ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаңа индустриалды елдердiң экономикалық үлгiсiнiң негiзгi ерекшелiктерi.Дүниежүзiлiк шаруашылықтың дамуында 80-жылдары қалыптасқан жағдай, трансұлттық корпорациялардық мүдделерi мен даму стратегиясы бағыттарының бiрқатар азиялық мемлекеттердiң мүмкiндiктерi мен ұмтылыстарына сай келгенiн көрсеттi. Дамушы елдердегi импортқа тосқауыл боларлық әртүрлi шектеулер мен ол елдердiң төлем қаблетiнiң төмендегi трансұлттық корпорацияларды тауар экспортынан гөрi жергiлiктi жерде қажеттi өндiрiстi қалаптастыруға ынталандырады. Тауар экспорты емес, капиталдың өзiн шетке шығарудың тағы бiр себебi дамыған елдрдiң тауарға толы рыноктарындағы құбылмалы конъюнктура мен б¸секенiң шиеленiсуi болды. Сондықтан өндiрiс шығындарын кемiту үшiн күрес капитал қозғалысын бастады. Сөйтiп өздерiнiң жаңа "қоныстарында" трансұлттық корпорациялар ғылыми сыйымды өндiрiстердi қалыптастырып, дамытуға бағыт алды. Халықаралық экономикалық конъюнктураның осындай өзгерiстерiне нақ "азиялық жолбарыстар" дайын болып, оларды өз мақсаттары үшiн пайдаланды. Трансұлттық корпорациялардың Азия аймағын игеруiне мынандай жағдай түрткi болды: 1) "Жаңа индустриалды елдердiң" қолайлы географиялық жағдайы. Олардың бәрi дүниежүзiлiк сауда-экономикалық жолдардың қиылысында және АКШ, Жапония сияқты дүниежүзiлiк шаруашылық орталықтарына жақын орналасқан. 2) "Жаңа индустриалды елдердiң" бәрiнде дерлiк өнеркәсiбi дамыған елдерге ниетi түзу көзқарасы оңды саяси режимдердiң үкiмет басында болуы. Бұл елдерде саяси тұрақтылық сақталып, демократиялық және саяси жаңартаулар экономикалық реформалар пайдасына қарай бағытталды. Шетелдiк инвестициялардың қауiпсiздiгiне жоғары дәрежелi кепiлдiктер берiлдi. 3) Еңбек сүйгiштiк, зейiндiлiк, тәртiптiлiк, құыптылық сияқты азиялық жаңа индустриалды елдердiң халықтарына тән экономикалық емес факторлар да өзiнiң белгiлi ролiн атқарды. Азия және Латын Америкасы елдерiндегi жаңа индустриалды модельдер жарысында жоғарыда келтiрiлген адами қасиеттер өзiнiң шешушi фактор екенiн көрсеттi. Бұл екi модельдiң мәнiне ой жiберсек, бiрiншiсi (азиялық модель) ұлттық экономиканы дамытуда сыртқы рынокқа, экспортқа бағытталған, екiншiсi (Латын Америкасы елдерiне тән) импортты алмастыру өндiрiсiне сенiм артқан. Бiрiншi модельдi жақтаушылардың қатарына кезiнде АКШ, Жапония, Батыс Европа елдерi де болған, ал екiншi модель тек Латын Америкасы елдерiне тән құбылыс. Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсеткендей, импортты алмастыратын өндiрiстi дамыту бiрқатар дамушы елдердi» экономикалық өсуiне игi әсерiн тигiздi. Импортты алмастыру стратегиясы шаруашылық құрылымдарын диверсификациялауға көмектестi. Көптеген дамушы елдерде өздерi үшiн ма»ызды бiрқатар жаңа өндiрiстер қалыптасып, өзiн-өзi қамтамасыз ету мәселесiнде оңды нәтижелер ¸келдi. Импортты, алмастыру саясаты уақыт сынына төтеп бере алмайды. Импортты алмастыруды экономиканы жаңартудың негiзгi бағыты ретiнде ұқстанған елдер ертелi-кеш катаң тоқырауға ұшырады. ұлттық экономиканы шетелдiк компаниялардық бәсекесiнен қорғап, арзан несиелер беру жолымен мемлекеттiк протекционизмнiң "әлпештеуi", икемдi және тиiмдi экономикалық жүйе жасауға керi ¸серiн тигiздi. Жалпы айтқанда, импортты алмастыру саясаты дамушы елдердiң дүниежүзiлiк шаруашылықтағы рөлiн түпкiлiктi өзгерте алмайды. Импортты алмастыру принциптерiн ұзақ уақыт ұстану экономиканың артта қалуын тұрақтандырып, халық шаруашылығын алға тартатын жетекшi салалардың қалыптасуына кедергi жасады. Протекционизмдi ұлттық рынок пен кәсiпкерлiктi қорғау шарасы ретiнде оңды-солды қолдану отандық кәсiпорындардың масылдығын сақтап, монополистердiң өз жағдайын пайдаланып экономикалық тиiмсiз жұмысының өзiнен пайда табуын жалқастырады. Ал мұның өзi тоқыраудың басталуы деген сөз. Латын Америкасындағы жаңа индустриалды елдердiң (Бразилия, Аргентина, Мексика) импортты алмастыру стратегиясы өзiнiң "ұнамды" ролiн атқарды, бұл елдерде диверсификацияланған ұлттық экономиканы құруға көмектестi. Сонымен қатар бұл елдер өнеркәсiбi дамыған елдерден артта қалуын қысқарта алмады, себебi, басым экспорттық стратегиясыз Латын Америкасы мемлекеттерi өз экономикаларын жаңартудың қажеттi деңгейiн қамтамасыз етуге шамалары жетпей отыр. Айта кету керек, Латын Америкасы "жаңа индустриалды елдерiнiң" экономикалық потенциалы азиялық елдермен салыстырғанда едәуiр қуатты. Мысалы, Бразилияның жиынтық iшкi өнiмнiң көлемi Шығыс Азия "жолбарыстарының" жиынтық iшкi өнiмдерiнiң қосындысынан сәл-ақ кем. Сонымен, экспорттың басым және жедел дамуынсыз экономиканың қажеттiлiктерiне сай жа»аруын қамтамасыз етуге болмайтындығын Латын Америкасы жа»а индустриалды елдерiнiң практикасы көрсетiп отыр. Олардың экономикалық өсу дәрежесi iшкi экономикалық мәселелердi шешуге дәрменсiз. Оған қоса экспорттың шамалы ғана өсуi төлем баланысының тапшылығына әкелiп соғып отыр, несиелерге сұранысты ұлғайтып, олардың сыртқы экономикалық проблемаларын шиеленiстiрдi. 90-жылдардың ортасына қарай Латын Америкасы жаңа индустриалды елдерiнiң кейбiреулерi бүкiл 80-жылдар бойы созылған дағдарыстан шыға бастады. Еркiн экономикалық реформалар нәтижесiнде экономикалық өсу қарқыны қайта жоғарлап, сауда баланысында оңды сальдо қалыптаса бастады. Бұл елдерге Чили мен Бразилия елдерi жатады. Латын Америкасы жаңа индустриалды елдерi iшiндегi ең iрi мемлекет Бразилия ашық экономика саясатына қайта оралды. Елдiң iшкi рыногында бәсекелестiк күрес жағдайын жасау үшiн импорттық тарифтердi төмендету жұмыстары жүргiзiлуде. 1995 жылдан бастап МЕРКОСУР – еркiн сауда аймақтары елдерiнде (Бразилия, Аргентина, Парагвай және Уругвай) кедендiк кедергiлердi алып тастау жоспарланып, iске аса бастады. Бұл жаңа реформалардың ойдағыдай жүзеге асып, аталған елдердiң экономикалық өсуiн қамтамасыз етер-етпестен жақын болашақ көрсетедi. Азияның "жолбарыстары" болса экономиканың экспортға бейiмделген тиiмдi және икемдi моделiн жүзеге асырды. Бұл модель бойынша экспортқа бейiмдiлiк саясатын жүргiзу импортты алмастыру индустриясын бiр жола тоқтатқан жоқ, қайта екеуiнiң икемдi тепе-теңдiгiн сақтады. Дегенмен, жаппай экспорттық жаулап алуға көшкенде бұл елдердегi импортты алмастыру саясаты да, кезеңi де аяқталды. Азияны» жаңа индустриалды елдерi қазiргi заманғы өндiрiс құрылымын қалыптастыруға дейiн халық шаруашылығын индустриализациялауға дем беретiн дәстүрлi салаларды жандандыруға күш салды. Шығыс Азия және Оңтүстiк Шығыс Азия елдерiнiң көпшiлiгiнде (Тайвань мен Оңтүстiк Кореяда – 50 жылдары; Малайзияда – 60 жылдары; Тайландта – 60-70 жылдары; Филиппинде – 50-60 жылдары) импортты алмастыру саясаты күштi болды. Гонконг пен Сингапур ғана өздерiнiң тарихи, географиялық жағдайлары мен iшкi рыноктық шектеулiгiне байланысты өз өндiрiстерiн негiзiнен экспортқа бейiмдедi. Бұл елдердiң импортты алмастыру саясаты күнделiктi және ұзақ мерзiмдi халық тұтынатын тауарлар шығаруда көрiнiс тапты. Басқаша айтқанда импорты алмастыру стратегиясы елдiң салыстырмалы артықшылықтары жоқ өндiрiстерiнiң өндiргiш күштерiн дамытуға бағытталды. Азияның жаңа индустриалды елдерi еңбек сыйымдылығы жоғары экспортқа бейiмделген өндiрiстi дамыта отырып, тәжiрибе мен капиталдық мол қорлануына сәйкес капитал сыйымдылығы жоғары салаларға көше бастады. Негiзгi салалардық қарқынды дамуы бұл елдердегi дәстүрлi өндiрiстерге (тоқыма, тiгiн т.б) зиянын тигiзбей, қайта олардың өсуiне жаңа серпiн бердi. Барлық салалар белсендi түрде сыртқы рынокқа жұмыс iстедi. Сонымен қатар тұрақты тұрде өсiп кел жатқан экспорттың құрылымында өңдеушi салалардың басымдығы айтарлықтай бiлiне бастады. Азияның жаңа индустриалды елдерiнiң экспортға бейiмдiлiгiн айта отырып олар тек ғана сыртқы рынокқа жұмыс iстедi деп кесiп айту дұрыс болмаған болар едi. Экспортға бейiмделген, еңбек сыйымдылығы жоғары салалар өнеркәсiптiң негiзгi салалары бола отырып, iшкi тұтынудың көптеген қажеттiлiктерiн де (мысалы машиналар, металдар, жабдықтар т.б.) қанағаттандыруды өз мойнына алды. Сонымен Оңтүстiк Шығыс Азия елдерiнде экспортқа бейiмделген экономикалық саясат тиiмдi импорт алматырумен үйлестiрiлiп, аймақтық экономикалық өсуге қосымша қарқын бердi. Азиялық жаңа индустриалды елдердiң даму тәжiрибесi олардың халықаралық еңбек бөлiнiсiнде өндiрiстiк шығындардың салыстырмалы заңын белсендi түрде қолданғанын көрсетедi. Бұл тәжiрибенiң нкегiзгi ерекшелiктерiн былайша қорытуға болады: 1. Азиялық жаңа индустриалды елдерiнiң экспорттық саясаты дүниежүзiлiк рыноктағы серiктестерiнiң қажеттiктерiн жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған саясат. 2. Сыртқы рынокқа бейiмделудiң алғашқы кезеңiнде рыноктары тұрақты және сыйымды, дамыған елдер артықшылықтарын пайдаланады. Даму процесiнде рыноктар бiрте-бiрте диверсификацияланып, басқа да дамыған және дамушы елдердiң рыногына қарай қозғалысын бастайды. 3. Экспорттық тауарлар тiзбесi тұрақты түрде жаңаланып, олардың дүниежүзiлiк рыноктағы өз, қуысын iздеу процесi үздiксiз жүредi. 4. Еркiн экономикалық аймақтарға тән инвестициялық және салықтық жеңiлдiктер белсендi түрде пайдаланылады. Азиялық жаңа индустриалды елдердiң жетiстiктерi батысгерманиялық,, жапондық "экономикалық кереметтiң" қисынды жалғасы болып табылады. Дегенмен олардың экономикалық өсуiнiң жедел, шапшаң қарқынмен жүзеге асуы дүниежүзiлiк шаруашылықта теңдесi жоқ құбылыс болды. Егер, Жапонияға экономикалық керемет елi атануы үшiн 100 жыл керек бол¹ан болса, "Азия жолбарыстары" бұл аралықты 25 жылда, яғни Жапониядан 4 есе жылдам жүрiп өттi. 80-жылдардың орта шенiне қарай дүниежүзiлiк қоғамдастықта өнеркәсiбi қарқынды дамып келе жатқан елдердiң жаңа тобының қалыптаса бастауы дүниежүзiлiк шаруашылық дамуының объективтi көрiнiсi деп бағалауға әбден болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|