Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Жүрек және қантамырлар физиологиясы




Жұмыстың мақсаты: Студенттерге жүректің жұмысын кимографпен (арнаулы жазғыш кұрал) жазып алу әдісін,, жүрек циклінің фазаларын анықтау, қан қысымының мөлшерін аныктау, қан тамырларындағы қанның ағу жыл дамдығын бақылау тәсілін, жүрек қызметіне экстракардиалдық жүйкелердің және гормондар мен электролиттердің әсерін анықтау, жүрек етінің қозуы кезінде пайда болатын биотокті анықтау тәсілдерін үйретумен қатар, электро кардиография әдісімен таныстыру, перфузия әдісімен адреналиннің кан тамыр ларын тарылтатын, ал гистаминнің кеңейтетінін көрсету

Тақырыптың теориялық негізі. Жүрек - бұл қан айналуының орталық органы. Жүрек құрылысы. Жүрек - көкірек қуысыңда орналасқан іші қуыс етті ағза. Қалың бойлама ет пердесі оны оң және сол бөлімдерге бөледі. Көлденең пердемен жүрек,жүрекшелер мен қарыншаларға бөлінеді. Сонымен, адам мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда жүрек төрт бөлімнен (камерадан) - екі жүрекшеден және екі қарыншадан - тұрады

Қарыншалар жиырылған кезде бұл қақпақ-жабылады да, қанның кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Қарыншалардан өкпе артериясы мен қолқа басталған жердегі тесіктерде тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық қақпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде (диастола) бұл қақпақшалар жазылып, тесікгі жабады да, :қан ның кері - қарыншаға, өтуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қақпақшалар қанның жүректен бір бағытта - веналардан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларға өтуін қамтамасыз етеді.

Жүрек қабырғасы үш қабатган түрады. Ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы - миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.

Эндокард - жүрекгің ішкі бетін астарлай жауып жатқан жүқа қабық-ша. Ол бірынгай салалы ет үлпасы мен серпімді талшықтардан түзілген.

Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалындығы жүректің әр белігівде әр түрлі жөне жүрек камераларының атқаратын қызметіне байланысты. Қарыншалар қабырғасы жүрекшелер қабырғасымен салыстырғанда қалыңдау, ал сол қарыншаның миокарды оң қарынша миокардынан қалыңдау. Оның себебі қаңды үлкен шеңбермен қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.

Жүрекшелер миокарды қарыншалар миокардымен ұштаспайды, тікелей байланыспайды, олар сіңірлі сақина арқылы жалғасады. Жүрек-шелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасады. Беткей қабатының ет талшықтары екі жүрекшені бірдей орап өтсе, ішкі қабатының ет талшықтары әр жүрекшені жекелеп орайды.

Қарыншалар миокарды сыртқы, ортаңғы жөне ішкі қабаттардан түзіледі. Сыртқы (беткей) қабат қарыншаны бойлай орналасқан ет талшықтарынан түзілген. Ол жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі сақинадан басталып, төмен жайылып жүрек үшына жетеді де, иірім жасап, миокардтың ішкі қабатына айналады да, жоғары көтеріліл, сіңірлі сақинаға бекиді. Осы екі қабатгың арасыңда қарынша етгерінің ортаңғы қабаты орналасады. Бүл қабатгың ет талшыктары көлденең бағытга орналасьш, сегіздік бейне жасай өр қарыншаны жеке орайды.

Эпикард - жүректің сыртын жауып жатқан жүқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер үлпадан түзілген жүрек қабына - үлпершекке (перикард ) - айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы қуыста үлпершек сүйығы бо-лады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелесін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных