықтарға әліде болса тәуелді болғандыөтан экспортқа қарағанда импорт 2,5 есе артық. Қазіргі кездегі машина жасауда автомобиль өнеркәсібі жетекші орын алады. Ол барлық елдердің экономикасына орасан зор ықпал ететіндіктен көлікті құрастыруға қажетті қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік береді. Аймақтағы машиналарының 2/3 бөлігі Бразилияда шығарылады және автомобил жасаудан дүниежүзінде тоғызыншы орын алады. Одан кейінгі орынды Мексика мен Аргентина алады. Латын Америкасының автомобил өнеркәсібі шоғырлану деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді Бразилиядағы автомобиль заводтары негізінен Сан-Паулу Сантус портының аралығында шоғырланған. Аймақтағы үш ірі мемлекетте ұшақ жасау дамыған Олар орташа және шағын жолаушы, ауылшаруашылық ал Бразилия мен Аргентинада әскери ұшақтар жасайды. Латын Америкасының м ұнай өңдеу өнеркәсібі. Мұнай өнеркәсібі белгілі дәрежеде аймақтың барлық елдерінде дамыған. 1998 жылғы мәліметке сәйкес мұнай өңдеу заводтарының қуаты 400 млн тонна. 1963 жылы аймақта 190 млн тонна мұнай өңделген. Қазіргі кезде Латын Америкасында дүниежүзіндегі мұнайдың 14% өңделеді. Соңғы 10-15 жылда екінші топтағы елдердегі мұнай өңдеуде үзіліс болуы байқалуда. Қазіргі кезде Кариб алабы шетелдік мұнай компанияларының әрекет ету аймағына айналды. Латын Америкасыныңхимия өнеркәсібі. Машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінен кейін екінші орын алады. Ол өңдеуші өнеркәсіп өндіретін таза өнімнің 13% өндіреді. Дүниежүзінде сатылатын химия өнеркәсңбі өнімінің 5%. Латын Америкасы елдерінде шығарылады. Мексика, Бразилия, Аргентинада аталған сала біршама жоғары дәрежеде диверсификацияланған. Виргин және Багам аралдарында, Кюрасаода, Тринададта пен Абурада поасмасса, синтетикалық шайыр, химиялық талшық, синтетикалық каучук өндіріледі. Химия өнеркәсібінің аймақта дамыған маңызды саласының бірі алуантүрлі өсімдіктер мен синтетикалық заттарды пайдаланатын фармацевтика. Латын Америкасының тоқыма өнеркәсібі. Аймақтың ең ескі және дәстүрлі саласының бірі. Өндірген өнім құны жағынан көптеген елдерде ол жетекші орын алады. Аталған салаға белгілі дәрежеде жұмыс күші тартылған. Ол әсіресе Бразилияда жақсы дамығандықтан тоқыма өнеркәсібінің дайын өнімінің үлесі 70% құрайды. Мексика жасанды маталар тоқуымен ерекшелееді. Тамақ өнеркәсібі. Өндірілетін өнімінің бағасы төмендегеніне қарамастаен аймақтағы индустрияның маңызды саланың бірі болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерін ұқсататын салалардың ішінде шетелдегі өндіретін өнімнің 1/3 беретін қант өнеркәсібі ерекше көзге түседі. Дүниежүзілік нарықта Мексиканың консервеленген ананасы мен оның шырыны, консервеленген томат ұнтағы, бүлдірген мен кептірілген тропиктік жемістері дүниежүзілік нарықта жоғары сұранысқа иеболып отыр. Аргентина мен Чили көршілес елдер мен Европа нарқына кептірілген өрік, шабдалы, алма, алмұрт шығарады. Бразилиядан жаңғақ, шырындар мен жеміс-жидек экспортталады. Ет-сүт және балық өңдеу салаларыныңда дүниежүзілік маңыхы зор. Аймақтан жылына 1 млн тонна ет экспортталады. Ауыл шаруашылығы. Қолайлы табиғат жағдайлары субтропиктік және тропиктік белдеулерде ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді игеріп ауыл шаруашылығының көптеген түрлерінен жылына екі—үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Перудің өңделетін жерлерінің ½ бөлігі, Мексиканың 25%, Чилидің 23%, Эквадордың 16% суармалы. Аталған елдерде суды егін суаруға қолдану біршама күрделі қаржы бөлуді қажет етеді. Қазіргі кезеңде аймақтағы капиталистік аграрлық қатынастар дамығанына қарамастан отарлауға дейінгі ірі жер иеленуші латифундистік және минифундилік қатынастар әлі де басым. Бразилияда басқа мемлекеттер сияқты қолданбаған жерлерді игеруде. Жақсы өнім алу үшін агротехникалық шаралар қолданылады. Плантацияларда негізінен кофе, какао, банан тағыда басқа дақылдар өсіріледі. Латын Америкасындағы өсімдік шаруашылығы өнімінің 2/3 бөлігі басқа мемлекеттерге экспортталады. Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау Латын Америкасының экономикасының дамуына әсер етеді. Қант құрағы – ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде ең көп тараған. Оның мемлекеттің барлық аймақтарда кең тараған қанты құрағының егіс көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері жағынан Бразилия дүниежүзінде бірінші, ал Куба екінші орын алады. 1999 жылы Бразилияда 339 млн тонна қант құрағы жиналды. Қант құрағы сонымен қатар негізінен Мексикада өсіріледі. Орталық Америка елдерінде өсірілген қант құрағы көп мөлшерде Европа нарқына экспортталады. Кофе негізінен тропикалық Америкада өндіріледі. Ол негізінен жылу мен ылғалды қажет етеді. Негізінен әлемдік нарықта Колумбия және Орталық Америка кофе ағаштары маңызды орын алады. Бразилияның кофе өндіретін плантациялары Сан-Паулу, Парана штатында орналасқан. Соңғы 20 жылда бұл жерлерде өнім өндіру мөлшері төмендеді. Қазіргі кезде кофе Бразилияның Минос – Жераис штатында дамып келеді. Астық шаруашылығы – бұл негізінен шетел инвестицясы әрекетін пайда болған, ал оның шығыны негізінен ішкі рынокта байқалады. Ұлттық егін шаруашылығына қарағанда бұл түр ішкі және сыртқы бағаға көңіл аударады. Шығаратын өнімдерінің ішінде күріш пен бидайға көңіл аударады.. Сол сияқты жүгерімен мен арпаны Бразилияда, Мексикада, Аргентинада соя өсіру тез қарқынмен дамуда. Таулы аймақтарда орналасқан қалаларда шаруашылықтың түрлерінде гүл өсіру, жеміс – жидек өндіреді. Кейде АҚШ – қа жақын орналасқан қалалардың рыноктарында жұмыс істейді. Мал шаруашылығымен айналысу ет өндіруге бағыт бағдарқып әкеледі. Ірі қара мал өсіру үлкен көлемде жасыл желекті қажет етеді. Әр бір мал басын Адам жанына шаққанда Аргентина мен Уругвайда бұл көрсеткіш 2 – 3 есе үлкен. Малды өсіру бағу оның жоғарғы маңыздылығын көрсетеді. Аргентина мен Чили қалаларында малды өсіру оның әлемдік рыногында өте үлкен баға береді, ең төменгі баға Орталық Америкада Доминикан республикасында Гаитида ет бағасы өте төмен. Бір сөзбен айтқанда еттің 2/3 бір бөлігін экспорттау Аргентина мен Уругвайға тиесілі. Бұл жерде сол сияқты сүт өнімдері де оларды үлкен қалаларға жеткізу және ет тері сонғы кезде экспорттау үлкен қарқынмен жұмыс істеуге Бразилия мен Мексиканың айырмашылығы үлкен көлемде шошқа асырау болып келеді. Аз мөлшерде балық аулаумен айналысады, сол сияқты басқа азық - түліктермен айналысады. Перу мен Чилиде балық аулаудан д.ж. 20% алады. Латын Америка елдерінің көлік кешені. Көлік э кономиканы дамытуда жетекші орын алатын ең басты сатысы болып табылады. Латын Америкасының ішікі аудандарында жаңа жолдар жасалу онша дамымаған. Сауданың тек 5% ішкі саудаға әсерін тигізеді. ХІХ ғасырдан бастап темір жолдар салу көзделінді, олар шетел капиталының бақылауында болды. Оларды бірінші дүниежүзілік соғыстан бері қарайі қолға алмаған. Аймақтағы темір жолдардың жалпы ұзындығы 120 мың шақырым оның көп бөлігі Бразилия мен Аргентинада. Мексикада темір жолдар 1937 жылдан бастап дамуда. Венесэлада, Гаянада, Орталық Америка елдерінде теміржол көлігінің рөлі шамалы. Автокөлік барлық аудандарда басты орын алуда. Тас төселген жолдың жалпы ұзындығы – 2,5 млн. шақырым. Оның ішіндегі 550 мың шақырымға жуығы қатты төсеніштір. Маңызды автомобиль жолының қатарына АҚШ шекарасынан Буэнос – Айреске дейін созылатын Пан-Американ жолы жатады. Бірақ бұл жолдың кейбір бөліктері әлі де аяқталмаған. Құбыр көлігі Венесуэлада, Мексика мен Аргентинадада маңызды орын алады. Құбыр көлігі аталған елдердің аумақтарының 85% қамтыған. 1997 жылғы мәліметтерге сәйкес оның жалпы ұзындығы 110 мың шақырым. Ірі мұнай құбыр жолдары мұнай кен орындарын порттармен жалғастырады. Өзен көлігі жақсы дамыған елдер Ла – Плата, Амазонка, Орионоко, Рио – Браво – Дель – Норте, Колорадо өзенінің алабын қамтиды. Ла – Плата алабы аса маңызды су көлік жолының көзі болып табылады. Теңіз көлігі Латын Америкасындағы елдердің арасындағы ішкі экономиклық қарым-қатынаста басты рөл атқарады. Басқа да дамушы елдер сияқты бұл мемлекеттерде шикізат өндіріруге бағытталғандықтан сырттан келетін нен гөрі сыртқа шығаратын жүктен төмен болуы тән. Тұтас алғанда теңіз көлігі арқылы 1998 жылы Панама мен Багамды қоспағанда теңіз флотының тоннасы 23 млн тоннаға жеткен. Кеме қатынасында Панама дүниежүзінде аса маңызды орын алады. Оның жалауын АҚШ кеме компаниялары, Канада және тағы басқа дамыған елдер қолданады. 1998 жылы Панама флоты АҚШ флотынан 6 есе артық жүк тасмалдады және ол күннен-күнге артуда. Оны «қолайлы» ту астында жүзетін Багам аралдары қуып жетіп қалды. Бразилиядағы жылдық жүк айналымы 30 млн тоннаға жететін Сан – Себастьян мұнай және кен тасмалдайтын жылдық жүк айналымы 58 млн т жететін Виктория – Тугбаран, 40 млн т жететін Сан – Луис сонымен қатар Кариб теңізінің порттары жатады. Порттардың көбі жүкті жағадағы жақын жерлергее тасмалданумен айналысады. Чилиде – бұл аса маңызды орын алады. Әуе көлігі жол жоқ жағдайда жолаушылар тасмалдауда маңызы зор. Колумбия, Аргентина, Бразилияда ұшақтардың комерциялық тасмалдау бағттары АҚШ-тан бұрын дамыған. Әуе көлігі жолаушы тасмалдау жөнінен Бразилия мен Мексика шетелдердің арасында аса дамыған 20 елдің қатарына кіреді. Көптеген мемлекеттердегі әуе көлігінің географиясы алуантүрлі әуежайлар торы мен тасмалдың болуымен ерекшеленеді. Сыртқы экономикалық қатынастар. Латын Америкасы дүниежүзілк нарыққа мұнай, қара және түсті металл кендері сияқты шикізат товарларын соның экспорттайтын ірі аймақ болып табылады. Мысты -Чили, қалайыны-Бразилия мен Боливия, бокситті-Бразилия мен Ямайка, темір кенін-Бразилия, қорғасын мен мырышты-Перу экспорттаудан көзге түседі. Сонымен қатар аймақтан сыртқа мақта (Бразилия), жүн мен тері (Аргентина мен Уругвай) экспорттайды. Өнеркәсіптік экспорттың ½ бөлігі Бразилияға, тағы да ¼ Мексикаға тиесілі. Латын Америкасында өнеркәсіп товары мен қызыметкөрсету экспорты мен макиладорас индустрия деп аталатын экспорттық өңдеу аймағы жылдам қарқынмен өсіп келеді. Капиталистік еңбек бөлінісі жүйесіндегі орынына сәйкес Латын Америкасынан шығарылатын экспорттық өнімдерге қойылатын шектеулерде байқала бастады. Көптеген елдерде бір өнім түрі бүкіл экспорттың құнының жартысынан астамын құрайды. Атап айтсақ Чилиде мыс пен мыс концентратының, Колумбияда кофенің, Боливияда қалайының, Эквадорда бананның, Венесуэлада мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты басым. Аргентина, Бразилия, Мексика сыяқты ірі елдерде ғана экспорттық өнімдер салыстырмалы түрде алуантүрлі.
1-кесте. Экспорттық өңдеу аймағының экспорттағы үлесі
Импорттық товарлардың құрылымында күнделікті тұтынатын товарлардың үлесі төмендеп, өндірістік құрал-жабдықтардың мөлшері артуда. Экспорттайтын өнімдерінің құны төмен ал импорттайтын товарлардың дүниежүзілік нарықтағы бағасының жоғары болуына байланысты аймақ елдерінің кірісінен шығынының көп екні байқалуда. Латын Америкасы экспорттайтын товарладың бәсекелесуінің төмендігіне байланысты дұниежүзілік нарықтағы үлесі 1950-1998 жылдар аралығында 12% тен 3%, ал импорттағы үлесі 10% тен 6,3% дейін төмендеді.
Орытынды Латын Америкасының сыртқы сауданың аумақтық бөлінуі дамыған капиталистік елдердің тар шеңберіне бағытталғанын көрсетеді. Тауар айналымындағы экспорттың 40%, импорттың 41% АҚШ-тың,24 және 18% Еуропа одағы мен Жапонияның үлесіне тиеді. Соңғы жылдары Аймақ ішілік саудасының қарқыны артуда. Өнеркәсіп өнімдерін экспорттауда Африка мен Азия елдерімен сауда-экономикалық байланыстар кеңеюде. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|