Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ытай өнеркәсібі




Революцияға дейін Қытай ұйымдасқан және біріккен экономикасы жоқ және өнеркәсібі дамымаған жарты феодалдық мемлекет болды. Бірақ та 1949 жылдан кейін қысқа уақыт ішінде республикада индустрия процесі өткізіліп, елдің өнеркәсібі бірден даму жолына шығып, елдің салалық құрылымы анықтала бастады.

Революцияға дейінгі Қытайдың өнеркәсіп саласы елдің экономикасында екінші орындарда тұрды. 1946 жылда өнеркәсіп саласы бойынша елдің жалпы ұлттық қорына шамамен 10% пайда түсті. 1949 жылы мемлекет көмір алудан әлем бойынша 9 орында тұрса, ал шойын қорытудан 23 орында, болат қорытудан 26 орында және электроэнергияны өндіруден 25 орында тұр. Қытай индустриалды жағынан басқа дамыған елдерге қарағанда минимумда 100-150 жылға артта қалған, сондықтан негізінде аграрлы-шикізат қосымшасы ретінде әлем бойынша танылды.

Қазіргі кезде Қытай елінде тамақ өнеркәсібі даму жолына шықты, 370 мың жаңа өнеркәсіп мекемелері салынып, өнеркәсіп өндірісі 39 есе өсті. Қытай мемлекетінің өнеркәсіп саласының дамығанның дәлелі әрбір жылда өнеркәсіп тауарларының жалпы мөлшері 2.1 млрд юаньға дейін шығады, көмір өндірісі 2.3 млн тоннаға дейін өндіріліп, 360 тонна мұнай өндіріліп, болаттың жалпы 140 мың тоннасы өндіріліп, цементтің 455 мың тоннасы өндіріледі.

Қазіргі кезде өнеркәсіптің салалық өндірісі жалпы 360 саладан астам тұрады. Дәстүрлі салалардан басқа тағы қосымша заманауи салалар ашылған:

электроника, мұнайхимиясы, авиақұрылысы, сирек және шашыраңқы металдардың металлургиясы. Өнеркәсібі бойынша Қытай мемлекеті әлем бойынша бірінші орын алуда.

Шығыс және теңіздік райондар мен Цзянсу, Шанхай, Ляонин, Шаньдун, Гуандун, Чжецзиме сияқты райондар өнеркәсіп өндірісінің негізгі орталықтары болып табылады. Халқы 500 мың адамнан асатын қалалардың көбісінде өнеркәсіп өндірісінің салаларының көбісі шоғырланған (13.1 %- барлық өнеркәсіп салаларының мекемелері, 9.6%-тамақ өнеркәсібі мен машина жасау, 4.7%- тігін өнеркәсібі, 2.4%-көміртек өндіретін өнеркәсіп).

Отын-энергетикалық салалар Қытай мемлекетінің индустриалды өнеркәсібінің әлсіз саласы болып табылады. Табиғи ресурстардың көптігіне қарамастан Қытайда өнеркәсіптің бұл саласы онша дамымаған.

Соңғы жылдары Қытай мемлекетінде көміртек өндіретін өнеркәсіп саласының қуаты өсуде, оның 1989 жылы өндіру мөлшері шамамен 920 млн т-ға дейін жетті. Көмірдің потенциалды қорлары 3200 млрд. т-ға жетсе, ал көмірдің әлі зерттелмеген қоры 850 млрд. т-ға дейін жетті. Ол қорлар Қытайжерінде қалыпты емес орналасқан, оның 80 %-ы Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батысында орналасса, ал оның ең ірі кені Датун қаласының (Шанси провинциясы) қасында орналасқан. Жалпы алғанда, Қытай елінде көмір өндірудің 100-ден астам кен орындары бар. Мұнай өндірудің өнеркәсіп саласына қазіргі кезде отын-энергетикалық өнеркәсіптің 21%-ы арналған. Мұнай жалпы экспорттан түсетін 16 % пайыз пайдасын мемлекетке әкеледі. Жалпы мемлекетте мұнай өндіретін мекемелер саны 32-ден асады, ал Қытайдың өзінде мұнайдың жалпы қоры 64 млрд. т-ға дейін жетеді. Мұнайдың өндіру орталықтарының ірілері Хэлуньцзян, Шаньдун, Даган, Юймэнь, Цайдам провинцияларында кездеседі, сонымен қатар елдегі төмен дамыған райондарында да кездеседі. Бірақ та мұнайдың 580 мұнай өндіретін зауыттардың көбісі Қытайдың солтүстік-шығысында шоғырланған.

Оңтүстік Қытай мен оның Шығыс зонасы табиғи газ қорларына бай болып келеді, олар қазіргі кезде 4 мың млрд. т-ға дейін бағаланады: қазіргі кезде олардың 3.5 %-ы ғана зерттелген. Қазіргі кезде Қытайдағы газдың өндіру мен қайта өндеу орталығы болып Сеньхуа провинциясы саналады.

Бірақ та қазіргі кездің өзінде-ақ Қытай мемлекетінде өнеркәсіп салаларының жетекші салалары болып тамақ пен тігін өнеркәсіптері саналады: олардың үлесіне жалпы өндірілетін тауардың 21%-ы тиесілі. Осы салалардың өндіру мекемелері көбінесе Қытайдың шығыс, солтүстік және орталық-оңтүстік райондарында жақсы таралған. Мемлекеттің солтүстік-шығысында көбінесе мақта өндірісі мен мал шаруашылығының мекемелері орналасса, ал оңтүстік-батысында көбінесе тамақ өнеркәсібі таралған. Жалпы түрде елдегі тамақ өнеркәсібі 65,5 мың мекемелерден тұрады, сонымен қатар

елде тігін өнеркәсібінің мекемелер саны 23,3-ке дейін жетеді және ондағы шикізатты өндеу процедурасы қатаң түрде бөлінген: солтүстікте-жүн, сора, оңтүстікте-жібек, джут, кенаф. Жеңіл өнеркәсіп Қытайда өз дәстүрлерге бай және революцияға дейін де жетекші орындарда болды. Сонымен қатар Қытайда 1949 жылдан бастап машина жасау саласы да дами бастады. 1949 жылға дейін осы саланың жалпы көлемі АҚШ мемлекетіне қарағанда 250 есе аз болды, практикалық жағынан кешенді энергетикалық, таурудалы, машина жасау, трактор мен ұшақтар процестері өткізілмеді. Қазіргі кезде Қытайдағы машина жасау саласының көлемі 53 мың түрлерден тұрады, бұл әрине ел ішіндегі сұранысты толығымен жабуда. Қытайдағы машина жасаудың ірі орталықтары болып Шаньхай, Шаньян, Тяньцзин, Харбин, Пекин, Далянь қалалары саналады.

Сонымен қатар Қытайдың металлургиялық қоры бай болғандықтан, ол металлургиялық өнеркәсібінің жетекші орындарына шығуы күтілетін жағдай. Өткізілген зерттеулер бойынша Қытай жерінде ескі мен жаңа кен орындарының шекаралары табылуда, олардың қатарында: темір мен магний рудалары, көмір, мұнай мен т.б шикізат түрлері. Темір рудасы бойынша Қытай елі әлем бойынша үшінші орында тұр (Ресей мен Бельгиядан кейін), ал өндірілетін магний рудасы бойынша екінші орында тұр.

Жалпы түрде қара металлургия бойынша Қытай жеріндегі мекемелер саны 1,5 мыңнан асады және олар Қытайдың кез келген жерінде, барлық провинцияларында кездеседі. Бірақ та барлық металлургиялық өндірістің жалпы деңгейі орта болып қала береді, ал осы елде жұмыс істейтін мекемелер көбінесе импортталған заттар арқылы жабдықталады. Мекемелердің 70 %-ы тазарту жабдықтарымен жабдықталмаған. Қытайда жыл сайын авиация салаларында және ядерлі салаларда қолданатын болаттың 1мың тоннасы өндіріледі. Сонымен қатар елде сыртқы нарықта көп сұраныста болатын сурьма, қалайы, вольфрам, сынап мен молибден концентраттары өндіріледі. Бірақ та елдегі көп сұраныста жүрген алюминий, қорғасын, мырыштың қорлары аз болғандықтан Қытай оларды басқа елдерден импорттап алады. 70 жылдың екінші жартысындағы Қытайда болып жатқан шаруашылық модернизациясы мен экономикалық түрлендірулері әлемде болып жатқан екінші жаңа Технологиялық Революцияға сәйкес келді.Оның базалық бағыттары микроэлектроника, информатика және биотехнология салалары алынды. Жаңа технологиялық Революцияның жаңашылдығына сінісіп кету Қытай үшін оңай өткен жоқ. Финанстық жағдайлардың шектеулігі, салыстырмалы түрдегі ғылыми потенциал (көбінесе мәдениет революциясынан кейін әлсізденді), салыстырмалы түрдегі төмен деңгейдегі білім мен мәдени деңгейі – осының бәрі жалпы техникалық-ғылыми революцияның басты кедергілері болды. Бірақ та 1970 жылдың соңында жалпы сегіз жылдық даму жоспары қабылданды, ол бойынша 1978-1985 жылдарында микроэлектрониканы, ЭЕМ жаңа ұрпақтарын, информатика, гендік инженерия мен ауыл шаруашылығының ірі салаларын зерттеуге алып, бұл облыста көптеген сынақтар мен тәжірибелер жасау жоспарланды. Уақыт өте келе бұл жоспардың өте жалпы мағынада алынып оның қоғамға тигізер пайдасы жоқ екені және оның керек еместігі анықталды. Көптеген жиындар мен консультациялар арқылы және АҚШ,Жапония, Ресей мен Батыс елдерінің ғылым мен техниканың даму жолдарын зерттеу арқылы Қытай мемлекеті техника мен ғылымның жаңа 12 бағыттарын тауып, оларды басты 1986-2000 жылдардағы ғылым мен білімнің Мемлекеттік даму жоспарына кірістірді. Ғылыми технологиялық салалардың дамуының негізгі мақсаттары:

- Ауыл шаруашылығын көтеру;

- Өндіру- күштерін көтеру;

- Ғылыми-техникалық прогрессті өндірістің негізгі факторы етуге тырысу;

- Өнеркәсіптің дәстүрлі салаларының деңгейін көтеру;

- Әлемдік нарықтағы тауарлардың бәсекеге қабілетті қасиетін жоғарылату;

- Өндірілетін тауарлардың сапасын көтеру.

Зерттеулер өткізіліп, мына шешім қабылданды: ғылымның жеті ірі дамыған облыстарындағы технологияны және кең мағынадағы ғылымды дамыту. Олардың ішінде: битехнология, информатика, автоматизация, энергетика, космостық және лазерлік техника, яғни Жаңа технологиялар Революциясының негізгі бағыттары. Биотехнология саласы бойынша барлық зерттеулер мен өндеу жұмыстары азық-түлік ресурстарына, ауыр аурулардың алдын-алуы мен емделуіне, жаңа энергетикалық көздерді ашу мен ескілерін жаңарту процестеріне, қалдықсыз өндірістерді дамыту мен қоршаған ортаға зиянды заттарды шығаруды қысқартуға бағытталатын болды. Ақпараттық технологиялар облысы ЭЕМ жаңа нұсқалары мен жасанды интеллект негізінде жаңа компьютерлік құрылғыларды зерттеу үшін өткізілетін және программалардың бағдарламалық қамтамасыз етуді жабдықтайтын технологияларды жасауға бағытталды. Өлшемдерді өлшеу, есептеу және байланыс бойынша заманауи технологияларды дамыту шараларының зерттеулері өтуде; пайдалы қазбаларды өндеу технологиялары мен олардың кен орындарын зерттеу, ауа райы мен ауыл шаруашылық, орман, өндіріс тауарларының жалпы сапасы мен ластану деңгейін бақылау процестері осы салада өткізіліп жатыр.

Тағайындалған жоспарды жүзеге асыру үшін ерекше орын «Факел» программасына беріледі, себебі ол негізінен Қытай жеріндегі барлық райондар мен орталықтарында осы техникалық пен ғылыми технологияларды дамытуға арналған. Олар арнайы белгіленіп алынған ғылыми және өндірістік ірі орталықтардың райондары, олардың жалпы аумағы бірнеше шаршы км болады да, олардың территорияларында өнеркәсіп мекемелері, жаңа ғылыми және техникалық технологияларды шығаратын компаниялар мен фирмалар шоғырланған. Осы программаны қабылдағаннан бері (1990 жылдың тамызынан) ондай райондар жалпы Пекинде, Шанхайда, Тяньцзинде, Шеньянда, Уханда және Нанкинде ашылды (жалпы Қытай бойынша 30 районнан астам).

 

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Силлабус (оқу жұмыс бағдарламасы) Басылым: төртінші

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных