ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Табиғи ресурстары.Қытай табиғи қазбалы байлығы мол мемлекеттер қатарына жатады. Бұл жерде: тас көмір, мұнай, магний және темір рудалары, вольфрам, мыс, графит және қалайы өндіріледі. Синай түбегінің маңайында мемлекеттегі тас көмір (юра дәуіріне жататын), мұнай (негізінен мезозой, мезо-кайнозой кезеңдеріне жататын) кен орындарының ең ірілері орналасқан. Түсті және сирек кездесетін металлдардың ішіндегі ең ірісі вольфрам болып табылады, Қытай оны өндіру бойынша әлемде бірінші орын алады, бұл кен орны Оңтүстік Қытай массивінде орналасқан. Осы жерде сонымен қатар сүрме, қалайы, сынап, молибден, марганец, қорғасын, мырыш, мыс және т.б өндіріледі. Ал Тянь-Шань, Монғолдық Алтайда, Куньлуньде, Хинганда алтын және басқа да асыл тастардың кен орындары бар. Жер рельефінің ерекшеліктері елдің су ресурстарын бөлуде айқын көрінеді. Ең ылғалды аймақ елдің оңтүстік және шығыс бөліктері болып келеді, бұл жерлер көптеген су атырауларына бөлінген. Осы аудандарда Қытайдың ірі өзендері – Янцзы мен Хуанхэ ағып өтеді. Ірі өзендердің қатарына Амур, Сунгари, Ялохэ, Сицзян, Цагно да жатады. Шығыс Қытайдың өзендері мол сулы және кеме жүзуге қолайлы, жылдық ағындары бір қалыпты емес, қыс кезеңінде су деңгейі азайса, жазда су деңгейі көтеріледі. Күшті көктемдік және жаздық қардың еруімен байланысты кей мезгілдері жазықты жерлер тоған суларға толып қалады. Қытайдың батыс және құрғақ аймақтары өзендерге кедей. Негізінен олардың су деңгейі төмен және кеме жүзуге қолайсыз. Осы аймақтың көптеген өзендері теңізге шыға алмайды, сондықтан олардың ағындары нашар болып келеді. Аймақтың ірі өзендері - Тарим, Қара ертіс, Іле, Эдзин-Гол. Мұхитқа ірі су көлемін құятын өзендер бастауын Тибет тауынан алады. Қытай өзендерімен емес, сонымен қатар көлдермен де бай. Көлдердің екі түрі белгілі: тектоникалық және сулы-эрозионды. Алғашқысы елдің Орта Азия аймағында, екіншісі Янцзы жүйесіне жатады. Қытайдың батыс бөлігіндегі ең ірі көлдер: Лобнор, Кунунор, Эби-Нур. Әсіресе Тибеттің таулы жүйесінде көлдер өте көп. Жазық жерлердегі көлдердің көбі өзендер сияқтысуы аз, ағынсыз, тұздылығы жоғары болып келеді. Шығыс Қытайдағы ірі көлдер: Дунтинху, Поянху, Тайху, Янцзы бассейнінің, ал Хунцзоху және Гаойху Хуанхэ бассейінің көлдеріне жатады. Су деңгейі көбейген кезде бұл көлдердің барлығы дерлік табиғи су қоймалары болып келеді. Қытайдың табиғи климатының ерекшелігінің факторы оның территориясы бойынша үш климаттық белдеудің: қоңыржай, субтропикалық және тропикалық өтуі болып табылатындығында. Материктік, ішкі және оңтүстік және шығыс жағалаулық территориялардың болуы климаттық ерекшеліктеріне әсер етеді. Қаңтардың орташа температурасы -4-тен басталып одан да төмендейді (Үлкен Хинганның солтүстігінде -30 градусқа дейін жетеді), ал оңтүстікте +18 градусқа дейін барады. Жаз мезгілінің температурасы әр түрлі болып келеді: шілденің орташа температурасы солтүстікте +20, ал оңтүстікте +28. Жауын-шашынның жылдық мөлшері оңтүстік-шығыстан (материктік бөлігіндегі оңтүстік-шығыста 2000 мм, ал Хайнань аралында 2600 мм) солтүстік-батысқа (Тарим жазығының кейбір бөлігінде 5 мм және одан да аз) қарай азайып отырады. Температуралық режим бойынша Қытайда солтүстік және оңтүстік бөлік айқындалады. Біріншісі – қоңыржай және жылы климатты, тіпті қыста да, екіншісі – қысы суық, жаз бен қыстың температуралық айырмашылығы өте жоғары. Ал жылдық жауын-шашынның түсуі бойынша ылғалды шығыс және құрғақ батыс деп бөледі. Көптеген климаттық және рельефті факторлар Қытайда әртүрлі топырақ түрлерінің пайда болуына жағдай жасады. Тибеттен тыс аймақтарда қызғылт, қоңыр топырақ, сонымен қатар құрғақ қоңыр щөлдер, тастақты және солончакты топырақтар басым. Қытайдың бұл аймағыны сұр, таулы-қызғылт топырақты, таулы жайылымға жарамды жерлердің болуымен ерекшеленеді. Тибет тауында биік таулы шөлдер таралған. Ал шығыс Қытай аймағында орманның болуына байланысты алтын түстес, қоңыр орманды топырақ, ал таулы және солтүстік-шығыс жайылымды аймақтарда қара топырақ басым. Елдің оңтүстігіндегі таулы және жазықты аймақтарында сарғыш, қызғылт топырақтар және латериттер тараған. Қытайдың топырақ ресурстарының пайда болуына көп ғасырлық тарихы бар ежелден келе жатқан күріш өсіру мәдениеті өз әсерін тигізді, нәтижесінде орманды платода топырақ құрамы өзгеріп, «күрішті батпақты» және «шығыс карбонатты» деп аталатын топырақтың жаңа түрлері пайда болды. Қытайдың ерекше географиялық орны, яғни бірден үш белдеулерде орналасқаны: субтропикалық, қоңыржай және тропикалық, Қытайдың жалпы климатының шарттарын, топырақ ресурстарын және рельефін құрумен бірге, елдің жалпы жануарлар мен өсімдіктер әлемінің түрлілігіне және алуан түрлі болғандығына көп әсер етті. Зерттеулер бойынша Қытай жерінде флора мен фауна саны қазіргі кезде шамамен 30 мың түрлерге жетті. Мысалға, бұталы-ағашты өсімдіктердің бүкіл әлем бойынша тек 5 мың түрі бар, соның шамамен 50 түрі Қытай территориясында кездеседі. Сонымен қатар Қытай жерінде фаунаның көнерген түрлері де кездесуде. Орман түрлері бойынша Қытай елі әлем бойынша бірінші орынды алуда. Мұнда көкнәр,майланған ағашы, тунг және камелия сияқты бағалы техникалық түрлер де кездесе береді. Елдегі өсімдік әлемі орналасуына байланысты екі түрге бөлінеді: шығыстық және батыстық. Шығыс жағында көбінесе орман өсімдіктері кездессе, Циньлин жотасынан солтүстікке қарай көбінесе жазғы жасыл жалпақ жапырақты ормандардың әр түрлі типтері таралған. Шығыс Қытайдың орталық жағында үлкен жазықтықтар кездеседі, бұл жақта орман өте аз таралған, жердің көбісі егінге арналған. Солтүстік шығысқа қарай тоғай типті ормандар таралған. Мұнда көбінесе қарағай, ақ қайың, даурсейлік балқарағайы, шырша, үйеңкі, граб, жаңғақ және амур бархаты сияқты ағаштар түрлері кездеседі. Қытайдың оңтүстік және оңтүстік-шығысында кипарис, камфортты лавр, майлы және куинингхэми деп аталатын ерекше ағаштар түрлері өсетін субтропиктік ағаштар кездеседі. Алғашқы түрдегі тропиктік ормандар тек Қытайдың Хайнань аралында қалған. Қытайдың өсімдік ортасының негізгі ерекшелігі – ормандық пен шөлдік бөліктері арасындағы қатынас болып табылады, яғни саздақты өсімдіктері толып тұрған бөліктері мен тіптен бірден-бір өсімдігі жоқ шөлді жерлердің қатынасы алынады. Қытайдың бұл бөлігінде жануарлар түрлері де аз Қытайдың жалпы территориясында олардың саны көп болса да. Мұнда құрлықта жүретін жануарлардың жалпы саны шамамен 1 мың 800 түр ғана. Көбінесе мұнда бұғы, әр түрлі маралдар, қабыландар, сұр аюлар, қабандар, маймылдар, жайралар, гиббондар, броненосецтар, үнді пілдері де кездеседі. Көбінесе мұнда жануарлардың сан алуандығымен Қытайдың оңтүстік-шығыс бөлігі ерекшелінеді. Мұнда көбінесе жануарлардың кездеспейтін және эндемикалық түрлері таралған, олар жанаттар (кішкентай пандалар), бамбук аюы (үлкен пандалар), жер қазатын көртышқандар және т.б. жануарлардың түрлері таралған. Қытай территориясы жеті үлкен табиғи райондарға бөлінген. Шығыс жағында (Солтүстіктен Оңтүстікке қарай): 1) Солтүстік-шығыс районы; 2) Солтүстік районы; 3) Орталық район; 4) Оңтүстік район. Ал батыс жағында (Солтүстіктен Оңтүстікке қарай): 5) Монғол-Синьцинзондық район; 6) Цинхао-Тибет районы; 7) Санои-Юнань районы. Қытайдың жануарлар әлемі таңғаларлық, себебі бір Қытайдың өзінде Солтүстігінде егер де біз саңырау құрлар мен қарапайым құрларды көретін болсақ, Оңтүстігінде тамаша тауыстар мен үнді пілдерінің күштеріне таңғала аламыз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|