ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаңа индустриалды елдердiң экономикалық сипаты.ХХ - ғасырдың орта шенi дүниежүзiлiк шаруашылықтағы ¸лемдiк өзгерiстердiң куәсi болды. Көрсетiлген уақыттың ең басты ерекшелiгi дамушы елдерқұрамынан "жаңа индустриалды елдердiң" бөлiнiп өсiп шығуымен байланысты. Бұл кезең халықаралық экономикалыº қатынастардың iргелi өзгерiстерiне – халық шаруашылығы, әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың түбiрлi түрде түрленуiне алып келдi. Жа»а индустриады елдер өздерiнiң көптеген экономикалық көрсеткiштерi бойынша дамушы елдердi» қалған көпшiлiк бөлiгiнен ерекше. Бұл елдрдiң дамушы елдердiң ерекшелiгi жағынан, өнеркәсiбi дамыған елдерден айырмашылығы, екiншi жағынан, дамудың жаңа индустриалдық моделi пайда болғанын көрсетедi. Бұл моделдi сипаттау үшiн Азиялық және Латын Америкасының жекелеген елдерiнiң тәжiрибесiн талдау қажет. Ал, шын мәнiне келсек дамушы елдердiң барлығына дерлiк экономикалық өрлеудiң ерекше үлгiсi болып, "азия жолбарстары" атанған – Оңтүстiк Корея, Тайвань, Сингапур, Гонконг елдерi. Жаңа индустриалды елдер денген жаңа ұғымға жоғарыда айтылған азиялық төрт елден басқа Латын Америкасының - Аргентина, Бразилия, Мексика сияқты мемлекеттерiн қосамыз. 1995 жылы Мексика өнеркәсiбi дамыған елдер "клубына" 25-шi мүше ел болып қабылданды. Жоғарыдығы аты аталған жетi мемлекет "жаңа индустриалды елдердiң" бiрiншi толқынына жатады. Олардың өкшесiн баса жаңа индустриалды елдердiң екiншi толқыны өздерiне назар аудара бастады [12,13]. Олардың қатарына Малайзия, Тайланд, Индия, Чили елдерi; үшiншi толқынға – Кипр, Тунис, Түркия, Индонезия; төртiншi толқынға – Қытай және Филиппин елдерi жатады.
Бiрiккен ұлттар ұйымы жаңа индустриалды елдер қатарына кiретiн елдердi мынандай критерийлер арқылы анықтайды: - жан басына шаққандағы жиынтық iшкi өнiмнiң көлемi (ЖI´) - ЖIӨ-нiң жылдық орташа қарқынының өсуi - Жиынтық iшкi өнiмiндегi өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi. Бұл үлес 20%-тен артық болуы керек. - өнеркәсiп бұйымдары экспорттың көлемi және оның жалпы экспорттағы үлесi. - Шетелдегi тiкелей инвестицияларының көлемi Осы көрсеткiштер бойынша жаңа индустриалды елдеро басқа дамушы елдерден көшiлгерi келедi, тiптi бiрқатар дамыған елдердiң өзiнен алда тұр. Мысалы, 1952-1993 жылдары Тайвань жиынтық iшкi өнiм көлемiн 170 есе арттырды, ал сыртқы сауда айналымын 534,6 есеге ұлғайтты. Экономикалық өсуiнiң жылдық орта қарқыны – 8,7%-ке жетiп, инфляция деңгейi – 3,6%-тен аспады. Әлеуметтiк даму көрсеткiштерi бойынша Тайвань дүние жүзiнiң жетекшi елдерi қатарында. 90-жылдардың орта шенiнде жан басына шаққанда жиынтық ұлттық өнiм 12 мың долларға тең болды. Соңғы 30 жыл iшiнде Азия елдерiнiң экономикасының даму қарқыны 5%-тен жоғары болды, сол уақыт iшiнде европаралық елдердiң көрсеткiшi 2%-тен асқан жоқ. 90-жылдарды дамудың жоғары қарқынын Тайваннан басқа – Оңтүстiк Корея- 8%, Сингапур – 8%, Малайзия- 9%-тен астам көрсеттi. Жаңа индустриалды елдердiң экономикасы дамуының жоғарғы қарқыны халықтың әл-ауқатың өсуiн қамтамасыз еттi. Соңғы 30 жыл шеңберiнде жан басына шаққандағы жылдық табыс бұл елдерде 4 есе өстi. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейiн Шығыс Азия елдерi жиынтық ұлттық өнiм көлемi бойынша Батыс Европаны, 2020 жылға жақын Солтүстiк Американы басып озуы мүмкiн. 1995 жылы О»түстiк Шығыс елдерi арасынан бiрiншi болып өнеркәсiбi дамыған ел статусына ие болған Сингапурды ерекше атап айту керек. Бұл СТАТУСТЫ оған ресми түрде Экономикалық ынтымақ және даму ұйымы бердi. Отыз жыл мерзiмдегi тұрақты экономикалық өсуi Сингапурды шағын ғана айлаңтан (порт) дүние жүзiнiң ең бай елдерi тiзбесiндегi 9-орынға шығарды. Саяси тұрақтылық жағдайындағы елдiң өнеркәсiбi жыл сайын орта есеппен 8,4%-ға өсiп отырды, ал елдiң әрбiр азаматы өзiнiң өмiр сүру деңгейiн орта есеппен 7 есеге арттырды. Сингапурдың орта статистикалық адамның жылдық табысы 1995 жылы 22,3 мың долларға тең болды, бұл көрсеткiш олардың бұрынғы билеушiсi Ұлыбританияның көрсеткiшiнен жоғары. Ұлыбританияның колониясы болып келген Гонконгтың да әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi метрополияның көрсеткiштерiнен асып кеттi. Айта кететiн бiр жай 1997 жылды» шiлде айында Гонконг Кытай Халық Республикасының қарауына өтедi. Жаңа индустриалды елдердiң экономикалық моделiн қарастырғанда бiз оның қамтамасыз еткен iшкi және сыртқы факторларды iздеймiз. Ең маңызды iшкi фактор мемлекеттiң ел аумағындағы көреген және икемдi iшкi экономикалық саясаты. Бiздiң мақсат халықаралық экономикалық қатынастарды зерттеу жаңа индустриалды елдердiң экономикалық өрлеуiнiң сыртқы факторына тоқталамыз. Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, халықаралық экономикалық қатынастарға белсендi араласатын мемлекеттер оны шетелдiк инвестицияларды тарту мен сыртқы сауданың өсуiн ынталандырудан бастайды. Олар өз экономикасының құрылымын жетiлдiру процесiне технологиялық тiзбектiң барлық буындарынан өтедi. Халықаралық еңбек бөлiнiсi тұрғысынан ең қолайлы, ең пайдалы деген салаларды модернизациялау мен дамыту үшiн экспорттан түскен табысты пайдаланады.АҚШ, ЕҰУ Алмания, Жапония елдерi осы жолмен жүрiп өткен. АКШ өзiнiң экономикалыө өсуiн шикiзат, астық, мақта, мыс, көмiр, т.б. тауарларды экспорттаудан бастаған. Алманияның 50-жылдары – көмiр, қара металл, химия өнiмдерiн экспорттаудан бастаған. 60-жылдары осы бағытты Шығыс Европа мен Латын Америкасының бiрқатар елдерi және жаңа индустриалды елдер таңдап алды. Олардың барлығы дерлiк экономикалық өсудiң сыртқы көздерiн пайдаланды. Бұл көздерге шетелдiк капиталдарды тарту және өнеркәсiбi дамыған елдермен техника мен технологияны сатып алудың арналарын көбейту жұмыстары жатады. Бiрқатар себептермен жекелеген жаңа индустриалды елдер өнеркәсiбi дамыған, мемлекеттердiң ерекше саяси және экономикалық мүдделерi Шығыс Азиядағы "коммунизм ықпалына" қарсы тұру үшiн Тайвань мен Оңтүстiк Кореяда болды. Бұл екi елге орасан зор экономикалық көмек пен әскери қолдау көрсетiлдi. Мысалы, Тайваньға 1,5 млрд. доллар көлемiнде көмек бердi. 1950-1965 жылдары Тайванны» жиынтық инвестицияларының 34% АҚШ-тан келдi. Мұның өзi Тайвань экономикасының дамуына зор серпiн бердi. Жаңа индустриалды елдер экономикасының қазiргi құрылымын қалыптастырудағы тiкелей инвестициялардың ықпалы зор болды. 80-жылдары жаңа индустриалды елдер экономикасына тiкелей инвестициялар дамушы елдерге арналған барлық күрделi қаржының 42%-не жеттi. өнеркәсiбi дамыған елдердiң iшiнде жаңа индустриалды елдерге кәсiпкерлiк капиталды жеткiзушi негiзгi инвестор АҚШ болды. Олардың жаңа индустриалды елдерге тiкелей инвестициялары шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемiнiң 1-%-ды құрады. Тiкелей инвестициялардың көлемi бойынша екiншi орында Жапония келе жатыр. Жапондық инвестициялар жаңа индустриалды елдердiң өнеркәсiбiн дамытып, олардың экспортының бәсекелiк қаблетiн арттырды. Жапон капиталы жаңа индустриады елдердiң өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерiн экспортаушы мемлекеттерге айналуына айырықша әсер еттi. Тек, 80-шi жылдардың бiрiншi жартысының өзiнде Жапон инвестицияларының көлемi Тайваньда 2 есеге артты, Гонконгта 61%-ға өстi. Осы уақыт iшiнде Жапон капиталының көмегiмен бұл елдерге жоғары сапалы дайын өнiмдердi экспорттауға мүмкiндiгi бар өндiрiстiк база құрылды. Оңтүстiк Кореяға келтiрiлген 80-жылдардағы шетелдiк инвестициялардың жартысынан астамы жапондық инвестициялар болды, және осы инвестициялар есебiнен станок, электротехникалық жабдықтар, теңiз кемелерiн жасау кешендерi құрылды. Азиялық жаңа индустриалды елдерде кәсiпкерлiк капитал ең алдымен өңдеушi өнеркәсiп пен шикiзат салаларына бағытталды, ал Латын Америкасы елдерiнде сауда, қызмет көрсету, өңдеушi өнеркәсiп салаларында қолданылды. Шетелдiк капиталдың жаңа индустриалды елдердiң экономикасына көптеп келуiнiң нәтижесiнде бұл елдерде шетел капиталын пайдаланбайтын шаруашылық салалары жоқтың қасы. Латын Америкасы және жаңа индустриалды елдердiң экономикасына тартылған қаражаттардың табыстылығы (рентабелдiлiгi) 1993 жылы мынандай болды: Аргентина – 57,96%, Индонезия – 78,67%, Мексика – 39,87, Чили – 38,92%, Оңтүстiк Корея – 26,03%, Тайвань – 103,98%, Тайланд – 121,27%, Филиппин – 165,18%. Көрiп тұрғандай, азиялық жаңа индустриалды елдерде инвестициялардың табыстылығы Латын Америкасы елдерiне қарағанда жоғары. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|