Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ытайдың саяси және экономикалық жағдайы.




Ежелгі заманнан Қытай атақты «Жібек жолы» арқылы Еуропа мен Орталық Азияны байланыстырып отырды. XIX ғасырда Ресей мен Қытайды елдің солтүстік-шығыс бөлігінде салынған Қытайлық Шығыс Темір Жолы атты магистраль байланыстырды, 1904-1905 жылдары Ресей, Қытай, Жапонияның біріккен басқарылуында болды, кейін Мань Чжоу-Го билеушілерінің қолына берілді. Қазір Ресей, Қытай, Жапонияны әуе линиялары мен теңіз жолдары байланыстырады. Қытайдың ірі порттарының бірі – Шанхай республиканы әлемнің көптеген мемлекеттерімен: Америка, Англия, Франция, Бразилия, Канада, Аустралия және т.б. байланыстырады. 1984 жылы Қытай үкіметі тікелей сыртқы әлеммен сыртқы экономикалық байланыстар орнату үшін 14 теңіз жағалауындағы портты қалаларды ашты. Сонымен қатар төрт еркін экономикалық зона құрылды. Солардың ішіндегі ең ірісі – Шэньчжень Гонконгтан алыс емес.

1982 жылғы конституциясы бойынша Қытай жұмысшылар мен шаруалардың одағына негізделген және жұмысшы класс басқаратын (Қытайдың коммунистік партиясы арқылы) халықтың демократиялық диктатурасы орнаған социалистік мемлекет болып табылады.

Мемлекетте социалистік жүйе орнаған. Барлық билік халықтың қолында, билік халық алдында жауапты Бүкіл қытайлық халық өкілдерінің жиналысы және халық өкілдерінің жергілікті жиналысы арқылы жүзеге асырылады. Олар провинцияларда, автономды аудандарда, уездерде, қалалар мен болыстықтарда да құрылады.

Өкілеттілік Бүкіл қытайлық халық өкілдерінің жиналысының тұрақты комитетімен қатар ҚХР басшысына (45 жасқа толған, дауыс беру және сайлану құқығына ие азамат бола алады, ол өз қызметіне екі жылдық мерзімнен артық сайлана алмайды) да беріледі.

Жоғарғы атқарушы орган – ҚХР-дың Мемлекеттік Кеңесі, ол Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының өкілеттілігімен құрылады және оған бағынышты болады. Ол екі премьерден және комиссия, орынбасардан тұрады. Мемлекеттік Кеңестік барлық мүшелері екі жылдық мерзімнен артық мерзімге сайлана алмайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік органдардың өкілдері жергілікті халықтық үкімет болып табылады. Олар халық өкілдері жиналысының алдында жауапты. Провинциалды және уездік деңгейдегі халықтық өкілдер жиналысы құрамына басшы (болыстық аға қызметкер, ауыл әкімдері) және оның орынбасары кіреді.

Барлық қарулы күштер Орталық Әскери Кеңес басқаратын Халықтық –азаттық армиясы мен халықтық милициядан тұрады. Олар да басшыдан, оның орынбасары мен кеңес мүшелерінен тұрады.

Жетекші саяси партия көпұлтты халықтың және жұмысшылардың мүддесін білдіретін, социализмнің жетекші ядросы болып келетін Қытайдың Коммунистік Партиясы болып табылады.

ҚХР конституциясы және ҚКП саяcи жүйеде демократиялық партиялардың құрылуына жол береді. ҚКП олармен «бірге жұмыс жасау және өзара бақылау» принциптеріне негізделіп қызмет атқарады. Демократиялық партиялардың қызметі «төрт жаңғырту бағыты» және Тайваньның қосылуын жүзеге асыруға бағытталған.

ҚХР-дің ең ірі партиялары:

- Қытай Гоминданының революциялық комитеті 1948 жылы құрылған, оған Гоминданмен тарихи байланысы бар азаматтар кіре алады. Қызметінің басты мақсаты – Отанның қосылуы атты ұлы істі тез арада жүзеге асыру, Тайваньды ҚХР-ге қайтару, Тайваньдағы, Сянгандағы (Гонконг), Аомыньдегі (Макао) Гоминдандықтардың байланысын нығайту.

- Қытайдың Демократиялық Лигасы 1941 жылы құрылды. Елдің ең ірі демократиялық партиясы. Көптеген мүшелері творчестволық интеллегенциядан құралған, бұл партиның басты мақсаттарының бірі - Қытайдың әлеуметтік, материалдық, рухани мәдениетін жасауға өз үлестерін қосу.

- Қытайдағы ұлттық, демократиялық құрылыс ассоциациясы (1945 жыл). Оның

- құрамына өндіріс пен сауда өкілдері кіреді. Өз жұмысында басты қызметі халық шаруашылығын басқаруын экономикалық жетілдіру мәселесі және сол саладағы мамандарды дайындау мәселелеріне бағытталған. Ассоциация қызметін

- бүкілқытайлық өнеркәсіпшілер мен саудагерлер ассоциациясымен бірігіп атқарады.

- Демократияның дамуына үлес қосу қытайлық ассоциациясы (1945 жыл). Оның мүшелері – мәдениет және ағарту, баспа қызметкерлері. Басты мақсаты елдің шекаралық аймақтарындағы ақпараттық қызметті реттеуге барынша ат салысу деп жариялады.

- Қытайлық Әділдік партиясы (1925 жыл). Мемлекеттен тыс жерде тұрып жатқан қытайлықтардың партиясы. Қазіргі кезде көптеген мүшелері – репотреандар мен шетелде тұратын қытайлықтардың туыстары. Жұмысының негізгі бағыттары – эмиграттармен байланыстарды реттеу, шетелдегі қытайлықтардың қызметімен айналысатын ұйымдарға көмек көрсету, репотреанттармен жұмыс жасау және т.б.

- Үшінші қыркүйек қоғамы (1944 жыл). Партия атауын 1945 жылы Жапонияны жеңгені үшін алды. Негізгі мүшелері – жаратылыстану және техникалық ғылымдары саласындағы ғалымдар мен мамандар.

- Тайваньдағы өзін-өзі демократиялық басқару лигасы. 1947 жылы құрылды. Қызметінің басты бағыты – отандастармен байланыстарды орнату және дамыту, Тайваньды Қытайға қосу.

ҚКП жарғысы бойынша Қытай коммунистік қоғам құру саясатын жүргізуде, оның басты тапсырмасы–біртіндеп өндірісті, ауыл шаруашылығын, ұлттық қорғанысты, ғылым және техниканы модернизациялау; Қытайды жоғары дамыған мәдениеті және демократиясы бар мемлекетке айналдыру. Сонымен қатар Қытай социалисті құрылым жүзеге асуы үшін бейбіт ортаны қажет етеді, сондықтан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға басты назар аударады. Тұрақсыздықты тудыратын факторлар ретінде төмендегілер келтіріледі: «әлемдік сахнада басым күшке ие мемлекеттердің бәсекелестігі; кейбір державалардың мемлекеттің ішкі ісіне араласуы, түрлі қоғамдық идеологиялар мен жүйелердің тартысы». Шығыс Еуропадағы өзгерістер, АҚШ-тың жаңа саяси доктринасы, Ресейдегі дағдарыс және т.б жағдайлар капиталистік мемлекеттер тарапынан үлкен қауіп бар екенін білдіртті. Осы жағдайлардың салдарынан Қытайдың Ресей, Шығыс Еуропа мемлекеттерімен қарым-қатынасы нашарлады, ал Қытай әрбір ел өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйесін өз еркімен таңдауға құқығы бар және мемлекеттер қатаң түрде ішкі іске араласпау принципін қолдау саясатының бөлігі ретінде жариялады. Егер де белгілі бір себептермен Қытай және белгілі бір мемлекет (АҚШ, Жапония, Ресей) арасында шиеленіс болған жағдайда республика оның бейбіт шешімімен шектеліп қалмай, қару, тіпті ядролық қару қолдануға қабілетті екендігін айтты.

Қытай өзінің тек тарихы мен мәдениетімен қызықтырып қоймайды, сонымен қатар ол ірі мемлекеттердің қатарына енеді. Оның ауданы 10 млн. шаршы шақырымды құрайды, мемлекет батыстан шығысқа 5700 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 3,7 мың шақырымға созылып жатыр. Сонымен қатар Қытай территориясының көлемі бойынша дүние жүзінде үшінші орын алады.

Әкімшілік жүйесінің бөлінісі үш деңгейден тұрады: провинциялар, уездер (қалалар) және болыстықтар (ауылдар). Мемлекет жүйесі 22 провинциядан, 5 автономды ауданнан, 3 орталыққа бағынатын қалалардан тұрады. Провинцияға немесе автономды аймақтарға бағынатын бірліктердің құрамына автономды округтер, уездер, автономды уездер мен қалалар кіреді. Орталыққа бағынатын және ірі қалалар аудандар мен уездерге, автономды қалалар мен уездерге бөлінеді. Аудандар мен автономды аудандар мемлекеттік биліктің автономды аудандардың билігін жүргізеді. Орталыққа бағынатын қалалар - Пекин, Шанхай, Тяньцзинь.

Халқы. Қытай халық саны бойынша әлемде бірінші орын алады. Ең алғашқы халық санағы 1935 жылдың 30 шілдесінде жүргізілді, нәтижесінде жалпы халық саны 601млн. 938 мыңды құрады, оның 574 млн. 505,9 мыңының құрамына шетелден келген студенттер мен эмигранттар және Тайваньның тұрғындары енді.

Елдегі тұрақты халық санағының және ағымдағы есептеулердің болмауының салдарынан шынайы халық санының өсімін анықтау мүмкін емес. Ал өлім санының жоғары болуы халық санының өсімін көрсетпей отыр. 1957 жылға қарай Қытайдың халық саны 656 млн.ға жетті, яғни бүкіл әлем халқының ¼ -ін құрады. Ал 1986 жылы халық саны 1060 млн.болса, 1990 жылы 1млрд. 134 млн. адамға жетті. Сондықтан да Қытай екі мыңжылдық қатарынан әлемдегі ең халқы көп мемлекет болып отыр, бұл жағдай қоғамның барлық салаларында өз ізін қалдыруда, оған бір мысал Қытайдың жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Қытайдың конституциясы бойынша, тіпті бала туу да жоспарлы түрде жүргізіліп отыр. Студенттерге некеге тұру тыйым салынған, бір жанұяда тек бір бала болуы тиіс, ал екінші немесе үшінші баланы дүниеге келтіру үшін бала тууды жоспарлау атты арнайы комитеттен рұқсат алу қажет. Қытайдың қатаң демографиялық саясатына қарамастан, жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ, мамандардың айтуы бойынша Қытай халқы 2000 жылға қарай 1,3 млрд.тан асып кетуі мүмкін.

Қытайда, басқа да социалистік мемлекеттерде сияқты, жер мен барлық өндіріс орындары халықтың қолында, тек оның аз бөлігі ғана мемлекет меншігі ретінде жеке кәсіпкерлерге тиесілі, сондықтан да Қытайда ірі жеке меншікті кәсіпорындар жоқ, халықтың негізгі топтары шаруалар, жұмысшылар, саудагерлер мен интеллегенция болып табылады.

Қытайдың этникалық құрамына 50-ден астам ұлт өкілдері кіреді. Олардың басым бөлігі – қытайлықтар (ханьдықтар). Сонымен қатар Қытайда төмендегідей ұлт өкілдері мен этникалық топтар тұрып жатыр: чжуандар, ұйғырлар, хуэйдзулер, тибеттіктер, мяо, маньчжурлықтар, монғолдар, буи, корейліктер, тутсзя, дун, яо,бай, хань, тай, ли, лису, шэ, лпху, ва, шуй, дунсян, на-си, ту, қырғыздар, цзинно, мулао, сабо, саларлар, буландар, гэлао, маоань, пуми, ну, аиань, бэнлурлар, югурлер, баоань, орогондар, гаошань, хечже, мэньба, лоба, татарлар, өзбектер, қазақтар және орыстар. Барлық ұлт өкілдері үш тілдік семьяда сөйлейді және территорияның ½-ін мекендейді.

Қазіргі таңда Қытайда халықтың 800 млн.нен астамы жұмысқа жарамды, солардың 2/5-і жастар болып табылады. Халықтың 51,182%- і ерлер, 48,18%-і әйелдер. Басқа да көпұлтты мемлекеттер сияқты Қытайдың халқының орналасуы ерекше сипатты болып келеді. Елдің территориясы бойынша халық біркелкі таралмаған: Хэйхань қаласынан шығысқа, яғни

органдары болып табылмайды, алайда сәйкес уездер (хошундар) мен қалаларға юрисдикцияны жүргізетін провинциялар мен Тэнчунь және Юнани қалаларына қарай шартты сызық бойындағы аймақтарда, яғни ел территориясының 1/3-інде халықтың 90%-ы шоғырланған, ал бұл жерлерде халықтың орташа тығыздығы 170 адам/км2 . Елдің басқа аймақтарында, әсіресе батыс аудандарда бір шаршы шақырымға бірнеше адамнан ғана келеді. Халықтың ең тығыз орналасқан аймақтары – Янцзы өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстарының жазықтары және оңтүстік-шығыс жағалаулардың ойпатты жерлері. Бұл жерлерде кей кездері халық тығыздығы шаршы шақырымға 600-800 адамнан келеді.

Қытайда халық саны 1 млн.нан асатын отыз қала бар, олардың қатарына Пекин, Шанхай, Шэньян, Тяньцзинь, Чунцин, Гуанчжоу, Ухань, Харбин, Цаншин, Татюань, Люйда, Слань, Чэнду, Циндао енеді.Демографиялық жағдайдың қиындығы ауылдық жерлерде байқалды: халықтың 75%-ы ауылдық мекендерде тұрады, тек әлемдік ауылшаруашылыққа жарамды жердің 7%-ын иемдене отырып, әлем халқының 24%-ын азықпен қамтамасыз етеді.

Күрделі мәселелердің бірі болып, ауылдық жерлерде халықтың шектен тыс қоныстануы болып табылады. Сол жерде орналасқан халықтың 1/3-і артық мөлшерде, ол жалпы 210 млн. адамды құрайды (1995 жыл). Бұл көрсеткіш 1985жылы 150 млн. болса, 1990 жылы 190 млн. болды, ал 2000 жылға қарай 230 млн. болады деп болжануда. Жалпы Қытайда ауылшаруашылығында 400 млн. адам жұмыс жасайды, ал өндірісте жұмыс жасайтын халық саны бойынша Қытай әлемде бірінші орын алады.

1949 жылдан кейін қалаларда өндіріс ошақтарының көбеюіне байланысты Қытай урбандалу деңгейі мен темпы бойынша күшті урбандалған мемлекеттер қатарына жатты. Осы кезеңде мемлекетте 500-ден астам ірі қалалар мен «миллионер» қалалар (30) пайда болды, сонымен қатар Қытай қала халқының саны бойынша әлемде бірінші орын алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных