Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері.




Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырьшғыштық, автоматия жөне рефрактерлік қасиеттері тән.

1. Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді. (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған жөне қозбаған бөліктерінің арасында потенциаддар айырмасы туындайды. Миокард торшаларьщда (кардиомиоциттерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).

2.Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет торшалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай бар-лық ет талшықтарына жая таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қаңдылар жүрекшелері кабырғасымен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен - 0,8-0,9м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 - 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттеріңде қозудың 4,7- 5 м/сек жыддамдықпен тарайтыньш айтьп өтейік.

3.Жиырғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бүлшық еттермен салыстырғанда шабандау - баяуырақ жиырылады.

4.Автоматия. Жүрек етінің сыртқы өсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқындарының ықпалымен жүмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты.

Рефрактерлік - қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолютгік (толық) рефракгерлік, салыстырмалы рефракгерлік жөне экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек еті-нің қозғыштық қасиетінің жойылуын толық рефрактерлік деп атай-ды. Бүл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке елсіз жауап алынады. Бүл са-тыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды. Осыдан соң жүрек тынымы кезінде жүрек етінің қозғыштығы күшейеді - экзальтация сатысыбасталады. Қалыпты жағдайда абсолюттік рефрактерлік сис-тола кезеңін толық және диастоланың алғашқы сатысын қамтиды. Рефрактерлік қасиеттің болуымен байланысты жүрек жүмысының ырғағы сақталып, тетанус (қарысу) орын алмайды. Қан тамырларына айдалады және артерия мен вена жүйелерінде қысым айырмашылығы пайда болады. Бүл қанның тамырлармен жылжуын қамта-масыз етеді. Жүрек еті босаңсыған кезде жүрек қуыстарындағы қысым күрт төмендеп, қан веналардан жүрекшелерге сорылады, ал жүрекшелер жиырылғанда қан қарыншаларға қүйылады. Босаңсыған жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде болады, оны журек тынымы дейді.

Жүрек етінің бір рет жиырылып, босаңсуын және тыным жағдайы-нан өтуін жүрек айналымы (циклы ) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарын-шаларға қүйылады. Бүл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері өте алмайды, себебі бүл тамырлардағы жоғары қысымның әсерінен жарты айшық қақпақшалар жабылып қалады.

Жүректің бір айналымыңца төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі - диастолалық кезең.Систола кезінде ширығу(кернеу)және қанды қуу кезеңдерібайқалады. Ширығу кезеңі екі сатыда өтеді. Олар - асинхрондыжиырылу және изометриялық жиырылу. Ал қанды қуу кезеңінде қанды қуудың пәрменді жөне баяу сатылары байқалады.

Диастола кезінде босаңсу және толу кезеңдеріатқарылады. Босаң-су кезеңінде протодиастола (босаңсудың басынан жарты айшық қақпақшалар жабылғанға дейінгі мерзім) және изометриялық босаңсусатылары болады. Толу кезеңі жылдам толу, баяу толу сатылары мен пресистоладан(жүрекшелер жиырылуымен байланысты толу) түрады.

Жүректің өткізгіш жүйесі Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қарын-шаларға таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді өрекеттерін қамтамасыз ететін бейқальш элементтердің (түйіндердің, шоғырлардың, талшықтардың) жиынтығы жүректің өткізгіш жүйесі деп аталады.

Қан айналым жүйесінің эволюциясы. Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырлары-мен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің өрекегі қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқара-тын жүрек пен қан тамырлары - артериялар (қызыл тамырлар), вена-лар (көк тамырлар) жөне капиллярлар (қыл тамырлар) қүрайды. Қаңды жүректен үлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды - веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады. Қан айналым шеңберлері.

Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйык жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен тұрады.Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен ( жүйелік) қан айналым шеңбері деп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға - артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы отгегіні ұлпаларға береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқыл газды сіңіріп, вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлар арқылы вена тамырларына жиналып, жоғарғы және төменгі (алдыңғы және артқы) қуыс веналармен жүрекшеге құйылады. Оң жүрекше бүкіл вена канын қабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Оң қарыншадан қан өкпе артериясы арқылы өкпеге бағытталады. Өкпеде қан көмір қышқыл газды өкпе альвеолаларына (көпіршіктеріне) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құйылады. Қан айналым жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, өкпе венасымен сол жүрекшеде аяқталатын бөлігін қан айн жүрекшеге құйылып, ойың ырғақты жиьфуларының әсерімен қарьш-шаға өтеді де, қарынша жиырылғаңца артерия буылтығына қуылады. Одан әрі желбезек артериялары арқылы желбезекке барып оттегімен қаныққан соң, қолқа арқылы бүкіл денеге тарайды да, мүшелер мен үлпалар капиллярларынан қан қайтадан вена тамырларына жиналып, жүрекшеге оралады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных