Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiндегi жаңа индустриалды елдердiң орны мен рөлі.




Әлеуметтiк-экономикалық прогрестiң сатыларымен жоғарылап келе жатқан жаңа индустриалды елдер халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiнде көрнектi рөл атқара бастады.

Нақтылай айтсақ, олардың елдер арасында экономикалық ресурстардың ауысуынқамтамасыз ететiн халықаралық сауда өрiсiндегi жетiстiктерi және үлесi айтарлықтай болып отыр.

Жаңа индустриалды елдердiң халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi орны мен ролi олардың нақты мүмкiндiктерiнiң жиынтығымен анықталады. Азиялық жаңа ииндустриалды елдердiң сыртқы рынокқа бейiмделуi олардың дүниежүзiлiк экспорттағы ұлесiнiң күрт жоғарлауын қамтамасыз етедi. Мысалы 1994 жылы Гонконгтың дүниежүзiлiк экспорттағы үлесi – 3,7%, Сингапурдың үлесi – 2,3%, Оңтүстiк Кореяда – 2,4%, Тайваньның үлесi 2,2% болды. Айта кететiн халықаралық саудадағы ең қомақты тауарлар тобы-машиналар мен жабдықтар саудасы бұл елдерде 1980-1990 жылдары ерекше жедел қарқынмен өстi. Азиялық жолбарыстар мен АСЕАН (Филиппиннен басқа) елдерi 90-жылдары ақпаратты автоматты өңдеу машиналар экспортының -10,4%; телекоммуникациялық жабдықтардың-4,2%, лампалар мен транзисторларды - 6,6%: телевизорлардың- 8%: радиоқабыл-дағыштардың -14%; ұнжазғыш және бейнетехникалық аппаратуралардың -7,3% Сингапурдың үлесiне тидi. Бұл тауарлар дүниежүзiлiк жиынтық экспорттың жалпы құнының 7,7%-ын құрады. Оңтүстiк Корея дүниежүзiлiк рынокқа осы тауарлар қатарының -2,9; 3,4; 9,6; 9,3; 11,1 ж¸не 9,6%-ын өткiздi. Бұдан басқа оның үлесiне кеме жасау өнеркәсiбiнiң - 13,1% тидi.

Азиялық жаңа индустриалды елдердiң өнеркәсiп өнiмдерi экспорттық жоғары қарқынын бағалай отырып, олардың экспортындағы дәстүрлi тауарлардың да маңызды ролiн көрсеткен жөн. Айталық, Оңтүстiк Корея мен Тайваньның жалпы экспортындағы шикiзат пен азық-түлiк экспортынық үлесi, қатарына қарай 7,1 және 7%, болды. Оңтүстiк Корея экспортындағы құндық үлестерiне сәйкес екiншi орында-аяқ киiм, Тайваньда – ойыншықтар мен спорт тауарлары болды.

Азиялық жаңа индустриалды елдердiң экспорттық рыногымен, әсiресе машиналар мен жабдықтар экспортымен салыстырғанда Латын Америкасы елдерiнiң позициясы едәуiр төмен екендiгi байқалады. Егер 1999 жылы 1980 жылмен салыстырғанда Латын Америкасы жаңа индустриалды елдерiнiң дамушы елдердiң жалпы тауар экспортындағы үлесi сәл ғана (0,5%) төмендеген болса, машиналар мен жабдықтар экспортындағы үлесi 2 еседей кемiп кеткен. Ал, машинотехникалық тауарлар экспорты дамушы елдердiң халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi позициясын нығайтатын фактор екендiгi айқын және айтпаса да түсiнiктi мәселе.

Азиялық жаңа индустриалды елдердiң белсендi сыртқы сауда саясаты 90-жылдардың басында олардың АКШ-пен өзара сауда көлемiн 128,4 млрд. доларға жеткiздi. Салыстыру үшiн, айталық, сол кездегi АКШ-тың Батыс Европамен сауда айналымы 117,1 млрд.доллар көлемiнде болды. Сонымен қатар азиялық жолбарыстар (Жапонияны қосқанда) АКШ-тың автокөлiк және электронды техника рыногының 30%-iн, тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi тауарлары рыногының - 50%-ын иемдендi.

Дамушы елдердiң iшiндегi шетелдiк капиталдың iрi импорттаушылары болуымен қатар жаңа индустриалды елдер 80-жылдардың соңына қарай капиталды экспорттаушылар болып та қалыптаса бастады. Жаңа индустриалды елдердiң капиталды шетке шығару географиясы өте кең. Олар алдымен өнеркiсiбi дамыған елдер, Азия Тынық Мұхит аймағының елдерi т.б. капиталдың жаңа рыноктары. Оңтүстiк Кореяның АКШ-қа экспорттық экспансиясының мақсаты капиталды американ экономикасына мейлiнше мол салу арқылы жаңа технологияларға қол жеткiзу, ал Тайваньның экономикалық мүдделерi өздерiнiң құрлықтық ағайындарының орасан зор рыногын жаулауда болып отыр. 90-жылдардың орта шенiнде Тайваньның Кытайдағы инвестицияларының көлемi 9 млрд.

доллардан асып түстi. із кезегiнде Гонконгтың кәсiпкерлерi Кытайда тiркелген бiрлескен кәсiпорынорындардың жартысынан астамының құрылтайшылары.

Соңғы жылдары азиялық жаңа индустриалды елдер Қазақстанның тауарлар мен инвестициялар рыногында да белсендiлiк танытуда. Бiздiң рынокқа көш бастаушы ролiн Оңтүстiк Корея капиталы атқаруда. Демек, жа»а индустриалды елдермен және басқа да Азия Тынық Мұхиты аймағы мемлекеттерiмен сауда-экономикалық байланыстарды күшейту Қазақстанның маңызды стратегиялық мақсаттарының бiрi болуы тиiс.

ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап дүниежүзiлiк шаруашылықта жүрiп жатқан интернационалдандыру процесiнiң өрлеуi барлық дамушы елдердiң соның iшiнде, әсiресе жаңа индустриалды елдердi қамтыды.

Тауар айырбасы, еңбек және капиталдар рыногын интернационалдандыруға қаржы рыноктарын жаңашаландыру процесi қосылды. Мұның өзi жаңа индустриалды елдердiң қаржы потенциалының өсуiн, валюталық жағдайларының тұрақтануын және олардың несие беру мүмкiндiктерiнiң артуы мен ұлттық қаржы рыноктарының дамуын көрсетедi.

Капиталдар қозғалысының интернационалдану процесi дамушы елдердi айтпағанда, дамыған елдердiң өзiнде де толық қалыптасып бола қойған жоқ. Соның өзiнде де кейбiр жаңа индустриалды елдер бұл бағытта елеулi қадамдар жасады. Бұлардың қатарына 70-жылдары қалыптасып, жедел дами бастаған жаңа халықаралық қаржы орталықтарын жатқызуға болады. Мұндай орталықтар, ең алдымен Сингапур және Гонкогта ашылып, өз қызметiн атқара бастады. ХХI ғасырдың басына қарай Азия-Тынық мұхиты аймақындақы ең iрi валюта-қаржы орталықы болу жоспарын Тайвань да мақсат етiп отыр. Жүргiзiлетiн несие-қаржы операцияларының көлемi бойынша Азиялық жаңа индустриалды елдер қазiрдiң өзiнде Лондон, Париж, Цюрих сияқты дүние жүзiндегi ең iрi қаржы орталықтарымен иiн тiресiп тұр.

Жаңа индустриалды елдердiң экономикалық жетiстiктерi, олардың дүниежүзiлiк шаруашылыққа мейлiнше интеграциялануы бұл елдердiң тұрақты түрде экономикалық өсуiнiң сенiмдi кепiлi. ХХI ғасырда да бұл елдердiң дүниежүзiлiк экономикадағы бәсекелiк күресте жаңа, жоғары нәтижелерге жете беруiне толық мүмкiндiктерi бар.

Дүниежүзiлiк банктiң божамдары бойынша жақын он жылдықтың iшiнде экономикалық өсудiң орташа қарқыны: Оңтүстiк Азияда – 5,4%, Шығыс Азияда – 7,7%, Латын Америкасында – 3,5% болмақ. Ал, жан басына шаққандағы табыстық өсiмi Оңтүстiк Шығыс Азияда – 6,6% болады деген есептеулер бар.

 

Қорытынды:

Азиялық жаңа индустриалды елдердiң экономикалық эволюциясының ерекше бiр белгiсi олардың бiр-бiрiне мүдделiлiгi дәрежесiнiң тұрақты тұрде ұлғаюы. Тек ғана өнеркәсiбi дамыған Батыс елдерiне ғарай бейiмделген экономиклық саясат ендiгi уақытта өз аймағынан, шекаралас елдерден де серiктестер табуға ұмтылыстарымен толықтыра түсуде. Бүл әринеқ олардың өз тауарларының бәсекелiк мүмкiндiктерiн тұрақты жоғарылатуға бағытталған саясатына кереғар келмейдi. 90-жылдардың орта шенiнде өз тауарларының бәсекеге қаблеттiлiгi жағынан алда тұрған дүние жүзi елдерiнiң бiрiншi бестiгiне Сингапур, Гонконг, Тайвань елдерi кiредi. Бұл елдердiң таңдап алған экономиклық стратегиясының негiзгi бағыты ғылыми сыйымды өнiмдер өндiрудi тұрақтандыру болып отыр.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных