ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жетекті сораптарды конструкциялауЖетекті сораптар негізгі екі бөліктен тұрады – гидравликалық және трансмиссиялық. Бұл сораптардың конструкциясы айтарлықтай айырмашылығы бар, бірақ олардың жеке элементтері бір типті орындалады. Мысалыға, үш поршенді сораптың трансмиссиялық бөлігі екі поршенді сораптың трансмиссиялық бөлігінен айырмашылығы, біріншісінде түпкі білігінде үш эксцентрик немесе кривошип, ал екіншісінде екеу. Гидравликалық бөлігі цилиндрлер, поршендер, клапандар санымен және олардың орналасуымен ерекшелінеді. Үш поршенді сораптың екі поршенді сораптың гидравликалық бөлігінен айтарлықтай айырмашылығы, бұл сорап тығыздағыш сальнигі бар штокты каерасы болмайды. Сондықтан оның конструкциясы ғана жеңілдеп қоймай, сонымен бірге штоктың тозуын болдырмайды және пайдалануды жеңілдетеді, түпкі білік жағындағы цилиндрдің айнасы шаю, салқындату, майлау және бұрғылау ерітіндісінен тазалау үшін ашық болады. Үш және екі поршенді сораптар да трансмиссиялық сұлбалары бірдей болады және өндіріс орындарына саласкаларға бекітіліп тасмалданады. 26-суретте бір бағытты әсер ететін құйма жақтаулы үш порненді сорап көрсетілген. Сораптың параметрлері мен негізгі сұлбасы таңдап алынғаннан кейін гидравликалық және трансмиссялық бөліктерін жоспарда және тік компановкалау қажет. Екі бағатта әсер ететін екі поршенді сораптың клапандары цилиндрлердің өсін жақындатып, сораптың енін кішірейту үшін цилиндрдің ішкі жағына орналасады. Бұл жағдайда сораптың жақтауының енін гидравликалық бөлігі емес, оның трансмиссиялық бөлігі анықтайды. Бір бағатта әсер ететін үш поршенді сораптың клапандарын, ортадағы цилиндрдің бүйірінде орналасқан клапандары сораптың енін үлкейтетін болғандықтан, тек цилиндрдің алдына ғана орнатуға болады. Үш поршенді сораптың жақтауының енін әрқашанда оның трансмиссиялық бөлігі арқылы анықтайды.
Бұрғылау ерітіндісінің циркуляция сұлбасы:
1-сорап; 2-тұрақ; 3-бқрғылау жеңі; 4-ұршық, 5-жетекші құбыр; 6-ұңғы сағасы; 7- бұрғылау құбырлары; 8-сақиналы кеңістік; 9-АБҚ; 10-қашау; 11-ерітінді желісі; 12-тазалау блогы; 13-резервуарлар; 14-сору сорабы; 15-амбар; 16-араластырғыш.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|