Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бұрғылау шығырының киниматикалық және конструктивтік сұлбасын игеру.




Бұрғылау қондырғыларының жалпы киниматикалық сұлбасы жобалаудың алғашқы кезеңінде жүргізілетіні белгілі. Эскизді жобалау кезінде төмендегілерді таңдап алу керек: көтеру білігінің айналу жиілігінің құрылымы мен саны; олардың арасындағы және қозғалтқыш білігіндегі жалпы беріліс қатынасы.

Шығырдың трансмиссия және күштік жетегінің беріліс қорабының киниматикалық сұлбасын игеру мен анықтау, жүйенің барлық элементтерінің конструктивті сұлбаларын игерумен бірге техникалық жобалау кезеңінде жүргізіледі. Бұл кезеңде алдымен шығырының киниматикалық сұлбасы таңдап алынады, біліктер саны, біліктер арасындағы беріліс қатынасы, берілістің қосылып-ажырату реті, жылдамдық саны мен оның шамасы анықталады, сонан соң конструктивті сұлбасы игерілді.

Шығырдың конструктивтік сұлбасын игеру кезінде алдымен жұлдызшаның тістерінің және тісті дөңгелектер мен беріліс қатынасының санын, берілістің орналасуы мен муфтаның қосылуын анықтайды, сонсң соң олардың типтері мен конструкциясы таңдап алынады. Біліктердің тіректерінің орналасуын және тіректер мен біліктердің өзара арақашықтығын белгілейді, тежегіштердің түрлерін және оларды басқару әдісін таңдайды.

Бұл этап анықтаушы болып табылады, осыдан кейін қондырғының жалпы сұлбасына эскизді жобалау кезінде анықталған сәйкес іріктеулерді енгізеді.

Шығырдың сұлбасын таңдау кезінде алдын ала қолданылып жүрген әр түрлі шығырлардың конструктивті және киниматикалық сұлбаларына талдау жасап, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалау қажет.

Шығырдың конструктивті сұлбасы барабанды (шынжырлы тісті немесе карданды) айналдырушы берілістің түрі мен орналасуынан; қуатпен, қозғалтқыш пен тұтас күштік жетек түрімен; негіздің конструкциясы мен биіктігінен анықталады.

Шығырдың сұлбасынтаңдауға барабанның білігі мен беріліс қорабының шығу білігі және берілістің иілу бұрышының өстерінің арасындығы арақашықтық әсер етеді.

 

 

ЛБУ-1400 шығыры жетегінің киниматикалық сұлбасы:

1 – редуктор; 2 – электроқозғалтқыш; 3 – майлау сорабы; 4 – электро магнитті тежегіш; 5 – берілісті өзгерту қорабы; 6, 7, 8 және 9 - шинно-пневматикалық муфталар; 10 – барабанды білік; 11 – ротор жетегінің трансмиссиясы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных