Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тапсырма. Қанының топтарын және ұю жылдамдығын анықтау




Керекті құрал- жабдықтар: Қанның II және III топтарының стандартты сарысуы, пипеткалар, төсеніш шынылар, қан алуға арналған инелер, мақта, спирт, иод.

Жұмыстың барысы:

1. Қанның топтарын анықтау.Төсеніш шынының астынғы бетінің бір шетіне II, ал екінші шетіне III - деген белгі салады да, белгілерге сәйкес II және III - ші топтың стандартты қан сарысуын тамызып, оған зерттелетін қанның бір-бір тамшысын араластырады. Егер тексерілген қан I - топқа жатса, екі топта агглютинация жүрмейді (тамшыда ірімтіктер пайда болмайды), ІҮ - топтың қаныныда екі тамшыда агглютинация байқалады. Агглютинация III - ші топтың кан сарысуы қосылған тамшыда жүрсе, қан II - топқа, ал керісінше П - топтың кан сарысуын араласқан тамшыда жүрсе - III -топқа жатады.

Қанның ұю жылдамдығын анықтау (Бюркер әдісі бойынша)

Сағат шынысының бетінде дистилденген судың бір тамшысын алып, оған бір тамшы қан араластырады, уақытты белгідейді. Қанды адамның саусағынан, не қоянның кұлақ тамырынан алады.

Әр жарты минут өткен сайын иілген жіңішке шыны таяқшамен тамшыны жайылып кетпейтіндей етіп араластырып тұрады. Таяқшаның ұшына фибрин жіпшелері ілінген уақыт қанның ұю мерзімін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қанның физико-химиялық қасиеттері

2. Эритроцитгер, олардың кұрылысы, құрамы және атқаратын кызметі.

3. Әр түлік малдың қанындағы эритроцитгердің саны.

4. Қандағы эритроциттер санына әсер ететін факторлар.

5. Қан топтары және қанның ұюы

6. Гемоглабин, оның кұрамы, қасиеттері және қызметтері.

7. Гемобглабиннің газдармен қосылыстары.

8. Гемоглабиннің мөлшерін анықтау әдістері және оның маңызы.

9. Қанның түрлік керсеткіші және оны анықтаудың маңызы.

10. Лейкоциттердің құрылысы және қасиеттері

11. Лейкофурмула дегеніміз не? Оны қалай анықтайды

12. Лейкоциттердің атқаратын қызметтері

13. Лейкоцитгердің саны және оған әсер ететін факторлар

14. Қанды топқа бөлу негіздері.

15. Қан топтарының үйлесімділігін анықтау принциптері.

16. Қанның топтарын анықтау әдістері.

17. Ауыл шаруашылық малдары қанның генетикалык жүйелері.

18. Қанның ұюуы және оның механизмі.

19. Қанның ұю жылдамдығын анықтау.


Тест тапсырма

1.Лейкоциттердің организмде қорғанышты қызмет атқаратындығын жақсы зерттеп,лейкоциттерді фагоциттер деп анықтаған ғалым?

a) И.М. Сеченов

b) Е. Б. Бабский

c) А.А.Ухтомский

d) И.П.Павлов

e) И. М..Мечников

2.Эритроциттер саны азайғанда қандағы гемоглобиннің мөлшерінің төмендегені байқалатын түрі?

a) тыныстық

b) анемиялық

c) айналымдық

d) гистотоксикалық

e) гипероксия

3. 1 мм3 қанда қанша эритроцит болады?

a) 5-5,5 млн.

b) 4 млн

c) 4-5,5 млн

d) 5 млн

e) 4,5- 5 млн.

 

4. Қанның минуттық көлемі деп нені айтамыз?

a) жүректің 1 сек. қан тамырларына ығыстыратын қан мөлшері

b) жүректің 1 минуттық систолалық сәттегі қан мөлшері

c) жүректің 1 минуттық диастолалық көлемі

d) жүректің 1 минутта қан тамырларына ығыстыратын қан мөлшері

e) жүректің 1 минуттық физиологиялық гемолиз көлемі

 

5. Ересектердегі минуттық қан көлемінің мөлшері қанша?

a) 4-8 л.

b) 3-3,5 л.

c) 7-9,5 л.

d) 8-11 л. е) 10-12 л.

 

6. 20-дан 40 жас аралығындағы қан қысымы?

a) 120/50 мм. сын. бағ.

b) 115/65 мм. сын. бағ.

c) 100/50 мм. сын. бағ.

d) 110/75 мм. сын. бағ.

e) 130/90 мм. сын. бағ.

 

7.Қан ұюына қарсы заттар?

a) антиденелер

b) антикоагулянттар

c) жабысқақ заттар

d) агглютининде

e) агглютиногендер

 

8.Пробиркадағы қанды қатты шайқаса эритроциттер бұзылады?

a) химиялық гемолиз

b) физикалық гемолиз

c) механикалық гемолиз

d) биологилық гемолиз

e) физиологиялық гемолиз

 

9. Антидене болған жағдайда эритроциттердің бұзылуы?

a) механикалық

b) термиялық

c) биологиялық

d) физикалық

e) иммундық

 

10.Қанның плазмасында болатын құрғақ заттың мөлшері?

a) 9-10%

b) 5-7%

c) 8-10%

d) 15-20%

e) 1-2%

 

11.Лейкоциттердің негізгі функциясы?

a) қорғаныштық

b) трофикалық

c) жиырылғыштық

d) еріктік

e) гумаральдық

 

12. Қанның жасуша аралық заты?

a) плазма

b) лимфа

c) қан

d) қан сұйықтығы

e) гель

 

13.Тромбоциттердің әсерінен белсенетін жүйе?

a) нервтік

b) реттеуші жүйе

c) қанның ұюы

d) лимфа жүйесі

e) сыртқа шығару

 

14.Дені сау адамның 1мм қанында тромбоциттердің саны қанша?

a) 200-400 мың

b) 100-150 мың

c) 90-100 мың

d) 400-500 мың

e) 50-80 мың

 

15.Қанның ұюы кезінде плазмадағы қандай белоктік зат ерітінді күйден ерімейтін жіпшелерге айналады?

a) альбумин

b) глобумин

c) пепсин

d) фибрионоген

e) амилаза

 

16. Қанның құрамындағы табиғи заттар антикогулянттар қандай қызмет атқарады?

a) қанның ұюын тездетеді

b) қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін арттырады

c) қанның ұюына жол бермейді

d) қан құрамындағы глюкозаңың мөлшерін төмендетеді

e) глюкозаны глюкогенге айналдырады

 

17. Қанның плазмасындағы агглютиногиндер қанның несін анықтайды?

a) қанның қышқылдығын

b) қан тобын

c) қанның сілтілігін

d) глюкоза мөлшерін

е) қанның қышқылдық сілтілігін

 

18.Қанның химиялық құрамындағы рН мөлшері?

a) 7,5

b) 7,2

c) 7,3

d) 7,2

e) 7,4

 

19. Қан плазмасының құрамын дағы су мөлшері?

a) 80-85 проценг

b) 90-92 процент

c) 95-100 процент

d) 60-63 процент

e) 70-71 процент

 

20. Қанның белсенді реакциясы ның рН қышқылдық жаққа ауысуы?

a) алкалоз

b) сілтілік

c) ацидоз

d) қышқылдық

e) қышқылдық-сілтілік






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных