Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сораптың гидравликалық бөлігін конструкциялау




Бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігінде трансмиссия, штоктар және поршендер арқылы сұйыққа және оны кіру желісінен шығу желісіне араластыру үшін энергия берілісі болады. Гидравликалық бөліктің құрылымдық сұлбасы әр түрлі орындалуы мүмкін. Бір жақты әсер ететін поршенді сораптың гидравликалық бөлігінде сору және айдау клапандары бір өсте орналасады. Бірақ клапандардың бұл орналасуында төменгі клапанды ауыстыру қиындығы туындайды. Сораптың клапандары әр өске орналасқан гидравликалық бөлігінде кеңістік көп орын алады, бірақ клапандарға оңай қол жеткізуге болады.

Бір жақты әсер ететін поршенді сораптың гидравликалық бөлігінің жетістіктері: поршен бұрғылау ерітіндісімен тек бір жақты әсерлеседі, айдау жолында цилиндр айнасын абразивті бөлшектерден жуады және оны салқындатады, майлайды. Поршеннің тозған жағдайында екі жақты әсер етуші сораптардікіндей бір камерадан екіншісіне сұйықтың ағуы болмайды. Поршень тығыздағышының тозуғанын сұйықтың сыртқа ағуынан байқауға болады. Екінші штокты камераның болмауы штокты сальникті қажет етпейді. Поршень штогы тек сығу бағытында жұмыс істейтіндіктен конструкциясы айтарлықтай жеңілдейді.

Екі жақты әсер ететін поршенді сораптың гидравликалық бөлігінде сұйық кіру кезінде біріншісіне де екіншісіне де құйылады. Мұндай сораптарда поршендерге екі жақты тығыздауға арналған манжеттер қолданылады. Бір тығыздағыштың іштен шығыуы ерітіндінің бір қуыстан екіншісіне ағуын туындатады және оны бірден байқауға болмайды. Сонымен бірге абразівті бөлшектер екі тығыздағыштың арасына жиналуының әсерінен цилиндр втулкасының тез тозуына әкеледі.

 

Негізгі әдебиеттер: 2 [307-384];[256-297]

Қосымша әдебиеттер: 12 [68-91]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Шығырға қойылатын талаптар және олардың қандай түрлері болады?

2. Бұрғылау шығыры қандай құрылғылардан жабдықталады?

3. Қандай муфталар оперативті деп аталады?

4. Шығыр біліктері қандай материалдардан жасалынады?

5. Шығырдың конструктивті сұлбасы қалай анықталады?

6. Сорапты-циркуляциялы кешен қандай функцияларды орындайды?

7. Сораптар сұлбасының тиімді конструкциясы немен анықталады?

8. Сораптар негізгі қандай бөліктерден тұрады?

9. Бір және екі бағытта әсер ететін сораптардың трансмиссиялық бөлігіндегі айырмашылығы неде?

10. Бір және екі бағытта әсер ететін сораптардың гидравликалық бөлігіндегі айырмашылығы неде?

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных