Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кірістірілген (күрделі) циклдар




8.26. n,k бүтін сандары және n нақты саннан тұратын тізбек берілген:

a1, a2, …, an

Берілген тізбектің элементтерінің k -шы дәрежелерін шығару керек:

(a1)k, (a2)k, …, (an)k.

8.27. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген:

a1, a2, …, an

Келесі сандарды шығару керек:

a1, (a2)2, …, (an-1)n-1, (an)n.

8.28. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген:

a1, a2, …, an

Келесі сандарды шығару керек:

(a1)n, (a2)n-1, …, (an-1)2, an.

8.29. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Осы жиынға енетін барлық элементтердің қосындысын табу керек.

8.30. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір жиын үшін оның элементтерінің қосындысын табу керек.

8.31. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Құрамында 2 саны кездесетін жиындардың санын анықтау табу керек. Егер мұндай тізбек жоқ болса, онда 0 шығарылсын.

8.32. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір тізім үшін оның құрамындағы мәні 2-ге тең алғашқы элементтің реттік нөмірі, ал егер тізімнің екілігі жоқ болса, онда 0 саны шығарылсын.

8.33. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір тізім үшін оның құрамындағы мәні 2-ге тең соңғы элементтің реттік нөмірі, ал егер тізімнің екілігі жоқ болса, онда 0 саны шығарылсын.

8.34. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір тізім үшін оның құрамында 2 саны бар болса, онда тізім элементтерінің қосындысы, ал жоқ болса, онда 0 шығарылсын.

8.35. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиынның аяқталу белгісі – 0 саны. Әрбір жиындағы элементтер санын және барлық жиындар қамтитын элементтер санын шығару керек.

8.36. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде екі элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Элементтері өспелі тәртіппен орналасқан жиындардың санын шығару керек.

8.37. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде екі элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Элементтері өспелі немесе кемімелі тәртіппен орналасқан жиындардың санын шығару керек.

8.38. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде екі элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Әрбір жиын үшін егер оның элементтері өспелі тәртіппен орналасқан болса – 1 саны, кемімелі тәртіппен орналасса – -1 саны, ал элементтері өспелі де, кемімелі де болмаса – 0 саны шығарылсын.

8.39. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде үш элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Ара тәріздес жиындардың санын шығару керек (ара тәріздес тізбектің анықтамасы 8.23 есепте келтірілген).

8.40. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде үш элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Әрбір жиын үшін ара тәріздес жиынның элементтерінің санындардың санын, ал егер жиын ара тәріздес болмаса, онда осы тәртіпті бұзған алғашқы элементтің нөмірін шығару керек (ара тәріздес тізбектің анықтамасы 8.23 есепте келтірілген).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных