ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін КоморовДәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008. 2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007. 3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007. 4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999. 5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.
10-шы Дәріс. Тақырып: Үндістанға экономикалық - географиялық сипаттама Мақсаты: Үндістанға экономикалық географиялық сипаттама бере отыра, мемлекеттің құрылымын, халқын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, сыртқы байланыстарын туралы түсініктер мен көзқарастарын меңгеру. 1.Экономикалық-географиялық жағдайы. 2.Мемлекеттік құрылымы. Халқы. 3. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. 4. Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. 5. Қазақстанның Үндістанмен қарым- қатынасы. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық – географиялық жағдай, шаруашылық, сыртқы байланыстар.
Үндістан − Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет, өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Үндістан шығысында Бангладешпен, Мьянмамен, солтүстігінде Қытаймен, Бутанмен, батысында Пәкістанмен щектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Елдің жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км2. Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитытының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін оның орнында құрылған Үндістан, Пәкістан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкістан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін шешілмей келеді, сондықтан да бұл мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отыр. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Мемлекеттік құрылымы. Үндістан — федерациялық республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады. Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтар – республиканың жарияланған күні. Үкімет билігі президент пен Министрлер кеңісін басқарушы премьер-министрдің қолында. Заң шығару екі палаталы парламент тарапынан жүзеге асырылады. Жоғары палаты – халықтық палата, төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан ұлттық конгресі, Бхаратия джаната партиясы. ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым
Геосаяси жағдайы. Атақты Үнді-Ганг ойпаты Арабия теңізінен Бенгал шығанағына дейін 3000 км созылып жатыр. Қазіргі геосаяси тұрғыдан алғанда Британдық Үндістанның 2 мемлекетке: Үндістан мен Пәкістанға бөлінуі үлкен геосаясат болып келді. Кейіннен Пәкістан Батыс және Шығысқа бөлініп, Шығыс Пәкістанда Бангладеш елі пайда болды. Қалыптасу тарихы. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтүстік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар өмір сүрді. 15 ғасырдың соңында Үндістанда алғашқы еуропа отаршылар — португалдар пайда болды. 16 ғасырдың 1-жартысында олар теңіз жағалауларындағы бірқатар пункттерге (Гоа, Даман және Диу, т.б.) бекініп, Үндістанның теңіз саудасына бақылау орнатты және басып алынған аумақтағы халықты отаршылдық езгіге түсірді. Ал солтүстік Үндістанды Ұлы Моғолдар империясы біріктірді. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті. 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. 1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкістанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкістанды жеңіп, Шығыс Пәкістанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкістан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Үндістанда 3 негізгі табиғат зоналарын бөліп қарауға болады. Шығыс және Батыс Гат тау тізбектерімен қоршалған Декан таулы үстірті Үндістан түбегін түгелдей дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы өз кезегінде екі бөліктен тұрады. Шығысында Ганг және Брахмапутра өзендерінің аңғарында ылғалды тропиктік орман, ал батысында Тар шөлі құрғақ аймақ болып табылады. Елдің солтүстігін әлемдегі ең биік Гималай таулары алып жатыр. Үндістан аумағында: Чогори – әлемдегі екінші шың және Қарақорым тау жүйесінің ең биік нүктесі, Канченджанга – әлемдегі үшінші шың, Нангапарбат орналасқан. Елдің басты өзендері: Ганг, Үнді, Брахмапутра және Годавари. Пайдалы қазбалары: көмір, темір кені, табиғи газ, мұнай, марганец, титан кені, хром, алмас, слюда, әктас. Егістік жерге аумағының 55%-ы тиесілі, ормандар мен бұталар барлық жерінің 23%-ын алыа жатыр. Елдің кең-байтақ аумағы климаттық жағдайлардың ерекшелігімен сипатталады. Жыл ішінде үш маусым бір-бірімен ерекшеленеді: Үндістанның көп бөлігінде қыс айлары іс жүзінде құрғақ, тек солтүстік-батыста циклонға байланысты қысқы жауын-шашын тіпті жазғы жауын-шашыннан молырақ болады. Наурыз айынан бастап ауаның температурасы жылдам өседі де, мамырдың соңында ең жоғары шегіне жетеді. Маусым айында жаңбырлы кезең басталады. Ауаның температурасы шұғыл төмендеп, ылғалдылығы 95 % және одан да жоғарыға көтеріледі. Қыркүйек айында муссон кетеді де, ауаның температурасы 25-270С шамасында тұрақтайды. Кейбір аудандарда циклонның келуі дауылға, тіпті тайфунға ұласады. Халқы. Халқы 1 млрд. 189 млн. (2010), Орташа тығыздығы шамамен әрбір км2-ге шаққанда 290 адамнан көп. Үндістан – көп ұлтты ел. Елдің көпшілігі 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер (300 аса этностық топтар), 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ын – моңғол тектестер құрайды. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар (31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер,тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды. Діни құрамы: индуизм дініне табынатындар 82,5%-ы, мұсылмандар 11,4%; мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай; сикхтар — 2%, будда (0,7%). т.б. Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Үнді-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды. Ең ірі қаласы Дели дүниежүзіндегі космополит қалалардың бірі. Ірі қалалық агломерациялардың саны 30-дан астам. Ірі қалалардың қатарында Делиден басқа Мумбай және Хайдарабад жатады. Делидегі халық саны − 15,575 мың адам болса, Мумбайда − 23,653 мың адам, Хайдарабадта − 9,382 мың адам тұрады. Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбай), Дели, Ченнаи (Мадрас), Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау. Халықтың жыныстық құрамына тән нәрсе – әйелдерге қарағанда ерлер көп. Халықтың 15 жастан үлкендерінің шамамен жартысына жуығы (ерлердің 64%-ы, әйелдердің 39%-ы) оқи және жаза алады, 31,7 млн еңбекке жарамды адамдардың 65%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Өнеркәсібі. Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады. 1991 — 2001 жылы ел экономикасына тікелей салынған шетелдік инвестициялардың көлемі 23,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның көпшілік бөлігі экономикалық даму процесін айқындайтын экспортқа бағытталған жоғарғы технологиялық салаларды дамытуға жұмсалды. Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас. Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар: болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау-кен өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету секторы жоғары қарқынмен дамуда. Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 55,9%-ы егіншілік үшін жыртылады. Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Ірі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Ел экономикасының негізгі секторы ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Ел аумағының басым бөлігінің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы болып келеді. Муссондық жауын-шашынның жыл ішіндегі үлесі егістік жұмыстарын екі маусымда жүргізуге: жазғы егінді мамырда егіп қазан-қарашада, ал қысқы егінді қарашада егіп, мамырда жиып-теріп алуға мүмкіндік береді. Елде 141 млн га жер өңделеді, оның 84 млн га-сы суармалы жер. Үкімет тарапынан жасалған көмектер нәтижесінде кейбір дәнді дақылдардың өнімі артты. Егіс көлемінің 80%-ға жуығын азық-түлік дақылдары құрайды. Күріш дақылы, негізінен, теңіз маңы ойпаттарында және Ганг өзенінің төменгі ағысында кеңінен өсірілсе, раби маусымында егілетін бидай Ганг өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы суармалы жерлерде, тары тұқымдастар Декан таулы үстіртінде егіледі. Техникалық дақылдардан мақта, джут, қант қамысы, майлы өсімдіктер өсіріледі. Мақтаның дені Декан таулы үстіртінің солтүстік-батысындағы лава бетінде пайда болған қара топырақты жерлерде егіледі. Мұндай топырақ ылғалды ұзақ сақтайтындықтан, мақта егістігі суарылмай-ақ жетіледі. Экспортқа шығарылатын басты дақыл – шай. Шығыс Гималайдың бөктерінде өсіріледі. Елдегі мал шаруашылығының негізін қой шаруашылығы құрайды. Бұл сала елдің солтүстік-батысында дамыған. Ірі қараның саны жөнінен Үндістан бірінші орында және олар түгел дерлік күш көлігі ретінде пайдаланылады. Құс шаруашылығы жақсы дамыған. Балық аулаудың жылдық көрсеткіші 3 млн т-ға жақындайды. Дегенмен де миллиондаған адамдар, әсіресе оңтүстікте өте кедейшілік ғұмыр кешуде. Ішкі айырмашылықтары. Үндістанды экономикалық дамуына байланысты 3 экономикалық орталыққа бөледі. Олардың әрқайсысының теңіздік қақпа рөлін атқаруы экономикасының дамуына ықпалын тигізіп отыр. Олардың қатарында Мумбай, Колкаты және Ченнаи жатады. Кейінгі онжылдықта 4-ші экономикалық орталыққа Дели қаласын жатады. Мумбай, Колкаты және Ченнаида негізгі өндіріс орындары шоғырланған. Қазақстанның Үндістанмен қарым- қатынасы. Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөнінде, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған.
Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Алматы қаласындағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның «Испат Интернэшнл» компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. «Аджанта-Фарма» Қазақстан — Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика зауыты құрылысын жүргізуде.
Орытынды Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар (31%-дай), бихарлықтар,бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар,раджастхандар, ассамдықтар,кашмирліктерт.б.құрайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|