ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лтаралық корпорациялардың экономикалық сипаты.90-жылдардың басында дамушы елдерге келген тiкелей инвестициялардың сомасы 51,5 млрд.доллар болды, мұның өзi 80-жылдармен салыстырғанда 2 еседен артық Дүниежүзiлiк банктың мәлiметi бойынша 1999 жылы жеке меншiк капиталдың дамушы елдерге әкелген қаражатының деңгейi 173 млрд.долларға жеттi, ал тiкеклей шетелдiк инвестициялар 66,6-дан 77,9 млрд.долларға өстi. Дамушы елдердiң өздерi 1999 жылы шетелге 14 млрд.долларға тең капиталды экспорттаған. Американдық сарапшылардың көрсетуiне қарағанда таяу жылдары инвестициялық же»iлдiктермен пайдаланатын елдердiң қатарына Кытай, Индия, Индонезия, Мексика, Бразилия елдерi кiредi. Жеке меншiк капитал дамушы елдердiң iшiнен экономикасы қарқынды өсiп келе жатқан перспективасы мол елдердi таңдайды. қазiргi кезде жеке меншiк капиталдың 80-і дамушы елдердiң небірi 20%-не ғана келтiрiлiп отыр. Олардың көпшiлiгi Шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерi. Экономикасы артта қалған, саяси жағдайы тұрақсыз елдер өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң кәсiпкерлерiн қызықтырмайды. Мұндай елдерге мемлекетттiк арналар бойынша жәрдемнiң өзi соңғы жылдары кему үстiнде. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының мәлiметтерiне сүйенсек, 1999 жылы мемлекеттiк арналар бойынша ресми көмектiң сомасы 59 млрд. доллар болған, мұның өзi 1990 жылмен салыстырғанда 12 млрд. долларға кем. Сонымен қатар экономикалық ынтымақтастықтың пен даму ұйымы тарапынан берiлген көмек жиынтық ұлттық өнiм көлемiнiң 0,3%-тей ғана болған. Экономикалық өсуi кенжелеп қалған Африка континентi елдерiнiң сыртқы қарыздары 90-жылдардың орта шенiнде 211 млрд. долларға жетiп, олардың экспорттан түскен табыстар мөлшерiнен 2 есеге артық болды. Африка елдерi қарыздарының жалпы сомасы 313 млрд. долларға жеттi, мұның өзi Африка елдерiнiң экспорттан түсетiн табыстарының 234%-iн құрайды. Сыртқы борышы ең көп елдер қатарына Мексика (125 млрд. долларға) елдерi жатады. Сыртқы борышы жедел өсiп келе жатқан елдер қатарында Тайланд, Оңтүстiк Корея, Индонезия, Индия, Филлипин сияқты азиялық елдер бар. Дүниежүзiлiк сыртқы қарыздар өсiмiнiң жартысына дейiнгiсi азиялық елдердiң берешегi. Бұл берешектi» көлемi 90-жылдардың орта шенiнде – 1,7 трлн. долларға жеттi. Латын Америкасы елдерiнiң сыртқы қарыз өсiмi бiршама баяулайды (3%), бiрақ олар қарызды жан басына шаққандағы көрсеткiш бойынша басқа елдерден iлгерi келедi (1000 доллар, ал азиялық елдерде – 250 доллар). Дамушы елдердiң берешек қарыздары жеке меншiк капиталдар есебiнен қорланған. Кредит берушi елдер iшiндегi бiрiншi орында Жапония тұр. Бұл елдiң дамушы елдерге, ең алдымен азиялық елдерге берген кредитiнiң көлемi 236 млрд. долларға жеттi. Одан кейiн АКШ – 147 млрд.долларға, үшiншi орында Алмания тұр – 106 млрд.доллар, Францияның несие сомасы – 103 млрд.доллар болып отыр. Көптеген дамушы елдердiң өз қарыздарын өтеу мәселесi төлем мерзiмi өткен сайын күрделене түстi. Сондықтан, олардың нақты экономикалық даму қажеттiктерi қарыздың қанша бөлiгiн қайтаруына мүмкiндiк бередi және қанша бөлiгiне кешiрiм жасалады. Бұлар қарыз берушiлермен бiрiгiп шешетiн проблемаларға айналды. Жоғарыда келтiргенiмiздей халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң жаңа мәнi трансұлттық корпорациялардың белсендi қатысуымен қалыптасады. Дәл солардың өзi дамушы елдердi, "мұдделiлiк аймағы” деп жариялап, экономикалық және технологиялық жағынан пайдалы өндiрiстердi сол мемлекетттердiң территориясына қарай ауыстыруда. Трансұлттық корпорациялар мен дамушы елдердiң арасындағы қатынастар 80-жылдардан берi жақсара бастады. Бұған бiрқатар дамушы елдердiң өз экономикасын тiкелей инвестициялау жөнiндегi заңдарын қайта қарап, шетел капиталы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасауы ¸сер еттi. Трансұлттық корпорациялар мен дамушы елдердiң арасындағы түсiнбеушiлiктердiң, соттасулардың, өнеркәсiптi национализациялаудың көрiнiстерi дәл осы кезде азайды. Трансұлттық корпорациялардың өз экономикасындағы ролiн қайта пайымдау әрекеттерi дамушы елдер үшiн техникалық прогресс пен құрылымдық өзгерiстердiң ұлттық экономикаға пайдасын сараптау шеңберiнде жүрдi. Практика көрсеткендей, трансұлттық корпорациялар дамушы елдердiң экономикасының өсуiне қомақты үлес қосады. Ол үлестер мыналардан көрiнедi: - жекелеген салаларға жаңа технологиялар негiзу (тоқыма, тiгiн, электроника өнеркәсiптнрi) - Трансұлттық корпорациялардың инвестор ретiнде де, тауар немесе лицензиялар жеткiзушi ретiнде де атқаратын маңызды ролi - Дамушы елдердiң шикiзат экспорттаушы елдерден дайын өнiмдер сатушы елдер қатарына жеткiзуге тигiзетiн игi ықпалы. Мұның өзi прогресивтi өқрылымдық ұзгерiстердi көрсетедi, ал ол болса тiкелей инвестициялаудан да тиiмдi - Трансұлттық корпорациялар жаңалықтар (инновация) процестерiн жеделдеттi. Технологиялық жаңалықтар негiзiнен өнеркәсiбi дамыған елдерде шоғырланған, тек соңғы онжылдықтарда ғана олар жекелеген елдерге, ең алдымен "жаңа индустриялды елдерге" ауыса бастады - Трансұлттық корпорациялар дамушы елдер азаматттрын жұмыспен қамту мәселелерiн де жақсартты т.с.с Халықаралық ұйымдар дамушы елдерге трансұлттық корпорациялардың мүмкiндiктерiн техникалық көмек ретiнде пайдалануды ұсынды. Мысалы, американдық "Дженерал моторс" компаниясы 2005 жылға дейiн Азия – Тынық мұхиты елдерi рыногындағы өз үлесiн 10%-ға дейiн жоғарылатуды көздеп отыр. Осы мүмкiндiктер үшiн компания Филлипин мен Тайландта құны 1 млрд. доллар шамасындағы машиналар мен қосалқы бөлшекетер шығаратын зауыт салды. Дүниежүзiлiк шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың объективтi заңдарына сүйене отырып, дамушы елдер өздерiнi» жеке мүдделерi мен трансұлттық корпорациялар мүдделерiнiң үлесiнен шығу мүмкiндiктерiн iздестiрдi және оларды табады деген сенiм мол. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|