Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жүрек етінің физиологиялық ерекшеліктері.




Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплаз

масында актин және миозин протофибрилдершен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплаз-малық тордан кальций иовдары саркоплазмаға шығады. Миокардта бүл иондар саркоплазмадан кері бағытга да ете алады. Саркоплазма-дағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады жене ол шабандау жиырылады.Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша - нексусарқылы қосылады да, біртұтас тор,немесе синцити, құрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір торшада пайда болған қозу көрші жатқан торшаға оңай беріледі. Осының арқасында миокард өрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады.

Жүректің бейқалып (атипті) элементтерінің де өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардьщ келденең жолақтары сирекгеу, гликогені мен саркоплазмасы мол. Бұл элементтер негізгі ет талшықтарынан дәнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элементтері жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер мен шоқтар қүрып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені Кис-Фляк (си-нус, жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше - қарынша) түйіндері, Гис шоғыры, Гис сабақтары және Пуркинье талшықтары қүрайды. Әткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.

Жүрек етінің үшінші қүрылымдық ерекшелігі онда қабырғалық (интрамуральдық) жүйке туйіндерініңболуында. Бүл түйіндер алғаш рет 1838 жылы Ремак еңбектерінде, кейінірек Людвиг (1848), Бид-дер (1852), Догель (1895) зертгеулерінде суреггелген. Олар жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде жөне қарынша ертерінің табан (жоғарғы) бөлігінде орналасады. Бұл түйіндер кезеген жүйкепен тығыз байланысты және қозғағыш не сезімталдық қызмет атқарады. Догель зерттеулеріне қарағанда бұл түйіндер үш түрлі торшалардан құралған: біріншісі - көп өсінділі торшалар, олар миокардқа ене бойлап, қозғағыш қызмет атқарады. Екінші торшаларға сезімтал қызмет

атқаратын ірі нейрондар жатады. Ал торшалардың үшінші түрі осылардың аралық қасиеттерімен сипатталады да, аталған торшаларды өзара байланыстырып тұрады. Демек, жүректе бірімен-бірі синапс арқылы байланысатын жүйке торшаларынан құралған ерекше жүйке аппараты

болады. Бұл нейрондар өсіңділері тек миокардты ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырларын жүйкелендіреді. Осы жүйке аппараты организмнен бөлектенген немесе жүйке байланысы үзілген жүректің жүмысын реттеуде үлкен рөл атқарады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных