ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін КоморовДәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Максаковский секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.
Әдебиеттер: 1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008. 2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007. 3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007. 4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999. 5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.
ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым
ДӘРІС
Тақырып: Қазақстан және дамушы елдердің негiзгi әлеуметтiк экономикалық даму ерекшелiктерi Мақсаты: Қазақстан мен дамушы елдердің халықаралық тауар айырбасындағы экономикалық сипаты мен халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жаңа индустриалды елдердің алатын рөлін анықтау. 1.Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердiң экономикалық сипаты. 2. Ұлтаралық корпорациялардың экономикалық сипаты. 3. Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының болашағы. 4. Жаңа индустриалды елдердiң экономикалық сипаты. 5. Жаңа индустриалды елдердiң экономикалық үлгiсiнiң негiзгi ерекшелiктерi. 6. Халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiндегi жаңа индустриалды елдердiң орны мен рөлі. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: халқы, шаруашылығы, табиғат ресурстары.
Қазақстанның даму жағдайына дүниежүзiлiк шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар дамуының қазiргi кезеңдегi ерекшелiктерiнiң бiрi дамушы елдердiң ролi мен маңызының күшеюi әсер етуде. Бұл елдерде 3,2 млрд. халық өмiр сүредi. Оларда күрделi әлеуметтiк-экономикалық процестер жүрiп жатыр. Бұл мемлекеттер дамуының байқалып отырған басты тенденциясының экономикалық өсулерiнiң деңгейлiгi. Мысалы, 1950 жылы "жеделдеу" дамушы елдердiң экономикалық жағдайы "орталарға" қарағанда 2,4 есе жоғары болса, "артта қалған" елдермен салыстырғанда 5,4 есе артық болды. Уақыт өткен сайын бұл елдердiң даму деңгейлерiндегi айырмашылық ұлғая түстi. 1999 жылы бiрiншi топтағы елдерде жан басына шаққандағы табыс "орташалардан" 2,9 есе артық болса, төменгi топтағы елдерден 12,2 есе жоғары болды. Осындай әр деңгейлi өрiстеудiң нәтижесiне қарай дамушы елдердi екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа "мұнай шуының" (нефтяной бум) арқасында экономикасы жедел дами бастаған Парсы шығанағы елдерi – Катар, Кувейт, Бiрiккен Араб Эмираттары; Багам, Бермуд және Оңтүстiк Шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерi жатады. Екiншi топтағы экономикалық тоқыраудан шыға алмай жатқан Африка елдерi – Мозамбик, Эфиопия, Танзания, Бурунди, Уганда, Чад, Руанда және азиялық елдер – Неапал, Бутан, Мьянма т.б. құрайды. Дамушы елдердiң қалған бөлiгi осы екi ширектің орта тұсынан орын тепкен. Олардың өздерi де бiркелкi топ емес, бiр-бiрiнен көптеген әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi бойынша ерекшелендi. Дамушы елдердiң көп түрлiлiгi мен даму ерекшелiктерi бола тұрса да, олардың бірiне ортақ сипаттамалары бар. Ондай сипаттамаларға мыналар жатады: 1) дамушы елдер экономикасының көп укладтылығы; Көп укладты экономика дегенiмiз – шаруашылық жүргiзудiң қалыптасқан тәртiбi, қабылданған ережесi жоқ, болған күнде де бұрмаланатын шаруашылық көрiнiсi. 2) өндiргiш күштердiң әлсiздiгi, демек өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, әлеуметтiк инфрақұрылымның артта қалуы;
3) дүниежүзiлiк шаруашылық жүйесi тәуелдiлiгi, "жабайы" капитализмiң орын алуы. Ендi осы сипаттамаларға толығырақ тоқталсақ: Дамушы елдердiң экономикасы көп укладты әлеуметтiк-экономикалық құрылымға жатады дедiк. Дамушы бiрқатар елдерде капиталистiк укладпен қатар рулық-тайпалық және патриархалдық қатынастар орын алған. Бұл елдердiң экономикасында мемлекет және мемлекеттiк уклад көрнектi рол атқарады. Мемлекеттiк секторды дамыту шаралары капиталистiк iскерлiктi ынталандырды. Соның нәтижесiнде мемлекеттiк капитализм пайда болып, дамиды. Дамушы елдер экономикасының көп укладтығын қарастырғанда, олардың басым көпшiлiгiнiң ауыл шаруашылығын патриархалдық, натуралды қатынастарға құрылған ұсақ тауарлары уклад билейдi. Жеке меншiк уклад капиталистiк қатынастардың қалыптасу дәрежесiне қарай дамушы елдердiң бiр-бiрiнен едәуiр айырмашылықтары бар. Экономикасы өскелең дамушы елдерде капиталистiк рыноктың қатынастар жүйелi түрде қалыптасу үстiнде. Бұл елдерде әрқайсысының ерекшелiгiне сай мемлекеттiк-монополистiк капитализм орнығып келе жатыр. Ал, дамуы кенжелеп қалған елдерде жеке меншiк пен капиталистiк уклад қалыптасудың бастапқы кезеңiнде тұр. Ұлттық капиталистiк укладтың дәрежесi қор жинау (ақша ресурстары тапшы) және жиналған қаражатты пайдалануға байланысты анықталды. Жиналған қаржы, әдетте саудаға, қозғалмайтын мүлiк сатып алуға, машина жөндеуге, қамсыздандыруға т.с.с. капитал айналымын жеделдететiн iстерге пайдаланылады. Ұлттық капитал өндiрiске тарту iсi олар үшiн қолайлы ахуал жасағанда ғана мүмкiн. Ондай ахуал дамушы елдердiң капиталы үшiн көрген түспен тең, себебi бұл елдердiң өндiрiсiндегi негiзгi позициялар шетел капиталының иелiгiнде және олар ұлттық кәсiпкерлiктi қолдауды ойламайды. Колониализм құрсауынан босанған елдердiң көбiсiнде пайда болған капитализмнiң түрi тұрпайы, мәнi жабайы. Дамушы елдердегi капитализмнiң дамыған деңгейлерiмен ғана емес, ең алдымен материалдық игiлiктердi өндiру және білу әдiстерiмен өзгешеленедi. Бұрынғы капитализмнiң қалыптасып, дамуы ұзақ мерзiм аралығында, ұлттық ортада қорлану процесiнiң тұрақты түрде өсуi арқылы мүмкiн болады. Экономикасы артта қалған елдердегi капитализмнің қалыптаса бастауы шетелдiк капиталдың, технологияның және идеологияның баса-көктеуiн туғызады. Мұнда, әрине, капиталистiк үлгi элементтерiнiң өзара тығыз байланысы болған жоқ. Капитализмге елiктеу елдiң билiк басындағы және солардың айналасындағы аз ғана топтың қажетттiктерiне сай рынокты құрумен басталды да, халықтың басым көпшiлiгi қайта бөлу процесiнен шеттетiлiп, кедейшiлiк пен қайыршылық күн кешуге мәжбүр болды. Трансұлттық корпорациялардың бұл елдерге жеткiзiлген технологиялары қымбатқа түстi және олар ғылым мен техниканың ескi үлгiлерi болып шықты. Жабайы капитализмнiң үлгiсi "зиялылардың келуiн" де жеделдеттi. Жабайы капитализм үздiк-сөздік берекесiз дамыды. Мұндай жағдайда экономикалық прогресс пен саяси демократияның қалыпты дамуы жолында көптеген кедергiлер пайда болды. Кейбiр дамушы елдер алғашында жабайы капитализм үлгiлерiне сай қозғалғанымен, кейiнiрек одан қол үзiп, прогрестiң ұлттық экономика ерекшелiктерiне сәйкес үлгiлерiн жасап, бұл бағытта едәуiр табыстарға жеттi. Дамушы елдердiң бiр-бірiне тән, ортақ сипаттарға олардың кедейлiлiгi, халқының орналасуының тығыздығы, жұмыссыздық деңгейiнiң жоғарлылығы, дамыған елдерге зор берешегi т.б. жатады.
Қазiргi уақытта Қазақстан жағдайында халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуi, дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстары жүйесiнiң кеңеюi, материалдық және қаржы ресурстарының еларалық ауысуының жеделдеуi экономикалық прогрестiң басты факторларына айналды. Тәуелсiздiкке қолы жетiп, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа мүше болып кiрген дамушы мемлекеттер 70-жылдардан бастап халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң белсендi қатысушыларына айналды. Қазақстанның да дүние жүзілік қоғамдастыққа мүше болуы бұл процестiң жеделдеуiне көптеген дамушы елдерде халық тұтынатын тауарлардың бiрқатар түрлерiнiң өндiрiсi жоқтығы ықпал еттi. Алайда, бұл елдерде өнеркәсбi дамыған елдер үшiн ауадай қажет шикiзаттың мол қоры мен салыстырмалы арзан жұмысшы күшi жетерлiк. Мәселе қолда бар байлықты ел мүддесi үшiн тиiмдi пайдалануда болып отыр. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|