Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауыл шаруашылығы. 1949 жылда Қытайдағы қоғамдық өндіріс пен ұлттық табыс бойынша ауыл шаруашылық деңгейі жалпы 70




1949 жылда Қытайдағы қоғамдық өндіріс пен ұлттық табыс бойынша ауыл шаруашылық деңгейі жалпы 70 %-ды құрды. Революдиядан кейінгі уақытта ауыл шаруашылығы өнеркәсіп салаларының қосымша орындарына көшті, бірақ та елдегі жалпы тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты түрінде болып қала берді (70 %). Ауыл шаруашылығымен жалпы 313 млн адамдар айналысады, ал түгел отбасы болып санасақ 850 млн адам, ол Ресей, Жапония, Англия, Франция, Германия, Италия және Мексика елдерін бірге алсақ та олардың көрсеткіштерінен 6 есе көп болып табылады. Ауыл шаруашылығының өндіретін өнімдері бойынша Қытай әлем бойынша бірінші орында. Ауыл шаруашылығының кездесетін тек бір кемшілігі бар, ол – жерге керекті тыңайтқыштардың азаюы. 320 млн га жыртылған жердің тек 224 млн га жері ғана пайдаланады, ал жыртылған жерлердің жалпы мөлшері 110 млн га болуы керек, яғни әлемдік жыртылған жерлердің 7%-ын құрайды. Қытай классификациясы бойынша жер қорының тек 21%-ы ғана жоғары сапалы болады. Олардың қатарына: солтүстік-шығыс жақтардағы жазықтықтар, Янцзы өзенінің орта және төменгі бассейндерінің жерлері, Чжуцзян мен Сычуан ойпаттарының жерлері жатады. Бұл райондар өсімдіктер өсуге қолайлы жағдайлармен жабдықталған:

- Ұзақ вегетативті кезең;

- Белсенді температуралардың жоғары қосындылары;

- Жауын-шашындардың көптігі.

Осы жағдайлар Қытайда бір жылда екі немесе оңтүстік жерлерде тіпті үш рет өнім алуға мүмкіндіктер береді. Елдің ауыл шаруашылық жағына көбінесе өсімдік өсіру тән, оның ішінде дән өнімдерін өсіру, себебі дән халықтың астық тағамының 3%-ын құрайды және күріш, жүгері, бидай, гаолян, тары мен соя елдегі халықтың сүйіп жейтін тағамдары болып саналады. Егілген жердің 20%-ы күрішке бөлінген, күріштің жалпы көлеміне Қытай бойынша жиналатын барлық дәндік саласының шамамен жарты бөлігі келеді. Күріш өсіретін жерлер көбінесе Хуанхе өзенінің оңтүстігінде орналасқан. Қытайдағы күріш өсірудің ұзақ тарихы кезеңі кезінде күріштің жалпы 10 мың сорттары ойлап табылған. Бидай – VI-VII ғасырлардан бастап дамыған елдегі қолданысы бойынша екінші орында тұрған дән түрі. Қазіргі кезде әлемдегі ешбір мемлекетте Қытайдағы мөлшер сияқты бидай өнімі жиналмайды және Қытайда үлкен мөлшерде тәтті картоп (батат) өсіріледі, оның түйіндері крахмал мен қантқа бай болады. Қытайдың климаттық және экономикалық жағдайларына сәйкес өсімдіктердің техникалық мәдениетін өсіру маңызды орын алады. Қалыптасқан құрылымға сәйкес олардың сатылуы басқа мәдениет өсімдіктеріне қарағанда табысты болып шықты, яғни олардың сатылуы мақта, көкөністер мен жемістер сатылымына қарағанда жоғары болды. Ол Қытайдың әлем бойынша мақта өсіруі бойынша үшінші орында болуына қарамастан. Сонымен қатар Қытайда майлы өсімдіктердің өсірімі де кең таралған: жержаңғақ, рабс пен кунжут (Шаньдун провинциясында өсіріледі).

IV ғасырда емдік қасиеті бар сусын ретінде саналып, ал VI ғасырдан бастап жалпы қоғам сусыны ретінде танылған шай өсіруден де Қытай әлем бойынша алдыңғы орындарда тұр. Қытай елінде өсіріліп жатқан шайдың көк және қара шай сорттары қазіргі кезде көптеген елдерге экспортқа шығу процесінде. Шайды Чжэцзян, Хунань, Аньхой, Фзцой провинцияларында өсіреді. Халықтың жоғары деңгейдегі тығыздығы мен жер қорының максималды түрде пайдаланылуы мал шаруашылығының дамуында үлкен рөл ойнайды.

Қытай жерінде тарихи түрде мал шаруашылығының екі түрі дамыған. Оның біреуі жер шаруашылығымен тығыз байланысты: жазықтықтық райондарда көбінесе шошқалар мен құстар өсірілсе, батыс бөлігінде экстенсивті, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған. Мал шаруашылығын өсіру мен өндіру бір жанға қарағанда өте төмен деңгейде. Көбінесе Қытай жерінде шошқа өсіру дамыған, ол Қытай жерінде біздің ғасырға дейін әйгілі және жалпы өндірілетін еттің 90%-ын құрайды. Бірақ бұл шаруашылық түрінің кемшілігі – жұмыс малының көптігі мен сүт беретін малдың өсірімінің аз болуы.

Қытай әлем бойынша ауыл шаруашылығының өнімін шығарудан жетекші орындарда тұр. Соңғы жылдар жалпы ауыл шаруашылық салаларын дамытуға қолайлы жылдар болды. Жалпы алғанда, бұл саланың дамуы дәндік дақылдардың жоғары өнімімен байланысты (1995 жылы 435 млн т бидай – тарих бойынша өнімділіктің жоғары көрсеткіші). Сонымен қатар мақта мен майлы мәдениеттердің өнімі де көбейді. Қазіргі кезде орман шаруашылығы да қолға алынуда. Түрақ ты түрде мал шаруашылығы да даму жолында, бірақ негізгі орын шошқа шаруашылығына беріледі. Қазіргі кезде Қытай ет өндіруден әлем бойынша екінші орында тұр.

1995 жылдың басындағы ауылдағы өзекті мәселелері бойынша өткізілген ЖалпыҚытайлық жиналысында ауыл шаруашылықтың негізгі жеті бағыты анықталды:

- Ауылдағы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жаңарту мен стабилизациялау;

- Ауыл шаруашылығына жалпы әлемдік қаражаттың салынуын көбейту;

- Ауыл шаруашылығының ресурстарын толық пайдалану;

- Агротехника негізіндегі ауыл шаруашылығының дамуы;

- Ауыл шаруашылығының реформалануын дамыту;

- Ауыл шаруашылығының құрылымын реттеу;

- Ауыл шаруашылығының макро экономикасын реттеу.

Реформаның негізінде – кіші ауыл шаруашылық мекемелерін ұйымдастыру, жеке меншік пен шаруашылықтың әр түрлі формаларын қалыптастыру, агросаясатты құрастыру мен оны жүзеге асыру процестері жатыр. 1995жыл АПК-ны әлемдегі экономикалық жұмыстардың бірінші орындарына шығарған бірінші жыл болып табылады. Яғни, АПК-ны дамыту деген ол жалпы салаларға қаражатты салуды үлкейту процесі дегенді білдіреді. Сонымен қатар көптеген ауылды жерлерде қарапайым шаруаларды құрылыстық жұмыстарға және жер өңдеу жұмыстарына тарту шаралары өткізілуде. Ауыл шаруашылығының басты артықшылығы- бидай мен мақта өсімдіктерінің жаңа жоғары өнімді сорттарының өз өнімдерін бергені болып табылады. Экономикадағы мұндай жетістіктер жалпы түрде Қытай елінің экономикалық жағдайынын көтерілуіне және елдегі жалпы тауарлардың бағасының төмендеуіне де әкелді. Қазіргі кезде Қытай еліндегі АПК болып жер шаруашылығы саналады, Қытай елі күріш жинаудан бірінші орын алады және бидай мен мақта өндіруден де жетекші орындарда. Территорияның көп бөлігіндегі АПК жер суландыру процесіне тәуелді - ол процесс жақсы өнім алудың басты көрсеткіші болып саналады, Қытай еліндегі суландыратын жердің көбісі күріштік зонада орналасқан, ол зоналар Қытайдың 32 градус солтүстік кеңдігіндегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөліктерінде орналасқан.

 

Орытынды

 

ҚХР Орталық және Шығыс Азияда орналасқан. Шығысында Тынық мұхитының Сары, Шығыс-Қытай және Оңтүстік-Қытай теңіздерімен шайылып жатыр. Қытай жағалауында аралдар өте көп, солардың арасындағы ең ірілері – Тайвань және Хайнань. Қытай оннан аса мемлекеттермен шекараласады: солтүстігінде –Монғолия мен Ресей, батысында – Қазақстан мен Ауғаныстан, оңтүстік-батысында – Үндістан, Непал, Бутан, Бирма, Таиланд, Лаос, Вьетнам, шығысында – Кореямен шектеседі. Сонымен қатар, Филлипин және Жапониямен теңіздік шекарасы бар. Теңіз шекарасының ұзындығы 11000 км-ге тең (ал аралдардың жағалаулық сызықтарын қосып есептегенде – 21000 км). Ал құрлық шекарасы 15000 км-ді құрайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных