ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бұрғылау шығырының негізгі элементтерін есептеу және конструкциялау.Бұрғылау шығырының жақтауы берік үлкен күш әсерінен шығыр жұмысына кедергі тигізетіндей деформацияға ұшырамайтындай қатты болуы керек. Жақтаулар пайдалану мен тасмалдауға қолайлы, жасалынуы технологиялық қарапайым және салмағы мен бағасы барынша төмен болуы тиіс. Жақтауды жасауға көбіне Ст3 маркалы болаты қолданылады. Жақтаудың пішінін шығырдың механизмдері мен біліктерінің орналасуының конструктивті сұлбасы анықтайды. Ал конструкциясын зауыттың технологиялық мүмкіндіктері анықтайды. Шығыр жақтауын беріктікке дәлдікпен есептеу өте қиын күрделі пісірілген конструкция болып табылады. Сондықтан жақтауды есептеу шамамен жуықталып есептелінеді. Жақтаудың есептік сұлбасы мен әсер етуші күштері салыстырмалы түрде алынады. Беріктік қоры үштен кем болмауы керек. Жақтауды жобалау кезінде үлгі ретінде қолданылып жүрген конструкцияны қарастырады. Тәжірибелі жақтау үлгілерін ең қауіпті қималарында кернеу мен деформацияның әсер етуін тензометрмен өлшеліп, сынақтан өткізеді. Сынақ нәтижелерінің негінде конструкциясы құралады. Көтеру және трансмиссиялы біліктерді бір жазықтықта және мүмкіндігінше негізіне жақындатып орналастыру қажет. Біліктердің өсінің орналасу биіктігі барабан, жұлдызша және т.б. өлшемдерімен анықталады. Катушкалы білік оператордың жұмыс істеуіне қолайлы биіктікте орналасады. Жинақталған көтеру білігі – бұрғылау шығырының негізгі жинақтарының бірі болып табылады. Білікке барабан, таспалы тежегіштің тежеу шкивтері, шынжырлы берілістің жұлдызшалары, беріліске қосатын фрикционды пневматикалық муфта және тежегішті реттеуді іске қосатын жетекші муфта бөлігін монтаждайды. Шығыр біліктерін орташа легирленген балаттардан жобалаған дұрыс болады (құрамында хром, никель, молибден және т.б.) және механикалық қасиетін жақсарту үшін термо өңдеуден өткізіледі. Біліктер 30ХН, 40ХН, 30ХМА, 30ХНМА маркалы болаттардан жасалады және беріктік көрсеткіштері: МПа; МПа; МПа; МПа; қаттылығы НВ 220-280 болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|