Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов




Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Максаковский секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.

 

Әдебиеттер:

1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008.

2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007.

3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007.

4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999.

5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.

 

 

ДӘРІС

Тақырып: Түркияға экономикалық географиялық сипаттама

Мақсаты: Түркия мемлекетінің экономикалық географиялық, өзге елдермен сыртқы байланысын, табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары мен көзқарастарын меңгеру.

1.Мемлекеттік құрылымы. Халқы.

2.Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары.

3. Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы.

4. Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары.

5. Шаруашылығы.

6. Қазақстанның Түркиямен қарым-қатынасы.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: халқы, шаруашылығы, табиғат ресурстары.

 

Түркия Республикасы − Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі − 783,5 мың км². Халық саны – 68 млн. адам.

Түркия – Оңтүстік-Батыс Азияда және біраз бөлігі Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Сириямен және Иракпен, шығысында Иранмен, солтүстік-шығысында Армениямен, Грузиямен және Әзірбайжанмен, солтүстік-батысында Болгариямен және Грекиямен шектеседі.

Қалыптасу тарихы. XI-ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. 1071 жылы қуатты Византия империясы тойтарыс бере алмай, Манцикерт маңындағы шайқаста селжүктерден жеңіліп қалды. Селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сирия мен Палестинадағы иеліктерін тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжүк империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. XII ғасырдың басында Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдарына төтеп берді. 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кәмәл Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісінің және Осман империясының ыдырауының нәтижесінде 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы құрылып, тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кәмәл Ататүрік сайланды. Бұл күн ұлттық мереке – республика күні деп есептеледі.

Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Түркия республикалық мемлекетінің 75 валайет (провинциясы) бар. Түркия аумағының 97% − Батыс Азияда, ал 3% − Еуропалық континентте Мәрмәр теңізі және Босфор мен Дарданелл бұғаздары арқылы бөлініп жатыр. Экономикалық географиялық жағдайының қолайлылығы, теңіз жағалауында орналасуы геосаяси тұрғыдан көптеген саяси-экономикалық мәселелерді шешуде маңызы ерекше болып табылады. Аумағының көп бөлігі Жерорта теңіздік субтропикалық климаттық белдеуде жатыр.

 

 

Халықаралық теңіз және әуе жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан елдің орны жан-жақты сыртқы байланыстар жасауға қолайлы жағдай туғызады.

Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары. Елдің Еуропалық бөлігі Шығыс Фракия деп аталады, ол биіктігі 1000 м-дей қыраттан тұрады. Түркияның үлкен бөлігін Кіші Азия мен Армян таулы қыраттары алып жатыр. Елдің ең биік нүктесі Үлкен Арарат тауы. Орталық бөлігінде Анадолы таулы үстірті орналасқан. Оңтүстікте Жерорта теңізі жағалауында биіктігі 3726 м-ге дейін жететін Тавр жоталары созыла орналасқан.

Түркияның Қара теңіз жағалауын бойлай ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары бар. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м, ең биік нүктесі – 3937 м. Елде ойпатты жазықтар сирек, ал теңіз жағалаулары мен өзен атырауларындағы жазықтар жіңішке әрі төбелі болып келеді.

Жер бедерінің таулы болып келуіне байланысты Түркия аумағының климаты алуан түрлі. Қара теңіз жағалауының климаты қоңыржай жылы, ылғалы мол, жазы ыстық, қысы салқын. Эгей және Жерорта теңіздерінің жағалауы жазы ыстық құрғақ, ал қысы жылы жаңбырлы болып келетін типтік жерортатеңіздік клиатымен ерекшеленеді.

Елдің басты өзендері – Евфрат, Тигр, Қызыл-Ирмак. Евфрат өзенінің Түрік жеріндегі ұзындығы – 1263 км, Тигр өзенінің Гелджук көлінен Иран шекарасына дейінгі ұзындығы 523 км. Евфрат Боздаг тауынан бастау алып, Шығыс Тавр тауларын терең шатқал жасап ағады.

Түркияда қалыптасуы мен режимі алуан түрлі көлдер көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі тұзды – Ван және Тұз көлдері. Ван көлінің көлемі – 3173 км3, теңіз деңгейінен 1646 м биіктікте орналасқан. Көл арқылы темір жол паромы салынған.

Батыс Тавр тауларында Бейшехир, Эгридир, Ақшехир және Бурдур көлдері орналасқан. Түркияның жер қойнауынан көмір, темір, хром, мыс кендері табылған. Егістік жерлері елдің 30%-ын, ормандар мен бұталар 26%-ын, шабындықтар мен жайылымдар 12%-ын алады. Кен орындарының географиялық орны тасымалдауға қолайлы. Мұнай мен газ кендері оңтүстік-шығыста орналасқан. Темір кені 1930 жылдардан бері Фетхия және Гулеман кен орындарында өндіріледі. Кенсіз пайдалы қазбалардан мәрмәр мыңдаған жылдардан бері өндіріліп келеді. Мәрмәр теңізінің аты да соған байланысты болса керек.

Түркия хром, мыс, алюминий, темір кендері мен кокстелген көмірді экопортқа шығарады. Бүкіл Түркияны ас тұзымен Тұз көлі қамтамасыз етеді.

Халқы. Халқының саны 68 млн адам, тығыздығы шамамен 1 км2-ге 81 адамнан келеді. Елдегі халықтың 90%-ға жуығы түріктер, өзге ұлттардан күртдтер, арабтар, түрікмендер, черкестер, лазылар, аджарлар, абхаздар, ингуштер, шешендер, т.б. ұлттар бар. Түрік тілі алтай тіл семьясының түркі тобына жатады. Халқының 99%-ға жуығы ислам дінін ұстанады. Туу көрсеткіші 1000 адамға 25-33 нәрестеден, өлім көрсеткіші 1000 адамға 5,64 адамнан келеді. Өмір сүру ұзақтығы орта емеппен ерлер үшін 69 жас, әйелдер үшін 74 жас. 20,4 млн адам еңбекке жарамды халықтың 44%-ы ауыл шаруашылығында, 41%-ы қызмет ету саласында, 15%-ы өнеркәсіпте жұмыс істейді.

Елдің ірі қалалары батыс бөлігінде орналасқан. Олар Ыстамбұл, Измир, Бурса, Аданазары, Денізлі, Адана, Балыкесир және Ыстамбұл қаласы агломерициясына кіретін Измир, Каятхане және Байрампаша қалалары қарқынды даму үстінде. Орталық Анадолыдағы ең ірі қала елдің астанасы – Анкара қаласы. Онда 4 млн-ға жуық адам тұрады. Босфор бұғазының жартысы жағалауында Түркияның ең үлкен қалаларының бірі − Ыстамбұл орналасқан. Мұнда 9 млн-нан астам халық тұрады. Қалада көне заман ескерткіштері, ортағасырлық сарайлар мен ғимараттар осы күнгі зауыт-фабрикалар қатар кездеседі. Қалада 500-ден аса мешіт жұмыс істейді.

Шаруашылығы. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін Түркия, негізінен, аграрлық ел болып келді. Қазіргі кезде ауыр өнеркәсібі дамыған индустриялы-аграрлы ел. Түрік елінің экономикасының дамуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеуден бастау алды. Бүгінге дейін еңбекке жарамды халықтың көбісі тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек етеді.

Түркияның экономикасы орталықтандырылған экономикадан еркін нарықтық қатынасқа өтудің күрделі кезеңін бастан кешуде. Өнеркәсіптің дамыған салалары – тау-

кен, металлургия, мұнай, тоқыма, тамақ, құрылыс. Ауыл шаруашылығында темекі, мақта, астық, зәйтүн, бұршақ тұқымдастар, цитрустар, қант қызылшасы, т.б. дақылдар өсіріледі. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ел іс жұзінде өзінің азық-түлікке деген ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.

Өнеркәсібі. Тас көмір Қара теңіз жағалауындағы Эрегли, Зонгүлдак, Амасра, Сегютези кен орындарында өндіріледі. Елдің батысында Сейтемер, Тунчбилек, Дегирмисаз, Сам, Чан, Бейпазары, Әрәурулі кен орындарынан өндіріледі. Елдің оңтүстік-шығысында орналасқан кен орындарынан мұнай өндірілгенімен ол елдің мұнайға деген сұрансын толық өтемейді. Сол себепті мұнай өнімдерін шеттен сатып алады. Металлургия өнеркәсібі қажетті шикізатпен қамтамасыз етілген. Темір кені Давриги, Сивас кен орындарынан; хром кені Фетхие, Башеррон, Гүлеман; мыс Эргани, Моргүл; қорғасын, мырыш Кебан, Симав, Девели және т.б. жерлерде өндіріледі. Кенді пайдалы қазбалардан күкірт, сурьма, асбест, магнезий, ас тұзы өндіріледі.

Электр станциясы жылу және су электр станцияларынан алынады. Ең ірі СЭС – Евфрат өзеніндегі Кебан су электр станциясы. Көптеген жылу электр станциялары жергілікті қоңыр көмір кендеріне негізделіп салынған. Амбарлы мен Силяхтар Ыстамбұл қалалық агломерациясын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Түркияда өндірілетін электр станциясының қуаты 52 млрд кВт/сағ.

Қара металлургия. Елде жылына 4,8 млн т шойын және 7,1 млн т болат өндіріледі. Измир мен Қырықкалледе болат балқыту, ал Анталия мен Элазиге қалаларында темір-хром зауыты жұмыс істейді.

Елде түсті металлургия өнеркәсібі жақсы дамыған. Эргани, Мургуле қалаларында мыс, ал Самауи, Сейдишехир қалаларында алюминий зауыттары орналасқан.

Машина жасау мен металл өңдеу. Түркияның машина жасау өнеркәсібі жедел дамуда. Дүние жүзіне танымал автомобиль маркалары бірлескен кәсіпорындарда лицензиялар бойынша шығарылады. Ыстамбұл, Бурса, Измир, Мерсин қалаларында жүк таситын автомобильдер, автобус пен миниавтобустардың германиялық, америкалық және ағылшындық маркалары құрастырылады. елде жылына 30 мың трактор шығарылады. тепловоздар мен жолаушы, жүк вагондарын Ескишехир, Адапазары және Сивал қалаларында өндіреді. Ыстамбұл, Измир, Пендик қалаларында кеме жасайтын зауыттар бар. Тұрмысқа қажетті электротехникалық құрал-жабдықтар, негізінен, Ыстамбұл мен Измир агломерациясына кіретін қалаларда шығарылады.

Ауыл шаруашылығы. Елдегі жетекші рөлге егін шаруашылығы ие. Бидай өндіруден Азияда Үндістаннан кейін екінші, ал қант қызылшасын, арпа, сұлы, күнбағыс өсіруден бірінші орында. Жылына 20 млн т бидай алады. Зәйтүн, жүзім және інжір өндіруден дүние жүзінде алдыңғы орындарды иеленеді. Орман жаңғағын өндіруден әлемде бірінші орында. Мақта, темекі және інжірді экспортқа шығарады. Елдегі егістік алқабының жартысына жуығына бидай егіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр өңірінде бау-бақшы өркендеген. Техникалық дақылдардан қант қызылшасы, мақта, темекі өсіріледі. Мақта, негізінен, оңтүстік-шығыс аудандарда және Мәрмәр теңізі жағалауына егіледі. Анадолының оңтүстігінде жержаңғақ пен күнжіт егуге маманданған.

 

ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым

 

 

Елдің батысында, жерортатеңіздік климат аймағына зәйтүн ағашы тән болса, жылына 1 млн –ға дейін мандарин мен лимон жиналады.

Мал шаруашылығының басты саласы қой өсіру болып табылады. Елдегі қойдың басы 50 млн шамасында, ал Анадолы таулы аймағында өсірілетін түбітті ангор ешкісінің саны жөнінен дүние жүзінде екінші орынды иеленеді. Мүйізді ірі қара саны – 17 млн бас.

Елдің оңтүстігінде түйе, жылқы, қашыр өсіріледі. Құс шаруашылығы соңғы жылдарында ғана қолға алына бастады. Балық шаруашылығы жоқтың қасы.

Көлік қатынасы. Түркияда елдің тарихи-экономикалық және табиғат жағдайы мен жер бедері ерекшеліктеріне байланысты көліктің барлық түрлері дамыған. Қара теңіз жағалауында орналасқан Самсун мен Зонгулдак, Жерорта теңізі жағалауындағы Мерсин мен Искандерун қалалары елдің ішкі бөлігімен темір жол көлігімен және теңіз жолымен қатынас жасайды. Анадолының шығыс таулы ауландарында қарым-қатынас өте қиын, көптеген жолдар жер асты туннельдері арқылы жалғасады. Елдегі негізгі көлік түрі автомобиль көлігі болып табылады. Автомобиль көлігімен жолаушылардың 90%-ы, жүктің 60%-ы тасымалданады. Автомобиль жолдарының 60 мың км-ге жуығы қатты төсенішпен жабылған. Темір жолдың ұзындығы – 8400 км.

Теңіз көлігімен жылына 70-80 млн т тасымалданады. Елдің ең ірі айлақты қалалары – Ыстамбұл, Мерсин, Измир. Шикі мұнай мен табиғи газ тасымалдайтын құбыр көлігінің ұзындығы – 2300 км. Теңіз көлігі жылына 70–80 млн т жүк тасымалданады. Елдің ең ірі айлақты қалалары – Ыстамбұл, Мерсин, Измир. Шикі мұнай мен табиғи газ тасымалдайтын құбыр көлігінің ұзындығы – 2300 км.

Елдегі әуе жол көлігін «Түрік әуе жолдары» компаниясы атқарады, ол 1956 жылы құрылған. Ыстамбұл қаласындағы «Ататүрік», Анкара қаласындағы «Есенбұға», Измир қаласындағы «Аднан мендерес» әуежайлары елдің ең ірі әуе қақпалары болып табылады. «Ататүрік» әуежайының өзі жылына 15 млн жолаушыға қызмет көрсете алады.

Туризм. Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлықтай орын бар. Ең әйгілі орындар. Олар:

Ыстамбұл — Ислам мен Византиялық мәдениет мұралары. Каппадокия — Түркияның ең ғажап жер. Каппадокия бұл табиғат мұралары қалыптасуы.

Эгей теңізі — Антикалық мұралары және қираған көнегрекиялық мен римдық көне қалалар. Жерорта теңізі — Теңіздіқ курорттар Түркияның оңтүстік жағасы.

Қазақстанның Түркиямен қарым-қатынасы. Ұлы Түрік мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен табыстары туралы айтқанда ең алдымен оның Қазақстан Республикасымен арадағы одақтастық саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет салаларындағы жемісті байланыстары ауызға ілігеді. Бұл түсінікті де. Бұрыннан-ақ Қазақстанмен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түркия мемлекеті Қазақстанды ол егемендігін жарияласымен-ақ, екінші күні таныды.

Осман мемлекетінен Республикаға өтісімен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының олардың этникалық, мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа бағытын белсенді түрде әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін.

1992 жылдың қазан айында Анкара қаласында түркі мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесуі болады.

Орытынды

 

Түркия, Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа

құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²).Халық саны-72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды.

Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных