Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тапсырма. Жүйке - ет препаратын дайындау




Керекті кұрал-жабдықтар: Бақа, хирургиялық кұралдар, штатив, миограф, электр қуаттандырғышы, кимограф, физиологиялық ерітінді.

Жұмыстың барысы:

Шонданай жүйкеі мен балтыр етінен тұратын препарат дайындау үшін бақаның жұлынын бұзып, қимылсыздандырады. Содан соң бақаның артқы аяқтарынан денесін төмен салбырата көтереді. Осы кезде жамбас сүйегі жақсы байқалып, дене тік бүрыш жасай иіледі. Қайшымен шонданай төмпегіннн 1см алшағырақ жерден омыртқаны қиып жібереді де, бақаның бауыр жағындағы терісін және онымен коса ішінде орналасқан мүшелерді қырқып тастайды. Сол қолға пинцет алып, онымен бақанын сан жағында қалған омыртқаларды қыса ұстайды да, дэке қиындысы арқылы оң қолмен терінің ұшынан тартып, оны бақаның аяғынан сыпырып алады. Енді пинцетпен омыртқаны артқы аяқтар тік бұрыш жасай салбырайтындай етіп қыса ұстайды да, кұйымшақ сүйегінің ұшын қайшымен қырқып алады. Препаратты арнаулы тақтайдың үстіне арқа төмен қарата салады да, пинцет пен қайшыны пайдалана отырып, ішкі органдардын қалдықтарын алып тастайды. Осыдан кейін омыртқаның оң және сол жағынан үш тармақпен басталатын шонданай жүйкеі анық көрінеді.

Препараттағы омыртқаны, бақаның бөксесін қайшымен ортасынан қақ айырып, артқы аяқтарды ажыратады. Бір аяқты Рингер ерітіндісімен дымқылданған дәкеге орап тастайды да, екінші аяқпен әрі карай жұмысты жалғастырады. Пинцетпен омыртқа жарқыншағынан қыса көтеріп, шонданай жүйкеін тканьдерден кішкене қайшы көмегімен жамбас - ортан жілік буынына

дейін ажыратады. Препараттың сырт жағын жоғары қаратып көтерсе жарты жарғакты, екі және үш басты еттер көрінеді. Екі басты ет пен жарғакты еттердің арасындағы фасцияны арнаулы ілгекпен көтеріп, тізе буынына дейін қоршаған ұлпалардан ажыратады. Ортан жіліктен барлық еттерді сылып тастап, оның басын жамбастан бөледі. Енді жүйке - ет препараты дайын,оны Рингер ерітіндісі кұйылған шыны ыдысқа салып қояды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных